«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
36 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
3.6.2.28 Білім алушы академиялық рейтингіні көтеру үшін ақылы түрде келесі
академиялық кезеңде немесе қысқы/жазғы семестрде осы пәннің оқу жоспарында жазылған
оқу пәндерінің барлық түрлеріне қатысады және рұқсат алып қорытынды емтиханды
тапсырады.
3.6.2.29 Босатылған сабақты өтеу кезінде алынған балдар педагогтық және сабақты
өтеу журналына жазылады. Сабақты өтеу кезінде алған балдарды қосып РРБ-ны қайтадан
есептеу тек қана сабақты дәлелді себеппен босатқан жағдайда ғана жүргізіледі. Дәлелсіз
себеппен босатқан сабақты өтеу кезінде алынған балдар ағымдағы рейтингіде есептелмейді,
сәйкесінше, РРБ қайта есептелмейд.
3.6.2.30 Қорытынды бақылау бағасын (ҚББ) емтихан алушы ҚББ-ны есепке алу
тізімдемесіне қояды.
3.6.3 Білім алушының академиялық рейтингісін есептеу тәртібі
3.6.3.1 Білім алушының пән бойынша академиялық рейтингісі (ҚБ) білім алушы
рұқсат ету рейтінгісінен де, қорытынды бақылаудан да жақсы баға алған жағдайда
есептеледі. Емтихан алушы оны келесі формула арқылы есептейді:
ҚБ = РРБ*0,6 + ҚББ*0,4
3.6.3.2 Қорытынды бақылауды 2 кезеңмен жүргізген жағдайда, 1-ші және 2-ші
кезеңнің бағалары тізімдеменің тиісті бағанына жеке-жеке қойылады және ҚБ келесі
формула арқылы есептеледі:
ҚБ= РРБ* 0,6 +(ҚББ1 + ҚББ2)/2* 0,4
3.6.3.3 Қорытынды аттестаттаудан өтпеген студент бір жылдан кейін, бірақ келесі оқу
жылының қорытынды аттестациясы басталғанға дейін екі апта бұрын Университет
ректорының атына қайтадан қорытынды аттестаттаудан өтуге рұқсат беру туралы өтініш
жазады.
3.6.3.4 Қайтадан қорытынды аттестаттаудан өтуге рұқсат беру қағазы білім беру
мекемесі басшысының бұйрығы арқылы әзірленеді. Қорытынды бақылауды кешенді емтихан
түрінде өткізген жағдайда әр пәннің бағасы жеке-жеке тізімдемеге жазылады. ҚБ келесі
формула арқылы есептеледі:
ҚБп = РРБп*0,6 + ҚББп*0,4
мұнда: РРБп – РРБ пән бойынша
ҚББп – үлес салмағы есепке алынған пән бойынша емтихан бағасы
3.6.3.5 Қорытынды бақылауды дифференциалдық сынақ түрінде жүргізген кезде ҚБ
4.1 тармағына сәйкес есептеледі.
3.6.3.6 Практикадан өтпеген, практика бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы
жағымсыз пікір алған немесе есепті қорғаған кезде қанағаттанарлықсыз баға алған білім
алушы келесі академиялық кезеңде теориялық оқумен қатар немесе жазғы семестр кезінде
қайтадан практикаға жіберіледі.
3.6.3.7 Студентке қорытынды бақылауда алған жақсы бағасын көтеру мақсатында
аралық аттестаттаудың сол кезеңінде бақылауды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
3.6.3.8 Білім алушы академиялық рейтингіні көтеру үшін ақылы түрде келесі
академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пәннің оқу жоспарында жазылған оқу
пәндерінің барлық түрлеріне қатысады және рұқсат алып қорытынды емтиханды тапсырады.
3.6.3.9 Дәлелді және дәлелсіз себеппен босатылған сабақ 2 күнтізбелік апта ішінде
өтеледі, ал офис-тіркеуші бөлімі РРБ тізімдемесін емтихан сессиясы басталғанға дейін 3
күннен кешіктірілмей береді.
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
37 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
3.6.3.10 Оқу қызметін бақылаудың барлық түрлерінің тәртібі «АстМУ» АҚ-тың
«Білім алушылардың оқу үлгерімін рейтингілік бақылау туралы» ережесіне сәйкес
жүргізіледі.
3.6.3.11 Практиканы бағалау тәртібі «АстМУ» АҚ-тың «Кәсіби практика»
стандартына сәйкес жүргізіледі.
3.6.3.12 Студенттерді қорытынды бақылауға рұқсат етудің міндетті шарты – студент
портфолиосын көрсету.
3.6.4 Білім алушылардың рейтингісін есепке алу
3.6.4.1 Жақсы қорытынды баға тиісті пән бойынша кредиттер санымен белгіленген
меңгерген кредиттерді толықтыруға негіз болады және білім алушының транскриптісіне
жазылады.
3.6.4.2 Оқу жылының қорытындысы бойынша жазғы семестрді есепке алып офис-
тіркеуші бөлімі үлгерімнің орташа балын (GPA) білім алушының оқудағы жетістіктері
деңгейінің орташа сараланған бағасы ретінде есептейді.
GPA былайша есептеледі:
(балл*кредит/сағат+балл*кредит/сағат +…..+балл*кредит/сағат)
кредит/сағаттың жалпы саны
3.6.4.3 Дифференциалдық сынақ бағасы көшіру балын (GPA) есептеу кезінде есепке
алынады, бұл жұмыс түрлеріне кредит санының сәйкес санын бөлген жағдайда ғана жүзеге
асырылады. Денешынықтыру және әскери дайындық бойынша қорытынды баға GPA
есептеген кезде есепке алынбайды.
3.6.5 Апелляция
3.6.5.1 Егер білім алушы емтихан сессиясының (аралық аттестаттау, Қазақстан
тарихынан мемлекеттік емтихан) қорытынды аттестаттау (Мемлекеттік аттестаттау)
нәтижесімен келіспесе, нәтижелерді хабарлаған күні комиссияның қарауын талап ететін
пәнді көрсетіп және сұрақты жазып, Университеттің апелляциялық комиссиясының төрағасы
– білім беру қызметі жөніндегі проректордың атына апелляцияға беруге құқылы.
3.6.5.2 Өтінішке:
- пән комиссиясының төрағасы (факультет деканы);
- кафедра меңгерушісі қолдарын қоюы қажет.
3.6.5.3 Оң шешім қабылданған кезде деканат пәндік аппеляциялық комиссия құрамы
және аппеляцияға рұқсат етілген білім алушылардың тізімі туралы бұйрық шығарады.
Бұйрықта аппеляция өткізілетін мерзім белгіленеді.
3.6.5.4 Пәндік аппеляциялық комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Аппеляция
қорытындысы бойынша алынған баға студенттің жеке, емтихандық тізімдемесіне енгізіледі.
3.6.5.5 Пәндік аппеляциялық комиссия хаттамасы деканатта, көшірмелері кафедрада
сақталады, жеке емтихандық тізімдеме офис-тіркеуші бөліміне өткізіледі.
3.6.5.6 Қорытынды аттестаттау болған және Қазақстан тарихынан мемлекеттік
емтихан тапсырған жағдайда аппеляция қорытындысы МЕК немесе МАК отырысының
хаттамалары бойынша ресімделеді. Бұл жағдайда бірінші хаттама қорытындысы «Баға -
___жылғы №__ хаттамасымен ____ парақта қайта қаралды» деп жазылып, МЕК/МАК
барлық қатысып отырған мүшелері қолдарын қояды.
Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және ол хаттамаға
комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды. Егер қорытынды баға өзгеретін болса, онда
апелляциялық тізімдеме толтырылады. Апелляциялық комиссияның хатшысы апелляциялық
тізімдемені толтырғаннан кейін бір тәулік ішінде офис-тіркеушіге өткізеді.