96
97
4. Өткен сабаққа шолу. Сұрақ-жауап:
- Қымыз деген не?
- Қымызды ненің сүтінен жасайды?
- Саумал деген не?
- Қымыз қандай ауруларға пайдалы?
5. Жаңа сабақ: Ас – адамның арқауы. Зат есім.
Кіріспе сөз: - Балалар, қымыздың, сүттің,
қаймақтың, құрттың қандай пайдасы бар екенін
білдік. Бүгінгі сабағымызда өте қызықты әрі пайдалы
тақырып бойынша әңгімелесіп, өз ойымызды
ортаға салып жұмыстанамыз. Сабақ тақырыбы:
«Ас – адамның арқауы». Зат есім бойынша алған
білімдерімізді бекітіп, жаттығулар жұмысын
орындайтын боламыз.
Жаңа сөздер:
зат алмасу – обмен веществ;
бұзылулар – нарушения;
тәбет – аппетит;
бауыр – печень;
зиян – вред;
жеткілікті – достаточный.
Сөздік жұмыс: 1. Қазақ тіліне тән дыбыстардың
дұрыс дыбысталуына назар аудару.
2. Сөздермен сөз тіркесін,сөйлемдер құрату.
3. 2 сөзге фонетикалық талдау жасау.
Мәтінмен жұмыс: «Ас –адамның арқауы».
1. Мәтінді толық оқу.
2. Тарау бойынша оқыту әрі талдау.
3. Оқу деңгейлерін тексеріп, бағалау.
Дәптермен жұмыс: Деңгейлік тапсырмаларды
орындату.
ІІІ деңгей:
1-тапсырма. Мәтін бойынша зат есімді теріп жазу.
2-тапсырма. Мәтіннен мақал-мәтелді көшіру, адам
деген зат есімді септеу.
ІІ деңгей: 1-тапсырма. Мәтін бойынша көп
нүктенің орнына зат есімді тауып жазу.
1) Дұрыс тамақтану әсіресе ... үшін қажет.
2) Ал қаны толық, күші мол ... ыстыққа да, суыққа
да шыдамды.
3) ..., ....,...., өрік, шие, қарақат сияқты көкөністер
мен жемістер адамға пайдалы.
4) ... әбден шайып жұту қажет.
2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын төменде берілген
жоспар негізінде әңгімелеңдер.
Жоспар:
1. Дұрыс тамақтанудың маңыздылығы.
2. Тамақтану реті.
3. Тамақ ішер алдындағы гигиена.
4. Адамның денсаулығына пайдалы заттар.
І деңгей. 1-тапсырма. Мақал-мәтелдердің
мағанасын түсіндіріңіз.
1. Нан бар жерде жан бар.
2. Дәнді шашпа, нанды баспа.
3. Ауруға ем, сауға қуат –дәрі қымыз.
2-тапсырма. «Дұрыс тамақтану режимін сақтау
керек» дегенді қалай түсінесіңдер?
Өз пікірлеріңді білдіріңдер.
6. Сыныппен жұмыс: Етістіктің сынарын табу.
.... келді. .... пайдалы. ....сақтайды. ... шалдығады.
... көреді.
7. Сабақты бегіту: сұрақ-жауап:
98
99
- Адамның денсаулығы жақсы болу үшін не істеу
керек?
- Дұрыс тамақтанған адамның денсаулығы қандай
болады?
- Адам күніне неше рет тамақтану керек?
- Тамақ ішер алдыңда не істеу керек?
- Зат есім деген не?
- Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
8. Үй тапсырмасы: 5-тапсырма, 84-бет.
9. Бағалау.
А.НҰРМАҒАНБЕТОВА,
Абылай хан атындағы
№4 орта мектеп.
Алматы облысы,
Еңбекшіқазақ ауданы,
Есік қаласы.
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН –
АҒАРТУШЫ, ҰСТАЗ
Сабақтың мақсаты: білімділік – қазақ халқының
ұлы тұлғалардың бірі – Ы.Алтынсарин жайлы
мәлімет беру, өз ойын жеткізе білуді жетілдіру,
сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыруға, тыныс
белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету; дамытушылық
– модуль тақырыбы бойынша бір-бірімен сөйлесе
білу, қазақ тілінде сауатты жаза білу, негізгі ойды
табу, өз бетінше іздену, жұмыс істеу қабілеттерін
дамыту; тәрбиелік – қазақтың тұңғыш ғалымдары
туралы айта отырып, ұлы тұлғаларды таныту, Ыбырай
Алтынсаринның өлеңдері, әңгімелері арқылы
адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, білімқұмарлыққа
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, сөйлесу,мәтінмен
жұмыс, әңгімелеу, іздендіру, «кластер» әдісі,
деңгейлеп оқыту. Көрнекілік: фотосуреттер, плакат
«Нені білу керек?», «Қазақ хрестоматиясы» кітабы,
сызба, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
Сәлемдесу. Түгелдеу.
Бүгінгі сабақ ғалымдарға арналады, сондықтан
сабағымның эпиграфы:
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғылымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Абай.
Бүгінгі сабақта біз «Тұңғыш ғалымдар. Сабақтас
құрмалас сөйлем» модулі бойынша жұмыстарымызды
жалғастырамыз.
Сынып үш топқа бөлінеді:
1- «Қыран» тобы.
2- «Көгершін» тобы.
3- «Қарлығаш» тобы.
Әр дұрыс жауапқа бес ұпайдан беріледі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
100
101
2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қандай түрлері
бар? (кесте бойынша айту)
3. Үйге берілген 3-тапсырманы тексеру.
4. Тақтада берілген сөйлемдер сабақтастың қандай
түріне жатады?
а) Жасында ауыл молдасынан хат таныған соң, ол
кейін Омбыдағы кадет корпусында оқиды.(мезгіл )
ә) Досым келсе, бірге шахмат ойнаймыз.(шартты)
б) Күн жаңбырлы болғандықтан, мен бүгін
қолшатырымды алып шықтым.(себеп )
в) Біз сыныбымызбен мұражайға барып, Алтын
адам экспонатын көрдік.(қимыл-сын )
5. Қандай тұңғыш ғалымдарды білесіңдер?
Мына кесте бойынша айтып беріңдер.
Ғалым-
ның
Аты-
жөні
Ту-
ған
жы-
лы
Ту-
ған
жері
Алған
білімі
Қыз-
меті
Шығар-
ма-
шы-
лығы
Қайтыс
болған
жылы
«Қыран»
тобы-
А.Байтұрсынұлы
туралы
мәліметтер.
«Көгершін» тобы- Ш.Уәлиханов туралы айтып
беру.
«Қарлығаш» тобы- Қ.Сәтбаев туралы айтып беру.
III. Жаңа тақырыпты меңгеруге даярлық
кезеңі.
Бүгінгі сабақта сендер тағы бір ғалым туралы
білесіңдер. Ол- Ы.Алтынсарин.
Сабағымыздың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин-
ағартушы, ұстаз»
Біздің мақсатымыз – мына сұраққа жауап беру:
Нені білу керек?
Ы.Алтынсарин туралы (Ол кім?)
Балалық шағы
Мектептері
Ғалымның еңбектері
Жаңа сөздер
Мәтіннің мазмұнын айта білу.
IV. Жаңа тақырыппен жұмыс.
1. Үш топ ізденген мәтіндерін оқиды.
1- топ «Қыран» - Ы.Алтынсаринның балалық
шағы.
2- топ «Көгершін» - Ғалымның еңбектері.
3- топ «Қарлығаш» - «Мектептері» атты мәтінді
оқулықтан оқып береді.
Мәтінмен жұмыс. Осы мәтін бойынша сөздік
жұмыс.
қолға алынды – началось;
ұйымдастыру – организовать;
лайықты – достойный;
біртұтас өнеге – приемственность.
Осы сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар.
іс қолға алынды
сабақ ұйымдастырды
лайықты орын
өзінің біртұтас өнегесімен.
Әр абзац бойынша сұрақ құрастырыңдар.
1-абзац- Халық мектептері мен училищелерін ашу
қашан қолға алынды?