«ШОҚан оқулары 19» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет18/135
Дата20.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15118
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   135

49
 
 
механизациялау  мен  автоматизациялау,  есептеу  техникасының  ӛндіріске  енуі 
жҧмысшыдан  физика  ғылымының  негізін  біліп,  оны  политехникалық  сипатта 
қолдануда дағдысы мен біліктілігін қалыптастыруды талап етеді. 
Жаратылыстану  ғылымдарының  ішінде  физиканың  маңызды  орын  алуы 
тек  қана  ғылыми-техникалық  прогрестің  ҥздіксіз  дамуына  ғана  емес,  басқа  да 
ғылымдардың  дамуында  алатын  орнына  да  байланысты.  Физика  ғылымы 
химия, биология, астрономия және тағы басқа ғылымдармен тығыз байланыста 
болғандықтан,  оның  негізгі  әдістері  осы  ғылымдарда  да  қолданады.  Осының 
барлығы  жалпы  білім  беретін  орта  мектептегі  оқушыларды  физика  курсы 
бойынша  дайындауда  маңызды  орын  алады.  Сонымен  қатар,  қазіргі  нарық 
жағдайындағы қоғам ӛте сапалы  мамандарды қажет етуде, ал бҧл ӛз кезегінде 
мектептердегі  білім  берудің  ролін  арттыра  тҥсуде.  Мектеп  оқушыларында 
қоғам  қажет  ететін  сапалы,  нақты  білім  болу  ҥшін  алдымен  білім  беру 
мазмҧнына  бай  және  мемлекеттік  стандартқа  сай  оқулық  қажет.  Оқулық 
дайындау  –  білім  беру  мазмҧнының  ӛзгеруінің  маңызды  шарты  болып 
табылады. 
Еліміздің  тәуелсіздік  алып,  бҥкіл  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуі  ӛз 
кезегінде  шетел  тілді  немесе  басқа  тілді  авторлардың  жазған  оқулықтарын 
пайдалануға әкеліп соқты. Осы кезге дейінгі кӛптеген зерттеулер мен талдаулар 
мектеп оқулықтарының теориялық сипаты қосымша зерттеуді қажет ететіндігін 
кӛрсетуде.  Тарихи  жағдайларға,  қоғамдағы  қҧндылықтардың  ӛзгеруіне  және 
қазіргі  білім  беру  технологиясының  дамуына  байланысты  мектеп  оқулығын 
дайындаудың  аспектісі  толық  зерттелмегендіктен  физикалық  білім  беру 
мазмҧнын  ӛзгерту  қажет  болды.  Оқулық  дайындаудағы  ғылыми  −  әдістемелік 
және  теориялық  базаның  әлсіздігінен,  ӛзіміздің  отандық  оқулықтарды 
дайындау  тәжірибеміздің  жоқтығынан  елімізде  оқулық  дайындау  жҥйесінде 
тоқырау кезеңі болды. 
Оқу  процесінің  демократияландыруына  сәйкес  бірыңғай  орта 
мектептердің  орнына  жалпы  білім  беретін  орта  мектептер,  гимназия,  лицей 
және жекелеген пәндер бойынша тереңдетіп оқытылатын мектептер пайда бола 
бастады. 
Мектептерде 
бірыңгай 
бағдарлама, 
бірыңғай 
оқулықтар 
болмағандықтан  мҧғалім  ӛзіне  қажетті  бағдарламамен  жҧмыс  жасайтын 
дәрежеге  жетті.  Қазіргі  оқу  жҥйесінде  мҧғалім  әрбір  оқушыны  жеке  тҧлға 
ретінде бағалағандықтан, мҧғалім білімнің нақты кӛзі емес, білім беру ҥрдісін 
ҧйымдастырушы болып табылады. Оқыту процесі бір жақты жҥрмеу ҥшін оқу 
әдістерін белсенді тҥрлендіріп жҥргізіп отыру керек және оны белсенді жҥргізу 
ҥшін  «жақсы  оқулықтар»  керек.  Яғни,  оқушылардың  танымдық  белсенділігін 
арттырудағы білім беру жҥйесін жетілдірудің бір жолы ретінде негізгі мектепте 
физикадан  оқу-әдістемелік  кешенін  (ОӘК)  жасаудың  дидактикалық  негіздері 
қарастырылып отыр. Бҧл жерде бірнеше мҥмкіндіктер қарастырылған: 
1.  Оқушыларға арналған оқулық дайындау
2.  Мҧғалімге арналған кӛмекші қҧралдар дайындау; 
3.  Ата-аналармен  бірігіп  жҧмыс  жасауға  арналған  оқулықтарды 
дайындау. 


50
 
 
Жаңа ақпараттық технологиялар әдістемесін, ОӘК-ін дамыту ҥшін білімді 
ақпараттандыру  арқылы  мектептің  даму  бағдарламасына  компьютерлік 
оқулықтарды  ендіруге  болады.  Бҧл  бағдарламаның  артықшылығы  қажетті  оқу 
ақпараты мен тестік жҧмыстарды бағдарламаға компьютер арқылы ӛте жылдам 
енгізуде.  Мҧндай  материалдарға  ОӘК-не  енген  кестелер,  сызбалар, 
анықтамалар,  сҧрақтар  мен  тапсырмалар,  тест,  сарамандық  және  зертханалық 
жҧмыстар  жатады.  Оқу  қҧралы  компьютер  болғандықтан,  оқушы 
компьютермен жҧмыс жасай алуы керек. Физикадан ОӘК-ін жасаудағы негізгі 
проблемаларды  екі  бағытта  қарастыруға  болады:  психолого-педагогикалық 
және  жеке  әдістемелік.  Егер  ОӘК-інің  қҧрамында  физика  пәнінен  оқулықтар 
бар  болса,  онда  пән  мҧғалімдері  әдістемелік  және  дидактикалық  жағынан 
қамтамасыз етілген болып саналады. 
Оқулық  дайындаудың  методологиялық  негіздері  ғылыми  және 
педагогикалық  кӛзқарастар  арасындағы  талқылаулар  арасында  анықталады. 
Кеңес  дәуірінде  оқулық  негізінен  мазмҧнының  ғылымилық  принципке 
қаншалықты  сәйкес  екендігімен,  оқу  материалында  қажетті  саяси  және 
идеологиялық  мәселелер  қандай  деңгейде  ашып  кӛрсетілгенімен  бағаланып 
отырды.  Бірақ  педагогикалық  қҧраушысы  екінші  орында  қалып  қойды,  оған 
жеткілікті  деңгейде  мән  берілмеді.  Оқулықтардың  басым  кӛпшілігі  тарихи 
мазмҧнның  жоғары  деңгейдегі  ғылымилығымен  және  теориялық  ғылым 
жҥйесін  берумен  шектелді.  Шамадан  тыс  теорияға  кӛңіл  бӛлу  формализмге 
алып  келді  және  оқушыларда  дҥниетаным  негіздерінің  қалыптасуына  теріс 
әсерін тигізді. 
Қазақстандық білім беру жҥйесі ескірген методологиялық база негізінде, 
ескі қҧрылым және мазмҧн негізінде дамуды жалғастыруда, «оқудың мазмҧны 
қҧзырлы,  жауапкершілігі  мол  және  қоғам  ӛміріне  шығармашылықпен 
араласатын  оқушыны»  дайындауға  бағытталмаған.  Ешқандай  проблемалық 
мәселелерсіз  оқу  материалын  баяндау  білімді  игеруде  формализмге  әкеледі. 
Оқулық оқу процесінде оқушының ӛздігінен жҧмыс жасауына, тиісті ақпаратты 
ӛзі  іздеп  тауып  және  ӛз  іс-әрекетінің  сәйкесті  әдісін  ӛзі  таңдап  алуына 
кӛмектесетін  деңгейге  дейін  кӛтерілуі  қажет.  Яғни,  оқулық,  бір  жағынан,  оқу 
процесін  ҧйымдастырушы  болса,  екінші  жағынан,  оқушылардың  танымдық 
белсенділігін арттырушы. 
Дәстҥрлі  педагогиканың  кемшіліктерінің  бірі  –  тым  кӛп  білім  берілсе, 
соғҧрлым  нәтижесі  де  жақсы  болады  дейтін  «орталықтандырылған  білім» 
постулаттарына  сҥйенуі.  Мҧндай  кӛзқарас  оқулықтардың  шектен  тыс 
кҥрделенуіне,  ақпараттардың  шамадан  тыс  артуына  әкелді.  Яғни,  басты  назар 
оқушының  ақыл-ойының  дамуына  емес,  оның  есте  сақтау  қабілетінің 
жҧмысына бағытталды. 
В.П.Беспалько  «Оқулық  –  педагогикалық  жҥйенің  тӛрт  элементін: 
тәрбиелік  мақсатын,  оның  мазмҧнын,  дидактикалық  процестердің  тҥрін 
ҧйымдастырушы 
және 
педагогикалық 
процестерді 
басқаруды 
байланыстыратын,  белгілі  анықталған  образы  бар  ақпараттық  ҥлгі»  дейді  [8]. 
Оқулық  бағдарлама  бойынша  жҥйеленіп  берілген  материалды,  нақты  білімді 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау