13
атқарады. Дәл солар мектептің педагогтері мен оқушылары алдында ерекше
маңызды және қызығушылықтарын қамтамасыз етеді.
Өңірлерден келіп түскен ақпараттардан көріп отырғанымыздай мектеп
кітапханалары кітап қорларын толықтыруда үлкен қиындықтарды бастан
кешіруде. Жаңа кітаптар шектеулі, аз мөлшерде, жүйелі түспейді, білім беру
ұйымдары өздеріне қажетті әдебиеттерге тапсырыс беруге қауқарсыз. Жаңа
анықтамалықтар, энциклопедиялық басылымдар, білім алушылар үшін
ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мұғалімдер үшін педагогикалық әдебиеттердің
жетіспеушілігі өткір мәселе болып қалып отыр.
Сонымен, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс
Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік
Қазақстан облыстары мен Алматы мен Астана қалаларында заманауи
кітапханалық кітапханамен жабдықтау сонын ішінде АКТ (сандық кітапхана,
КААЖ, электронды кітапханааралық абонемент т.б.) жабдықталуы жеткіліксіз.
Мектеп кітапханасы жұмысында заманауи технологиялардың жоқтығы
олардың жұмысына әсер етеді. КААЖ бағдарламасының жаңа қазақстандық
нұсқасы және оның жаңартылған нұсқасы жетілдірілмеген, сонын ішінде
КААЖ қазақ тіліндегі нұсқасы жоқ. Шетелдік бағдарламаның біздің
кітапхананың жұмыс жағдайына тура келмеуі, қазақ әрпінің жоқтығы, кез
келген ұсақ-түйек мәселелердің өзін шешу қиын еді. Тәуелсіздікке қол жетіп,
жеке-дара мемлекет болған соң, кітапхана жұмысына арналған қазақстандық
компьютерлік бағдарламаны жасау өзекті мәселеге айналып отыр. Негізгіден
басқа (дерекқорларды жасау) көптеген операцияларды орындамайды.
Кітапханаралық абонемент жоқ, заманауи компьютерлер қолданыста жоқ,
көбейткіш техника мен принтерлер жоқтың қасы. Ауыл мектептерінде жоғары
жылдамдықты интернет жоқ немесе тұрақты жұмыс істемейді. Сандық
кітапханалар электрондық жеткізгіштерде оқулықтар, бейнежазба мен мәтіндік
құжаттармен толықтырулары жеткіліксіз. Кітап қорларында көркем
әдебиеттермен, әсіресе, қазіргі заманғы авторлардың шығармаларымен
қамтамасыз ету жүйесі жоқ. Олар түсіп жатқан жағдайда әдістемелік құралдар,
дидактикалық материалдар, шектеулі түрде немесе аз мөлшерде келеді.
Кітапханаға заманауи және ыңғайлы жиһаздар қажет. Мәселен, Ақмола
облысының Степногорск қаласында барлық кітапханалар компьютерлер және
принтерлермен жабдықталмаған. Алайда барлық мектептер интернет жүйесіне
қосылған, бірақ барлық кітапханалардың интернетке қосылуы мүмкін емес, бұл
мектеп кітапханасының бір бөлігі қатысатын «Мектеп кітапханасы жұмысында
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
енгізу»
авторлық
бағдарламасы аясында тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалмаған.
Еліміздің облыстарының мектеп кітапханаларының жалпыға ортақ
мәселелерін тізіп шығуға болады. Әсіресе, ауыл мектептерінде материалдық-
техникалық база (әсіресе АКТ бойынша) нашар, кітапханалар жабдықтарының
ескіруі, жаңа жиһаздар мен жабдықтардың болмауы (стеллаж, үстел, көрмелік
стендтер), оқу залдары, аудио-бейне залдардың (компьютерлік техникалардың
жеткіліксіздігінен) болмауы, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен кітап қорының
14
ескіруі, қызықты балалар әдебиеті, анықтамалықтар мен энциклопедиялардың
жеткіліксіздігі.
Жалпы
алғанда
мектеп
кітапханасы
оқушыларға
шығармашылықпен айналысуға ыңғайлы болуы тиіс. Мәселен, Австрияда
мектеп кітапханасының бірнеше залы бар, оқу залы, ғылыми жобаларды жасау
үшін арнайы зоналар, оның ішінде интерактивті зона, демалыс зонасы, ойын
ойнайтын, аудио тыңдайтын, бейне фильмдер көретін, оқушылар ғылыми-жоба
жазуы үшін ыңғайлы, бөлек, топпен жұмыс жасауға ыңғайлы кабиналармен
(дыбысты реттегішпен кабина ішінде проектор) жабдықталған. Кітапхана
оқырмандарға электронды қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда Австрияның мектеп
кітапханалары ең алуан түрлі міндеттерді орындайды және оны: ақпараттық
орталық, мультимедиялық орталық, оқу орталығы («оқыту кітапханасы»),
кітапхананы пайдалануға үйрету орталығы, кітап оқуды қолдау орталығы,
қарым-қатынас орталығы ретінде қолдануға болады.
Қазақстанда оңтайлы жабдықталған кітапханалар үлгісі бар. Әдеттегідей
халықаралық зияткерлік мектептерінің («Мирас» мектептері, «Haileybury»,
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» жүйесі, Қазақ-түрік лицейі, жеке мектеп-
лицей, мектеп-гимназиялары) жүйесі үздік кітапханаларымен ерекшеленеді.
Олардың кітапханаларының көп бөлігінде аудио-бейне, фотоқұжаттар бар, ал
ерекше тәжірибелі кітапханалар кешенді электрондық тасымалдағыштар
ақпараттары, компьютерлік желілер мүмкіндіктерін пайдаланады. Кітапхана
қорлары құрамында мазмұндық және түрлі өзгерістер пайда болады: олар жеке
сапалы оқу рефераттары, оқу-әдістемелік жарияланымдармен қалыптасады.
Сонымен қатар, еліміздегі мектептер кітапханамен 100% жабдықталмаған.
ҚР БҒМ мәліметтері бойынша республика бойынша білім беру ұйымдарының
жалпы санынының 89,6% (90,4%*) мектеп кітапханасы жұмыс жасайды.
Республика бойынша еліміздегі 10,4%* (9,6%*) мектептерінде кітапханалар
жоқ (3-кесте).
3-
кесте –Кітапханалары бар мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің
саны, 2015 ж.
Өңірлер
Барлық мектептер
Кітапханалары бар
мектептер саны
ҚР
7 158*
6 473
Ақмола
578
518
Ақтөбе
422
421
Алматы
737
665
Атырау
192
183
Батыс Қазақстан
389
315
Жамбыл
449
390
Қарағанды
526
476
Қостанай
535
460
Қызылорда
298
291
Маңғыстау
132
127
Оңтүстік Қазақстан
1 021
925
Достарыңызбен бөлісу: |