Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет29/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   99

58 
 
таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана 
білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Абасилов А. Мемлекеттік тілдің Қазақстан Республикасының солтүстік аймағындағы 
қызметі:  социолингвистикалық  проблемалары,  оларды  шешу  жолдары:  Фил.  ғыл.  канд... 
дисс. –Алматы, 1998. – 132 б.  
2.  Қазақстан  Республикасында  тiлдердi  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған мемлекеттiк бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 
маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген.  
3.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасы.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  7 
желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген.  
4.  Шонанов  Т.  Самоучитель  киргизского  языка  для  русских.  4-ое  перераб.изд. 
Кызылорда, Каз.гос.изд., 1927. – 122 с.  
5. Сарыбаев Ш. Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен. Алматы,1940.  
6.  Сарыбаев  Ш.  Методика  преподавания  казахского  языка  в  русской  школе.  Алматы, 
1943. -125 б.  
 
Аннотация 
Бұл  мақалада  қазақ  тілін  дамыта  оқытудың  әдістері  мен  жолдары,  қазақ  оқытудың  ӛзіндік 
ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы баяндалған.  
Аннотация 
В  данной  статъе  рассмотрены  развивающие    методы  и  пути  обучения  казахскому  языку, 
особенности и закономерности самостоятельного изучения. 
Annotation 
In  this  article  are  considered  some  developing  methods  and  ways  of  teaching  Kazakh  language,  also 
some peculiarities and principles of independent studying.  
 
 
ӘОЖ 81.42 
 
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРВИС – ПОДКАСТ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Қанжан А., Тугелова Ж.Ж. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
ХХІ  -    ғасыр    ақпараттық    технология    ғасыры.  «Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық 
технологиямен  байланысты  әлемдік  стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  ӛте  қажет»,    - 
деп    Елбасымыз  Нұрсұлтан    Әбішұлы    Назарбаев    атап    кӛрсеткендей,  жас    ұрпаққа    білім  
беру    жолында    ақпараттық    технологияның,    яғни    компьютер    арқылы    оқыту    үрдісін  
дамыту  мен  оның  тиімділігін  арттырудың  маңызы  зор [1]. 
Білім беруді ақпараттандыру дегеніміз - жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта 
оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыру болып табылады [2]. 
Осындай  маңызды  да,  жауапты  талапты  орындау  үшін  оқушы  да,  мұғалім    де  соған 
лайық  оқыту  парадигмасын  таңдауы  қажет.  Ол  мұғалімге  де,  оқушыларға  да  кӛптеген 
міндеттер  жүктейді.  Сол  секілді,  білім  беру  ордаларында  заманауи  ақпараттық 
технологияларды,  әдістер  мен  тәсілдерді  тиімді  әрі  орынды  қолдану,  оларды  қолданудың 
жолдарын қарастыру қазіргі уақытта маңызды орында.  


59 
 
Қазіргі  таңда  қоғамның  даму  тенденциясының  басым  бағыттарының  бірі  – 
ақпараттандыру болып табылады. Интернет-технологиялардың жылдам дамуы мен таралуы 
білім  беру  жүйесінде  жаңа  парадигмаларды  жүзеге  асыратын  мүмкіндіктердің  кӛзі  ретінде 
қарастырылады.  Жаңа  буынның  электронды  білім  беру  технологияларын  құру  және 
пайдалану білім беру жүйесін жаңғыртудың ең тиімді тәсілі болып табылады. Осыған орай, 
біздің    баяндамамызда  қарастырылып  отырған  тақырып  осы  аталған  мәселені  қозғайды. 
Яғни,  шетел  тілін  оқытуда  заманауи  технологияларды  тиімді  қолдану  арқылы  білім  алушы 
тұлғаның  ақпараттық  құзыреттілігін  қалыптастыру  жолдарын  қарастыру.  Сонымен  қатар, 
қазіргі уақытта ғылым мен техниканың дамыған заманында шетел тілін оқытуға бағытталған 
кӛптеген технологиялар жасалуда. Соның бірі – подкаст технологиясы.  
«Подкаст»  ұғымын  осы  уақытқа  дейін  кӛптеген  ғалымдар  жан-жақты  зерттеп,  нақты 
анықтамасын беруге тырысып жүр. Солардың бірнешеуіне тоқталуды жӛн кӛрдік. Енді осы 
аталған ұғымды жан-жақты зерттеген ғалымдар пайымдауларына жіті тоқталар болсақ, Ресей 
зерттеушілері  П.В.Сысоев  пен  М.Н.Евстигнеевтің  пікірлері  бойынша  ―подкаст‖  –  әлемдік 
желі  арқылы  аудио-бейне  бағдарламаларды  тыңдау,  қарау,  құру  және  таратуға  мүмкіндік 
беретін қоғамдық қызмет түрі  [3]. 
Подкасттың  кәдімгі  теледидар  мен  радиодан  айырмашылығы  –  аудио-файлдар  мен 
бейне  бағдарламаларды  тікелей  эфир  арқылы  ғана  емес,  адамның  ӛзіне  ыңғайлы  уақытта 
тыңдауға және кӛруіне жағдай туғызады. 
Шетел  тілін  үйретуде  заманауи  подкаст  технологиясын  қолдану  инновациялы 
мультимедиялық феномен (ерекше құбылыс) болып табылады. Яғни, оқушылардың подкаст  
технологиясын    қолдана    отырып,  ағылшын  тілін  жетік  меңгеруімен  тығыз  байланысты. 
Сонымен,  әлемдік  қауымдастықта  қоғамдық  ӛмірдің  барлық  ауандарын  жаһандық 
ақпараттандыру  үрдісі  дамуда.  Экономиканың  жағдайы,  адамдардың  ӛмір  сүру  сапасы, 
ұлттық  қауіпсіздік  және  мемлекеттің  әлемдік  қауымдастықтағы  рӛлі  ақпараттық-
технологияның  даму  деңгейі  мен  қарқынына  тәуелді.  Барлық  дамыған  елдер  мен  дамушы 
елдерде  білімді  ақпараттандыру  қарқынды  үрдіс  алуда.  Бұл  талаптарда  мәдениетаралық 
қатысымды  оқытудың  салмақты  мәні  және  басқа  да  стратегиялық  міндеттері  бар,  яғни, 
негізгі лингвистикалық біліммен қатар басқа мәдениет пен ақпараттандырылған тәжірибелік 
іс-әрекетке енуді қамсыздандыруы қажет [4]. 
Ақпараттық    технология  (ағылш.  informational    technology,  қысқаша  IT)    -  объектінің,  
процесстің  немесе  құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат  алу үшін  мәліметтерді  жинау, 
оны  ӛңдеу  мен    жеткізу    тәсілдері    мен    құралдарының    жиынтығы    болып    табылатын  
процесс.  Соңғы  жылдары  шетел  тілін  оқытуда  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану 
мәселесі  жиі  кӛтерілуде.  Бұл  тек  жаңа  техникалық  құралдар  ғана  емес,  сонымен  қатар, 
оқытудың жаңа формалары мен әдістері және оқыту үрдісіне жаңа кӛзқарас болып табылады. 
Солардың бірі подкаст  технологиясы  болып  табылады [5]. 
Жұмысымыздың  басында  подкастқа  анықтама  берген  болатынбыз.  Енді  аталмыш 
ұғымның  ақпараттық  құзыреттілікпен  байланысына  тоқталып  ӛтейік.  Интернет  желісінде 
подкаст    –  әлемдік  желі  арқылы  аудио-бейне  бағдарламаларды  тыңдау,  қарау,  құру  және 
таратуға  мүмкіндік  беретін  қоғамдық  қызмет  түрі  ретінде  анықталған.  Подкаст  тарихына 
үңілер болсақ, ең  алғаш  подкаст  терминін Американың  MTV телеканалының  жүргізушісі  
Адам    Карри    2004   жылы    ойлап   тапқан    болатын.  Ал,    2005   жылы  подкаст    сӛзі    «New  
Oxford  American   Dictionary»   сӛздігіне  енгізіліп,   «жыл  сӛзі»   атағын  иеленген. Подкаст  
термині  екі  сӛзден  құралған: iPod – атақты iphone компаниясының mp3 – плеерінің  атауы  
болса,    broadcasting  –  ағылшын    тілінен    аударғанда    «кең    таратылым»    деген    мағынаны  
білдіреді  
Подкаст оқушылардың бойында тілін оқып жатқан елдің мәдениетін, сол елдің әлемдік 
бейнесін толық  кӛрсете алатын  технология. Оқушылар подкастты тыңдап, кӛреді және кез-
келген тақырыпта ӛз подкастын жасай алады. Подкаст ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше 
сағатқа дейін созылады [6]. 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау