Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   100

46
азайтып, заңның сақталуына оң ықпал етері сөзсіз. 
Елімізде соңғы бес жылда жасөспірімдер арасындағы қылмыс 
көлемінде елеулі азаю үрдісі байқалады. Алайда олардың қоғамға 
қарсы  əрекеттерінен  келер  қауіп  əлі  де  сейілер  емес.  Жастар 
арасында жасалған қылмыстың үштен бірі ауыр жəне аса ауыр 
қылмыс санатына жатады. Бұлардың көбісі кісі өлтіру, шабуыл 
жасау жəне ұрлық деуге келеді. 
Аталған  қылмыстың  көбісі  жасөспірімдердің  ашкөздік  мо-
тивацияларынан  туындауда.  Қазіргі  таңда  кəмелетке  толмаған 
балалардың  мүлікке  қарсы  жасаған  қылмыстары  жалпы 
қылмыстарының жартысын құрайды.
Жыл сайын елімізде қылмыстық əрекеттері үшін 4 мыңға жуық 
жасөспірім  жауапқа  тартылады.  Олардың  жартысынан  көбісі 
мектепте оқитындар. Сондай-ақ, жастар арасындағы қылмыстың 
70 пайызы мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде орын алып 
жатады.  Сондықтан  да,  құқық  бұзушылықтардың  алдын  алу 
жəне балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан алып 
қарағанда мектептер үнемі құқық қорғау органдарының жіті на-
зарында болғаны дұрыс. 
2000 жылы ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің қолдауымен 
ҚР  Ішкі  істер  министрлігі  кəмелетке  толмаған  балалар  ара-
сында  жеке  профилактикалық  жұмыстарды  өткізу  мақсатында 
қалаларда,  облыстарда,  аудандарда  сол  өңірлердің  учаскелік 
полиция  қызметкерлерінің  (мектеп  инспекторларының) 
қатысуымен  мақсатты  іс-шаралар  өткізді.  Қазіргі  таңда  еліміз 
бойынша 1596 мектеп  полиция  инспекторлары  жұмыс  істеуде. 
Бұл қадам оқушылар арасындағы қылмыстың 17 пайызға кемуіне 
ықпал етті (2409 қылмыстан 1979-ға дейін азаю байқалды). Бұл 
үрдіс əсіресе Алматы мен Астана қалаларындағы барлық мектеп-
терде  полиция  инспекторларын  тағайындау  ісі  арқылы  жүйелі 
шешілуде. 
Полицияның  мектеп  инспекторларының  жұмысы  оқушылар 
арасындағы  құқық  бұзушылықтарға  қарсы  профилактикалық 
шаралар жүргізеді. Сондай-ақ, олар оқушылардың заңнан хабар-
дар болуы үшін ағарту жұмыстарымен де айналысады. Мектеп 
шеңберінде инспекторға көмектесетін арнаулы отрядтар құрыл-
ды. Қазіргі таңда еліміз бойынша мектеп оқушыларынан құралған 
3 мыңға жуық отрядтар жұмыс істеуде. Бұл отрядтардағы бала-
лар саны 40 мыңнан асып жығылады.


47
Бұл 
шаралар 
жасөспірімдер 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтарға қарсы профилактикалық шараларды дамытып, 
мектеп пен оқу орны ұжымының балалардың құқықтық білімін 
жетілдіруіне оң ықпал жасайды.
Сонымен  қатар,  мектеп  ұжымының  кəмелетке  толмағандар 
арасындағы  құқық  бұзушылықтарға  қарсы  профилактикалық 
жұмыстарға  белсене  араласуына  ықпал  ету  де  маңызды 
бағыттардың  бірі.  Профилактикалық  жұмыстарға  қатысушы 
құзыретті  орган  өкілдері  өздерінің  жұмыстарына  көңілдері  то-
лып, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың азаюына барын 
салып, жұмыстар атқаруда деуге болады. 
Бұған  дəлел  ретінде  кəмелетке  толмаған  балалардың 
қадағалаусыздығы мен ата-анасыз балалардың шығуына байланы-
сты мектеп ұстаздары мен полиция қызметкерлері алаңдап, тиісті 
іс-шаралар атқарып жатқанын айтуға болады. Көптеген ұстаздар 
«тəрбиесі  қиын  балалармен»  жұмыс  істеу  жасөспірімдермен 
жұмыс жөніндегі полиция инспекторының жұмысы деп есептеу-
де. Ал полиция қызметкерлері жасөспірімдердің мұндай санатта-
ры заң бойынша ішкі істер органдарының бақылауына кірмейді 
деп  ойлайды.  Сондықтан  да,  полиция  қызметкерлері  олар 
қылмыс жасағанға дейін жасөспірімдермен айналыса бермейді. 
Осыдан-ақ  кəмелетке  толмағандардың  арасындағы  құқық 
бұзушылықтың алдын алуда, олардың жақсы азамат болып өсіп 
шығуында  оқу  орны  ұстаздар  ұжымының  рөлі  аса  зор  екенін, 
олардың осыған сəйкес тиісті қадамдар жасауы керектігін байқай 
аламыз.
Арнаулы  мемлекеттік  органдардың  келесі  бір  маңызды 
шараларының  бірі – жайсыз  отбасылардан  шыққан  жəне  ішкі 
істер органдарының тіркеуінде тұрған кəмелетке толмағандармен 
жеке профилактикалық шаралар өткізу.
Балалардың құқықтарын қорғау да аса маңызды міндеттерінің 
бірі. Қазіргі таңда олардың құқықтарына, өмірі мен денсаулығына 
отбасылық жайсыздық қауіп төндіруде.
Қазіргі  уақытта  ішкі  істер  органдарының  профилактикалық 
тіркеуінде 20 мыңға  жуық  жасөспірім  тұр.  Олардың 15 мыңы 
девианттық  мінез-құлықты  балалар,  екі  жарым  мыңы  қоғамға 
қарсы  əрекет  жасағандар,  он  үш  мыңдайы 34 мың  жасөспірім 
өмір сүріп жатқан жайсыз отбасыда тұратындар.
Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  ішімдікке  əуестену 


48
мен алкоголизм мəселесі өзекті болып қала беруде. Жыл сай-
ын полиция қызметкерлері 20 мыңға тарта жасөспірімді спирттік 
ішімдік  ішіп  жүрген  жерінен  құрықтап  отыруда.  Заң  жүзінде 
тыйым  салынғанына  қарамастан  жасөспірімдерге  спирттік 
ішімдік сату ісі тоқтар емес. Сонымен қатар спирттік тауарларды 
бақылауда ұстау шараларының да үнемі жемісті бола бермейтіні 
де  бар.  Алайда  ішімдікке  байланысты  заңның  қабылданғанын 
пайдалы  екендігін  жəне  оң  əсерінің  де  болып  жатқанын  мой-
ындауымыз керек. Бұл жердегі ең маңызды мəселе көпшіліктің 
жасөспірімдердің  ішімдікке  əуес  болуының  аса  қауіпті  екенін 
сезінуінде болса керек. Сондықтан бұған барлық азаматтар бо-
лып жұмылғанның пайдасы зор. 
Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  нашақорлық  та 
өткір тақырыптардың бірі. Ішкі істер органдарының тіркеуінде 
есірткі  заттарын  беймедициналық  жолмен  пайдаланған  жəне 
«нашақорлық»  диагнозы  бар 1 мыңнан  астам  кəмелетке 
толмаған бала тұр. Ал бейресми деректерге немесе болжамдарға 
сəйкес  мұндай  жастардың  саны  ресми  деректерден  əлдеқайда 
көп  деуге  болады.  Осыған  сəйкес  нашақорлыққа  байланыс-
ты  жауапкершілік  шараларын  күшейтіп,  жастарды  бұл  жолға 
итермелейтін себептердің алдын алуға тырысқан абзал. Осылай 
еткенде ғана қауіптің беті сейіле түспек.
ҚР Ішкі істер министрлігі жастардың ішкі істер органдарының 
қарамағындағы  спорттық  кешендерге,  секцияларға,  жаттығу 
залдарына тегін баруын жəне ол жерлерге əлеуметтік жағдайы 
нашар  отбасылардан  шыққан  балалардың,  профилактикалық 
тіркеуде  тұрған  жасөспірімдердің  тартылуын  ұйымдастыру 
бойынша шаралар қабылдап отыр. 
Мемлекеттік  органдардың  жасөспірімдер  арасындағы 
қылмысқа  қарсы  профилактикалық  жұмыстары  жастар 
арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздықтың алдын алуға 
бағытталған маңызды шаралар болып есептеледі. Осы шаралар 
арқылы  кəмелетке  толмағандардың  қоғамға  қарсы  жəне  заңға 
қайшы əрекеттерін азайтуға болады.
Ішкі істер министрлігі өзге де мүдделі органдармен біріге оты-
рып,  кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылыққа 
қарсы  профилактикалық  шаралар  өткізіп,  жасөспірімдердің 
құқықтарын қорғауды мақсат етуде.
Мəселен,  кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау