Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет55/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   100

173
4. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) кезінде жəне отбасылық 
қатынастарда шығу тегi, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк 
жағдайы,  нəсiлі,  ұлты,  тiлі  немесе  діни  көзқарасы  немесе  кез 
келген өзге де мəн-жайлар бойынша азаматтардың құқықтарын 
шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады. 
Азаматтардың 
неке-отбасы 
(ерлі-зайыптылық-отбасы) 
қатынастарындағы  құқықтары  тек  заң  негізінде  жəне  бұл  тек 
конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тəртiптi, адамның 
құқықтары  мен  бостандықтарын,  халықтың  денсаулығы  мен 
адамгершілік  құндылықтарын  қорғау  мақсатында  қаншалықты 
қажет болса, сол шамада шектелуi мүмкiн. 
3-бап.  Қазақстан  Республикасының  неке-отбасы  заң-
намасымен реттелетін қатынастар
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:
1)  отбасы  мүшелері:  ерлі-зайыптылар,  ата-аналар  мен  бала-
лар  арасындағы,  ал  Қазақстан  Республикасының  неке-отбасы 
заңнамасында көзделген жағдайларда жəне шектерде басқа туы-
стар мен өзге де адамдар арасындағы құқықтар мен міндеттерді, 
мүліктік жəне жеке мүліктік емес қатынастарды белгілейді;
2)  некеге  отырудың  (ерлі-зайыпты  болудың),  некені  (ерлі-
зайыптылықты)  тоқтатудың  жəне  оны  жарамсыз  деп  танудың 
шарттары мен тəртібін белгілейді; 
3)  жетім  балаларды,  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларды  отбасына  орналастырудың  нысандары  мен  тəртібін 
айқындайды; 
4)  азаматтық  хал  актілерін  мемлекеттік  тіркеу  тəртібін 
реттейді;
5) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыра-
тын мемлекеттік органдардың функцияларын айқындайды.
4-бап.  Қазақстан  Республикасының  неке - отбасы  заң-
намасы 
1.  Қазақстан  Республикасының  неке-отбасы  заңнамасы 
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы 
Кодекстен,  Қазақстан  Республикасының  өзге  де  нормативтік 
құқықтық актілерінен тұрады.
2.  Егер  Қазақстан  Республикасы  ратификациялаған 
халықаралық  шартта  осы  Кодекстегiден  өзгеше  қағидалар 


174
белгiленген  болса,  онда  халықаралық  шарттың  қағидалары 
қолданылады.
5-бап.  Қазақстан  Республикасының  азаматтық  заңнама-
сын неке отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарына 
қолдану
1. 
Осы 
Кодекстің 3-бабында 
аталған, 
Қазақстан 
Республикасының  неке-отбасы  заңнамасымен  реттелмеген  от-
басы  мүшелері  арасындағы  мүліктік  жəне  жеке  мүліктік  емес 
қатынастарға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы 
қолданылады,  өйткені  бұл  неке-отбасы  (ерлі-зайыптылық-
отбасы) қатынастарының мəніне қайшы келмейді. 
2. Осы Кодекстің 3-бабында көзделген қатынастар Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасымен 
немесе 
тараптардың 
келісімімен  тікелей  реттелмеген  жəне  оларға  қолданылатын 
əдет-ғұрып  болмаған  жағдайларда,  бұл  олардың  мəніне  қайшы 
келмейтіндіктен,  мұндай  қатынастарға  ұқсас  қатынастарды 
реттейтін  (заң  ұқсастығы)  Қазақстан  Республикасының  неке-
отбасы  жəне  (немесе)  азаматтық  заңнамасының  нормалары 
қолданылады.  Аталған  жағдайларда  заң  ұқсастығын  пайда-
лану  мүмкін  болмаған  кезде,  неке-отбасы  (ерлі-зайыптылық-
отбасы) қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері 
Қазақстан  Республикасының  неке-отбасы  немесе  азаматтық 
заңнамасының  жалпы  негіздері  мен  мəні  жəне  адалдық, 
парасаттылық  пен  əділеттілік  талаптары  (құқық  ұқсастығы) 
негізге  алынып,  сондай-ақ  заңның  уақытқа,  кеңістікке  жəне 
адамдар тобы бойынша қолданылу қағидаттары сақтала отырып, 
айқындалады. 
 
2-тарау. НЕКЕ-ОТБАСЫ (ЕРЛІ-
ЗАЙЫПТЫЛЫҚ-ОТБАСЫ)
ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
ЖƏНЕ ҚОРҒАУ
6-бап.  Неке-отбасы  (ерлі-зайыптылық-отбасы)  қатынас-
тарында құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру
Егер  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық  актілерінде 
өзгеше  белгіленбесе,  азаматтар  неке-отбасы  (ерлі-зайыптылық-
отбасы) 
қатынастарынан 
туындайтын 
өздеріне 
тиесілі 


175
құқықтарды,  оның  ішінде  осы  құқықтарды  қорғауға  арналған 
құқықты өз қалауы бойынша пайдаланады. 
Неке-отбасы 
(ерлі-зайыптылық-отбасы) 
құқықтарының 
жүзеге  асырылуы  мен  міндеттердің  орындалуы  отбасының 
басқа мүшелері мен өзге де құқық субъектілерінің құқықтарын, 
бостандықтарын жəне заңды мүдделерін бұзбауға тиіс. 
7-бап.  Неке-отбасы  (ерлі-зайыптылық-отбасы)  құқық-
тарын қорғау
Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасықұқықтарын қорғауды 
азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары бойынша сот жүзеге асы-
рады. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, мемлекеттік орган-
дар өз құзыреті шегінде жəне осы Кодексте көзделген тəртіппен 
неке-отбасы  (ерлі-зайыптылық-отбасы)  құқықтарын  қорғауды 
жүзеге асырады. 
Егер  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық  актілерінде 
өзгеше көзделмесе, бұзылған құқықты қорғау үшiн билiк неме-
се басқару органына жүгіну құқық қорғау туралы талап арызбен 
сотқа жүгінуге кедергi жасамайды.
8-бап.  Неке-отбасы  (ерлі-зайыптылық-отбасы)  қатынас-
тарында талап  арыздың ескіруін қолдану
1.  Бұзылған  құқықты  қорғаудың  мерзімі  осы  Кодексте 
белгіленген  жағдайларды  қоспағанда,  талап  арыздың  ескіруі, 
неке-отбасы  (ерлі-зайыптылық-отбасы  қатынастарынан  туын-
дайтын талаптарға қолданылмайды.
2.  Неке-отбасы  (ерлі-зайыптылық-отбасы)  қатынастарынан 
туындайтын  дауларды  қараған  кезде,  талап  арыздың  ескіруін 
белгілейтін нормаларды қолдану кезінде сот Қазақстан Респуб-
ликасы Азаматтық кодексінің нормаларын басшылыққа алады. 
2-БӨЛІМ. НЕКЕ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚ)
9-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) шарттары
1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) үшін некеге отыратын (ерлі-
зайыпты  болатын)  еркек  пен  əйелдің  ерікті  əрі  толық  келісімі 
жəне олардың неке (ерлі-зайыптылық) жасына толуы қажет.
2. Осы Кодекстің 11-бабында көрсетілген мəн-жайлар болған 
кезде неке қиылмайды (ерлі-зайыпты болмайды).


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау