Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет38/85
Дата16.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#14141
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85

90 
 
39. Докторанттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне арналып 
жасалады жəне мынадай бөлімдерден тұрады: 
1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады); 
2) 
ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу 
жұмысы 
(тақырыбы, 
зерттеу бағыты, мерзімі жəне есеп беру нысаны); 
3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі жəне есеп беру нысаны); 
4)  негіздемесі  мен  құрылымы  көрсетілген  докторлық  диссертация 
тақырыбы; 
5) докторлық диссертацияны орындау жоспары; 
6) ғылыми жарияланымдар жəне тағылымдамадан, оның ішінде шетелдік 
тағылымдамадан өту жоспары. 
40.  Докторантурадағы  оқу  сабақтары  инновациялық  технологиялар  мен 
оқытудың интерактивті əдістерін қолдана отырып жүргізілуі тиіс. 
41. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны осы стандартқа 1-
қосымшаға 
сəйкес 
докторантураның 
білім 
беру 
бағдарламасының 
компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады. 
   
3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне 
қойылатын талаптар 
  
42. Докторанттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы бойына əрбір 
пəн немесе оқу жұмысының түрін игеретін кредиттермен өлшенеді. 
43. ПОҚ оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу 
сабақтарын кесте бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке 
бекітілген  график  бойынша  оқытушының  білім  алушылармен  байланыс 
жұмысының 
уақытын 
білдіретін 
академиялық 
сағаттармен 
жүзеге 
асырылады. 
44.  Студиялық  жəне  зертханалық  сабақтардан  өзге  аудиториялық 
жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Студиялық сабақтар үшін 
бір  академиялық  сағат  75  минутқа  жəне  зертханалық  сабақтар  үшін  100 
минутқа тең. 
Докторант 
практикасының 
барлық 
түрлерінің, 
ғылыми-зерттеу 
(эксперименталды-зерттеу) жұмысының жəне қорытынды аттестаттаудың бір 
академиялық сағаты 50 минутқа тең. 
45. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит: 
1)  семестр  түріндегі  академиялық  кезең  бойындағы  докторанттың 
аудиториялық жұмысының; 
2) докторанттың кəсіби практика кезіндегі жұмысының; 
3)  докторанттың  ғылыми-зерттеу  (эксперименталды-зерттеу)  жұмысы 
(ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) кезінде ғылыми консультанттармен жұмысының; 
4)  докторанттың  докторлық  диссертацияны  жазу  мен  қорғау  бойынша 
жұмысының; 
5)  докторанттың  кешенді  емтиханға  дайындық  жəне  оны  тапсыру 
бойынша жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет. 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


91 
 
46.  Білім  алушылардың  оқу  жүктемесі  академиялық  сағаттардың 
ұзақтығымен  жəне  оқу  жұмыстарының  əр  түрлері  үшін  академиялық 
сағатпен  жүретін  оқу  сағаттарының  көлемдерімен  (50  минуттық  байланыс 
сағаттары) айқындалады. 
Аудиториялық  жұмыстың  бір  академиялық  сағаты  50,  75  немесе  100 
минутқа  тең  болуы  мүмкін.  Аудиториялық  жұмыстың  бір  сағаты  50,  75 
немесе  100  минутқа  тең  болғандықтан,  докторанттардың  аудиториялық 
жұмысының академиялық сағаттары тиісінше ДӨЖ сағаттарымен толығады, 
осылайша  докторанттың  семестр  түріндегі  академиялық  кезеңінің  бір 
аптасындағы бір кредит жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады. 
Практиканың 
əр 
академиялық 
сағаты 
докторанттың 
қосымша 
жұмысының  тиісті  оқу  сағаттарымен  (50  минуттан)  толықтырылады: 
педагогикалық  практика  үшін  -  1  сағат,  өндірістік  практика  үшін  -  4  сағат 
жəне зерттеу практикасы үшін - 7 сағат. 
Докторлық диссертацияның орындалуын қоса алғанда, ДҒЗЖ/ДЭЗЖ-ның 
əрбір академиялық сағаты 7 сағаттық ДӨЖ-бен толықтырылады. 
Қорытынды 
аттестаттаудың 
əр 
академиялық 
сағаты 
докторлық 
диссертацияны жазу жəне қорғау немесе кешенді емтиханға дайындық жəне 
оны тапсыру бойынша докторанттың оқытушымен байланыс жұмысының бір 
сағаты  болып  табылады.  Докторантты  қорытынды  аттестаттаудың  əр 
академиялық сағаты 6 сағаттық ДӨЖ-бен қамтамасыз етіледі. 
47.  Кредиттік  оқыту  технологиясында  докторанттардың  өздігінен 
орындайтын  жұмыстарының  көлемі  артады,  ол  екі  түрге  бөлінеді: 
оқытушының  жетекшілігімен  жүргізілетін  докторанттың  өзіндік  жұмысы 
(ОДӨЖ) жəне докторанттың өзі орындайтын жұмысы (ДӨЖ). 
48.  Оқытушының  жетекшілігімен  жүргізілетін  докторанттың  өзіндік 
жұмысы докторанттың оқытушымен байланыста орындалатын аудиториядан 
тыс  жұмысының  түрі  болып  табылады.  ОДӨЖ  оқу  сабақтарының  жалпы 
кестесіне кірмейтін жеке график бойынша орындалады. 
49.  ДӨЖ  бен  ОДӨЖ-дің  өзіндік  жұмыстың  жалпы  көлеміндегі 
арақатынасын жоғары оқу орны өзі анықтайды. 
50.  Дəріс  пен  практикалық  (семинар)  сабақтар  кезіндегі  докторанттың 
оқытушымен  байланыс  сағаттары  жиынтығында  əр  байланыс  сағаты  2  сағат 
ДӨЖ-бен қамтамасыз етіледі. 
Студиялық  жəне  зертханалық  сабақтар,  докторанттың  ғылыми-зерттеу 
(эксперименталды-зерттеу)  жұмысы,  қорытынды  аттестаттау  сияқты  оқу 
жұмыстарының  түрлері  үшін  ОДӨЖ  жоспарлау  қажеттілігін  жəне  оның 
көлемін жоғары оқу орны өзі белгілейді. 
51.  Докторантурадағы  оқу  жылы  академиялық  кезеңдерден,  аралық 
аттестаттау  кезеңінен,  практикалардан,  демалыстардан,  докторанттың 
ғылыми-зерттеу  (эксперименталды-зерттеу)  жұмысынан  жəне  соңғы  курста 
қорытынды аттестаттаудан тұрады. 
52. Академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден тұрады. 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау