Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет11/85
Дата16.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#14141
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85

26 
 
9.  Техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыруда 
оқу  əдебиеттері  мен  оқу-əдістемелік  құралдардың  кітапханалық  қорының, 
оның  ішінде:  электрондық  оқу  құралдары,  аудио  жəне  бейне  материалдар, 
əдістемелік  көрнекі  құралдар  жəне  пəндер,  кəсіптік  практикалар,  жазбаша-
біліктілік  жұмыстары,  дипломдық  жобалар  бойынша  ұсынымдардың 
болуымен қамтамасыз етіледі. 
10. 
Оқыту 
процесін 
материалдық-техникалық, 
оқу-əдістемелік 
қамтамасыз  ету  білім  беру  саласындағы  уəкілетті  органмен  белгіленген 
нормативтік талаптарға сəйкес болуы тиіс. 
11.  Білім  беру  бағдарламаларының  тəрбиелік  компоненттері  білім 
алушылардың  бойында  ұлттық  құндылықтарды  дарытуға,  патриоттық  пен 
азаматтылықты 
қалыптастыруға, 
жан-жақты 
қызығушылығы 
мен 
қабілеттерін дамытуға бағытталған. 
12.  Оқыту  процесін  жоспарлау  кезінде  техникалық  жəне  кəсіптік  білім 
беруді  əзірлеушілер  осы  стандартқа  1-қосымшаға  сəйкес  техникалық  жəне 
кəсіптік білім берудің оқу жоспарының моделін басшылыққа алады. 
   
3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне 
қойылатын талаптар 
  
13.  Білім  алушылардың  оқу  жүктемесінің  ең  көп  көлемі  аудиториялық 
жəне  аудиториядан  тыс  оқу  жұмысының  барлық  түрлерімен  қоса,  аптасына 
54 сағаттан аспауы тиіс. 
14.  Күндізгі  оқу  нысаны  кезінде  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру 
бағдарламаларын  меңгерудің  нормативтік  мерзімі  күрделігіне,  күтілетін 
белгіленген  біліктілік  деңгейіне  жəне  білім  алушылардың  базалық  білім 
деңгейіне қарай: 
1) негізгі орта білім  базасында  жалпы орта білім  алмай 1 жыл  10  ай оқу 
мерзімін; 
2)  жалпы  орта  білім  базасында  жалпы  орта  білім  алумен 1  жыл  10  ай,  2 
жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай, 3 жыл 10 ай оқу мерзімін; 
3) негізгі орта білім базасында - 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 
ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзімін; 
4)  техникалық  жəне  кəсіптік  білім  базасында  -  10  ай,  1  жыл  10  ай  оқу 
мерзімін; 
5) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында - 10 ай, 1 жыл 6 ай 
оқу мерзімін құрайды. 
15. Теориялық оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы 
көлемі  аптасына  кемінде  36  сағат  болатын  міндетті  оқу  жүктемесі  есебінен 
айқындалады  (бұл  ретте  көрсетілген  көлемге  факультативтік  пəндер 
бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді). 
Оқу жылы 1 қыркүйектен басталып, 1 шілдеге дейін аяқталады. Каникул 
уақыты жылына 11 аптаны құрайды, оның ішінде кысқы мерзімде - кемінде 2 
апта. 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


27 
 
1)  Факультативтік  пəндер  1  оқу  тобына  аптасына  4  сағаттан  артық  емес 
көлемде көзделеді. 
2)  Оқытудың  күндізгі  бөлімінде  білім  алушылар  үшін  консультациялар 
əрбір оқу жылындағы оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді. 
Консультациялар емтихандар мен курстық жəне дипломдық жұмыстарды 
орындау  түрінде  аралық  жəне  қорытынды  аттестаттаулар  көзделген  пəндер 
бойынша, сондай-ақ кəсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілік беруді 
ұйымдастыру жəне өткізу рəсімдеріне арналып жоспарланады. 
3)  Оқу  процесінің  жоспарында  білім  алушылардың  білім  беру 
бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылаудың мынадай түрлері: 
аралық аттестаттау; 
білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау; 
кəсіптік даярлығын бағалау жəне біліктілікті беру көрсетіледі. 
Жалпы  гуманитарлық,  əлеуметтік-экономикалық,  жалпы  кəсіптік  жəне 
арнайы пəндер бойынша емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім 
алушы  меңгеруі  тиіс  білім,  шеберлік  жəне  құзырет  деңгейіне  қойылатын 
талаптарға байланысты айқындалады. 
Бақылау  жұмыстары  пəнді  зерделеуге  бөлінген  оқу  уақыты  есебінен 
жүргізіледі. 
Семестрдегі курстық жобалардың саны біреуден аспауы тиіс. 
Бір  оқу  жылы  бойындағы  емтихандық  сессияның  жалпы  ұзақтығы  4 
аптадан  аспауы  тиіс.  Емтихандық  сессияның  бір  аптада  тапсырылатын 
емтихандардың саны екеуден аспауы тиіс. 
Барлық  пəндер  бойынша  аралық  аттестаттау  көзделеді,  оның  негізгі 
нысандары: бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу, емтихан болып табылады. 
Бақылау  жұмыстары  мен  сынақтар  осы  пəнді  оқытуға  бөлінген  оқу 
уақытының есебінен жүргізіледі; емтихандар - аралық аттестаттауға бөлінген 
мерзімдерде өткізіледі. 
Жалпы  білім  беретін  пəндер  бойынша  аралық  аттестаттау:  тіл,  əдебиет, 
Қазақстан  тарихы,  математика  жəне  (техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру 
ұйымдарының  таңдауы  бойынша  физика,  химия)  бойынша  емтихан  өткізуді 
көздейді. 
Білім  алушының  даярлық  деңгейін  бағалау  үшін  кəсіптік  білім  беру 
бағдарламасын меңгергеннен кейін қорытынды аттестаттау өткізіледі. 
Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды 
қорытынды аттестаттау: 
білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттауды; 
кəсіптік даярлық деңгейін бағалауды жəне біліктілікті беруді қамтиды. 
Білім беру ұйымдарында білім алушыларды аттестаттау оқытудың толық 
курсының  қорытындысы  бойынша  білім  алушылардың  білім  беру 
бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында өткізіледі. 
Білім  беру  бағдарламаларын  оқытуды  аяқтау  қорытындысы  бойынша 
білім  беру  ұйымдарында  өткізілетін  аттестаттаудың  ықтимал  нысандары: 
арнайы пəндер бойынша емтихан тапсыру немесе дипломдық жоба орындау 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау