120
жүргізуші зерттелінушілерге сауланаманы қайталап толтырардың алдында
айтқан. Бұл зерттелінушілердің қаншалықты сауалнамаға шынайы жауап
беретіндігін айқындау мақсатында жүргізілді.
Алынған мәліметтерден көретініміз, барлық зерттелінушілер дерлік пәннің
оқытылу қажеттігін атап көрсетсе де, жауаптарға көбіне аса шынайы қарамаған.
Курсқа дейін ешкім ұсынылған сұрақтарға жауап берген жоқ, ал курстан кейін
зерттелінушілердің үштен бірінен азы өз пікірлерін айтуға талпынған.
Зерттелінушілер маңызды сенімді жауаптар да берді, бірақ олар өте қысқа және
толық болмады. Мысалы, зерттелінуші барлық дене шынықтыру-сауықтыру
қызметінің түрлерінен тек қана «фитнесті» атады. «Спорт маркетингі түсінігіне
нені енгізуге болады» деген сұраққа зерттелінуші «маркетинг – бұл қызмет,
жарнама, бизнес, пиар» деп жауап берді. Барлық жауаптер осындай
қарапайымдалған түрде болды дерлік, бұдан зерттелінушілер сауалнамаға
шынайы қарамады деген қорытынды жасауға болады.
Зерттелінушілердің курсты оқып болғанға дейінгі және кейінгі
сауалнамаға берген жауаптарына қорытынды сараптама жүргізе отырып,
курсты оқыту қажетті деңгейде тиімді болды деп есептеуге негіз бар.
Сауалнаманың барлық 6 сұрағы бойынша қайталау сұраунама жүргізген кезде
сауалнмаға шынайы қаралмаған жағдай бола тұрса-дағы, оң өзгерістер
айқындалды. Жалпы алғанда, курсты жүргізу спорт маркетологы қызметі
туралы кәсіби түсініктің кеңейтіле, тереңдетіле түсуіне біршама ықпал етті.
Бұдан әріде, мысал ретінде маркетингтік есептерді шешуге арналған
практикалық сабақтардың тапсырмаларын келтіреміз.
Мысалы, «Дене шынықтыру және спорт саласындағы маркетингтік
зерттеулер» тақырыбы бойынша студент келесі жеке жұмысты жүргізе алады.
Маркетингтік зерттеуге арналған сұраунама құрылды:
а) мақсатты бөлімді айқындауға арналған нарық;
б) тұтынушылардың сұраныстары;
в) дене шынықтыру-спорт қызметі сапасы.
Тапсырманы әрбір студент жеке орындайды.
Сондай-ақ, «Жарнамалық хабарлама жасау» тақырыбы бойынша сабақта
келесі жұмысты ұйымдастыруға болады:
Жұмыстың мақсаты: жарнама саласы бойынша білімін тексеру.
Оқу міндеттері: жарнамалық хабарлама жасау.
Жұмыстың ұйымдастырылуы: тапсырманы әрбір студент жекелей
орындайды. Студенттің қалауы бойынша оның жарнамалық хабарламасы
дәрісханада талқыланып, бағаланады.
«Фитнес-клубтың жұмысын ұйымдастыру» семинар сабағында біз келесі
жұмысты ұсындық:
1. Спорт-сауықтыру кешенінің бизнес-жоспарын құру.
2. Фитнес-клубқа жұмысқа қабылдау кезіндегі іріктеу жұмысы.
3. Фитнес-клубқа абонементтер, фитнес-бағдарламалардың түрлерін
дайындау.
121
4. Спорт-сауықтыру қызметін ұйымдастырушының тұлғалық және кәсіби
қасиеттері.
Сонымен қатар зерттеліп отырған тақырып бойынша ғылыми әдебиетті
талдау дене шынықтыру және спорт маркетингі мәселесіне тек жарнама жасау,
командалар мен жеке спортшыларға демеушілер іздеу ретінде қарамау
керектігін көрсетті. Өйткені маркетинг мәселесі - күрделі және ауқымды ұғым.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы маркетинг дегеніміз адамдарды
олардың бос уақытын спортпен айналысуға, қажеттіліктері мен талаптарын
өтеу үшін дене шынықтыру және спортқа тартуға, көрермендер ретінде
шақыруға бағытталған нарықтық қызмет болып табылады.
Маркетингтегі басты мәселе - екі жақты, өзара бірін-бірі толықтыратын
тәсілді табу. Бір жағынан, нарыққа маркетингтік зерттеулер жүргізу сұраныс
пен ұсыныс, қажеттіліктерді, зауық-қалауларды дөп басып табу болса, екінші
жағынан осы талаптардың нарыққа белсенді ықпалын, сатып алу талғамы мен
қажеттіліктерін, тұтынушылық ықыластарын қалыптастыру.
Жоғары оқу орындарында жаңа формациядағы спорт менеджерлерін, дене
шынықтыру және сауықтыру қызметтері саласында маркетинг бойынша
мамандарды дайындау жаңа, заманауи оқу формаларын табуды, оқытудың
дәстүрлі әдістерінен ерекшеленетін тиімді жолдарды іздеуді, жалпы оқу
үдерісін қайта қарауды талап етті.
Қазіргі заманғы білім беру міндеттерінің бірі дене шынықтыру және спорт
білім беру кеңістігінде құзыретті мамандарды даярлаудың сапасын арттыру
болып табылады.
Әдістемелік басты бағыт - білімді іс-қимыл құралына айналдыру. Білім
парадигмасы жаңа мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес, жүйелі-іс-
әрекеттікке ауыстырылды. Қойылған мәселелерді шешу ғылыми-әдістемелік
негізде нақты практикалық мәселелерді шешу үшін басқару іс-шараларын
қабылдауға мүмкіндік береді.
Жинақталған озық педагогикалық тәжірибе кәсіби мәселелерді шешу үшін
шығармашылық дербес ойлауды дамытуға бағытталған белсенді оқыту
әдістерін: диалог, интеллектуалды жаттығу, семинарлар, пікірталастар, жеке
семинарлар, кеңес берулер, компьютерді, ақпараттық технологияларды қолдану
дағдыларын қалыптастырудың тиімділігін көрсетті.
Өз бетімен білім алу дағдыларына үйрету білімді сауатты және қарқынды
іздеу қабілеттілігімен, өзін-өзі бақылаумен олардың оқу іс-әрекеті үшін
студенттің жеке жауапкершілікті мойнына алуы, сондай-ақ оқытушысы
таңдаған өлшемдерге сай болуға тырысуыларымен де тығыз байланысты.
Өлшемдер бақылау функцияларын жетілдіру және орындауға негізделіп,
диагностикалық, бақылау және бағалау, оқытуға, дамуға, мотивациялық және
ынталандыруға, ұйымдастырушылық, әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық,
гуманистік материалдардың үздіксіз меңгерілуіне бағытталған, әрі тиімді
болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |