«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
34 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
3.6.1.3 Емтиханға келген білім алушылар өздерімен бірге сынақ кітапшаларын әкелуге
міндетті.
3.6.1.4 Емтихандар жазбаша, ауызша немесе тест түрінде өтеді. Әр пән бойынша
емтихан өткізу формасын және тәртібін Университеттің Ғылыми Кеңесі бекітеді.
3.6.1.5 Емтиханда қойылған жақсы бағалар емтихан ведомосына және сынақ
кітапшасына жазылады, «қанағаттанаралықсыз» деген бағалар тек емтихан ведомосына ғана
жазылады.
3.6.1.6 Егер білім алушы емтиханға келмеген болса, онда емтихан тізімдемесіндегі
оның аты-жөні жазылған тұсқа «келген жоқ» деген белгі қойылады. Орынды себебі болған
жағдайда (ауырып қалғанда, отбасылық жағдайға, басқа да объективті себептерге
байланысты) факультет деканы студентке жеке график бойынша емтихан сессиясын тапсыру
туралы шешім шығарады.
3.6.2 Білім алушыларға ағымдық, аралық және қорытынды бақылау өткізуді
ұйымдастыру тәртібі
3.6.2.1 Білім алушылардың (студенттердің, интерндердің, докторанттардың,
магистранттардың) оқудағы жетістіктері Ғылыми кеңесте бекітілген, кафедралардың өздері
белгілеген бақылаудың (ағымдық, межелік, қорытынды) және аттестаттаудың әртүрлі
формалары арқылы бағаланады.
3.6.2.2 Бақылаудың барлық формалары бойынша білім алушылардың оқудағы
жетістіктері орындалған әр тапсырма үшін 100 балдық шкаламен бағаланады.
3.6.2.3 100 балдық шкала білімді бағалаудың халықаралық практикада қабылданған
балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес келеді.
3.6.2.4 Ағымдық бақылау − білім алушылардың әрбір оқу пәні бойынша жетістіктерін
оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру. Оны академиялық кезең барысында
аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда оқытушы жүргізеді.
3.6.2.5 Бұл бақылауды әрбір оқу пәнінің өз оқытушысы жүргізеді. Жетістіктерді
ағымдық бақылау сабақ кестесіне сай жүргізіледі.
3.6.2.6 Білім алушыларды ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша
жүргізіледі және оған аудиториялық, аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтарда білімін бақылау
енеді.
3.6.2.7 Ағымдық бақылаудың түрлерін пәннің ерекшелігін ескере отырып кафедра
әзірлейді де силлабусқа жазады.
3.6.2.8 Ағымдық бақылауда бағалау критерийлерін балдық-рейтингтік әріптік жүйеге
(БРӘЖ) сәйкес пәннің ерекшелігін ескере отырып кафедра әзірлейді де силлабусқа жазады.
3.6.2.9 Үлгерімді ағымдық бақылаудың қорытынды нәтижесі академиялық кезеңде
алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық жиынтығын есептеу арқылы
шығарылады.
3.6.2.10 Ағымдық және межелік бақылаудың бағасын оқытушы бақылау жұмысын
өткізгеннен кейін бірден педагогикалық журналға қояды және студентке айтады.
3.6.2.11 Рұқсат ету рейтінгісінің бағасы аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау
бағасы, СӨЖ ағымдық бақылауының бағасы және межелік бақылау бағасы қосылып, келесі
формула арқылы есептеледі:
ОРД = Рayd*Х + Рсро*Y + Ррк*Z,
X+Y+Z=1,0
Мұнда: Рayd – аудиториялық сабақтардың ағымдық бақылау мен ОСӨЖ бағасының
орташа арифметикалық есебі;
Рсро – СӨЖ ағымдық бақылауының орташа арифметикалық есебі;
«Астана медицина университеті» АҚ
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі
АМУ-17
57 беттің
35 беті
Анықтамалық-жол көрсеткіш
«Астана медицина университеті» АҚ 2017-2018 оқу жылы
Ррк – межелік бақылаудың орташа арифметикалық бағасы;
Х, У, Z – сәйкес бағаның үлес салмағын көрсететін коэффициенттер.
3.6.2.12 Х, У, Z мәні білім алушының ағымдық үлгерімін бақылаудың әр түрінің
маңыздылығын белгілейді, оны пән саясатына сәйкес кафедра анықтайды және силлабусқа
жазады.
3.6.2.13 Егер кафедра шешімімен сәйкес бағаның үлес салмағын көрсететін
коэфиценттер (Х, У, Z) қарастырылмаса, рұқсат ету рейтінгісінің бағасы (РРБ) аудиториялық
сабақтардағы ағымдық бақылау бағасы, СӨЖ ағымдық бақылауының бағасы және межелік
бақылау бағасы қосылып, келесі формула арқылы есептеледі: РРБ=Рn/n
Мұнда: Рn – барлық ағымдық және межелік бақылау түрлерінің бағасының орташа
арифметикалық қосындысы.
3.6.2.14 Егер РРБ пәндердің бір-бір блогы бойынша 0-49 балл болса, онда білім алушы
пәннің қорытынды бақылауына жіберілмейді.
3.6.2.15 Дәлелсіз себеппен босатылған әр дәріс үшін РРБ-дан 1 балл алынады.
3.6.2.16 РРБ үлгерімді есепке алу тізімдемесіне қойылады (3-қосымша) және сабақ
біткен уақыттан бастап немесе сессия басталғанға дейін кешіктірілмей 3 тәулік ішінде офис-
тіркеуші бөліміне өткізіледі.
3.6.2.17 Межелік бақылау – бір оқу пәнінің бөлімін (модулін) бітіргеннен кейін
жүргізілетін оқу үлгерімінің бақылауы.
3.6.2.18 Үлгерімнің межелік бақылауы пәннің типтік оқу бағдарламасына (ТОБ) сәйкес
жүргізіледі.
3.6.2.19 Циклдің/пәннің соңғы сабағында ағымдық үлгерімнің бағасы есептеледі, бұл
осы пән бойынша білім алушының рұқсат ету рейтингісінің бағасы (РРБ) болып табылады.
РРБ үлгерімді есепке алу тізімдемесіне қойылады.
3.6.2.20 Білім алушылардан аралық бақылау алу − білім алушының оқу
бағдарламасына сәйкес бір пәнді оқып болған соң оның мазмұнын меңгеруін бағалау үшін
өткізілетін процедура.
3.6.2.21 ЖОО-да білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңі емтихан сессиясы деп
аталынады. Емтихандар аралық аттестаттау кезеңінде білім беретін ұйымның басшысы
бекіткен сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі.
3.6.2.22 Пән бойынша қорытынды бақылау (аралық аттестаттау) мамандықтың оқу
жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес емтихан немесе дифференциалдық сынақ
түрінде өткізіледі.
3.6.2.23 Қорытынды аттестаттау жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартымен бекітілген түрде өткізіледі, олардың ұзақтығы мен мерзімі академиялық
күнтізбе мен мамандықтың оқу жоспарында қарастырылған.
3.6.2.24 Қорытынды аттестаттауға жұмыс оқу жоспары, жеке оқу жоспарына және
жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес теориялық және практикалық курсты толық бітірген
студент жіберіледі.
3.6.2.25 Оқу процесі аяқталуының негізгі критерийіне білім алушылардың жоғары білім
беру мамандықтарының МЖМБС талаптарына сәйкес теориялық курстың және кәсіби
практиканың қажетті көлемін меңгеруі жатады.
3.6.2.26 Пән бойынша қорытынды бағаға рұқсат ету рейтингісінің бағасы мен
қорытынды бақылаудың бағасы кіреді. Қорытынды бағаны есептеген кезде әр компоненттің
үлес салмағы есепке алынады: РРБ – 60%, қорытынды бақылау бағасы – 40%.
3.6.2.27 Қорытынды бақылаудан алған жақсы бағаны көтеру үшін аралық
аттестаттаудың сол кезеңінде бақылауды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.