Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет9/85
Дата16.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#14141
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85

21 
 
58. Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта білім беретін 
ұйымда  оқи  алмайтын  оқушылар  үшін  үйінде  немесе  емделу  орындарында 
ақысыз жеке оқыту қамтамасыз етіледі. 
59.  Даму  мүмкіндігі  шектеулі  білім  алушылардың  білім  алуы,  даму 
бұзушылықтарының  түзетілуі  жəне  əлеуметтік  бейімделуі  үшін  жағдай 
жасалады. 
60. Жалпы орта білім беретін ұйымдар санитарлық-гигиеналық ережелер 
мен  нормаларға  сай  келетін  материалдық-техникалық  базамен  қамтамасыз 
етілуі тиіс. 
61.  Жалпы  орта  білім  беретін  ұйымдардың  материалдық-техникалық 
базасына: 
1)  сабақ  өткізуге,  сыныптан  тыс  іс-шараларға,  демалуға,  тамақтануға, 
медициналық қызмет көрсетуге, спортпен шұғылдануға, мəдени-көпшілік іс-
шаралар  ұйымдастыруға  жəне  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін 
дамытуға  қауіпсіз  жəне  жайлы  жағдайды  қамтамасыз  ететін  жəне 
санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптарға 
сай 
келетін 
тиісті 
инфрақұрылымы бар ғимарат; 
2)  заманауи  құралдармен  жабдықталған  (байланыс  жəне  коммуникация 
құралдары,  желілік  өзара  байланыс,  кеңжолақты  интернет,  мультимедиялық 
кабинеттер, 
интерактивті 
тақта, 
аудио-бейне 
техникалар, 
цехтар, 
шеберханалар) оқыту пəн кабинеттері; 
3)  оқу  бөлмелеріндегі  қажетті  жарық  жəне  жылу  жабдықтары,  киім 
шешетін  орындар,  санитарлық-гигиеналық  талаптарға  сай  жасалған  тазалық 
бөлмелері; 
4)  мүмкіндіктері  шектеулі  білім  алушылар  үшін  ғимарат  ішінде  арнайы 
жасақталған жағдайлар; 
5)  мектеп-интернат  жағдайында  білім  алушылардың  тұруы,  тамақтануы 
жəне демалуы үшін салынған ғимарат, мектеп жанындағы телім енеді. 
62.  Жергілікті  атқарушы  органдар  жəне  жалпы  білім  беретін  ұйымдар 
білім алушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін: 
1) салауатты өмір салтын насихаттау; 
2) əлеуметтік жəне психологиялық қызметті күшейту; 
3) ғимаратты күзетуді қамтамасыз ету; 
4)  жергілікті  тұрғындар  мен  ата-аналар  қауымдастығы  арасында  тығыз 
байланыс орнату; 
5) білім алушылардың бейресми ортасын зерделеу; 
6)  алдын  алу  іс-шараларын  (əлеуметтік  сұрақ-жауап,  психологиялық 
қолдау,  құқық  қорғау  жəне  медицина  мекемелері  қызметкерлерімен 
кездесулер) өткізу; 
7) профилактикалық медициналық тексеруді уақытылы ұйымдастыру; 
8) техника қауіпсіздігін, өрттің алдын алу ережелерін сақтау; 
9) үй-жайларындағы жарық пен əуелік жылу режимін сақтау; 
10) компьютерлік техникамен жұмыс істеу тəртібін сақтау; 
11) жолда жүру қауіпсіздігі ережелерін сақтауды насихаттау; 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


22 
 
12)  балаларды  тасымалдауда  техника  қауіпсіздігін  сақтау  жолдары 
арқылы жағдай жасайды. 
63. Жалпы орта білім беретін, оның ішінде жеке меншік ұйымдарда білім 
беру  процесі  ҮОЖ  негізінде  дайындалатын  оқу  жұмыс  жоспары  аясында 
жүзеге асырылады жəне білім саласындағы жергілікті атқарушы органдармен 
келісіліп, жалпы орта білім беретін ұйымдардың өзінде бекітіледі. 
64. Жалпы орта білім беретін республикалық мамандандырылған мектеп-
интернаттардың білім беру процесі ҮОЖ негізінде дайындалатын оқу жұмыс 
жоспары  шеңберінде  жүзеге  асырылады  жəне  Қазақстан  Республикасының 
білім саласындағы уəкілетті органымен бекітіледі. 
65.  Қалалық  жалпы  орта  білім  беретін  ұйымдарда  сынып  толымдылығы 
24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде - 20-ға жеткен кезде 
немесе  одан  асқанда  шағын  жинақты  мектептерде  -  білім  алушылар  10-нан 
кем болмаған жағдайда: 
1) оқыту қазақ тілді емес 1-11 сыныптардағы қазақ тілі; 
2) оқыту қазақ тілді емес 5-11 сыныптардағы қазақ əдебиеті; 
3)  оқыту  қазақ,  ұйғыр,  тəжік  жəне  өзбек  тілдерінде  жүретін  3-11 
сыныптардағы орыс тілі; 
4) 1-11 сыныптардағы шетел тілі; 
5) 5-11 сыныптардағы информатика; 
6) бейінді пəндер; 
7) 5-11 сыныптардағы технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл 
жəне қыз балалар топтары); 
8) 5-11 сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі 
топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады. 
66.  Сыныпта  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  болған  жағдайда  сыныпты 
топтарға  бөлу  осындай  əр  балаға  барлық  оқушының  санын  үшке  кеміту 
есебінен жүзеге асырылады. 
67.  Үлгілік  оқу  жоспарының  оқушы  компонентіндегі  оқу  жүктемесі 
көлемінде қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастыру, еңбек тəжірибесін өткізу 
қамқоршылық  кеңестің  немесе  ата-аналар  комитетінің  қатысуымен  жүзеге 
асырылады. 
  
  
 
 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


23 
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080  
қаулысымен
 бекітілген 
   
Техникалық жəне кəсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандарты 
  
1. Жалпы ережелер 
  
1.  Осы  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті  стандарты  (бұдан  əрі  -  стандарт)  «Білім  туралы»  Қазақстан 
Республикасының  2007  жылғы  27  шілдедегі  Заңына  сəйкес  əзірленді, 
техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беруге  қойылатын  жалпы  талаптарды 
белгілейді. 
Осы  стандартты  меншік  нысаны  мен  ведомстволық  бағыныстылығына 
қарамастан,  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  берудің  бағдарламаларын  іске 
асыратын  білім  беру  ұйымдары  жəне  білім  беру  бағдарламаларын 
əзірлеушілер қолданады. 
2.  Осы  стандартта  мынадай  терминдер  мен  олардың  анықтамалары 
пайдаланылады: 
1)  базалық  құзырет  -  өзін-өзі  жəне  жеке  қызметін  басқару  қабілеті,  өзін-
өзі жігерлендіру жəне өзіндік ұйымдастыруға бейімділігі; 
2) біліктілік - алынған кəсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір 
түрін құзыретті орындау дайындығының деңгейі; 
3) құзырет - білім, шеберлік, дағды, кəсіптік тəжірибенің бірлігі негізінде 
маманның  əрекет  ету  жəне  белгілі  бір  кəсіптік  міндеттер  жиынтығын  шешу 
қабілеттілігі; 
4)  оқу  жоспарының  моделі  -  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру 
мазмұнының 
негізгі 
инварианттық 
құрылымдық 
компоненттерін 
сипаттайтын оқу жоспарын ұсынудың нысаны; 
5) модуль - білім беру бағдарламасының тəуелсіз, өзіндік жеткілікті жəне 
толық бөлімі немесе оқыту кезеңі; 
6)  модульдік  оқыту  -  нақты  кəсіптік  құзыреттерді  қалыптастыруға 
бағытталған  жекелеген  өзара  байланысты  блоктар  түріндегі  материалдарды 
оқытуды құрылымдап, болжайтын оқыту жүйесі; 
7) оқытудың нормативтік мерзімі - нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, 
сырттай) бойынша кəсіптік оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі; 
8)  кəсіптер  мен  мамандықтардың  тізбесі  -  оқытудың  неғұрлым  жалпы 
параметрлерін  айқындайтын  кəсіптер  мен  мамандықтардың  жүйеленген 
тізілімі  (мамандықтың  бейіні,  кəсіптік  біліктілік  деңгейі,  базалық  білім 
беруге байланысты оқыту мерзімі); 
9)  білім  беру  бағдарламасы  -  пəндер  тізімі,  оқу  жұмысының  түрлері 
арқылы  білім  беру  жүйесінің  белгілі  бір  сатысының  білім  беру  мазмұнын 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау