Научно-методический журнал 2 мазмұны құрылтайшы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 45,18 Kb.
Pdf просмотр
бет46/56
Дата20.05.2018
өлшемі45,18 Kb.
#14514
түріНаучно-методический журнал
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56

109
МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІ
атқарылып жатыр. Бұл - тек қазақ тілінде ғана туып отырған мәселе емес, көптеген тілдер 
өз тілдерін неғұрлым таза қолдану бағытында жұмыс істеп жатады.
Біз сөзіміздің басында ортақ әдеби тіл тазалығын сақтау бәріміздің міндетіміз деп ерекше 
атап  өттік.  Бірақ,  бұл  өте  күрделі  мәселе  болғандықтан,  көп  жағдайда  көңілдегідей  тез 
қалыптасып кететін жұмыс емес.
Әдеби ортақ тіл бар десек те, жалпы Қазақстан бойынша тілдік қолданыстың әркелкілігі, 
тіпті  кейде  шұбарланып  қолдану  қалмай  келеді.  Мысалы,  Қазақстанның  әр  өлкесінде, 
оңтүстік өңірлерінің қалыптасқан өз тілдік қолданысы, сондай-ақ шығыс, батыс, орталық, 
солтүстік өңірлерінің сырт көзге айқын байқалатын тілдік ерекшеліктері бар.
Тіпті  бұл  тіл  тазалығы  үшін  күресетін  әдебиетте  де  бар.  Мысалы,  оңтүстік  өңірі 
мен  солтүстік,  орталық  өңір  ақын-жазушыларының  шығармаларының  өзінде  үлкен 
айырмашылықтарды  тіл  маманы  ғана  емес,  қатардағы  қарапайым  адамдардың  өздері 
айыра алады. Оңтүстік өңіріне өзбек тілдерінің де тигізетін ықпалы жоқ емес. Сондай-ақ 
солтүстік , орталық өңірлерде бұрын таза қолданылып келген қазақ тілі, орыс ұлтымен жиі 
араласқандықтан, сол ел тілінің ықпалы айқын аңғарылады.
Әрине, Қазақстан – көпұлтты ел, оның үстіне орыс, өзбек, татар халықтарымен көршілес 
болғандықтан сол ел тілдерінің әсер етуі кейде заңдылықтай қабылданады. Өйткені, қалай 
болғанда да экономикалық-саяси, тарихи-мәдени ортақтығы көп елдер араласпай тұрмайды 
ғой.
Ислам  діні  біздің  елімізге  жетінші,  сегізінші  ғасырларда  ене  бастады.  Сол  кездерден 
бастап-ақ  араб-парсы  елдерінің  көп  сөздері  біздің  тілімізге  еніп  кетті.  Оқу-білім,  дін 
саласындағы,  мәдениет,  тіпті  косметикалық  бұйымдар  атауларының  біразы  араб-парсы 
елдерінен келгенін, осы күні, екінің бірі біле бермейді. Өйткені, олар сол ислам діні келген 
ерте дәуірлерден қалыптасып тілімізге әбден сіңісті болып кеткен.
Мысалы,  мұғалім,  кітап,  сынып  сияқты  оқу-білімге  қатысты  көптеген  сөздер, 
косметикалық атаулар, айна, тарақ, опа-далап, әтір т.б. көптеген атаулардың араб-парсы 
сөздері екенін, сондай-ақ орыстан еңген самаурын, шәйнек, үтік сөздерін әркім қазақтың өз 
сөзіндей қабылдап, қолдана береді. Бұдан қорқып та керегі жоқ, бұл әр тілдің дамуындағы 
диалектикалық заңдылық. Бұл сол орыс, өзбек тілдерінде, тіпті өте күшті дамыған ағылшын, 
француз,  қытай  тілдеріне  де  тән  құбылыс.  Бұлар  –  өз  тілімізге  кірігіп  кеткен,  жаттығы 
байқалмайтын сөздер. Бірақ қолдан келгенше, біздің тілдік ерекшелігімізге сай емес, жаттығы 
білініп тұратын бөтен қолданыстан, қазақ әліппиінде жоқ “ц, ч, ё, в”, әріптерінің қатысуымен 
жасалатын қалыптасқан тілдік нормамызды бұзатын сөздерден сақ болуымыз керек.
Әрине, аударуға келмейтін терминдік қолданыс болса оның жөні бір басқа. Мысалы, цех, 
фабрика, чемпион т.б. көптеген өзге тілден еңген сөздерді, өзге ұлт атауларын, мемлекет, 
жер-су атауларын, аты-жөндерін аудару қиынға түседі, және оның қажеттілігі де жоқ.
Біз  сөз  қылып  отырған  тіл  тазалығы  үшін  күресетін  тіл  ғылымы  салаларының  бірі  – 
диалектология ғылымы. Бұл – біз айтып отырған таза әдеби тілден бөлек тілдік қолданыстар 
– диалектілер мен говорларды зерттейтін ғылым.
Бұл  грек  сөздерінен  құралуынан  жасалған  ілім,  “диалектос”  –  сөйлеу,  сөйленіс  деген 
мағынада,  “логос”  –  ілім  деген  сөз.  Яғни,  диалектология  –  сөйлеу  ілімін  зерттейтін  сала 
деген ұғымды береді.
Біз  сөзіміздің  басында  тіл  тазалығы  үшін,  тек  тіл  маманы  ғана  емес,  барлық  сала 
мамандары атсалысуы керектігін айттық. Демек,тіл тазалығы үшін күрес университеттерде, 
институт, колледждерде, мектептерде, балабақшаларда, тіпті оқу-білім саласында ғана емес, 
мемлекеттік  мекемелерде,  кітапхана,  аурухана,  заң  орындарында,  тұрмыс  салаларында 
жаппай жүргізілуге тиіс.


110
НАШИ ЮБИЛЯРЫ
Диалект термині көбінесе белгілі бір өңір, аймақ, немесе облысқа қатысты қолданылады. 
Диалектілік, яғни, әдеби таза тілден ауытқушылық белгілі бір өңір, аймақ, облыс ішінде ғана 
қолданылуы мүмкін. Мысалы оңтүстік, солтүстік, батыс т.б. өңірлердің, немесе аймақтардың 
қолданатын  өз  диалектісі,  яғни  ортақ  тілден  өзгеше  өзіндік  қолданысы  бар.  Кейде  бұл, 
облыс  пен  облыс  арасында  да  байқалады.  Мысалы,  Жамбыл  мен  Шымкент  облысы  – 
оңтүстік өңірге жатқанымен, тілдік диалектісі әртүрлі екендігі сезіледі. Немесе, Арқа өңірі 
саналғанымен, Ақмола, Петропавловск, Қарағанды облыстары қазақтарының тілдерінен де 
диалектілік айырмашылық байқалады.
Өз  тілінің  тазалығы  үшін,  әдеби  ортақ  тілі  сақталуы  үшін  күресетін  әрбір  адам  бұл 
диалектілік айырмашылықтарды білуге және онымен күресуге міндетті.
Біз диалект белгілі бір өңір ,аймаққа, облысқа тән қолданыс десек, говорлық қолданыстың 
аясы тар. Говор – көбінесе бір-екі аудан, немесе бір-ақ аудан көлемінде ғана қалыптасып 
қолданылатын сөздер. Түптеп келгенде, тілімізде диалектілердің де, говорлардың да көбеюі 
тіл тазалығына зиянын тигізеді, тілдің шұбарлануы, әркелкі қолданылуы осыдан басталады.
Ал,  оның  тамырын  жайып,  тереңдеп  кетуі  қоғам  үшін  үлкен  қауіп.  Тазалығын  сақтай 
алмай, өзге тілдердің ықпалына түсіп кеткен тілдер тарихта аз болмаған. Тіпті тіл ретінде жер 
бетінен мүлде жойылып кеткен, жүздеген тілдер болған. Бұдан сақтану үшін, әрқайсымыз 
қазақ тілінің тазалығы үшін, болашағы үшін күресуге міндеттіміз.
 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.  С. Исаев. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы. «Мектеп». 1989.
2.  Р. Сыздықова. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы. 1968.
3.  Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы. Алматы. «Ғылым». 2002.
4.  Диалектологиялық сөздік. Алматы. «Арыс» баспасы. 2007.
5.  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы. Дайк – Пресс. 2008.


жүктеу 45,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау