7.
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу/экспериментті-зерттеу
жұмысы
7.1
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ) университеттегі
оқу-тәрбие, ғылыми – инновациялық процестерде біліктілігі жоғары
мамандарды даярлаудың міндетті, бөлінбес бөлшегі болып табылады. СҒЗЖ
жүргізу мен ұйымдастыруды бақылау Ғылыми кеңес арқылы жүзеге
асырылады.
Студенттердің ғылыми жұмысына шығарушы кафедра, ғылыми жетекші
және факультеттен СҒЗЖ жауапты тұлға жауап береді.
7.2
Мәселелерге жүйелік шешім қабылдау үшін СҒЗЖ ұйымдастыру үш
негізгі түрге бөлінген.
1.
Ғылыми-зерттеу жұмысы (ҒЗЖ) оқу процесіне негізделген, негізгі
міндеті оқу процесін активтендіру сатылары жоғарылаған сайын, өзіндік
жұмысы артатын принциптер болып табылады. Мұндай ғылыми жұмыс
түрінің мазмұнына – әдебиетті меңгеру, ғылыми-зерттеу тарауларын
қамтитын рефераттар, курстық жұмыстар мен жобаларды дайындау жатады.
Оқу жоспарына енгізілген ҒЗЖ студенттермен орындалуын бақылауды
шығарушы кафедраның меңгерушісі қамтамасыз етеді.
2.
Ғылыми зерттеу - оқу процесін толықтырушы. Негізгі мақсаты - оқу
бағдарламасының шегінен шығып, оқу процесін дараландыру, магистратура
және докторантурада үздіксіз оқуды қамтамасыз етуге жағдайлар жасау. Бұл
кезеңдегі ғылыми жұмыстың мазмұны – олимпиадалар, байқаулар, ғылыми
конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер». СҒЗЖ ұйымдастырудың
бұл түріне ректордың бұйырығымен шығармашылық топтар құрылады,
оларды ғылыми жетекшілер басқарады.
Ғылыми жетекшілер қолданбалы, әдістемелік және ғылыми зерттеу
жұмыстарымен
айналысқысы
келетін
студенттердің
арасынан
шығармашылық топ құрады.
3.
Ғылыми зерттеу оқу процесіне параллельді. Негізгі міндеті –
студенттердің жоғары білікті оқытушылардың жетекшілігімен және ғылыми
қызметкерлердің ғылыми кәсібилігі, анығырақ айтқанда, мамандандыру, яғни
белгілі бір ғылыми қызметтің саласына дайындалу, ғылыми жетекшіні
таңдау. Бұл кезеңдегі жұмыстың мазмұны – грантпен, мемлекеттік
бюджетпен және шаруашылық шартпен орындалатын, ғылыми қызметтің
нәтижесін коммерциялау сынды жоспарлы ғылыми зерттеулерге қатысу.
7.3
Магистратура және докторантура білім беру бағдарламасының
бөлігін зерттеу нәтижесінің ғылыми жарияланымын дайындайтын және
магистрлік/докторлық диссертацияны орындайтын ғылыми-зерттеу жұмысы
құрайды. Бейіндік бағыттағы магистранттар магистрлік жобаны орындайды.
7.4
Ғылыми кеңестің шешімі негізінде ректордың бұйрығымен
магистрант/докторант құрамына есептелгеннен соң, бірінші екі айда ғылыми
жетекшінің/консультанттың басқаруымен ғылыми-зерттеу (экспериментті-
зерттеу) жұмысы орындалады. Ғылыми жетекші/кеңесшілердің кәсіби
сәйкестігі білім алушының диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша
19
отандық және нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік басылымдардағы
ғылыми жарияланымдармен дәлелденеді.
7.5
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы жеке оқу жоспарында
барлық оқу кезеңіне тақырыбымен, зерттеу бағытымен, есеп беру түрімен
және мерзімі қоса көрсетілуі қажет. Сонымен қатар барлық кезеңге арналған
жеке оқу жоспарында тәжірибенің магистрлік диссертацияның, ғылыми
жарияланымдардың және тағылымдаманың жоспары болуы қажет.
Магистранттың/докторанттың жеке жұмыс жоспары ғылыми
жетекшінің/кеңесшінің
басшылығымен
жүргізіледі.
Ғылыми
жетекшілер/кеңесшілер білім алушылардың жеке оқу жұмысында
қарастырылған әртүрлі жұмыс түрлерін уақытысында сапалы орындауына
жауапты.
7.6
Магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысы
(экспериментті-зерттеу) әр семестрдегі кредит санының көрсетілуімен
семестрлерге
бөлінген.
Әрбір
академиялық
кезеңнің
соңында
магистрант/докторант ғылыми жетекшінің/кеңесшінің қатысуымен зерттеу
нәтижесіне 100 балдық шкаламен баға қоюымен шығарушы кафедраның
жиналысында есепті қорғайды.
7.7
Ғылыми-зерттеу жұмысының аясында магистранттың/докторанттың
жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялардың және өндірістің
жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми мекемелерде немесе салаға, сала
қызметіне сәйкес мекемелерде, соның ішінде докторанттар үшін шет елде
тағылымдамадан өту міндеттеледі. Тағылымдамадан өту бағдарламасы
дайындық бағытына және жалпы кезеңге арналған жеке жұмыс жоспарына
сәйкес құрылады. Шетелдік тағылымдамадан өтудің қаржылық нормативі ҚР
БжҒМ нормативтік құжаттарына сәйкес белгіленеді.
8.
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау
8.1
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау үшін ағымдық,
межелік және қорытынды бақылау түрлері қарастырылған.
8.2
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау - академиялық
кезең ішінде, оқытушымен өткізілетін аудиториялық және аудиториялардан
тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес
жүйелі түрде тексеру.
8.3
Білім алушыларды аралық аттестаттау (Midterm) - білім алушының
бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің мазмұнын аяқтап болғаннан
кейін оның оқудағы жетістіктерін бақылау.
Межелік бақылау семестрдің 8-ші және 15-ші аптасында өткізіледі және
әрбірі 100 балдық шкалада бағаланады. Межелік бақылауды бағалағанда
ағымдық бақылаудың нәтижесі ескеріледі. Межелік бақылаудың нәтижесі
«Platonus»
жүйесінің тізімдемесіне аттестаттау аптасы біткен соң келесі
дүйсенбі күнінен кешіктірмей және қою барысында қорытынды бағасы
ескеріліп, қойылады. Аралық бақылаудың нәтижесін көтеру мақсатында
өзгерістер жасауға рұқсат етілмейді.
20