Каз Мектеп-12-2016. indd



жүктеу 4,55 Kb.
Pdf просмотр
бет36/50
Дата15.05.2018
өлшемі4,55 Kb.
#13931
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50

77
www
.kazmektep.kz
Оқушының  барлық  жасаған  жұмысы  міндетті  түрде  бағаланды.  Егер 
оқушының жұмысы бағаланбаса, келесі жолы ол тапсырманы орындағанда 
немқұрайлы қарауы мүмкін, тіпті тапсырманы орындамай қоюы да ықтимал. 
«Оқушылардың  жауаптарын  қалай  ескеріп,  тыңдауым  керек,  түзету 
жұмыстарын қалай жасауым керек, олардың естерінде не қалуы керек » деген 
сұрақтарды назарда ұстадым. Балалардың сөйлеуі үшін уақыттың жеткілікті 
болуын қамтамасыз еттім. Оқушылар дұрыс жауаптары үшін  марапаттаулар 
естіп тұрды. Мысалы: «жарайсың», «тамаша», «керемет», «ақылшым менің» 
деген мадақтау сөздер арқылы жүзеге асты. Ол тікелей де, жанама түрде де 
нәтижелі болды. Бағдарламадағы жеті модуль ішінен жас ерекшелігіне сай 
білім беру, көшбасшылық, сын тұрғысынан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа 
әдіс-тәсілдер қамтылды. Бағдарламаның идеясын жетік түсініп, сыныптағы 
ахуалды  өзгертіп,  әдістерді  жаңартып  отырудамын.  Әрбір  сабақтарды 
түрлендіріп  отырамын.  Өткен  сабақтарымнан  бүгінгі  сабақтарым  қызықты  
әрі көңілді өтіп жатқанына сенімдімін.
«Бұлақ  көрсең,  көзін  аш»  деген  керемет  нақыл  сөз  бар.  Мектептегі 
мұғалімдер барлық оқушыларға бірдей білім береді.  Алдына келген әрбір 
шәкірттің қабілетіне, ынтасына, икеміне қарай оның өз пәніне қатысты да-
рыны  мен  талантын  айқындайды.  Кей  оқушылардың  білімге  икемі  жоқ 
болғанмен, оның спортқа немесе музыкаға, биге, сурет салуға икемі болуы 
ықтимал.  Зияткерлік-дарындылық,  шығармашылық-дарындылық,  әртістік-
дарындылық,  музыкалық-дарындылық,  техникалық-дарындылық  және 
спорттық-дарындылық  дегендей.  Ондай  оқушылармен  шығармашылық 
деңгейде жұмыс істеген жөн. «Шығармашылық дегеніміз – тереңірек қазу, 
жақсырақ  қарау,  қателерді  түзеу,  жануарлармен  сөйлесу,  тереңірек  сүңгу, 
қабырғаны  тесіп  өту,    күндей  жану,  құмнан  қамал  тұрғызу,  болашақты 
қабылдау», – деп Паль Торренс айтқандай, оқушылардың дарындылығы мен 
талантын бірден анықтай салу мүмкін емес, психологиялық талдау жүргізу 
арқылы  оқушының    ішкі  және  сыртқы  іскерлігін,  қоғамдық  жұмыстарға 
қатысу  белсенділігін  ескеріп,  мұғалімдерінің,  сыныптастарының,  ата-
аналарының  сұхбатының нәтижесімен таныса отырып іске асырудамын. 
Оқушының  жас  ерекшелігіне  сай  білім  беру  тақырыбы  өте  кере-
мет  таңдап  алынған.  Жоғары  деңгейлі  оқушыға  арналған  тапсырмалар-
ды  төменгі  деңгейлі  оқушыға  беруге  мүлдем  болмайтынына  көзім  жетті. 
Өйткені, жоғары деңгейлі оқушы төменгі деңгейлі оқушының тапсырмасы-
нан  зерігеді,  ал  төменгі  деңгейлі  оқушы  жоғары  деңгейлі  оқушының  тап-
сырмасына алаңдайды. Өз сабақтарымда жас ерекшелікке сай келеңсіздіктің 
болуына жол бермеуге тырысып бағудамын. Өткізген сабақтан түсінгенім – 
оқушылардың бір-біріне қойған сұрақтары да олардың жас ерекшеліктеріне 
сай келетінін білдім. 
Аталған модульдер мен оқытудағы барлық жаңа әдіс-тәсілдер оқушыға 
сапалы  білім  беруге  негізделген.  Тек  сапалы  білімі  бар  саналы  ұрпақ  қана 
табысты мемлекеттің дамуына жақсы үлес қосады. Осы модульдерді үнемі 
түрлендіре отырып оларды тәжірибеде қолдану арқылы, оқушыға білім беру 
күрделі,  жауапты,  қиындығы  мол  үдеріс  екенін  сезсем  де,  алдыма  келген 
әрбір шәкірттің жүрегіне жол табу, дарындылығын, талантын, көшбасшылық 
қабілетін  анықтау,  оқытуда  ынтымақтастықты  қалыптастыру,  бағалау,  сын 
тұрғысынан  бағалау,  сын  тұрғысынан  білім  беру,  оқыту,  жас  ерекшелігіне 
сай  білім  беру,  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану, 
оқушыларды зерттеу, қалай оқу керектігін үйрету, дамыту, уәждеу – осының 
бәрі  менің  өз  қолымда  екенін,  жауапкершіліктің  көбейгенін,  санамның 
кеңейгенін түсіндім. Кешегі мен бүгінгінің айырмашылығы жер мен көктей.
Нені жаңартқым келеді?  
–  Оқушылармен  кеңесіп,  олардың  оқудағы  қажеттіліктерін  толығырақ 
зерттеуді;
–  Оқушылардың  өзінше  білім  алуына  толық  жағдай  жасауды,  өмірге 


78
www
.kazmektep.kz
бейімдеуді.
Ы.Алтынсарин  «Мектептің  тынымсыз  соққан  жүрегі»  деп  мұғалімнің 
алатын  орнын  өте  керемет  суреттеген.  Адам  өмір  сүре  бастағаннан  бастап 
оқудың  қажеттілігін  түсінді  және  сол  жинақтаған  білімдерді  ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізуді мақсат етті. Білім арқылы өмірдегі барлық жұмбақтардың 
сырын ашуға ұмтылды. 
Мұғалім – өскелең ұрпақ пен қоғам арасын байланыстырушы. Ол ең қиын 
үдерісті  басқарады.  Қоғам  мұғалімге  ең  жауапты  тапсырма  жүктейді. 
Ұстаз  еңбегі  үнемі  жаңарып,  шығармашылыққа  бағытталған  болуы  тиіс. 
Ұстаз – бүгінге емес, болашаққа қызмет ететін мемлекет  қызметкері. Ол за-
ман  дамуынан  артта    қалмастан,    өзін-өзі    жан-жақтан  дамытып,  ғылыми- 
теориялық білімін және  педагогтік  мамандығын үнемі жетілдіріп отыруға 
талаптанады.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Ордабасы ауданы.


79
www
.kazmektep.kz


80
www
.kazmektep.kz
№1, қаңтар 
С. Бектенғалиева. Мешін жылында мерейіміз үстем болсын! ............................3
Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму  .................4
Р. Мұратханова.  Тәуелсіздікпен құрдас қарашаңырақ ..........................................5
Э. Оразбаева. Үздік мектеп кітапханашысы байқауы ........................................10
Г. Жайылғанова. Дарынды оқушы – мектеп тарихындағы алтын әріп ...........11
Ә. Дюсебаева. Кәсіби тұрғыдан сапалы даярлау – басты мәселе ......................13
М. Ботаева. Дара туған ақын Сара .......................................................................16
А. Есболатова. Желтоқсан. Тәуелсіздік .................................................................20
Қазақстандық ғалымның Ресейдегі мәртебесі .....................................................23
Н. Кәріпбаева, В. Полевик, Л. Қажыгелдиева, В. Пешкова.  Көктемгі
  танымжорықты өткізу әдістемесі ..................................................................24
Қ. Молдабаева.  Электрондық коммуникацияны ағылшын тілін оқытуда қол-
  дану ........................................................................................................................26
Р. Садықова.  Парсы тілін оқытудың әдістемелік жақтары ............................28
Р. Кръстева, А. Иванова.  Особенности системы преподавания предмета 
  “Физическая культура”.......................................................................................30
Ұ. Серікбаева.  Ақ түске қатысты символдық ұғымдар ....................................32
К. Қаражанова.  Еңбек – тәрбиелеудің басты құралы ........................................34
Л. Қабылбекова.  Тарих тағылымы ......................................................................38
Ү. Ақатанұлы.  Көбейткіштерге жіктеулердің әртүрлі тәсілдері ..................39
Е. Құсайынов. Темір, оның табиғатта таралуы, қасиеті, алынуы, 
  қолданылуы ...........................................................................................................42
Б. Айтқалиева.  Ғ.Мүсіреповтің “Жаңа достар” әңгімесі ................................44
Г. Ақмағанбетова.  Оқушы жетістігін сырттай бағалау .................................45
М. Балғынбаева.  Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы ...47
Қ. Қожағалиев.  Аралас сабақ ................................................................................48
М. Жамалбаев.  Екі көрініс негізінде үшіншісін салу...........................................49
М. Акебаева.  Устное народное творчество ........................................................51
Қ. Әбдірахман.  Нағыз қазақ – домбыра ...............................................................54
С. Ешмұқамбетова.  Өлсе өлер табиғат, адам өлмес ........................................56
З. Мырзаханова.  Мейірімділік ...............................................................................58
Г. Зубайдаева.  Менің достарым ............................................................................60
Ж. Наркеева.  Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік ....................................62
С. Ұзақбаева.  Қазақ халық педагогикасы тағылымы
G. Yestepbergenova. Lesson plan
№2, ақпан 
С. Бектенғалиева. Ұстаздар ұстаханасына жанашыр болса...   ........................3
А. Құсайынов. Нақты іс-шара қажет  ..................................................................4
Е. Рақымбаев. Орта білім беру ісіндегі кейбір өзекті мәселелер ......................12
Н. Ахметқалиев, А. Құрмашева. Сапалы әрі табысты оқуға қол жеткізу – 
  басты талап ........................................................................................................19
Ж.Омарова, Ә. Асанова. Тереңдете оқытудың тиімді жолдары .....................22
А. Оңғарбаева, Ш. Бореева. Мұғалімдерді шығармашылық жұмыстарға 
  баулу ......................................................................................................................24
Н. Аманов. Мұғалім – мектептің ұстасы ............................................................26
А. Аймағамбетов, Т. Әміртайұлы.  Сындарлы саясат, игі идея иегері ............29
Ш. Кәріпбаева.  Қазақ халық дәстүрлері – тәрбие құралы ................................33
Қ. Молдабаева.  Электрондық оқулықтарды пайдалану тиімділігі ..................36
З. Абдишева, А. Садвакасова.  Психофизиологиялық даму ерекшеліктері ......38
О. Катренко.  Психологический анализ трансформаций духовно-нравственных 
  ценностей (1981–2013 году): женщина – девушка ..........................................41
С. Бектенғалиев.  Ақтөбе жеріндегі тарих тұнбалары ....................................47
Г. Каримкулова.  Әліппеге мың алғыс! ..................................................................50
А. Көрпебаева.  Шоқан – әлемдік деңгейдегі ғалым ............................................55
“ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ” ЖУРНАЛЫНДА 
2016 ЖЫЛЫ ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР


жүктеу 4,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау