Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет72/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   99

144 
 
анализ  теоретических  исследований  по  изучаемой  проблеме,  рассмотрены  пути  формирования 
изобразительных навыков и творческого начала в ходе организованной учебной деятельности. 
Annotation 
This article discusses one of the most urgent problems of modern psycho-pedagogy - the development 
of creative abilities of children of preschool age. The authors made an analysis of theoretical research on the 
problem  under  study,  the  ways  of  formation  of  the  fine  skills  and  creativity  in  the  course  of  organized 
training activities.
 
 
 
ӘОЖ 789.74  
 
АҚЫЛ - ОЙЫ КЕМ БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ  
БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
 
 
Утепова Н.А. 
№7 балабақша, Тараз қ. 
 
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу білім беру жүйесінің бӛлінбес 
бір  бӛлігі  болып  табылады.  Бұл  орайда  ҚР  Үкіметінің  2011-2020  жылдарға  арналған 
бағдарламасы  іске  асырылуда.  Мұнда  білім  саласы  мамандарына  арналған  міндеттер 
барысында  ақыл-ойы  қалыпты  дамитын  балалармен  қатар  дамуында  ауытқуы  бар 
балалардың  да  білім  алуына  барлық  жағдайды  жасау  керектігі  айтылған.  Қазақстан 
Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет тарапынан кӛптеген шаралар 
енгізіліп  жатыр.  Бүгінгі  күні  білім  саласында  ӛз  шешімін  таппай  отырған  мәселелер 
баршылық. Қалыпты дамыған мектепке дейінгі балалардың жетекші іс-әрекетінің түрі-ойын 
болып табылады, ал ақыл-есі кем мектепке дейінгі балалардың дамуында ойын қажетті орын 
иеленбейді.  Ақыл-ойы  кем  болған  балаларға  әлеуметтік  кӛмек  кӛрсету  барысында 
медициналық бейімдеудің маңызы зор. Осындай ақыл-ойы кем балалармен жігерлі терапия 
жүргізе  отырып,  оларға  дәрілік  емдеу,  физио,  психотерапия,  емдік  дене  шынықтыру 
жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары жүргізілді.  
Ақыл  ойы-кем  балаларды  оқытудың  негізгі  әдісі-біріктіру  болып  табылады.  Біріктіре 
оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін анықтап, білім беру стандартына сай қалыпты 
дамуын қадағалап, зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу- басты мақсат 
болып  отыр.  Біріктіру  әдісі-  білімді  түзетудің,  дамытудың  заңдылығы  болып  табылады. 
Біріктіре оқыту келесі қағидалар негізінде жүргізіледі: - дамуындағы кемшілікті ерте бастан 
түзету;  -  дамуында  ауытқуы  бар  балалардың  бірнеше  қызметтерін  қалпына  келтіру 
қабілеттері. - біріктіре оқыған балаға түзету кӛмектері  міндетті.  Біріктіре оқуға негізделген 
балаларды  таңдау  психоэмоционалдық  дамуы  терең  бұзылған  балалар  қалыпты  балалар 
арасында  тәрбиелене  алмайды.  Ақыл-ойы  кем  балалардың  психологиялық  қауіпсіздігін 
сақтау, мейірімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу, олардың қиыншылығын  түсіну және 
жағдай жасау. «Ең бастысы дамуында ауытқуы бар балаларды сәби кезінен бастап анықтап, 
олардың  ортаға  бейімделуіне  жағдай  жасау  керек.  Сондықтан  күндізгі  шағын  стационар  да 
арнайы  жұмыс  тобын  құрып,  әр  баланың  қабілетін  анықтап,  дұрыс  бағыт–бағдар  беріп, 
жарымжан  балалардың  жастайынан  жасық  болып  ӛсуіне  жол  бермеу  керек».  Инклюзивті 
білім  беру  жүйесін  дамытуға  жан-жақты  мән  берілуде.  Жарымжан  балаларды  оқыту 
процесінде ерте бейімдеудің маңызы зор. Тек оқытып қана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік 
қамсыздандыру мен денсаулық сақтау қызметін тарту қажет.  
Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды. 
Инклюзивті  білім  беру  жүйесін  дамытуда  «Мүгедектердің  құқықтары  туралы»  Конвенция 
аясында  инклюзивті  білім  беруді  дамытудың  ұлттық  жоспарын  жасап,  сапалы  білім  алуды 
қамтамасыз  ету  үшін  қоғамдық  институттардың  тәжірибесін  ескере  отырып,  дамуында 
ауытқуы  бар  жандарды  үздіксіз  оқытудың  тұжырымдамасын  жасау  қажет.          Дамуында 


145 
 
ауытқуы  бар  балалардың  үйде  білім  алуын  қамтамасыз  ету,  жай  және  арнайы  мектептерде 
оқуға  мүмкіндігі  жоқ  балаларды  қашықтықтан  оқытуға  жағдай  жасау  мемлекеттің  басты 
мақсаттарының бірі. Осыған орай мәселелерді шешу жолында әр мұғалім бағдарламаға сай 
шағын  электронды  оқулықтар  дайындап,  үлгерімі  тӛмен  және  дамуында  ауытқуы  бар 
балалармен  жеке  жұмыс  түрлерін  жүргізу  қажет.  Әр  баланың  үлгермеу  себебін  анықтап, 
дамуында  ауытқуы  бар  баланың  диагнозына  қарай  жұмыс  жүргізсе,  баланың  білімге  деген 
құлшынысы  артып,  ӛзіндік  дарындылығы  айқындалады.          Жаңаша  білім  берудің  негізгі 
тәжірибелік міндеттерін шешуде мектептегі жаңалықтармен дамуды, қолданылған әрекеттер 
мен  құралдардың  тиімділігін  диагностикалау  негізінде  анықтауға  болады.  Осыған 
байланысты  педагогтар  ӛз  қызметінің  обьектісіне  әлеуметтік  психологиялық  және 
педагогикалық  мінездеме  беріп,  танып,  білумен  зерттеу  әдістерін  меңгерулері  керек.  Әр 
оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың ӛзіндік дарындылығын ашып, ӛмірдегі 
ӛз орнын, ӛз мамандығын табуға кӛп кӛмек болады. Осындай орталықтар жұмысын жүйелеп 
отыратын, дамуында ауытқуы бар балалармен жұмыс істейтін медициналық-педагогикалық 
орталықтарды кӛптеп ашса, дамуында ауытқуы бар балаларды зор қуанышқа бӛлер еді 
Ақыл-ойы  кем  балалардың  кӛпшілігін  ата-аналары  жоқ,  толық  емес  және  әлеуметтік 
жағдайы нашар отбасыларынан шыққан балаларды құрайды. Мұндай балалар ӛз отбасымен 
толық қарым-қатынастан айрылған. Бұл олардың жеке тұлғасының қалыптасуына жағымсыз 
әсер  етеді.  Интеллектуалдық  жетіспеушілік  салдарынан  ақыл-ойы  кем  балалардың  жеке 
тұлғасының  қалыптасуы  әр  түрлі  аспектілерінде  қиын  жағдайларда  ӛтеді.  Жеке  тұлғаның 
кӛптеген  қасиеттер  жиынтығына  адам  белсенділігінің  кез-келген  кӛрінісіне  әсер  ететін 
эмоциясы ерекше орын алады. Ақыл-ойы кем баланың эмоциясының кӛрінуі оның жасына, 
кемістік  құрылымының  сапалық  ерекшелігі  мен  тереңдігіне  және  оны  қоршаған  әлеуметтік 
ортаға  тәуелді. Мұндай  балалар  мадақтауға,  қолдауға  және  ренжісуге  әсершіл  болып 
келеді.Олар  ұнамсыз  және  еркелету  эмоцияларын  ажыратады.  Бірақ  ӛз  эмоцияларын 
вербалды  түрде  кӛрсете  алмайды.  Ӛзінің  адамдарға  деген  қатынасын  жымиюмен,  бетіне 
қараумен білдіреді. Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ойы кем балалар селсоқ, сенімсіз әрекет 
етеді.  Олардың  эмоциялары  әлсіз,  алайда  күйзелістері  тұрақты,  терең  болып  келеді.  Олар 
айқайлауға, жүгіруге, рұқсатсыз зат алуға, шулауға, қырсығуға болмайтындын түсінбейді. Ал 
кейбіреулері  сӛйлемейді,  жан-жағына  үреймен  қарайды,  ата-аналарының,  тәрбиешілерінің 
артына тығылады, қарым-қатынастан бас тартады. 
Ақыл-ойы  кем  балалардың  эмоциялық  кӛңіл-күйі  кӛбінесе  ойын  және  еңбек  іс-
әрекетінде  кӛрініс  береді.  Қалыпты  дамыған  мектепке  дейінгі  балалардың  жетекші  іс-
әрекетінің  түрі  -ойын  болып  табылады,  ал  ақыл-есі  кем  мектепке  дейінгі  балалардың 
дамуында  ойын  қажетті  орын  иеленбейді.  Мұндай  балалар  сюжеттік-рӛлдік  ойындарды  ӛз 
беттерінше  меңгере  алмайды.  Ересектердің  кӛмегімен  ғана  ойын  барысында  сатушыны, 
сатып  алушыны  және  т.б.  рӛлдерін  ойнайды,  алайда  ӛз  бастамасымен  ойын  ұйымдастыра 
алмайды.  Жекелеген  ойын  іс-әрекеттерін  байқатуы  мүмкін,  бірақ  мазмұны  жағынан  толық 
емес болып келеді. Ақыл-ойы кем балаларға арналған оңалту орталықтарында танымдық іс-
әрекетпен  қатар  негізгі  іс-әрекеттің  бірі  -  еңбек  іс-әрекеті  болып  табылады.  Олар 
тапсырманың  мақсатын  түсінбейді.  Бұл  іс-әрекет  үрдісінде  баланың  әрекет  ету  тәсілдері, 
тіпті  олар  анық  қате  болғанда  да,  талап  ететін  нәтижені  алып  келмейтін  болғанда  да 
ӛзгермейді.  Ақыл-ойы  кем  балалардың  кӛпшілігіне  ӛздерінің  мүмкіншіліктерін  бағалай 
алмауы  тән.  Олар  кез-келген  тапсырманы  орындауға  заттарды  дайындау  тәсілдерінің  ретін 
түсінбей  жатып  орындауға  дайын  тұрады.  Қажетті  талаптарды  орындамайды.  Ӛздерінің 
нәтижелеріне  сыни  кӛзқарастары  жоқ,  оның  үстіне  ересектердің  бақылауын  және  кӛмегін 
қажет етеді. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды  арнайы оқытудың және тәрбиелеудің негізгі міндеті 
ақыл-есі  кем  балаларды  мектепке  дайындау  барысында  олардың  дене,  ақыл-ой  және 
адамгершілік  даму  мүмкіндігін  барынша  қамтамасыз  ету.  Біздің  елімізде  арнайы 
м.д.  мекемелерінің жүйеленген системасы құрылған. 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау