жүргізілуде. Шаралар кітапханаларда ғана емес, одан тыс жерлерде – клубтарда,
мектептерде, лицейлерде жəне т.б. жерлерде өткізіледі.
Көпшілік шараларды өткізу барысындағы кітапханалардың басты міндеті -
оқырмандарға кітап оқудың тек ақпарат пен білімнің тауысып болмас қоры ғана
емес, сондай-ақ оның дос жəне кеңесші бола алатындығын түсіндіру. Өткізілетін
əрбір көпшілік шараға көрме ұйымдастырылады.
Заманауи ақпараттық технологиялардың өмірімізге енуі кітапханалық дəстүрлі
жұмыстардың өзгеріске ұшырауына əсер етіп, бұл өз кезегінде көпшілік
жұмыстардың оқырмандар, əсіресе жастар үшін тартымды болуына ықпалын
тигізді. 2011 жылы Денисов ОКЖ кітапханалары 100% компьютерлендірілді. 5
кітапхана – АОК, АБК, Крым, Некрасов, Приреченский үлгілі ауылдық
кітапханалары интернетке қосылған. Мультимедиялық технологиялар шаралардың
тартымды өткізуге көп көмек көрсетуде. Электронды көрсетілімсіз жəне слайд-
шоусыз ОКЖ бірде-бір кітапханалық шара өткізілмейтін болған. Оларды пайдалану
мұндай кездесулердің қызықты əрі тартымды өтуіне ықпал етеді. Əріптестеріміз
аталған кездесулерді қызықты өткізудің қажеттігін түсінеді, олай болмағанда бұлар
тек есеп беру үшін ғана өткізілген шаралар болып қалар еді. ОКЖ кітапхана
қызметкерлері «Если не интересно нам, скучно читателям» деген ұстаныммен
жұмыс істейді.
Денисов ОКЖ көпшілік жұмыстары мəдени-ағартушылық жұмыстардың барлық
бағыттары: өлкетану, отансүйгіштікке тəрбиелеу, экология, саламатты өмірді
насихаттау жəне т.б. бойынша жүргізіледі. Өткізілетін шаралардың саны жылдан
жылға артып келеді жəне олар мемлекеттік тілде жиі өткізіле бастады.
ОКЖ кітапханалық шараларының тақырыптары мен өткізу əдістері əр түрлі.
Мысалы: ежелгі кітапханаларға арналған «В храмах умных мыслей» (Аршалы а/к),
«По страницам Красной книги» (Гришенский а/к) виртуалды саяхаты, «Юбилей
любимой книги» (Антонов а/к) информинасы, «Первый учитель в степи» (Антонов
а/к) ауызша журналы, Ж.Аймауытовтың шығармашылығына (Крым а/к, Перелескин
а/к) жəне М.Мұқатаевтің 80 жылдыған арналған «Он лиру посвятил народу своему»
(Баталинский а/к) əдеби сағаты, «Угадай книгу» (Гришин а/к) əдеби ойыны,
«Основной закон моей страны» (Аршалы а/к) төзімділік сағаты, «Толерантность –
искусство жить вместе» (АОК) руханилық сабағы, «Имею право» (Аршалы а/к),
«Герои нашего времени» (АОК) ашық əңгіме сағаты жəне т.б.
Өлкетану кітапхана жұмысындағы басты бағыттардың бірі болып табылады.
Өлкетану жұмыстары кітапханашылардан білімді ғана емес, олардың туған
жерлерін сүюін, оның тарихын білуін, құрметтеуін, еңбекшіл, шыдамды болуларын
талап етеді.
Қазақстан Республикасы тəуелсіздігінің 20 жылдығы мен Қостанай облысының
75 жылдығын мерекелеу қарсаңында аудандық орталық кітапхана аудан
ақындарының бірінші слетін өткізді. Біздің заманымызда əр адам өзінің
шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік алған. Жүргізушілер ауданның
барлық ақындарын еске алып, жиынға келгендерінің аттарын атап шықты. Белгілі
ақындардың ішінде қазақ кеңес майдангер журналисі, жазушы, Ақсу ауылының
тумасы Сегізбай Аманғалидың (1897-1944), аудан тарихын өлеңмен жазып шыққан
Юрий Шиповтың, қазақстандық қана емес, сондай-ақ неміс оқырмандарына да
таныс Надежда Рунденің, қазіргі кезде Ресейде тұрып жатқан Валентин Ковалевтің
есімдері аталды. Мерекеде ақындардың өздері жақсы көретін Қазақстан, Отан, ана,
балалық шақ, соғыс, махаббат туралы өлеңдер оқылды. Туған жер мен оның
адамдарына деген махаббат көптеген ақындарға тəн қасиет. Аталған кездесу
ақындар жарастығының куəсі болды. Денисовтік ақындар барлық облыстық
ақындар байқауына қатысып келеді. Əсіресе 72 жасқа келгеніне қарамастан
отансүйгіштік туралы толқи тұрып өзінің өлеңдерін жатқа оқыған Надежда
Ануфриевна Коробейникова туралы ерекше айтып кеткен жөн. Ал оның өлеңмен
жазылған өмірбаяны тыңдаушылардың көңілін босатты. Жиынның ең жас ақыны
Сергей Печниковтың кіршіксіз көңілден туған шығармалары жиналғандарды риза
етті.
Ақындардың екінші слеті «И свет любви в самом себе несу» тақырыбыен өтті.
Ақындардың өзгелерді өзіне тартып тұратын, ізденімпаз, талантты адамдар екендігі
белгілі. Олар үлкендер мен балаларға дүниені басқаша қабылдауға көмектеседі.
Адамдар ақындардың əсерлі сөздерінен қанаттана түседі. Германиядан келген
қонақ, қазақстандық бұлбұлымыз, кітапхананың ескі досы Зоя Юрченко қазақ жəне
орыс тілдеріндегі əндерімен кештің сəнін келтіре түсті.
Екінші слет денисовтік ақындардың бір орында тұрмағандарын, олардың
шығармаларының жақсара түскендерін, жаңа есімдердің пайда болғанын көрсетті.
Кітапхана оқырмандары ақындар шығармашылығымен тұрақты жұмыс істейтін «И
словом, и кистью, и звуком» көрмесі арқылы таныса алады.
Приреченский ауылдық кітапханасында «Мой Казахстан – живи и процветай»
деген тақырыппен жоғары сынып оқушыларына арналған ойын-викторина өткізілді.
Шараға 2 команда қатысты. Олар тарихи, аспаздық жəне музыкалық сайысқа түсті.
Əрбір дұрыс жауап үшін жетон беріліп отырылды. Ойын соңында жарысқа
қатысушылар «2030 жыл қандай болмақ, елімізде қандай өзгерістер орын алады,
бізді қандай өзгерістер күтіп тұр» деген тақырыпқа өздерінің пайымдауларын,
тілектерін, ойларын білдірісті.
Теледидардың танымдылығы оқырмандардың танымал бағдарламаларға көп
назар аударуларына мүмкіндік береді. Кітапханалардағы олардың əрекеттері өзіңді
осы мерекеге қатысушыларға теңестіруге, олардың қасында болғандай сезінуге
мүмкіндік береді. Кітапханаларда «Умники и умницы» ойыны қызықты өтеді, ол
кітапхана үшін өте қолайлы, көлемді əрі күрделі реквизиттерді қажет етпейді.
Кітапханалардың шараларды нақты тақырыптарға өткізуі келушілерге өз əсерін
тигізіп отыр. АОК қызметкерлері № 9 кəсіби училище оқушыларымен
«Конституция - еліміздің Ата Заңы» таырыбы бойынша «Умники и умницы»
ойынын өткізді. Шара 2 тілде өткізілді. Қатысушылар сұрақтың күрделігіне
байланысты түрлі түсті (қызыл, сары, жасыл) жолдарды таңдай отырып сайысқы
түсті. Шараға орайластырылған «Конституция - халықтың төлқұжаты» атты
кітапханалық көрме ұйымдастырылды. Теледидарды оқырмандар залына
орналастыру да оқырмандар санының артуына септігін тигізіп отыр.
Кітапханашылар оларды əдебиетті насихаттау құралына айналдырып отыр.
«Степные напевы» караоке-барында теледидардан көріп жүрген «Своя игра»
ойыны секілді ойын өткізілді. Ойын 25 сұрақтан тұратын екі раундқа бөлінді.
Ойынға мемлекеттік тілді меңгерген ойыншылар қатысты. Ойынның жеңімпазы
болып Қазақстан тарихына қатысты терең білімін көрсете алған № 9 лицейдің
аудармашысы М.Е.Əубəкірова танылды. Екінші орын № 2 ОМ қазақ тілінің