Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



жүктеу 4,51 Kb.
Pdf просмотр
бет36/85
Дата16.05.2018
өлшемі4,51 Kb.
#14141
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85

86 
 
6)  PhD  доктор  немесе  бейін  бойынша  доктор  ғылыми  атағының  берілуі 
туралы  Қазақстан  Республикасы  құжаттарының  халықаралық  білім  беру 
кеңістігінде жəне халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету. 
11.  Докторантура  мамандықтарының  үлгілік  оқу  жоспарлары  осы 
стандарттың  ережелеріне  сəйкес  келуі  жəне  білім  беру  бағдарламаларының 
құрылымына,  көлемі  мен  мазмұнына,  нормативті  оқу  мерзіміне  жəне 
докторанттарды  даярлау  деңгейіне  қойылатын  талаптардың  жиынтығын 
анықтауы тиіс. 
ЖОО 
докторантура 
мамандықтарының 
тізбесі 
Қазақстан 
Республикасының  жоғары  жəне  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 
мамандықтарының бекітілген жіктеуішіне сəйкес болуы тиіс. 
12.  Докторантура  мамандықтары  шеңберінде  жоғары  оқу  орындары 
Ұлттық  біліктілік  шегіне,  кəсіптік  стандарттарға  сəйкес  жəне  Дублин 
дескрипторларымен жəне Еуропалық біліктілік шегімен келісілген білім беру 
бағдарламаларын өз бетінше əзірлейді. 
Білім беру бағдарламалары оқыту нəтижесіне бағдарлануы тиіс. 
13. Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің үшінші деңгейінің 
(сатысының)  білім  беру  бағдарламасын  аяқтағаннан  кейін  докторанттардың 
алған  білімінің,  білігінің,  дағдысы  мен  құзыретінің  деңгейі  мен  көлемін 
сипаттайтын  Дублин  дескрипторлары  оқу  нəтижелеріне,  қалыптасқан 
құзыреттерге,  сондай-ақ  ЕСТS  кредит  (сынақ)  бірліктерінің  жалпы  санына 
негізделеді. 
   
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар 
  
14.  Докторантураның  білім  беру  бағдарламасының  құрылымы  маңызы 
бірдей  екі  білім  жəне  ғылым  компоненттерінен  тұрады,  олардың 
арақатынасын, өлшемін жəне есебін көрсетеді. 
15. Докторантураның білім беру бағдарламасында: 
1)  базалық  жəне  бейіндеуші  пəндер  циклдерін  меңгеруден  тұратын 
теориялық оқыту; 
2) 
докторанттардың 
практикалық 
даярлығы: 
практика, 
кəсіби 
тағылымдамалар түрлері; 
3)  докторлық  диссертацияның  орындалуын  қамтитын  ғылыми-зерттеу 
(эксперименталды-зерттеу) жұмысы; 
4) аралық жəне қорытынды аттестаттау қамтылады. 
16.  Білім  беру  бағдарламалары  мамандық  пен  пəндердің  оқу-əдістемелік 
кешендерінің  негізінде  жүзеге  асырылады.  Мамандық  пен  пəндердің  оқу-
əдістемелік  кешендерінің  нысанын,  құрылымын  жəне  əзірлеу  тəртібін  білім 
беру ұйымы өзі айқындайды. 
17.  Жұмыстың  барлық  түрлерінің  еңбек  сыйымдылығын  есептеу 
меңгерілген материалдың көлемі бойынша жүзеге асады жəне оқудың нақты 
нəтижелеріне жетуге қажетті докторант пен оқытушының еңбек шығынының 
өлшем бірлігі болып  табылатын кредиттермен өлшенеді. Бұл  ретте  алдыңғы 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


87 
 
білім  деңгейінде  игерілген  кредиттерді  ескеретін  жинақтаушы  кредиттік 
жүйе қолданылады. 
Докторанттың  докторантураға  түсер  алдында  докторантураның  тиісті 
кəсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге қажетті барлық пререквизиттері болуы 
тиіс. Қажетті пререквизиттер тізбесін жоғары оқу орны өзі айқындайды. 
Қажетті  пререквизиттер  болмаған  жағдайда  докторантқа  оларды  ақылы 
түрде  меңгеруге  рұқсат  етіледі.  Мұндай  жағдайда  докторантурада  білім  алу 
докторант пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады. 
18.  Оқу  процесін  кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  ұйымдастыру 
кезінде оқу  пəнінің  көлемі  кредиттердің  бүтін  санын  құрауы  тиіс.  Бұл  ретте 
əр пəн, əдетте, 2 немесе 3 кредиттен кем болмайтын өлшеммен бағаланады. 
19.  Докторантураның  оқу  жоспарларының  барлық  нысандарында 
пəндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады. 
Əрбір пəн қайталанбайтын бір атауға ие болуы тиіс. Ол бір академиялық 
мерзімде  меңгеріліп,  аяқталған  соң  докторанттар  емтихан  нысанындағы 
қорытынды бақылауды тапсырады, ал кəсіптік практиканың барлық түрлері, 
курстық 
жұмыстар 
(жобалар), 
докторанттардың 
ғылыми-зерттеу 
(эксперименталды-зерттеу)  жұмыстары  бойынша  дифференциалды  сынақ 
тапсырады. 
20. Докторантураның білім беру бағдарламалары пəнді оқудың модульді 
жүйесі негізінде жобаланады. 
21. Базалық пəндер циклі (БП) міндетті компонент пен таңдау компоненті 
пəндерінен тұрады. 
22. Базалық пəндер (БП) циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарының жалпы 
көлемінің 50%-ын немесе 18 кредитті құрайды, оның ішінде 17%-ы міндетті 
компонент пəндеріне, ал 83%-ы таңдау компоненті пəндеріне бөлінеді. 
23.  Бейіндеуші  пəндер  циклінің  көлемі  үлгілік  оқу  жоспарының  жалпы 
көлемінің 50%-ын немесе 18 кредитті құрайды. 
Бейіндеуші  пəндер  циклінің  пəндері  таңдау  компонентіне  жатады  жəне 
оларды жоғары оқу орны өзі айқындайды. 
24.  Міндетті  компонент  пəндерінің  тізбесі  үлгілік  оқу  жоспарымен 
анықталады.  Міндетті  компонент  пəндерінің  көлемін  қысқартуға  жол 
берілмейді. 
25.  Таңдау  компоненті  пəндерінің  тізбесін  жұмыс  берушілердің 
талаптары  мен  еңбек  нарығының  сұранысына  сəйкес  жоғары  оқу  орны  өзі 
айқындайды. 
26.  Докторантураның  білім  беру  бағдарламасының  мазмұны  1-кестеге 
сəйкес белгіленеді. 
1 кесте 
  
№ 
Пəндердің жəне қызмет түрлерінің атауы 
Кредит 
бойынша 
көлемі 

Базалық пəндер (БП): 
18 
1) 
Міндетті компонент (МК) 
3* 
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. 
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
         27/08/2015


жүктеу 4,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау