Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық


-тарау. Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет14/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   100

43
4-тарау. Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық 
бұзушылықтардың профилактикасы 
Құқық  бұзушылықтар  мен  қылмыстардың,  соның  ішінде 
кəмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу 
қазіргі уақытта елдегі профилактика жүйесін дамытудың негізгі 
бағыттарының бірі болып отыр.
Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  қылмыстылықтың  ал-
дын алу проблемасын шешу ішкі істер органдары алдында ғана 
емес, бүкіл қоғам, мемлекет алдында тұрған басты міндеттердің 
қатарында тұрғанын атап кеткен жөн.
Құқық  қорғау  органдары  басқа  мемлекеттік  органдар  мен 
азаматтық қоғам институттарымен бірлесе отырып, жасөспірім-
дер  қылмыстылығын  төмендету  бойынша  кең  көлемді 
мəселелерді  (экономикалық,  əлеуметтік  жəне  құқықтық)  ше-
шуге 
бағытталған 
ұйымдастыру-іс-тəжірибелік 
шаралар 
қабылдауда.  Жасөспірімдер  ортасындағы  қылмыстылықтың 
жай-күйіне  жасалған  талдау  осы  шаралардың  нəтижесінде 
кəмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар санының өсімі 
үрдісін  жойып,  жасөспірімдер  қылмыстылығының  жыл  сайын 
төмендеуіне қол жеткізілгенін көрсетті. Алайда, жасөспірімдер 
ортасындағы  қылмыстылық  деңгейі  əлі  де  болса  айтарлықтай 
жоғары болып отыр.
Жасөспірімдер  қылмыстылығының  себептерін  жəне  өсу 
жағдайын  зерттеудің  нəтижесінде  қазіргі  таңдағы  кəмелетке 
толмағандар  жасайтын  құқық  бұзушылықтар  мен  қылмыстар 
үшін  негіз  қалыптастыратын  келесі  қылмыстық  жайлар  елеулі 
рөл атқаратынын анықтау мүмкін болды: 
1) отбасындағы жайсыздықтың теріс əсері (ішімдікке салыну, 
қаталдық пен қатыгездік, адамгершілікке жат өмір сүру). 
2) дағдарыс жағдайында ата-аналарда балалардың ең аз деген 
қажетті сұраныстарын қамтамасыз етуге мүмкіндіктің жоқтығы, 
нəтижесінде мұндай отбасыларда ауыр материалдық жағдайдың 
кесірінен үмітсіздік, əлеуметтік қызғаныштық пен ызаланғандық 
көңіл-күйі туады. Əлеуметтік көмек жоқ болған кезде бұл жай-
лар қылмыстарды – тонауды, бұзақылықты тудырады.
3)  жақын  ортаның – құрбылары  мен  үлкендердің,  оқу 
ортасының кері əсері. 
4) ер жеткен құқық бұзушылар тарапынан айдап салушылық, 


44
оның алдында мыналар болады: 
- маскүнемдікке тарту;
- қылмыскерлер өмірінің «артықшылықтарын» насихаттау.
Сондай-ақ  қылмыстық  мотивацияның  қалыптасуына  жəне 
оның кəмелетке толмағандардың қылмыстылығында көрініс та-
буына мыналар əсер етеді:
-  отбасы  жəне  білім  беру  мекемелері  тарапынан  тиісті 
бақылаудың жоқтығы;
-  көпшілік  мойындаған  сипаттағы  дəстүрлі  рухани  жəне 
мəдени құндылықтарды, мақсат-мұраттарды елемеу, осыған орай 
балалар мен жасөспірімдерге əлеуметтік жағымсыз ақпараттың 
ықпал ету қаупі туады;
-  білім  беру  мекемелері  жұмысының  төмен  деңгейі 
(немқұрайды  қараушылық,  кəсіпқойлықтың  жоқтығы,  жеке 
тұрғыдан қараудан бас тарту);
-  кəмелетке  толмағандардың  мектептен  тыс  бос  уақыт 
өткізуін,  жасөспірімдерді  жұмысқа  орналастыруын  жəне  еңбек 
ұжымдарында тəрбиеленуін ұйымдастыру жүйесінің ыдырауы. 
Қабылданып  отырған  жасөспірімдер  қылмыстылығының 
алдын  алу  жəне  болдырмау,  сондай-ақ  олардың  құқықтарының 
қорғалуын  қамтамасыз  ету  бойынша  профилактикалық 
шаралардың  тиімдігін  арттыру  мақсатында  ішкі  істер 
министрлігі тиісті нормативтік құқықтық актілерді əзірлеген бо-
латын. Атап айтқанда, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе 
отырып, 2010-2011 жылдарға  арналған  кəмелетке  толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың 
профилактикасы 
жөніндегі  іс-шаралардың  ведомствоаралық  жоспары  əзірленіп, 
оған қол қойылған.
2010  жылғы 29 желтоқсандағы  №372-ІV  Қазақстан 
Республикасының  Заңымен  қоғамдық  қауіпсіздікті  қамтамасыз 
ету  саласындағы  ішкі  істер  органдарының  қызметін  жетілдіру 
мəселелері  бойынша  Қазақстан  Республикасының  кейбір 
заңнамалық актілеріне түзетулер енгізілген.
«Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтар-
дың  профилактикасы  мен  балалардың  қадағалаусыз  жəне  па-
насыз  қалуының  алдын  алу  мəселелері  бойынша  Қазақстан 
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Бұл заң жобасы-
мен кəмелетке толмағандардың түнгі уақытта (22.00-ден 06.00-


45
ге  дейінгі  аралықта)  ойын-сауық  орталықтарына  баруына  шек-
теу  қойылды.  Осыған  байланысты  заңға  бағынбаған  кəмелетке 
толмағандармен  жеке  профилактикалық  жұмыстар  жүргізіліп, 
қажетті шаралар қабыладанатын болды.
Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  қылмысқа  байланысты 
профилактикалық  жұмыстар  жайлы  ішкі  істер  органдарының, 
девианттық  мiнез-құлықты  балаларға  арналған  арнау-
лы  бiлiм  беру  ұйымдарының  бастамасы  оң  əсер  етуде. 
Бұл  профилактикалық  жұмыстар  жасөспірімдердің  есірткіге 
əуестілігіне қарсы жұмыс жүргізіп, олардың қандай да бір кəсіпке 
бейім болып өсуіне арналған деуге болады. 
Ішкі  істер  министрлігінің  мəліметтері  бойынша 20 мыңға 
жуық  девианттық  мінез-құлықты  кəмелетке  толмаған  балалар 
есепте тұр.
Девианттық мiнез-құлықты балаларға арналған арнаулы бiлiм 
беру ұйымдары 11-18 жастағы кəмелетке толмағандарды оқыту, 
тəрбиелеу жəне əлеуметтік оңалту жұмыстарын іске асырады. 
Республикада 10 арнаулы білім беру ұйымдары қызмет етуде:
екеуі – Шығыс-Қазақстанда (соның ішінде 1 – ерекше ұстау 
режимінде); 
бір-бірден – Атырау,  Жамбыл,  Манғыстау,  Қарағанды, 
Қызылорда,  Павлодар,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында,  Ал-
маты қаласында; 
бес арнаулы білім беру ұйымдары – ұлдар үшін (Атырау, Жам-
был, Қарағанды, Павлодар облыстарында, ШҚО-ның Белоусовка 
ауылында);
бесеуі – ұлдар  мен  қыздарды  ұстау  үшін  (Алматы  қаласы, 
Манғыстау облысы, ШҚО Серебрянск қаласы, БҚО, ОҚО).
Арнаулы білім беру ұйымдарының 2011 жылғы 1 қарашадағы 
контингенті төменгідей:
11 мен 18 жас аралағындағы 227 бала:
олардың ішінде ұлдар – 169, қыздар – 58; 
қалалық жерден – 176;
ауылды жерден – 51;  
жайсыз отбасылардан – 66 %;
балалар үйлері мен жетімханалардан – 24 %; 
жақсы отбасыдан – 10 %.
Қазіргі таңдағы олардың орташа толтырылуы – 27 %.
Осындай  мектептердің  қызметін  күшейту  арқылы  қоғамға 
қарсы  əрекет  жасайтын  жасөспірімдердің  санын  айтырлықтай 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау