5.6
Қайта оқуға қабылданғандарға оқу жылының 1 аптасында мекеменің
оқу процесіндегі кредиттік технологиямен оқытудың ережелерімен
таныстырады.
Аталған
кезеңде
университеттің
әкімшілігімен,
факультеттердің декандарымен, кафедра меңгерушілерімен, эдвайзерлермен
кездесу ұйымдастырылып, «Platonus» жүйесіндегі модульдердің (пәндерге)
қалай жүзеге асырылатыны көрсетіледі. Тіркелу үшін білім алушылар
қатарына алу туралы бұйрық пен ақылы түрде білім алатын білім
алушылардың 1 транштағы (1 оқу жылындағы толық оқу ақысының 20 %-ы)
төлемі қажет. Оқуын жалғастыратын білім алушылар академиялық
күнтізбеде көрсетілген келесі оқу жылының кезеңіндегі модульдерге
(пәндер) тіркеледі. Модульдерді (Retake) қайталап өту мерзімі де дәл солай
жүзеге асырылады, бірақ пәндерді қайталап өту барлық мамандықтар және
оқу түрі бойынша ақылы түрде жүзеге асқандықтан, оқу ақысын алдын ала
төлеуді қарастырады.
5.7
Жазғы семестрге жазылу (бітіруші курсты есептемегенде) көктемгі
семестрдің аяқталуына байланысты жүзеге асырылады.
5.8
Тіркелуге қаржылық қарыздары жоқ және кешенді медициналық
тексерістен өткен (оқу жылына 1 рет), таңдалған модульдердің (пәндер)
пререквизиттерін меңгерген білім алушылар жіберіледі.
5.9
Оқу жұмыс жоспарына енгізілген пәннің оқу әдістемелік кешені
(ПОӘК) семестрдің басталуына 5 жұмыс күні қалғанға дейін берілген
пәндердің меңгерілуі үшін «Platonus» жүйесіне орналастырылады. Мерзімі
өтіп кетсе, ПОӘК орналастыруға қолжетімділік автоматты түрде жабылады.
5.10
ЖОЖ әрбір білім алушы жеке білім беру траекториясын
айқындайды. ЖОЖ МОБ пәндеріне жазылу нәтижесі бойынша автоматты
түрде «Platonus» жүйесінде қалыптасады және факультеттердің деканымен
бекітіліп, үш данасы шығарылады: бір данасы білім алушылардың ОБ
меңгеруіне және орындалуын бақылау мақсатында кафедрада сақталады,
екіншісі аралық аттестаттауды ұйымдастыру үшін офис регистраторға
беріледі, үшіншісі білім алушыларға беріледі. ЖОЖ офис регистраторға
тапсыру мерзімі – оқу жылының бірінші аптасы.
Модульдерге (пәндер) жазылу академиялық күнтізбеде көрсетілген
мерзімде жүзеге асырылады. Білім алушылар ЖОЖ өзгерістер мен
толықтыруларды семестрдің басында бір апта ішінде енгізуі қажет.
5.11
АҰ бағдарламасы бойынша білім алушылардың ЖОЖ
университеттердің серіктестерімен келісе отырып жүзеге асырылады. Ол
үшін шығарушы кафедра пәннің силлабустары негізінде серіктестердің
ұсынған, «Тұран» университетіндегі мамандықтардың ҮОЖ мен ОЖ сәйкес
пәндерді анықтайды.
5.12
Білім алушылардың модульдерге (пәндер) жазылуы негізінде сабақ
кестесі құрастырылады. Академиялық лег пен топ білім алушылардың
жеткілікті санына, аталған пән мен оқытушыға жазылуына, жетістіктері
жеткілікті тиімді деңгейді болуына қарай құрылады.
17
«Тұран» университетіндегі топтар мен академиялық легтің топтасуын
төмендегілер құрайды:
−
лекциялар – 60-90 адам;
−
практикалық (семинарлық) сабақтар – 20-30 адам;
−
тілдік, зертханалық сабақтар– 15 адамнан көп емес.
Аз контингентті білім алушылар мамандықтар пәніндегі академиялық
лег барлық білім алушылардің пәндерге жазылу принципіне байланысты
қалыптасады.
Егер пәнге жазылушылардың саны белгіленген саннан аз болса, пән
ашылмайды. Пәндерге жазылған білім алушыларды тіркегеннен 5 күн өткен
соң эдвайзерлер бұл туралы хабардар етіп, қайтадан пәндерге таңдау
жасауды өтінеді.
5.13
«Тұран» университетінде қашықтықтан оқыту технологиясы
қолданылады. Білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті органмен
бекітілген жеке пәндерді қашықтықтан оқуға құқықтары бар.
6.
Білім алушының өзіндік жұмысы
6.1
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім алушының өзіндік
жұмысы екі түрде орындалады: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін
өзіндік жұмысы (ОСӨЖ/ОМӨЖ/ОДӨЖ) және студенттің толығымен өзі
жасайтын өзіндік жұмысы (СӨЖ, МӨЖ, ДӨЖ - БӨЖ).
6.2
БӨЖ барлық көлемі білім алушылардың күнделікті өзіндік
жұмыстарынан талап етілетін тапсырмаларымен расталады.
6.3
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысы білім
алушылардың аудиториядан тыс оқытушымен байланыста бола отырып
жүргізілетін жұмысы болып табылады. Оқытушының басшылығымен
жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (ОБӨЖ) графиктен тыс, жалпы
оқу сабақтарының кестесіне енбей жүргізіледі.
ОБӨЖ оқу бағдарламасындағы аса қиын сұрақтарға, үй тапсырмасын
орындауға, курстық жобаларды (жұмыстарды), семестрлік жұмыстарды
бақылау, есеп беру және т.б. БӨЖ түрлі тапсырмаларына консультация
жүргізу кіреді.
6.4
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінде тапсырмаларды тапсыру
кестесімен бірге барлық өзіндік жұмыс түрлерінің сипаттамасы берілуі
қажет.
6.5
Білім алушылар өзіндік жұмысын орындауға қиналмаса, ОБӨЖ
қатыспауға құқылы. Аудиторияда оқытушы ОБӨЖ өткізу кестесіне орай
міндетті түрде болуы қажет.
18