Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/36
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15350
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36

4.  Мұғалім неге тəрбие заңдылықтары мен принциптерін білуі керек? 
5.  Заң жəне заңдылық ұғымы. 
6.  Тəрбие үрдісінің заңдылығы дегенді қалай түсінесіз? 
7.  Тəрбие  заңдылықтарын ата жəне оларды мəнін ашып көрсет. 
8.  Тəрбие принциптерін ата жəне олардың мəнін аш. 
 
№12 дəріс тақырыбы:Тəрбиенің əдістері мен құралдары 
Тірек ұғымдар:Тəрбие əдістері, тəрбие тəсілі, тəрбие құралдары. 
Жоспары 
1.  Тəрбие əдістері туралы негізгі түсінік  
2.  Тəрбие əдістерінің классификациясы. 
1. 
Əдіс  дегеніміз  -  алға  қойылған  мақсатқа  жетудің    жолы,  амалы,  тəсілі,  айласы. 
Тəрбиелеу  əдістері  -  тəрбиелеушілер  мен  тəрбиеленушілердің  өзара  байланыстағы  іс-
əрекетінің тəсілдері. Бұл іс-əрекет тəрбиелеудің міндеттерін шешуге бағытталған. 
Тəрбие  тəсілі,  амалы  (прием)  -  жалпы  əдістің  бөлігі,  жеке  дара  əрекет  (əсер  ету), 
нақты  жақсарту.  Тəсілдер,  əдетте,  əдістерді  белгілі  бір  жағдайларда  нақты  пайдалануды 
қамтамасыз етеді. Мысалы, жазалау тəсілдері - ескерту, айыптау, сөгіс; сендіру, нандыру 
тəсілдері  -  иландыру,  түсіндіру,  баяндамалар;  мадақтау  тəсілдері  -  мақұлдау,  мақтау, 
сыйлық беру т.б. 
Тəрбие құралдары - іс-əрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация 
құралдары,  педагогикалық  ықпал  жасау  құралдары  (мұғалім,  ата-ана,  ересек  адамдардың 
сөзі,  олардың  өнегесі  т.б.)  жатады.  Оқушы  тұлғасы  қалыптасуының  бас-қарылуын 
қамтамасыз  ету  -  тəрбиенің  негізгі  құралдарын  толық  жəне  тиімді  пайдалану,  яғни 
тəрбиедегі шешуші роль атқаратын нəрсе оқшауланған құралдар емес, керісінше, олардың 
үйлесімді  құрылған  жүйесі  екенін  практика  көрсетіп  отыр.  Тəрбие  құралдары  -  бұл 
тəрбиелеу тəсілдерінің жиынтығы. Мысалы, еңбек - тəрбие құралы, бірақ еңбекті көрсету, 
бағалау, жұмыстағы қателіктерді көрсету бұлар тəсілдер болады. 
Əдістердің  жіктелуі  (классификация)  -  бұл  анықталған  белгілерге  қарай  құрылған 
əдістер жүйесі. Жіктелуге сүйене отырып, педагог тек əдістер жүйесін анық көріп, танып 
қоймай, ол əр түрлі əдістерінің өзіне тəн белгілерін, орнын жақсы түсінеді. 
Кез  келген  əдістің  жіктелуі  олардың  жалпы  негіздері  мен  белгілерін  анықтаудан 
басталады.  Қазіргі  педагогикада  ондаған  жіктеме  белгілі,  себебі  əдістер  жүйесінде 
жіктелудің логикалық негізі анық емес. 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Тəрбие əдісі жəне тəсілі туралы түсінік.  
2.  Тəрбие əдістері, оларды жіктеу. 
3.  Тұлға санасын қалыптастыру əдістері, оларды қолдану ерекшеліктері. 
4.  Іс-əрекетті ұйымдастыру əдістері, оларды қолдану ерекшеліктері. 
5.  Мінез-құлықты ынталандыру əдістері, оларды қолдану ерекшеліктері. 
 
№13  дəріс тақырыбы:  Тəрбиенің негізгі құралдары 
Тірек ұғымдар: қарым-қатынас, оқыту, таным кезеңдері, білім беру. 
Жоспары 
1.  Қарым-қатынас тəрбиелеу құралы ретінде.  
2.  Оқыту тəрбиелеу құралы ретінде. 
3.  Жеке  тұлға дамуындағы білім берудің  рөлі. 
 
1. 
Адамның  қалыптасуындағы  маңызды    факторлардың  бірі  -  адамдар  арасындағы 
қарым-қатынас.  Белгілі  психолог  А.Н.Леонтьевтің  пікірінше,  туылған  сəтінде  нəресте 
адамға  кандидат  қана,  ал  оқшау  жағдайда  кандидат  та  бола  алмайды:  ол  адам  болуды 


адамдармен  қарым-қатынас  барысында  үйренеді.  Басқаша  айтқанда,  əлеуметтік 
жағдайлардан  тыс,  тек  биологиялық  қана  адамды  тұлға  ретінде  қалыптастыра  алмайды. 
Индивидтің  қарым-қатынастан,  таңдау  мүмкіндігінен,  белгілі  бір  дəрежеде  еркін 
қимылдаудан  айырылуы  да  тұлғаның  дамуына  кері    əсер  етеді.  Адамды  қоғамнан  жəне 
қарым-қатынастан  бездіру  əрдайым  ең  қатал  жазалардың  бірі  болып  саналады,  өйткені 
ұдайы оқшаулану мен жалғыздық тұлғаның өз мəніне қайшы келеді. 
Қарым-қатынас  -  əлеуметтік-психологиялық  құбылыс,  кейде  оны  психологиялық 
категория  ретінде  қарастырады.  Ол  адамдардың  өзара  əрекетінің  үрдісі,  оған  қатысатын 
адамдар  бір  бірінің  ұмтылыстарына,  ойларына,  күйлеріне  жəне  сезімдеріне  əр  түрлі 
дəрежедегі күштермен əсер етеді. 
Қарым-қатынаста  өзара  байланысты  үш  жағы  бөлінеді:  коммуникативті  (ақпарат 
алмасу),  интерактивті  (қарым-қатынасқа  түсетін  индивидтердің  белсенді  өзара  əрекетін 
ұйымдастыру),  перцептивті  (қарым-қатынасқа  түсушілердің  бірін-бірі  қабылдау  үрдісі, 
осы негізде өзара түсіністікті орнату). 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Тəрбие құралдары туралы түсінік. 
2.  Қарым-қатынас түрлері. 
3.  Қарым-қатынас жəне оның тұлға дамуына ықпалы. 
1.  Педагогтың оқушылармен қарым-қатынасының шарттары. 
2.  Оқу іс-əрекетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы əсері. 
 
№14  дəріс тақырыбы:  Оқушылардың өзін-өзі тəрбиелеуін ынталандыру 
Тірек ұғымдар: өзін-өзі тəрбиелеу. 
Жоспар 
1.  Өзін-өзі тəрбиелеу үрдісінің мəні. 
2.  Оқушылардың өзін-өзі тəрбиелеуін ұйымдастыру. 
1. 
Қалыптасып келе жатырған оқушы тұлғасы тəрбие субьектісіне айналады. Ол 
педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды жəне өзінің сапалық қасиеттерін 
өзі жетілдіруге тырысады. Өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру жəне кемшіліктерін 
жою мақсатындағы оқушының  іс-əрекеті өзін-өзі тəрбиелеу деп аталады.Бұл өзгерістер 
қоршаған ортамен  өзара қатынас барысында жүреді. 
      
 Өзін-өзі  тəрбиелеу  оқушы  тұлғасын  жан-жақты  тəрбиелеу  мен  дамытуға    ықпал 
етеді.  Мысалы,  оқушы  дамуы  мен  қалыптасуына  байланысты  өзінің  тəртібі  мен  мінез-
құлқындағы  кемшіліктері  мен  іс-əрекетіндегі  сəтсіздіктеріне  сын  көзбен  қарап,  оларды 
болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді. 
        Тұлғаның  сапалық  қасиеттерінің  қалыптасуының  шын  деңгейін  есепке  алмай 
жалпылама  жүргізілген  тəрбие  жұмысының  салалары  тəрбие  міндеттерін  шешуде 
кемшіліктердің орнын толтырады.  
        Педагогикалық  талаптарды  мойындауға  мəжбүр  болған  оқушы  тек  сырт  көзге  ғана 
тəртібін жөндеген түр білдіреді де, өзінің теріс қасиеттерін жасыра түседі. 
           Жасөспірімдік  шақтағы  бала  өзбетіндікке  ұмтылуын  байқатады.  Ол  тəрбиенің 
пəрменсіз  обьектісі  болғысы  келмейді,  өз  мінез-құлқын  өзі  анықтайтындай  əрекет  иесі, 
тəрбиенің  субьектісі  болуға  ұмтылады.  Егер  тəрбиешілер  осыны  еске  алмай,  оның 
құқығын шектесе, оқушының педагогикалық талаптарға қарсылығын тудырады.  
    
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Өзін-өзі тəрбиелеу дегеніміз не? 
2.  Өзін-өзі тəрбиелеуді қай кезден бастаған жөн? 
3.  Оқушылардың өзін-өзі тəрбиелеуін ұйымдастыруда нені есепке алу қажет? 
4.  К.Д.Ушинский өзін-өзі тəрбиелеу үшін қандай кеңестер берген? 
5.  Оқушылардың өздерін өздері тəрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында мұғалімең 
алдымен қандай міндеттерді жүзеге асыруы керек? 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау