Ата-аналар мен оқушыларға арналған нұСҚаулық 2017-2018 ОҚу жылы



жүктеу 351,3 Kb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата16.05.2018
өлшемі351,3 Kb.
#14159
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

тақырыптарға TED форматында баяндамалар дайындайды. 

Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  TED  клубының  мақсаты  –   TED-тің 

«Таратуға  тұрарлық  идеялар»  концепциясын  басшылыққа  алып,  этикалық, 

танымдық, әлеуметтік, психологиялық мәселелерді талқылап құндылықтар мен 

мақсаттарды  қалыптастыру,  оқушының  бойында  тыңдай  білу,  түсіну,  өзінің 

мүмкіншіліктерін  шынайы  бағалай  білу,  таным  кеңістігін,  ой-өрісін  кеңейту 

секілді  дағдыларды  қалыптастыру,  сол  арқылы  оқушының  тұлға  ретінде 

дамуына   үлес қосу. 

Назарбаев 

Зияткерлік 

мектептері 

TED 


клубында 

оқушыларда 

қалыптасатын  дағдылар  –  Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  TED  клубында 

талқылаулар  ашық,  қызықты,  сыпайылық  пен  әдептілік  ережелеріне  сай  өтеді, 

оқушылар 

талқыланатын 

тақырыптарға  белсенді 

қатысуына 

жағдай 

жасалынған.  Клубта  оқушылар  сұрақ  қоюға,  қарсыластарының  сұрақтарына 



жауап  беруге,  жауаптарды  талдауға,  қойылған  мәселе  бойынша  өз  пікірлерін 

жеткізуге  үйренеді.  Сонымен  қатар  оқушылар  өз  ойын  ашық  айту,  дәлелді 

сөйлеп,  пікірін  дәйекті  қорғай  білу,  басқа  адамның  ой-пікірін,  көзқарасын 

сыйлау, тыңдай білу, басқа көзқарасқа құрмет қалыптастыру, жеке және топтық 

шешімдер қабылдауды үйренеді. 

 

Уикипедия клубы 

 

Оқушылар әлемдегі онлайн контентті қалыптастырушылармен бір қатарда 

интернет-энциклопедияны өз қолдарымен толтырады.   

Әлемнің  алдыңғы  қатарлы  оқу  орындарында  Уикипедияны  кеңінен 

пайдалану тарап келеді.          

Жоба «WikiBilim» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырылады. 

Зияткерлік  мектеп  оқушыларын  Уикипедияға  мақала  жазуға  дағдылау 

арқылы  оларды  шығармашылық  жұмыс  пен  ғылыми  ізденіске  баулып, 

интеллектуалдық шыншылдық пен жауапкершілік принциптерімен, ақпараттық 

технологиялар және жаңа медиалармен жақынырақ таныстыру көзделіп отыр.  



 

«Флеш моб» жоба барысы:   

Үш  сабақтан  соң  20  минуттық  үзілісте  оқушылардың  белсенділігін 

арттырып, шаршауларын басу үшін ұйымдастырылатын би түрі. Оқушылардың 

іс-қимылды  әрекеттерінің  арқасында  эмоциялық    дағдысы,  ұйымшылдық  "біз" 

деген  сезімдері  қалыптасады.  Командалық  би  оқушылардың  арасында 

ынтымақтастық, креативті және көшбасшылық сапаларды қалыптастырады. 

Өткізу  деңгейі:  Жаппай  биді  барлық  сыныптың  оқушылары  атриумда 

дайындайды.    Композицияға  ұлттық  билер  қозғалысының  элементтері  және 

әлемдік  билер  кіреді.  Мектептің  сайтында  дауыс  беру  барысында  ай  сайын 

ұйымдастырылады,  алдыңғы  команда  шығады.    Оқу  жылының  соңында  "The 

best Flash mob" мектебінің кубогы ойналады.   



«Ақылды бейсенбі» бағдарламасы 

«Ақылды  бейсенбі»  бағдарламасында  аудиториялық  оқулар,  дәрістер, 

семинарлар,  практикумдар,  экскурсиялар,  көрмелердің  түрлі  үлгілері 

жоспарланған. Сабақтар барлық оқушыларға, сонымен қатар осы тақырыптарға 

қызығушылығы артқан жеке оқушылар тобына да арналып өткізіледі.   Жоғары 

сыныптың  оқушылары  төменгі  және  негізгі  мектептің  балаларына 

арнап   «Ақылды  бейсенбі»  бағдарламасы  аясында  сабақтар  береді. Зияткерлік 

мектеп  жанында  дәстүрлі  ұйымдастырылатын  «Жазғы  мектеп»  –  балалардың 

шығармашылық  дамуы  мен  белсенді  демалуына  елеулі  ықпал  етеді.  Жазғы 

Мектепке  қатысушылар  арнайы  бағдарлама  бойынша  оқиды,  мұнда  оқу 

сабақтары  рөлдік  ойындар,  практикумдар,  дәрістер,  шеберлік  кластары, 

тренингтер түрінде ұйымдастырылады. Балалар сан алуан дамытушы, спорттық, 

сауықтыру,  ойын-сауық  іс-шараларына  қатыса  отырып,  көптеген  жаңа  нәрсені 

оқып үйренеді. 



«Ауылдағы екі апта» әлеуметтік жобасы 

«Ауылдағы  екі  апта»  –  ұлттық  мәдениет  пен  салт-дәстүрлерді  танып, 

ауылдың тұрмыс-тіршілігін білуге бағытталған әлеуметтік тәжірибе. Мақсаты – 

ауылдың  тұрмыс-тіршілігін  таныту  арқылы  ұлттық  рухани  құндылықтарды 

оқушының  бойына  сіңіру.  Осы  жоба  аясында  бала  ауылдағы  ата-әжесінің 

болмаса  туысқанының  үйіне  барып,  екі  апта  бойы  блог  жүргізеді,  видео 

түсіреді, сол ауылға қатысты аңыз-әңгімелерді тыңдап, бәрін жинап әкеледі.   

«Ата-ана жұмысындағы он күн» әлеуметтік тәжірибесі 

«Ата-ана  жұмысындағы  он  күн»  жобасы  –  оқушылар  мен  ата-аналар 

арасында  қарым-қатынасты,  жауапкершілікті,  ұрпақтар  сабақтастығын 

нығайтуға  бағытталған  әлеуметтік  тәжірибе.  Мақсаты  –  оқушыларды 

еңбексүйгіштікке баулу, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, мамандық 

таңдауға бағыттау. Оқушы сабақта алған теориялық білімдерін өндіріске барып 

практикалық негізде жоба жұмыстарын дайындауға атсалысады 

 

 

 



 

 

 



 

 

 


 

 

 

 

 

 

ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРДІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН 

ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 

Мектеп  –  бұл  қарым-қатынас  жүйесінің  өте  күрлелі  болуымен 

ерекшеленетін  ұжым,  бұл  ұжым  оқушылардың  қандай  заңмен  өмір  сүру  керек 

екенін,  ойланып  қарым-қатынас  жасау  керек  екенін    үйретеді.  Мектеп  –  бұл 




жүктеу 351,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау