Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет88/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   100

273
бақылауды қамтамасыз етедi, сондай-ақ олармен жеке профилак-
тикасы шараларын жүзеге асырады. 
2.  Əдiлет  министрлiгi  қылмыстық-атқару  жүйесiнiң 
мекемелерiндегi  кəмелетке  толмағандармен  жеке  профилакти-
касы  шараларын  аталған  мекемелердiң  əкiмшiлiгi  өз  құзыретi 
шегiнде жүргiзедi. 
18-бап.  Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың 
профилактикасына  қатысушы  өзге  де  мемлекеттiк  орган-
дар 
1.  Мəдениет,  ақпарат,  дене  шынықтыру,  спорт  жəне  туризм 
органдары өз құзыретi шегiнде: 
1)  кəмелетке  толмағандардың  құқық  бұзушылықтарының, 
қадағалаусыз жəне панасыз қалуының профилактикасы жөнiндегi 
нысаналы бағдарламаларды əзiрлеп, iске асыруға қатысады; 
2) 
қызметтерi 
кəмелетке 
толмағандардың 
құқық 
бұзушылықтары, 
қадағалаусыз 
жəне 
панасыз 
қалуы 
профилактикасының  шараларын  жүзеге  асыруға  байланысты 
балалар  мен  жастардың  қоғамдық  бiрлестiктерiне,  əлеуметтiк 
мекемелерге,  қорларға  жəне  өзге  де  мекемелер  мен  ұйымдарға 
жəрдемдеседi; 
3) кəмелетке толмағандардың демалысын, бос уақытын жəне 
еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға қатысады; 
4) кəмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-
құлқын жəне салауатты өмiр салтын насихаттау мен қалыптастыру 
жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады. 
2.  Қамқоршылық  жəне  қорғаншылық  органдары  өз 
құзыретi  шегiнде 19-баптың 1-тармағында  аталған  кəмелетке 
толмағандармен, егер олар жетiм болса немесе ата-аналарының 
жəне басқа заңды өкiлдерiнiң қамқорлығынсыз қалса, жеке про-
филактикасы шараларын жүргiзуге қатысады. 
3-тарау. 
Кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профи-
лактикасы жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру 
19-бап. Жеке профилактикасы шаралары 
1. Жеке профилактикасы шаралары: 
1) қадағалаусыз жəне панасыз қалған; 


274
2) арнаулы бiлiм беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстай-
тын  бiлiм  беру  ұйымдарында  жəне  Кəмелетке  толмағандарды 
уақытша  оқшаулау,  бейiмдеу  жəне  оңалту  орталықтарында 
ұсталатын; 
3)  адамның  психикикасына  дене  мүшесi  функциялары  мен 
мiнез-құлқына  керi  əсерiн  тигiзетiн  алкогольдiк  iшiмдiктердi, 
есiрткi құралдарын, психотроптық жəне өзге де күштi əсер ететiн 
заттарды шамадан тыс пайдаланатын; 
4) дəлелсiз себептермен жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына 
бармайтын; 
5)  əкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  жасаған,  əкiмшiлiк 
жауаптылықтан  немесе  тəрбиелiк  ықпал  ету  шаралары 
қолданыла  отырып  тағайындалған  əкiмшiлiк  жазаны  орындау-
дан босатылған; 
6)  қылмыстық  жауапкершiлiктен  немесе  ақталмайтын  негiз-
дер,  оның  iшiнде  рақымшылық  немесе  кешiрiм  жасау  актiлерi 
бойынша жазадан босатылған; 
7) қылмыстық жауапкершiлiкке  тартылатын жасқа  толмауы-
на  байланысты  қылмыстық  жауапкершiлiкке  жатпайтын  не-
месе  психикасының  бұзылуына  байланысты  емес  психикалық 
дамуының  кешеуiлдеуi  салдарынан  қылмыстық  белгiлерi  бар 
əрекет жасаған; 
8)  қамауға  алуға  байланысты  емес  бұлтартпау  шаралары 
таңдап алынған қылмыс жасады деп айыпталған немесе күдiктi 
болған; 
9)  жазасын  өтеуден  шартты  түрде  мерзiмiнен  бұрын 
босатылған; 
10) жазасын өтеу кейiнге қалдырылған немесе үкiмнiң орын-
далуы кейiнге қалдырылған; 
11) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнен босатылған; 
12)  ауыр  емес  немесе  ауырлығы  орташа  қылмыс  жасағаны 
үшiн сотталған жəне сот тəрбиелiк ықпал етудiң мəжбүрлеу ша-
раларын қолдану арқылы жазадан босатқан; 
13) шартты түрде, қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына, бас 
бостандығынан айыруға байланысты емес өзге де жазалау шара-
ларына сотталған кəмелетке толмағандарға қатысты жүргiзiледi. 
2.  Егер  кəмелетке  толмағандардың  ата-аналары,  басқа  да 
заңды  өкiлдерi  оларды  тəрбиелеу,  оқыту  жəне  (немесе)  бағып-
күту  жөнiндегi  өз  мiндеттерiн  орындамаса,  олардың  мiнез-


275
құлқына  терiс  əсер  етсе,  оларға  қатысты,  сондай-ақ  кəмелетке 
толмағандарды  құқық  бұзушылықтар  немесе  қоғамға  жат  iс-
əрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты да 
жеке профилактикасы шаралары жүргiзiледi. 
Ескерту. 19-бапқа  өзгерту  енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 176-
IV, 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы  ресми  жарияланғанынан 
кейiн  күнтiзбелiк  он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгiзiледi) 
Заңдарымен.
19-1-бап.  Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылықтың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың  жеке 
профилактикасы шаралары
1. Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, 
қадағалаусыз жəне панасыз қалудың жеке профилактикасы ша-
ралары  олардың  тарапынан  жаңа  құқық  бұзушылық  жасаудың 
алдын  алу,  сондай-ақ  оларды  жасауға  итермелейтiн  себептер 
мен  жағдайларды  жою  мақсатында  кəмелетке  толмағандардың 
құқықтық санасына жəне мiнез-құлқына мақсатты түрде жүйелi 
əсер ету үшiн қолданылады. 
2. Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, 
қадағалаусыз жəне панасыз қалудың жеке профилактикасы ша-
ралары: 
1) профилактикалық əңгiмелесу; 
2)  құқық  бұзушылық  жасауға  итермелейтiн  себептер  мен 
жағдайларды жою туралы ұсыныс; 
3) профилактикалық есепке алу жəне бақылау; 
4)  арнаулы  бiлiм  беру  ұйымдарына  жəне  ерекше  режимде 
ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберу; 
5) тəрбиелiк ықпал ету шаралары; 
6) қорғау нұсқамасы; 
7) əкiмшiлiк жаза қолдану; 
8) сот үкiмi бойынша қабылданатын шаралар болып табыла-
ды. 
3. Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, 
қадағалаусыз жəне панасыз қалудың жеке профилактикасы ша-
ралары осы шаралар қолданылатын кəмелетке толмағандардың 
жеке  ерекшелiктерi  жəне  олар  жасаған  құқық  бұзушылықтың 
қоғамға  қауiптiлiгiнiң  сипаты  мен  деңгейi  ескерiле  отырып 
айқындалады. 
4. Мүдделi адамдар кəмелетке толмағандар арасындағы құқық 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау