Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі


№15 дəріс тақырыбы:: Жеке тұлғаны ұжымда тəрбиелеу



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет16/36
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15350
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36

 
№15 дəріс тақырыбы:: Жеке тұлғаны ұжымда тəрбиелеу 
Жоспары 
1.  Ұжым жəне оның қасиеттері. 
2.  Ұжымның даму ерекшеліктері жəне деңгейлері, олардың бір-бірімен сабақтастығы.  
3.  Ұжымға педагогикалық жетекшілік. 
4.  Оқушылардың өзін-өзі басқаруының функциялары жəне дамуы 
1. 
Латынның «коллективус» деген сөзі адамдар тобы, бірлестік, топ дегенді білдіреді. 
Осыдан коллектив, яғни ұжым – бұл адамдар тобы екені анықталады. 
Ұжым  қандайда  бір  əлеуметтік-экономикалық  формацияның  туындысы  емес,  ол 
адамдар  индивидтерінің  нормальдық  жиынтығының  құбылысы  болып  саналады,  іскерлік 
пен  жолдастықтың  өзара  əрекетінің,  əр  түрлі  мəселелерді  нəтижелі  шешудің  жалпыға 
бірдей формасы ретінде адамзат өркениетінің құнды əлеуметтік жетістігі болып табылады. 
Б.Т.Лихачевтің  пікірінше,  ұжым  адамзаттың  бірлесіп  өмір  сүруінің  объективті 
формасы  ретінде,  қоғамдық  құбылыс  ретінде  өркениеттік  мəнге  ие,  жалпы  жəне  мəңгі 
категория. 
Қазіргі жағдайда, балаларда ұжымшылдықты тəрбиелеудің қажеттігі бар, ал екінші 
жағынан  –  демократизация,  гуманизация,  жекешелендіру,  кəсіпкерлік,  тұлғаның  құқығы 
мен  еркіндігінің  сапасы,  жеке  меншік  адамда  индивидуализмді  дамытуды  талап  етеді. 
Осыған орай Б.Т.Лихачев қазіргі жағдайда ұжымшыл-индивидуалды тəрбиелеу керек деп 
есептейді. Осындай міндет қойғанда бірыңғай ұжымда əрбір баланы саралап, əрі сонымен 
қатар  ұжымшылдыққа  тəрбиелеуге  мүмкіншілік  пайда  болады.  Бір  жағынан  ашықтық, 
ұжымшылдық, екінші жағынан өзімен-өзі, жекелікті сақтау, адамгершілік индивидуализм 
жолымен өзін-өзі орынықтыру арқылы бала тұлғаға айналады. 
 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Ұжым туралы түсінік. 
2.  Ұжымның өзіндік қасиеттері, ерекшеліктері. 
3.  А.С.Макаренко бойынша ұжымның даму кезеңдерін сипаттаңыз. 
4.  Ұжымға педагогикалық басышылықта нені есепке алу керек? 
5.  Мектеп  ұжымын  басқарудың  педагогикалық  тəжірибесінде  қандай  ережелерді  есте 
сақтау керек? 
6.  Ұжым алдындағы мақсат – перспектива дегеніміз не? 
7.  Өзін-өзі басқару дегеніміз не? 
8.  Өзін-өзі басқару қандай функцияларды орындайды? 
 
№16 дəріс тақырыбы: Оқушыларды тəрбиелеудегі отбасының ролі 
Тірек ұғымдар: отбасы, отбасы педагогикасы, 
Жоспары 
1.  Отбасы - ерекше  педагогикалық жүйе ретінде. 
2.  Отбасы тəрбиесінің мүмкіншіліктері, əдіс-тəсілдері.   
3.  Мектеп пен отбасының өзара əрекетінің формалары. 
1. 
Отбасы  педагогикасы  -  педагогика  ғылымының  саласы,  ол  институционалдық 
белгісіне  қарай,  яғни  əлеуметтік  институт  -  жас  ұрпақты  оқытумен  жəне  тəрбиелеумен 
айналысатын  отбасы  бойынша  бөлінген.  Бұл  отбасындағы  тəрбие  туралы  ғылым.  Ол 
отбасы 
тəрбиесі 
жағдайларының 
ерекшеліктерін, 
олардың 
қолынан 
келетін 
мүмкіншіліктерін зерттейді, ата-аналар үшін балаларды тəрбиелеуге байланысты ғылыми 
негізделген ұсыныстарды жасайды. 


Отбасы тəрбиесінің объектісі - тəрбиелік институт ретіндегі отбасының дамуының 
жағдайы  жəне  негізгі  үрдістері  болып  табылады.  Отбасы  тəрбиесінің  пəні  -  отбасындағы 
тəрбиенің мəні, механизмдері, осы процестің баланың тұлғасының құрылуына əсері. 
Отбасындағы  тəрбиені  үйдегі  тəрбие  деп  те  атайды.  Қазіргі  жағдайда  үй  тəрбиесі 
қоғамдық тəрбиемен толықтырылады. 
Отбасы тəрбиесінің міндеттері: 
- отбасы тəрбиесінің теориялық мəселелерін жасау; 
- отбасы тəрбиесінің тəжірибесін зерттеу; 
- отбасы тəрбиесінің практикасына ғылыми жетістіктерді енгізу; 
- ата-аналардың педагогикалық мəдениетін арттырудың жолдарын зерттеу; 
-  отбасы  жəне  қоғамдық  тəрбиенің,  ата-аналар  мен  кəсіптік  педагогтардың  өзара 
əрекетінің технологиясының тиімді арақатынасын негіздеу. 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Отбасы дегеніміз не? 
2.  Отбасы тəрбиесі дегенді қалай түсінесіз? 
3.  Отбасы тəрбиесі дегеніміз не? 
4.  Отбасы тəрбиесінің обьектісі. 
5.  Отбасы тəрбиесінің міндеттері. 
6.  Отбасы тəрбиесінің көздері. 
7.  Отбасы тəрбиесінің мүмкіншіліктері. 
8.  Отбасы тəрбиесіндегі тəрбие əдістері. 
9.  Отбасы тəрбиесінде қолданылатын құралдарды атаңыз. 
10.  
№25 кредит сағат 
№17  дəріс тақырыбы:   Тəрбиелік жүйелер 
Мақсаты: Тəрбие жүйесі жəне оның даму кезеңдері туралы түсінік қалыптастыру. 
Тірек ұғымдар: жүйе, тəрбие жүйесі. 
Жоспар 
1.  Тəрбиелік жүйелер ұғымы. 
2.  Тəрбие жүйелерінің даму кезеңдері. 
3.  Мектеп – тəрбие жұмысының орталығы. 
 
1. 
Қазіргі  заманғы  жəне  бұрынғы  педагог-практиктер  мен  ғалымдардың  көпшілігі 
(Ш.А.Амонашвили, 
И.П.Иванов, 
В.А.Караковский, 
Л.Кольберг, 
Н.Д.Никадров, 
Л.И.Новикова,  В.А.Сластенин,  В.А.Сухомлинский,  Р.Штейнер  т.б.)  тəрбие  –  ерекше 
сфера,  сондықтан  ол  оқыту  мен  білім  беруге  қосымша  ретінде  қарастырылмайды  деген 
қорытындыға  келді.  Оқыту  міндеттері  тəрбие  сферасына  шықпай  тиімді  шешілуі  мүмкін 
емес.  Өз  кезегінде  тəрбиеге  білім  берудің  құрамды  бөлігі  ретінде  қарау  оның  ролін 
түсіреді жəне шындыққа сəйкес келмейді. Тəрбие жұмысының тиімділігін көтеруді тəрбие 
жүйелерімен  (ТЖ)  байланыстырады.    Кез-келген  жүйе  -  өзара  байланысты  жəне  белгілі 
біртұтастылықты  құрайтын  элементтердің  жиынтығы.  “тəрбие  жүйесі”  ұғымы  “жеке 
тұлға”, “даму”, “қатынас”,  “біртұтастылық”, “құрылым”, “өзара байланыс”, “компонент”, 
“нəтижелілік”  ұғымдарымен  байланысты.  Тəрбие  жүйелерінің  күрделі  түрлеріне  қызметі 
белгілі  тəрбиелік  мақсатқа  жетуге  тəуелді,  мақсатқа  бағытталған  жүйелер  жəне  қызметі 
кезінде  құрылымы  мен  мазмұнын  өзгерте  алатын  өзіндік  ұйымдастырылған  жүйелер 
жатады.  
 
Тəрбие жүйесі - өзін-өзі реттейтін, басқарылатын күрделі əлеуметтік психолого-
педагогикалық құрылым. Ол бүкіл педагогикалық үрдісті қамтиды, оқу сабақтарын, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау