А. Д. Дінасылов, Э. А. Яхъяев, Е. М. Мажиев



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет12/35
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14609
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35

 
 
 
41 
Эскиз  бөлшекті  жасау  үшін  немесе  оның  жұмыс  сызбасын  орындау 
үшін пайдаланылатын құжат болып табылады. Сондықтан бөлшек эскизі оның 
пішіні,  өлшемдері,  материалы  туралы  мәліметтерден  тұруы  тиіс.  Сондай–ақ 
эскизде  графикалық  немесе  мәтіндік  материал    (техникалық  талаптар  және 
т.б.) түрінде безендірілетін өзге де мәліметтерді көрсетеді. 
Эскиздеу  процессін  шартты  түрде  кезеңдерге  бөлуге  болады.  Мысал 
ретінде «Тұрқы» [40] бөлшегін эскиздеуді келтірейік. 
1.  Бөлшекпен  танысу.  Бөлшекпен  танысу  кезінде  бөлшек  пішіні  және 
оның  негізгі  элементтері  анықталады.  Егер  мүмкін  болса  бөлшектің  неге 
арналғандығы, ол жасалған материал туралы мәліметтер және т.с.с. 
2.  Басты  көріністі  және  өзгеде  қажетті  кескіндерді  таңдау.  Басты 
көріністі, ол бөлшектің пішіні мен өлшемдері туралы неғұрлым толық түсінік 
беретіндей етіп таңдаған жөн.  
Айналу  беттері  бар  (біліктер,  доңғалақтар,  фланецтер  және  т.б.) 
бөлшектердің кескіндерін басты көріністе бөлшек өсі негізгі жазуға параллель 
болатындай  етіп  орналастырады,  және  ол  сызба  бойынша  бөлшекті  жасауға 
ыңғайлы.  
Көрінбейтін  контур  сызықтарын  мүмкіндігінше  пайдаланбаған  дұрыс, 
себебі  олар  көрнекілікті  төмендетеді;  оның  орнына  бөлшектің  ішкі 
ерекшеліктерін анықтау үшін тіліктер мен қималар пайдаланған дұрыс.   
3.  Пішім  парағын  және  масштабтарды  таңдау.  Пішім  парағы  ГОСТ 
2.301–68 бойынша екінші кезеңді орындау кезінде таңдап алынатын кескіндер 
орындалуы тиіс шамаларға тәуелді таңдап алынады. Кескін масштабы барлық 
элементтерді  бейнелеуге  және  қажетті  өлшемдері  мен  шартты  белгілеулерін 
қоюға мүмкіндік беретін болуы тиіс. 
4.  Парақты  дайындау.  Алдымен  таңдап  алынған  парақты  сыртқы 
рамкамен шектеу қажет, содан соң оның ішіне берілген сызба пішімінің ішкі 
рамкасын сызу қажет. Бұл рамкалардың арасындағы арақашықтық 5 мм болуы 
керек, ал сол жағынан парақты тігу үшін ені 20 мм өріс қалдыру қажет. Содан 
соң негізгі жазу рамкасының контуры сызылады. 
5.  Парақтарда  кескіндердің  орындарын  белгілеу  (компоновка). 
Кескіндердің  көз  өлшеміндегі  масштабын  таңдап  алып,  бөлшектің  «көз 
мөлшеріндегі»  шектік  көлем  өлшемдерін  тағайындайды.  Бұдан  соң  эскизде 
болашақ  кескіндердің  (5.1,а  сурет)  «шектік  көлем  тікбұрыштарын»    жіңішке 
сызықтармен  сызады.  Тік  төртбұрыштарды  олардың  өзара  арасындағы  және 
рамка  жиектерімен  арасындағы  арақашықтықтары  өлшем  сызықтарын  және 
шартты  белгілерін,  сондай–ақ  техникалық  талаптарды  орналастыру  үшін 
жеткілікті болатындай етіп орналастырады. 
6.  Бөлшектер  элементтерінің  кескіндерін  тұрғызу.    «Шектік  көлем 
тікбұрыштарының»  ішіне  бөлшек  элементтерінің  кескіндерін  (5.1,б  сурет) 
жіңішке  сызықтармен  түсіреді.  Бұл  жерде  өлшемдердің  пропорцияларын 
сақтау  және  тиісті  өстік  және  центрлік  сызықтарды  жүргізе  отыра,  барлық 
кескіндер арасындағы проекциялық байланысты қамтамасыз ету қажет. 
 


 
 
 
42 
 
 
 
 
 
5.1 сурет 


 
 
 
43 
5.1 суреттің соңы 


 
 
 
44 
 
7.  Көріністерді,  тіліктерді  және  қималарды  безендіру.  Безендіру 
процессі  кезінде барлық көріністерде  (5.1,в сурет)  6  кезеңді орындау  кезінде 
ескерілмеген (мысалы, дөңгелектендірулер, қиықжиектер және т.с.с) деректер 
анықталады  және  тұрғызудың  көмекші  сызықтары  өшіріледі.  ГОСТ  2.305-
2008  сәйкес  тіліктерді  және  қималарды  безендіреді,  сонан  соң 
материалдардың  графикалық  белгілеулерін  (қималар  мен  тіліктердегі 
сызықтау)  қояды  және  ГОСТ  2.305-2008  бойынша  кескіндерді  тиісті 
сызықтармен бастыра сызуды орындайды. 
8.  Өлшем  сызықтарын  және  шартты  белгілерді  қою.  Бет  мінездемесін 
анықтаушы  шартты  белгілер  (диаметр, радиус,  квадрат,  конустылық,  еңістік, 
бұранда  түрі  және  т.б.)  және  өлшем  сызықтары  ГОСТ  2.307-2011  бойынша 
(5.1 сурет) қойылады. 
9.  Өлшем  сандарын  қою.  Элементтер  өлшемдерін  өлшегіш 
құралдарымен анықтайды және эскизде өлшем сандарын қояды. Егер бұранда 
бар болса, онда оның параметрлерін анықтау қажет және эскизде бұранданың 
тиісті белгілеуін көрсету керек (5.1 сурет). 
10.  Эскизді  түпкілікті  безендіру.  Түпкілікті  безендіру  кезінде  негізгі 
жазу  толтырылады.  Қажет  болғанда,  техникалық  талаптар  келтіріледі  және 
түсіндірме  жазулар  орындалады  (5.1  сурет).  Содан  соң  орындалған  эскизді 
түпкілікті тексеріп және қажетті анықтаулар мен түзетулер енгізіледі. 
Бөлшек  эскизін  натурасы  бойынша  орындағанда,  оның  пішіні  мен 
жекелеген  элементтерінің  орналасуларына  мұқият  қараған  дұрыс.  Мысалы, 
құю  ақаулары  (қабырғалар  қалыңдықтарының  біркелкісіздіктері,  тесіктер 
центрлерінің  жылжуы,  жиектерінің  тегіссіздігі,  бөлшек  бөліктерінің 
ассиметриясы,  негізсіз  құйылмалар  және  т.б.)  эскизде  кескінделмеуі  тиіс. 
Бөлшектің  стандартталған  элементтері  (арықшалар,  қиықжиектер,  бұрандаға 
арналған бұрғылау тереңдігі және т.с.с.) тиісті стандарттармен қарастырылған 
өлшемдер мен безендірулерден тұруы тиіс. 
5.3 Жұмыс сызбаларын орындау реті 
Бөлшектердің  жұмыс  сызбалары  натурасынан  алынған  эскиздер 
бойынша,  сондай–ақ  сызбаның  жалпы  түрі  мен  құрастыру  сызбалары 
бойынша жасалынады. 
Эскизден  айырмашылығы,  бөлшектің  жұмыс  сызбасын  сызу  
құралдарымен  немесе  компьютерлік  графика  құралдарымен  және  белгілі  бір 
масштабта орындайды. 
Жұмыс  сызбаларын  екі  кезеңге  бөліп  орындау  ұсынылады:  дайындық 
және негізгі. 
 Дайындық кезеңі
1)  Бөлшек  конструкциясымен  танысу,  оны  қарапайым  геометриялық 
пішіндерге бөлшектеу. 
2)  Бөлшек  атауын,  ол  жасалынған  материалды,  неге  арналғандығын, 
жұмыс орынын анықтау. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау