54
Қазақ халқының мол сақталған әдеби мұрасы – әрине, поэзиясы, әсіресе жыраулар мен
ақындар жыры. Сан ғасыр сынынан ӛтіп, сӛз ӛнеріндегі ӛзіндік болмыс-бітімін, сӛлі мен
мәнін жоғалтпай біздің дәуірімізге жеткен ежелгі дәуір әдеби мұралары мен ХҮ-ХҮШ
ғасырларда ӛмір сүрген Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шәлгез, Жиембет, Марқасқа,
Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар, Кӛтеш, Шал т.б. сияқты ақын, жыраулардың
толғаулары талай ғасырлар бойы ұрпақ санасына ұлттық идеяның нәрін сеуіп келеді. Сонау
кӛне Тұран дәуірінен тамыр алған Сақ, Ғұн, Ежелгі Үйсін, Қаңлы дәуірінде ӛмір сүрген ата-
бабаларымыздың бізге жеткізген кӛркем дүниелері арқылы әдет-ғұрыптар жинағы,
елдігіміздің, ұлттығымыздың негізгі ұстанымдары, ұлттық идеяларымыз қалыптасқан.
Қисса-дастандарымыз, халық ауыз әдебиеті, ежелгі әдебиет үлгілері бүгінгі ХХІ ғасырдың
поэзиясында қайта қуат алып, жаңаша жырлануы да – уақыт талабы. Ол – бүгінгі ұрпақ
бойына рух, санасына рухани сілкініс, отты да ойлы образдар жүйесін жасауға мүмкіндіктер
тудыруда.
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымының басты зерттеу нысанасы: – кӛне түркі әдебиеті
туралы зерттеулердегі ел тәуелсіздігі мен ұлттық идея, мәңгілік ел концептісі. Ұлысы құласа
да, ұлттық санасынан айрылмаған, елдің рухани тізгіні кӛркем сӛз билігіне кӛшкен, ежелгі
мұра - елдің елдігін ұмыттырмайтын мәңгілік рухани құндылықтар. Олардың
шығармаларында кеңінен орын алған ұлттық идея мәселелері, ұлттық сана, саяси белсенділік
кейінгі әдебиетке жаңа мағыналық мән беріп, ұлттың саяси жағынан ояну бағдаршамы бола
білді. Қазақ руханиятындағы ұлттық идея, мәңгілік ел концептісі мәселесінің кӛркем сӛз
ӛнерінде кеңінен ӛріс алуына ежелгі дәуір әдебиеті мен орта ғасырлардағы әдеби
мұралардың ғылыми айналымға ене бастауы әсер еткені даусыз. Бұл әдеби үрдіс,ұлттық
таным үлгілері рухани ӛмірге кең тыныс әкелді. Расында да, әдебиет – бүкіл халықтың
ұлттық рухы. Ал, ұлттық сана, ұлттық танымның нәр алатын бұлағы – сол халықтың
ғасырлар бойы туғызған барлық қазына байлығы, мәңгілік рухани құндылықтар: ӛнер, әдет-
ғұрып, тұрмыс-салт, дін, діл, тіл.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. Қазақстан Жолы-2050: Бір
Мақсат, Бір Мүдде, Бір Болашақ, 2014 Жылғы17 Қаңтар.
2. «MANGI EL» халықаралық ғылыми-кӛпшілік тарихи журналы. Бас редакторы Ерлан
Сыдықов, - Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. - 108 бет.
3. Күлтегін Тоныкӛк: Ежелгі түркі рун жазбалары (Әдеби нұсқасын жасаған Қадыр
Мырза Әли) -Алматы,«Ӛлке» баспасы, 2001.-144 бет.
4. Н.Ә. Назарбаев Тарих толқынында. -Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі, 2010. -
232 бет.
5. «Асыл мұра» түркі антологиясы. - Астана: Сарыарқа, 2012. - 568 б.
6. Г. Пірәлі, Қaзaқ әдeбиeттaнуы жәнe ұлттық идeя. -Aлмaты: «Eлтaным бacпacы», 2014.
- 240 бет.
Аннотация
Бұл ғылыми мақалада кӛне түркі әдебиеті туралы зерттеулердегі ел тәуелсіздігі мен ұлттық
идея, мәңгілік ел концептісі зерделенген. Ұлысы құласа да, ұлттық санасынан айрылмаған, елдің
рухани тізгіні кӛркем сӛз билігіне кӛшкен, ежелгі мұра –елдің елдігін ұмыттырмайтын мәңгілік
рухани құндылықтар қарастырылған. Қазақ руханиятындағы ұлттық идея, мәңгілік ел концептісі
мәселесінің кӛркем сӛз ӛнерінде кеңінен ӛріс алуына орта ғасырлардағы әдеби мұралардың ғылыми
айналымға ене бастағандығы жайында жан-жакты айтылған
Аннотация
Эта статья посвящена исследованиям древнетюркской литературы и независимости страны и о
национальной идеи, а так же изучены концепции вечной страны. Наибольшее влияние, и ведущую
роль в национальном сознании, неопознанная страна и духовное искусство древнего наследия
перехода страны к правилам незабываемых вечных духовных ценностей. Все это предусмотрено в
статье. Многосторонне сказано о казахской национальной идее духовных ценностей, вечной
55
проблеме концепции в искусстве художественного выражения начинает входить в поле средневекого
литературного наследия в научной революции.
Annotation
The ondependenle of the counfry the national idea, mangilik yel concept of the ancient Turkish
literature is researched in this article. The national heritage, all living cpiritual value is considered. The
medieval literary heritage is becoming the scienfifk revolieton.
ӘОЖ 897.98
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ЖОЛДАРЫ
Коскелбаева Ш.Н.
Ю. Гагарин атындағы орта мектебі, Жамбыл обл., Жамбыл ауд.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тiлi – кемел тiл. Тiлдiң кемелдiгiн кӛрсететiн
негiзгi белгiлердiң барлығы да қазақ тiлiнiң құрылым жүйесiнен толық табылады. Тіл
мәртебесінің ішіндегі ең маңыздысы – мемлекеттік тіл. Қазақ тілі – Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл – елдің барлық аумағында және түрлі
ӛмір салаларында қолданылуы баршаға міндетті болып табылатын, ресми жағдайы
мемлекеттік дәрежеде белгіленген, белгілі бір мемлекеттің әлеуметтік-коммуникативтік
жүйесінің негізгі компоненті [1].
Тәуелсіз Қазақ елінің қазіргі уақыттағы экономикалық даму деңгейі мен әлеуметтік
жағдайы, шетелдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықтағы
беделінің артуы біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті
тұлға даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Еліміздің кез келген азаматы ӛз елі мен жерінің
тарихын, мәдениетін, мемлекеттік тілді толық білуі, меңгеруі қажет деп танылады.
Адамдардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі кӛрсеткіштерінің бірі олардың мемлекеттік
тілді толық меңгеру екені даусыз. Қазақ тiлi – ӛзiндік сӛздiк қоры мол жинақталған тiл. Қазақ
тiлiнiң мемлекеттiк тiл деген жоғары мәртебесі оның кемелденуіне мүмкiндiктер аша түсері
сӛзсіз. Қазақ тiлi – құрылымы мен жүйесi дамыған‚ сӛз байлығы аса мол‚ ұлттық тiл
деңгейiне кӛтерiлген қазақ халқының ұлттық тiлi‚ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
тiлi. Республикада мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiне конституциялық мәртебе берiлiп
отыр. Әлемдік тәжірибеде тілге мемлекеттік мәртебе екі жағдайда беріледі: бірі – тілдің
қоғамдық қызметі шектеулі болғанда, оның мәселесін шешіп, дамыту үшін мемлекеттік
қамқорлыққа алу мақсатында, ал екіншісі басым тілдің артықшылығын сақтау үшін беріледі.
Мемлекеттік тіліміз – Қазақ тілін ӛз мәртебесіне сай қоғам ӛмірінің күллі салаларына
енгізу, қолданыс аясын кеңейту бүгінгі күннің ӛзекті де келелі мәселесі. Тіл білу, тіл меңгеру
дегенге белгілі бір тілдің грамматикасы мен сӛздік қорын игеруді ғана жатқызу жеткіліксіз.
Ӛйткені сол сӛз, сӛйлемдердің немесе грамматикалық құрылыстың сӛйлеу жағдаятының қай
түріне орай қолдана білуді анық түсінігі болуы қажет. Еліміз егемендік алғаннан бері қазақ
тілін оқыту, оның әдістемесін жетілдіру мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Еліміздің
осындай мақсат-ұстанымдарына қарай «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы» қабылданды. Мемлекеттік бағдарламаның
басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін
нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп,
жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық- саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік
саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың ӛмірлік қажеттілігіне айналдыру.
Бұл жүйенің ӛзегінде үш құрамды негіз бар - мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру,
оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру.
Аталған тәсіл бірінші бағыттың үш міндетін айқындайды» делінген
[2].
Достарыңызбен бөлісу: |