қажет ететін пәндер.
33.
Пререквизиттер (Рrerequisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті
білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі.
34.
Пәндер бағдарламасы (Syllаbus) - оқитын пәннің сипаттамасын,
мақсаттары мен міндеттерін, оның қысқаша мазмұнын, оның үйренуі
тақырыбы мен ұзақтығын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын, кеңес беру
уақытын, білім алушылардың білімін тексеру кестесін, оқытушы
талаптарын, бағалау өлшемдерін қамтитын оқу бағдарламасы және
әдебиеттер тізімі.
35.
Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының емтихан
сессиясы кезеңінде бір пәннің толық көлемін немесе бір бөлігінің
мазмұнын аяқтап болғаннан кейін оның игеру сапасын бағалау
мақсатында өткізілетін рәсім.
36.
Кәсіби құзыреттілік – еңбек ортасының талаптарына сәйкес мақсатты
түрде әрекет ету және дайын болу, әдістемелік тұрғыда ұйымдасқан
және мәселелер мен міндеттерді жеке талқылап, шеше білу, сонымен
қатар жасаған жұмыстарының нәтижесін өзіндік бағалау.
37.
Кәсіби практика –практикалық дағдылану мен құзыреттілікті, сонымен
қатар инновациялық технологияларды меңгеруге және теориялық
білімнің нәтижесін бекітуге бағытталған білім беру бағдарламасының
міндеттелген құрамы.
38.
Оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ және
білім алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары
дербес әзірлейтін құжат.
39.
Межелік бақылау – бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда
білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау.
40.
Білім алушылардың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше
оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен
қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар,
рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде ақыланатын
тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім
алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі
-
СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) және
докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді;
БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік
жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады.
41.
Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік
жұмысы (бұдан әрі - ОБӨЖ) - бекітілген кесте бойынша оқытушының
басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс
жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының
басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі -
ОСӨЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың
өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӨЖ) және оқытушының
басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (бұдан
10
әрі - ОДӨЖ) болып бөлінеді.
42.
Оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GPA) - (ағымдық
оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық
аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен
кредиттер сомасының қатынасы) білім алушының таңдаған бағдарлама
бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің
таразыланған орташа бағасы.
43.
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау - академиялық кезең
ішінде, оқытушымен өткізілетін аудиториялық және аудиториялардан
тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес
жүйелі түрде тексеру.
44.
Үлгілік оқу жоспары – білім беру бағдарламасының оқу пәндерінің
тізбесі мен көлемін, оларды оқытудың тәртібін және бақылау
нысандарын реттейтін құжат.
45.
Транскрипт (Тrаnsсrірt) - білімді бағалаудың сандық және әріптік
жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде
өтілген пәндердің тізбесі бар құжат.
46.
Тьютор - студенттің нақты пәнді игеруі бойынша академиялық
кеңесші рөлін атқаратын оқытушы.
47.
Білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу
үдерісінде алатын және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін
көрсететін білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреті.
48.
Оқу модулі - білім алушылардың құзыреттіліктері тұтас немесе
жартылай қалыптасатын олардың нақты оқыту нәтижелерін
меңгеруіне бағытталған білім беру бағдарламасының құрылымдық
элементі.
49.
Эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының
академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын
таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде
білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы.
50.
Емтихан сессиясы – жоғары оқу орындарында (бұдан әрі – ЖОО)
студенттерді аралық аттестаттау кезеңі.
51.
Элективтік пәндер - белгіленген кредит шеңберінде және білім беру
ұйымы енгізетін таңдау бойынша, білім алушылардың жеке
дайындығын көрсететін әлеуметтік-экономикалық дамытудың
ерекшеліктерін және нақты өңірдің, жоғары оқу орындарында ғылыми
мектеп пайда болатын қажеттіліктерін есепке алатын компонентке
кіретін оқу пәндері.
2.
Белгілер мен қысқартулар
2.1.
АҰ– академиялық ұтқырлық
2.2.
НП – негіздік пәндер
2.3.
МАК – мемлекеттік аттестаттау комиссиясы
11