Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет47/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   100

149
тəрбиесi  мен  спорт,  əлеуметтiк  қызмет  көрсету  жəне  отбасын 
əлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай орталық 
атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру 
жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру жатады.      
 Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 
2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан  бастап 
қолданысқа енгiзiледi).
3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН 
МIНДЕТТЕРI
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
1. Əрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың 
денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.
3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:
1)  баланың  денсаулығын  сақтау  саласында  Қазақстан 
Республикасының заңдарын қабылдау;
2) балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау жəне ынта-
ландыру;
3)  балалардың  денсаулығын  сақтау  саласындағы  ғылыми 
зерттеулердi мемлекеттiк қолдау;
4)  баланың,  оның  ата-анасының  денсаулық  жағдайына 
бақылау жасау жəне балалар ауруларының алдын алу;
5) бiлiктi медициналық көмек көрсету;
6)  баланың  денi  сау  болып  өсiп  жетiлуiне  қажеттi  қолайлы 
қоршаған орта жасау;
7)  балалар  үшiн  сапасы  тиiстi  деңгейдегi  тағам  өнiмдерiнiң 
өндiрiлуiне жəне сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз 
етiледi. 
4.  Мемлекет  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сəйкес 
балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепiлдiк бередi. 
(РҚАО-ның ескертуi: қараңыз). 
5.  Баланың  өмiрiне,  денсаулығына  жəне  қалыпты  өсiп-
жетiлуiне зиян келтiретiн кез келген ғылыми тəжiрибелер немесе 
өзге де эксперименттерге тыйым салынады. 
9-бап.  Баланың  даралық  ерекшелiкке  жəне  оны  сақтауға 
құқығы
Əрбiр бала туған сəтiнен бастап аты, əкесiнiң аты, тегi, ұлты 


150
жəне азаматтығы болуына құқылы, ал Қазақстан Республикасы-
ның  заң  актiлерiнде  көзделген  жағдайларда  оларды  сақтауға 
құқылы. (РҚАО-ның  ескертуi:  қараңыз. Z980321 56, 86-баптар 
(4-тармақ), 98-бап (3-тармақ); Z914800 (24, 26, 27, 28-баптар). 
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, 
қадiр-қасиетiне жəне жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
1. Əрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, 
қадiр-қасиетiне жəне жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар. 
2.  Мемлекет  баланың  жеке  басына  ешкiмнiң  тиiспеуiн 
қамтамасыз етедi, оны тəнiн жəне (немесе) жанын жəбiрлеуден, 
адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, 
кемсiтуден,  жыныстық  қатынас  сипатындағы  əрекеттерден, 
баланы  қылмыстық  iс-əрекетке  жəне  қоғамға  жат  əрекеттер 
жасауға  тартудан,  жəне  оны  адам  мен  азаматтың  Қазақстан 
Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен 
бостандығына  қысым  жасаудың  өзге  де  түрлерiнен  қорғауды 
жүзеге асырады. 
11-бап.  Баланың  сөз  жəне  ар-ождан  бостандығына, 
ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
1.  Əрбiр  баланың  сөз  бостандығына  жəне  өз  пiкiрiн  айтуға, 
ар-ождан  бостандығына,  өзiнiң  қоғамдық  белсендiлiгiн 
дамытуға,  жасына  сəйкес  ақпарат  алуға  жəне  оны  таратуға, 
қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес 
ұйымдардың  нысандарына  жəне  Қазақстан  Республикасының 
заңдарымен  рұқсат  етiлген  бейбiт  жиналыстарға  өз  еркiмен 
қатысуға құқығы бар. 
2.  Мемлекеттiк  органдар  балалардың  жеке  адами  тұлғасын, 
олардың шығармашылық бейiмдiлiгiн, əлеуметтiк белсендiлiгiн, 
ғылыми,  техникалық  жəне  көркем  шығармашылығын  дамыту-
ды,  олардың  интеллектуалдық  меншiгiн  қорғауды,  балалардың 
өмiрi  мен  денсаулығын  сақтауды,  қоршаған  табиғи  ортаны,  та-
рих пен мəдениет ескерткiштерiн қорғауды өзiне мақсат тұтатын, 
қайырымдылық  iстерiне  қатысатын,  мəдени  жəне  спорттық 
өмiрге қатысуға тартатын, демалысты ұйымдастыратын қоғамдық 
ұйымдарға жəрдемдеседi. 


151
12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
1.  Əрбiр  баланың  дене  бiтiмiнiң,  психикасы  мен  жан 
дүниесiнiң  толымды  дамуы  үшiн  қажеттi  тұрмыс  деңгейi  мен 
жағдайы болуға құқығы бар. 
2.  Мемлекет  бұл  жағдайлардың  жасалуын  əлеуметтiк  жəне 
экономикалық шаралар жүйесi арқылы қамтамасыз етедi. 
13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
1. Əрбiр баланың заңмен белгiленген тəртiппен жəне мөлшер-
де  өз  ата-анасынан  жəне  отбасының  басқа  да  мүшелерiнен 
қаражат  алуға  құқығы  бар.  Балаға  алименттер,  жəрдемақылар 
жəне  басқа  да  əлеуметтiк  төлемдер  ретiндегi  тиесiлi  сомалар 
ата-анасының  (олардың  орнындағы  адамдардың)  билiк  етуiне 
келiп  түседi  жəне  олар  баланы  күтiп-бағуға,  оған  бiлiм  беруге 
жəне оны тəрбиелеуге жұмсалады (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз.  
(5-бөлiм). 
2. Əрбiр баланың заңдарда белгiленген тəртiппен өз бетiнше 
немесе өзiнiң заңды өкiлдерi арқылы мəмiлелер жасауға, банк-
терде  салымы  болуға  жəне  жалақысына,  стипендиясына  неме-
се  өзге  де  кiрiстерiне  жəне  интеллектуалдық  меншiк  құқығы 
объектiлерiне билiк етуге, өзге де мүлiктiк құқықтарды иемденiп 
алуға  жəне  оларды  жүзеге  асыруға  құқығы  бар. (РҚАО-ның 
ескертуi: қараңыз.  22-25-баптар). 
Ата-аналар  немесе  заңды  өкiлдер  баланың  жəрдемақысын 
немесе  материалдық  көмек  ретiнде  мемлекет  бөлген  ақшалай 
қаражатты баланың атына банкке салуға құқылы. 
3. Əрбiр баланың өзi тапқан табысқа, өзi сыйға немесе мұра 
ретiнде  алған  мүлiкке,  сондай-ақ  баланың  қаражатына  сатып 
алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар. 
Өз еңбегiмен табыс табатын бала, егер ол ата-анасымен бiрге 
тұратын  болса,  отбасын  асырауға  жұмсалатын  шығындарды 
бөлiсуге қатысуға құқылы. 
Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiкке билiк ету 
құқығы  Қазақстан  Республикасының  азаматтық  заңдарымен 
айқындалады. 
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
1.  Əрбiр  баланың  Қазақстан  Республикасының  тұрғын  үй 
заңдарына сəйкес тұрғын үйге құқығы бар.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау