Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет19/36
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15350
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36

4)  Оқыту принциптері дегеніміз не? 
5)  Я.А.Каменский, К.Д.Ушинский оқыту принциптерін қалай қарастырды? 
6)  Табиғатқа сəйкестілік принципінің мəні. 
7)  Саналылық жəне белсенділік принципінің мəні неде? 
8)  Көрнекілік принципінің принципінің мəні неде? 
9)  Ғылымилық принципінің мəні неде? 
№23 дəріс тақырыбы: Мектептегі оқыту əдістері 
Жоспары: 
 1. Оқыту əдістері  жəне олардың функциясы туралы түсінік. 
2. Оқыту əдістерін жіктеу немесе классификациялау. 
3. Танымдық іс-əрекеттің типіне қарай оқыту əдістерін классификациялау. 
1.   
Əдіс  дегеніміз  -    оқу-тəрбие  жұмыстарының  алдында  тұрған  міндеттерді  дұрыс 
орындау  үшін  мұғалім  мен  оқушылардың  бірлесіп  жұмыс  істеу  үшін  қолданатын 
тəсілдері.  
 
Əдіс  арқылы  мақсатқа  жету  үшін  істелетін  жұмыстар  ретке  келтіріледі.  Оқыту 
əдістері  –  бұл  мұғалім  мен  оқушылардың  оқу-тəрбие  жұмысының  міндеттерін  шешуге 
бағытталған  өзара  бірлескен  іс-əрекетінің  тəсілі.  Оқыту  əдістерінде  объективті 
/мұғалімнен тəуелсіз/ жəне субъективті /оған тəуелді/ бөлімдер болады.  
 
Оқыту  əдістері  танымға  қызығушылық  туғызу  керек.  Олар  оқушының  ақыл-ойын 
дамытады,  ізденуге,  жаңа  білімді  түсінуге  ықпал  етеді.  Оқытуда  ең  басты  нəрсе  – 
оқушылардың танымдық жұмыстары.  
 
Оқыту  əдістері  əр  түрлі  функцияларды  орындайды:  оқытушылық,  мотивациялық, 
дамытушылық, тəрбиелеушілік, ұйымдастырушылық.  
 
 
Бақылау сұрақтары 
1.  Оқыту əдісі дегеніміз не? 
2.   Əдіс құрылымынан қандай құрамдық бөліктерді бөліп көрсетуге болады?Əдістерді 
жіктеудің мəнін ашып көрсет 
3.  Оқыту функциялары қандай функцияларды орындайды? 
4.  Əңгіме əдісінің мазмұнын ашып көрсет. 
5.  Танымдық іс-əрекеттің типіне қарай оқыту əдістерін классификацияла. 
 
№24 дəріс тақырыбы:Оқыту əдістерінің түрлері. 
Жоспары: 
1. Ауызша баяндау əдістері. 
2.Оқытудың көрнекілік əдістері. 
3.Оқытудың практикалық əдістері. 
4. Оқытудың бағдарламаланған /программаланған/ əдістері. 
5. Оқу-танымдық іс-əрекетті ұйымдастыру. 
 
1.Ауызша  баяндау  əдістеріне  жататындар:  баяндау  /рассказ/,  түсіндіру,  əңгіме, 
дəріс, оқу пікірталасы. 
 
Баяндау /рассказ/ оқытудың сөздік əдісі, ол бойынша оқу материалының мазмұны 
ауызша  айтылған  күйде  беріледі.  Баяндауға  қойылатын  педагогикалық  талаптар:  сабақ 
берудің  идеялық  адамгершілік  бағытталғандығын  қамтамасыз  ету;  хабарланатын 
ақпараттың  дұрыстығы;  қойвлатын,  дəлелденетін  жағдайлардың  дұрыстығын  дəлелдеу 
үшін 
жарқын 
көз 
жеткізетін 
мысалдарды, 
фактілерді 
келтіру; 
баяндаудың 
эмоционалдығы; баяндау тілінің жатықтығы жəне түсініктілігі, беріліп жатқан фактілерді, 
деректерді бағалауда өзінің тұрғысын, көзқарасын көрсету. 


 
Бұл  əдістің  функциясы  –  оқытушылық.  Бұл  əдіс  көбінесе  бастауыш  сыныптарда 
қолданылды.  Мақсатына  қарай  баяндаудың  бірнеше  түрін  бөледі:  баяндау-кіріспе, 
баяндау – мазмұнын ашу, баяндау – қорытынды.  
 
Түсіндіру  –  оқытудың  сөздік  əдісі  заңдылықтарды,  оқылып  жатқан  объектілердің 
мəнді қасиеттерін, жекелеген ұғымдарды, фактілерді, табиғаттағы жəне қоғамдық өмірдегі 
құбылыстардағы  себеп  пен  салдарды  көрсету  болып  табылады.  Түсіндіруге  қойылатын 
педагогикалық  талаптар:  міндетті,  мəселенің,  сұрақтың  тұқ  етерін  дəл  жəне  анық  қою, 
себеп-салдар  байланыстарды,  аргументацияны  жəне  дəлелді  бірізділікпен  ашып  көрсету; 
салыстыру,  сəйкес  келтіру,  аналогия  тəсілдерін  қолдану;  жарқын  мысалдарды  келтіру; 
баяндаудың анық логикасын қамтамасыз ету.  
 
Түсіндіру барлық жастағы балаларды оқытуда қолданады.  
Бақылау сұрақтары 
1)  .Ауызша баяндау əдістері дегеніміз не, жəне оған қандай əдістер кіреді? 
2)  Оқытудың көрнекілік əдістері дегеніміз не, жəне оған қандай əдістер кіреді? 
3)  Оқытудың практикалық əдістері дегеніміз не, жəне оған қандай əдістер 
кіреді? 
4)  .Оқытудың бағдарламаланған /программаланған/ əдістері дегенді қалай 
түсінесің? 
№25 дəріс тақырыбы: Оқыту құралдары 
Жоспары: 
1.  Оқыту құралдары туралы түсінік жəне оның функциялары. 
2. Оқыту құралдарын класссификациялау. 
3. Аудивизуалдық оқыту құралдары. 
4. Əдістемелік ескертпелер. 
1.  Оқыту  құралдары  дегенде  оқушыларға  сенсомоторлық  стимул,  олардың  көру,  есту, 
и»с  сезу  жəне  т.б.  мүшелеріне  əсер  етіп,  шындық  дүниені  тікелей  жəне  жанама  түрде 
бейнелеуге көмектесетін «нəрселерді» түсінеміз. «Нəрсе» немесе «пəн»  ұғымын шындық 
дүниеге  қатысты  жəне  модельдік,  образдық,  сөздік немесе  символикалық    заттар  ретінде 
түсінуге болады.  
 
 
Оқыту құралдары оқыту процесінде төмендегідей функцияларды орындайды:  
-  оқушылардың шындық дүниенің фрагменттерін тікелей тануға көмектеседі (танымдық 
функция); 
-  оқушылардың  сезімдері  мен  ерік-жігерлерін,  танымдық  қабілеттерін  дамыту  құралы 
(қалыптастырушы функциясы); 
-  оқушылардың  меңгеретін  білімдері  мен  біліктіліктерінің  негізгі  көзі,  оқу  материалын 
бекіту,  болжамды  тексеру,  білімді  меңгеру  деңгейін  тексеру  жəне  т.б.тексеруді 
жеңілдетеді (дидактикалық функциясы). 
  
 
Аталған  оқыту  құралдарының  функциялары  өзара  байланысты  жəне  бірін-бірі 
толықтырады. Мысалы, оқушылар оқу материалымен танысқан кезде танымдық функция 
дидактикалық  жəне  қалыптастырушы  функциялармен  қатар  жүреді.Сол  сияқты 
қалыптастырушы  функция  дидактикалық  ,танымдық  функциялармен  байланысады. 
Мысалы, оқушылардың өз бетімен ойлауы жəне естің беріктігін дамыту үшін оған жағдай 
жасауымыз,  яғни,  есте  сақтау  əрекетін  немесе  мəселені  шешумен  байланыстыратын 
нəрсені анықтауымыз қажет.  
Құрал  –  оқу  үрдісіне  заттық  көмек.  Оқыту  құралдарына  педагогтың  даусы  (сөйлеуі), 
шеберлігі, сынып заттары т.б. жатады. 
 
  
Бақылау сұрақтары 
1. Оқыту құралдары дегеніміз не? 
2. Оқыту құралдарының функцияларын ата. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау