43
шешу қабілетіне негізделген әдістемесіне үйрету маңызды екені даусыз. Білім
берудің жаңартылған мазмұны контексіндегі ең негізгі міндеттердің бірі –
оқушылардың ақпараттық мәдениетін көтеруді жетілдіру, олардың оқу
дағдыларын меңгеруіне, өз бетінше білімін тереңдетуіне ықпал жасау. Білім
сапасының жаңа жетістіктеріне қол жеткізетін маңызды ақпараттық ресурстар
орталығы ретінде мектеп кітапханасының кітапханалық кеңістікте алатын орны
ерекше. Мектеп кітапханасы біріншіден, оқу үрдісін қажетті ақпараттармен
және құжаттармен қамтамасыз ететін болса, екіншіден, ол арнайы кітапхана,
үшіншіден сол мектептің бүкіл педагогикалық жұмысын, мектеп оқушыларын
мектеп бағдарламасына қосымша және бағдарламадан тыс ақпараттармен
қамтамасыз ете отырып, көпшілік кітапхана қызметіне де жақындайды.
Білім беруді жаңғырту кітап нарығы, білім беру мен кітапханалық-
ақпараттық қызмет нарығын қалыптастыру аясынан шығады. Сондықтан да
білім беру ұйымдарында (бірінші кезекте мектептегі) кітапхана міндеті күрт
ұлғайып, күрделенеді. Мектеп кітапханасы әлеуметтік институт ретінде бүгінгі
таңда дамудың бірнеше эволюциялық сатылары арқылы серпіліс жасау керек.
Заманауи жағдайда мектеп кітапханалары жаңа сапада қызмет жасау –
медиаорталықтарға айналуы қажет. Дәстүрлі кітап қорлары бар
кітапханалармен қатар жаңа жұмыс орындар қызмет етеді: бейнетекалар,
фонотекалар, диатекалар, ойынқоймалар. Электрондық оқулықтардың (CD-
ROM) пайда болуымен кітапханада Интернет желісіне қосылған компьютерлер,
электрондық
каталогтар,
ксерокөшірмелі
техникалар
болу
керек.
Кітапханаларды жинақтау, сақтау мен дәстүрлі, дәстүрлі емес баспаларды
ұсынушы ретіндегі міндеттерінен жаңа ақпараттарды құрушы (дайджесттен,
газеттер, журналдар, аудио, бейнебағдарламалар, веб-парақшалар, сайттар т.б.),
яғни кітапхана-медиатекалар деп қайта құру қажет. Нәтижесінде қор құрамы
өзгереді, оған аудиовизуалдыжәне электрондық құжаттар, сонын ішінде
электрондық оқулықтар, компакт-дискілер кіреді. 2020 жылға дейін Интернет
желілеріне білім беру ұйымдарының 90 %-нан астамы қосылатын болады деп
жоспарлануда.
Жоғары технологиялар мектеп кітапханасында болуы тиіс оқу құралдарын
өзгертті. Мәселен, электрондық оқулықтардың пайда болуы. Колумбияның
федералдық округіндегі қоғамдық мектеп зерттеудің сынақ бағдарламаларын
орта мектептің оқушыларына арналған оқу үшін заманауи электрондық
құрылғыны (E-reader) енгізді. Оның беті (E-Ink) кітаптан үлкен емес, бірақ қағаз
тәріздес экран деп аталады. Кейде оны «сиядағы экран» деп те атайды. E-Ink
беті әдеттегі қағаздағы полиграфиядан жоғары әріптердің оптикалық
кереғарлығын бермейді. Басқаларға қарағанда (мәселен, LCD) E-Ink
артықшылығы – артық салмақсыз, жұқа болып келеді. Сонымен қатар E-Ink-нің
де кемшіліктері бар: оны тек жақсы және бірқалыпты жарықтандыруда ғана
оқуға болады.
Білім
беру
процесін
жаңғырту,
білім
беру
саласын
ақпараттандыруғабайланысты барлық денгейдегі балалар мен жеткіншектер
үшін бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістіктерін құру, оқу, көпшілік және
44
балалар ресурстарынбірлесе ұйғаруда мектеп кітапханаларын мен қоғамдық
кітапханаларға бірлесе қызмет атқару мәселесі өткір тұр. Қазіргі кезде заман
талабына сай кітапхана ресурстарын пайдалану және білім беру процесінде
оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін кітапхана
кеңістігін ұлғайту аса қажет.
Мектеп кітапханасы мектеп оқушысының жаңа серігіне айналуы тиіс, олар
әлемнің кез-келген жерінен қажетті ақпараттарынала білу, әлемдік ең үздік
білім беру ұйымдарынакез-келген уақытта қол жеткізеалатын болуы керек. Ол
үшін мектеп кітапханаларының ақпараттық ресурстарын дамыту басты орын
алатыны сөзсіз.
Мектеп кітапханасының білім беру ресурстары мен құралдары ретінде
төмендегі тізімде көрсетілген ақпараттық ресурстары қорлары болуы тиіс:
•
кітаптар, оқу және әдістемелік құралдар, көркем әдебиеттер.
•
энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалық және танымдық әдебиеттер.
•
мерзімді басылымдар.
•
аудио-, бейнематериалдар.
•
мультимедиялы материалдар.
•
сандық онлайн ресурстар.
•
толық мәтінді мәліметтер базасы.
•
компьютерлік бағдарламалар.
•
электрондық басылымдар мен оқулықтар.
Білім беру бағдарламаларына сәйкес әртүрлі тасымалдағыштарда
ресурстармен өздігінен білім алу, білім беру процесін қамтамасыз етеді.
Мектептің ақпараттық-кітапханалық ресурстарын әртүрлі тасымалдағыштарда
қолдану дегеніміз:
-
қағаз (кітап қоры, мерзімді басылымдар қоры);
-
сандық (CD-дискілер, аудио-бейне үнтаспалар қоры);
-
коммуникативтік (компьютерлік желілер) және басқа да
тасымалдағыштарда.
Мектеп
кітапханасы
ақпарат
тасымалдаушылар
мен
жаңа
технологиялардамуыныңмүмкіндігіне қарай біртіндеп көмекші және оқу
әдебиет қоймасынан аудиовизуалды материалдар мен жабдықтардың үлкен
таңдауы бар, компьютерлік және басқа да техникалық құрылғылармен
жабдықталған әртүрлі оқу ресурстары бар, қазіргі таңда жиі медиа орталық
немесемедиатека деп аталатын ақпараттық орталыққа айналуы керек.
Кітапханының бүгінгі уақытта жасалған ақпараттық, мәдени және білім
беру мекемелері ретінде инновациялық даму мүмкіндіктері әлі де жойылмай
отыр, заманауи мультимедиялық оқу орталықтары мен медиатеканы міндетті
трансфорациялаумен оның перспективалары бітпейді. ХХІ ғасырда кітапхана
саласын дамыту тек республика ішінде ғана емес, халықаралық
кітапханалармен байланыс орнату, пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсету,
жаңа технология, бағдарламаларды енгізу, кітапхана қорын насихаттау,
кітапхана қорын пайдалану мүмкіндігін кеңейту, ақпараттық ресурстарды құру
мен сақтау – бұл жаңа бағытта жұмыс істеуді талап етеді. Қазіргі заманғы
Достарыңызбен бөлісу: |