АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ
Мектептің миссиясы
Өзіне үздік қазақстандық дәстүрлерді, халықаралық тәжірибе мен практиканы
үйлестіретін, мектепте жаратылыстану-математика бағытында білім берудің
инновациялық, көптілділік жүйесінің моделін әзірлеу мен енгізу арқылы
Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ету.
Пайымдау
– Зияткерлік мектептердің түлектері – орнықты адамгершілік құндылығы
қалыптасқан өз елінің патриоты болып табылады, өз халқын, оның мәдениеті
мен рухани салт-дәстүрлерін құрметтейді;
– олар – креативті және сыни тұрғыдан ойлай алатын, өмір бойы білім алуға
қызығушылығы бар жеке тұлға;
– үйлесімді дамыған, дені сау және салауаттылық өмір салтын сезіне ұстанады
әрі насихаттайды;
– қоршаған әлемді танудың ғылыми әдістерінің негізін меңгерген,
ғылыми-зерттеу, жоба жұмыстарын жүзеге асыруға қабілетті.
Стратегиялық мақсат
Оқытуда жаңа үлгілерді жүзеге асыру, оқытудың командалық тәсілдерін ендіру,
оқу үдерісінде критериалды бағалаудың кіріктірілген моделін енгізу және
меңгеру, креативті және сыни тұрғыдан ойлай алатын халықаралық деңгейде
бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу.
Стратегиялық міндеттер
– негізгі және жоғары мектептер үшін кіріктірілген білім беру бағдарламасы
мен оқу материалдарын жасау және енгізу;
функционалды сауатты, патриот, жауапты, көптілді, креативті және сыни
ойлайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын, өмір бойы оқуға қабілетті
оқушыларды қалыптастыруға ықпал ете оқытатын орта жасау;
мектеп қызметіне ата-аналар жұртшылығын, үкіметтік емес ұйымдарды,
жергілікті атқарушы органдары мен басқа да мүдделі тараптарды тарту;
Зияткерлік мектептердің тәжірибесін Қазақстанның орта білім беру
жүйесіне тарату;
оқу үдерісінде критериалды бағалаудың кіріктірілген моделін енгізу және
меңгеру.
Білім беру құндылықтары
Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және
салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет
сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен
пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды.
Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық
дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара
қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.
Жауапты азаматтық позиция: өзіне патриоттықты қамтиды. Жауапты
азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен
қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын
әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде сөйлейді.
Академиялық әділдік: академиялық әділдік, шығармашылық ұрлыққа және
ақпаратты оның шыққан көзін көрсетпей көшіруге төзбеушілік қағидаттарын
сақтаудан тұратын басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.
Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға
сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас
пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін
икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.
Ашықтық: өзіне Зияткерлік мектептің даму жоспарлары, оқытудан күтілетін
нәтижелер мен бағалау рәсімдері сияқты ақпаратқа еркін қолжетімділікті
қамтамасыз етуді қамтиды. Бір-бірінің сабақтарына қатысу (сынайтын достар),
сұхбат, сауалнама жүргізу.
ӘКІМШІЛК-БАСҚАРУ ҚҰРАМЫ
Директор:
Абдрахманова Каракоз Избасаровна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Ахметова Гулжазира Кенжебаевна
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Бердикеева Динара Туребаевна
Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары:
Абишева Кулшат Мажитовна
Директордың сыртқы байланыс жөніндегі орынбасарының м.а.:
Сайдигаиниева Хасият Толкуновна
Директордың кәсіптік-тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары:
Каршалова Жанар Амангельдиновна
Директордың халықаралық орынбасары:
Сharles njui
Интернат меңгерушісі:
Жунисова Камила Талхановна
Директордың қаржы-әкімшілік ісі жөніндегі орынбасары:
Омарханова Земфира Келесовна
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Мекен жайы:
Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Ақжайық м/а, Элиталы қалашық, 6-құрылыс, Қазақстан Республикасы, 160000
Сымтетік: 8 (7252) 29-44-88