тіркестерінен мақал құрастырып, қағазға жазуы жəне оның мағынасын жеткізулері
тиіс болды. «Город вежливости» тапсырмасында əр бала жақын адамдарына
арнаған өзінің тілегі мен істеген қайырымдылықтары туралы жазуы тиіс болды.
«Мыс Культуры» бөлімінде адамдардың түрлі жағдайдағы мінездері талқыланды.
Мұндай жағдайда өздері не істер еді? Əр топқа түрлі жағдаят жазылған карточкалар
таратылды. Балалар оларды оқып шығып қателерін табуы, талқылауы жəне
кейіпкердің қатесін көрсетуі тиіс болды. Бұдан ары қайырымдылық жасап,
өзгелерге қуаныш сыйлыған ертегі кейіпкерлерін еске түсіру қажет болды. Мұны
орындауға сандық көмекке келді. Балалар сандықтағы заттың кімдікі екендігін
табулары керек болды. Бұдан кейін кітапханашы командаларға сөздер жиынтығын
таратты, ал балалар тек қайырымды адамдарға тиісті сөздерді теріп алуы жəне
оларды күн сəулесі тəрізді желімдеуі тиіс болды. Балалар ойынға белсенді қатысты.
барлық тапсырмаларды құмарта орындады. Балалар өздері куə болған жағдаяттарды
мысалға келтіріп, талқыға салды. Кітапханашы аталған шараның балаларға көп
пайда əкелгендігін, келешекте бұл тақырыпты жалғастырмақ екендігін жеткізді.
АОК қызметкерлері «И снова, здравствуйте!» мерекесін өткізді. Кітапхананың
бір бөлігі сөрелеріне гармон, баян жəне басқа тауар қойылған жəне бұл жерге бүкіл
ауданға белгілі гармоншылар мен баяншылар үнемі келіп тұратын ауыл дүкеніне
сай безендірілді.
Сатушы Глафира Пермендовна мен Тергеушіні ойнаған жүргізушілер
халықаралық əйелдер күніне арналған қызықты бағдарлама дайындады. Тергеуші
тексеріс жүргізу үшін дүкенге келеді, ал сатушы өзі туралы, өзінің күйеуі гармоншы
Денеке турыл, сатылатын заттар туралы айтып, уақытты соза береді. Осы кезде
дүкенге сатып алушылар келіп, барлығын мерекемен құттықтайды жəне көңілді əн
салады. Сатып алушылар рөлін ауыл тұрғындары Владимир Иванович Денисовка
мен Надежда Петровна Адарич, Алексей Беркут, Александр Бычков, Александр
Хлебников, Павел Ломовцев жəне № 1 балабақшасының тəрбиеленушілері ойнады.
Шара əдеттен тыс жəне өте қызықты болды. Жүргізушілер мен ерлер əйелдерге
тамаша мереке тарту етті.
«Культурное наследие – достояние народа» тарихи кітап күн. Оқырмандарға
«История Независимости в книгах» тақырыбымен жаңа кітаптарға шолу,
«Культурное наследие – достояние народа» атты кітаптарға шолу, «Путешествие в
страну исторических источников» атты интеллектуалдық-библиографиялық ойын
ұсынылды. Ойын «Всякая всячина», «Древние знаки и символы», «Конверт для
любознательных» жəне «Конкурс мудрецов» секілді 4 кезеңге бөлінді жəне оның
жеңімпазы болып тарихи-өлкетану мұражайының жас маманы Ж.Т.Бекмұрзин
танылды.
Кітапхана – ауылдықтардың бос уақыттарын өткізіп, рухани демалатын сүйікті
орындарының бірі. Кəсіби тəжірибелері мен шығармашылық қабілеттерін толық
пайдалануға тырысатын мамандар мұндай кездесулердің мейлінше пайдалы жəне
қызықты болуына күш салады. Көркем безендірілген стендтер мен көрмелер көз
қуантады. Кітапхана жанынан қызығушылықтары бойынша ұйымдастырылған
клубтар мен əдеби қонақжайлар талантты оқырмандарды біріктірген.
Кітапханашылар жасамыс оқырмандардың демалысын ұтымды ұйымдастыруға
көп көңіл бөледі. 2005 жылдан АОК «Золотая пора» клубы жұмыс істейді. Оның
негізгі мүшесі - зейнеткерлер, ауылдың зиялы қауымының өкілдері. Осы мерзім
ішінде кітапхана қызметкерлері көптеген көпшілік шаралар ұйымдастырды.
Кездесулер үнемі шынайы көңілге жəне мейірімділікке толы болады. Шараларға
əуесқой əртістердің, музыка мектебінің оқушылары мен оқытушыларының қатысуы
оның сəнін келтіре түседі. Клуб мүшелері жаңалықтармен бөлісу үшін, кітап алып,
журналдар оқу үшін кітапханаға тұрақты келіп тұрады.
«Встреча» вокзалының «мерейтойлық пойызында» болған «Золотая пора»
клубының отырысы қызықты өтті. Ерекше вагонға 2012 жылдың мерейтой иелері,
клуб мүшелері жиналды. Соғыс жəне еңбек ардагерлері болашаққа қатысты
армандарымен бөліссе, ұстаз ардагерлер өздерінің мұғалім болып есіктен кірген
бірінші күндерн естеріне алысты. Г.С.Алёшина бухгалтер туралы күлкілі əңгіме
айтып берсе, В.А.Луковникова өзінің өлеңдерін оқып, сүйікті əнін орындап берді.
Т.С.Ткач өзінің отбасылық дəрігерлер əулеті туралы əңгімеледі. Е.В.Деменчук
ардагерлер хорында 27 жыл бойы əн айтып келеді. Сыған əйел мерейтой иесі
Е.К.Бекетовқа бал ашып берді. Көптеген əн айтылып, жақсы сөздер айтылды.
Мереке ойдағыдай болды. Ардагерлер мен кітапханашыларға Денисов ауданы мен
оның адамдары туралы естелік жазуды ойластырып жүрген кітапхананың байырғы
досы Нина Григорьевна Рыбальченко алғысын білдірді.
«Её величество пуговица» танымдық кеші де «Золотая пора» клубының
мүшелері үшін өткізілді. Шараның бірінші бөлігі музыкаға арналып, аудандық
музыка мектебінің оқушылары клуб мүшелеріне, кітапхана мен мұражай
қызметкерлеріне ұмытылмас сəттер сыйлады. Олар романстар, əндер айтып,
гитарашылар ансамблі белгілі шетел классиктерінің композицияларын тарту етті.
Кештің екінші бөлігі түйме мұражайына саяхат түрінде өткізіліп, экскурсия
жетекшісімен бірге Ақ жəне Қара Түймелер кішкентай түйменің тарихы туралы
айтып берді жəне викторина, ойындар ойналды, мультфильм қойылып, Түйме
туралы əн тыңдалды.
«Старые пластинки» тақырыбымен музыкалық түрінде өткізілген клубтың
кезекті отырысы нағыз мерекеге айналды. Оқу залында патефон, түрлі жылдардың
күйтабақ ойнатқыштары, ескі күйтабақтар қойылған ретро-көрме ұйымдастырылды.
Жүргізушілер валиктерден бастап граммофон күйтабақтары, шағын күйтабақтар,
сирек коллекциялар, кітапханада сақтаулы тұрған күйтабақтар қоры туралы айтып
берді. Бұдан кейін өткен жылдардың музыка əлеміне экскурсия жасалынды. Əндер
айтылып, жүргізушілер Фёдор Шаляпин, Валерий Ободзинский, Аида Ведищева,
Вадим Мулерман, Майя Кристалинская жəне Леонид Утёсовтың өмірі мен
шығармашылықтары туралы əңгімелеп берді.
«Что уносит дым сигарет» пікірталас сабағы Некрасов ауылының
жасөспірімдері мен жастарына арналып өткізілді. Кітапханашы шылым шегудің
зияны туралы айтып берді. Шараға қатысушылардың көмегімен түтіннің адам
өкпесіне қалай əсер ететіні көрсетілді. Марк Твеннің «Приключения Тома Сойера и
Гекльберри Финна» кітабынан үзінді оқылып, кейін барлығы кітап кейіпкерінің
жағдайын
талқыға
салды. Кітапханашы
өркениетті
елдердегі
шылым
шекпейіндердің құқығын қорғайтын заңдар туралы айтып берді. Сондай-ақ
«Конкурс проектов» атты шара өткізілді. Топ-топ болып жұмыс істеген командалар
алған тапсырмалары бойынша жоба дайындап, оны қорғаулары тиіс болды.
Мысалы, мектептегі шылым шегушілердің санын азайту үшін нақты не істеу керек?
Балалар никотинге қарсы құрастырылған викторинаға қатысты жəне пікіртлас