Фариза Оңғарсынова Өлеңдер жинағы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет25/26
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#13536
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

қара ормандар сыңсығанда. 
Сайра, жұртты жасқандыра, 
ұғынбаған құлақ талсын! 
Ойға батсын жастар мына, 
қарт негрлер жылап та алсын. 
О, гитара сұңқылдаған, 
қара түннің сырласы ма ең? 
Төндіргенде бұлтын ғалам 
тиылмаған түн жасы ма ең? 
Сен сайрасаң, қандар ысып, 
бір бұлқыныс басталады. 
Сиқыр сағым алдан ұшып 
қара түннен жасқанады. 
О, гитара, сайра дағы 
балқыт балғын денені сен. 
Балқыт мылқау айналаны 
мен жылаймын, 
сен егілесің. 
Жылағаным – ашынғаным, 
әуеніңді үдетші үзбей! 
Ал, ашынсам – басылмадым 
қара жерді дір еткізбей!.. 
Екінші ырғақ 
Кетсе де бақ тасаға, 
сен жалғыз бақсың маған. 
Тақыр қып таптаса да, 
ешкімді жатсынбаған, 
ешкімге таңданбаған, 
о, менің аңғал далам! 
Келгендер шарық табан 
сені еміп тойынуға, 
өктемсіп шалықтаған 
әндетіп қойныңда, 
төсіңді арамдаған, 
о, менің адал далам! 
Топастар жанды ұға ма – 
еселер қайғы-мұңды. 
Тентіреп қаңғығанға 
ақтарып байлығыңды, 
құлазып құлдыраған, 
о, менің мұңды далам! 
Даланың ұқпай мұңын 
жүргенге өшігер ем – 
әлсізбін, шықпайды үнім… 
Қайткенде төсіңе мен 
бақ құсын қондыра алам, 
о, менің сорлы далам! 
Күтумен әділетті 
жылаудан жасы кепкен 
өңінен әрі кетті 
қайысып қасіреттен, 
сонда да жалтармаған, 


о, менің дархан далам! 
үшінші ырғақ 
Басыңдар сазды әуенге 
қара түндерде күй тынбасын, 
сылқым қимыл мен сұлу мүсіндер 
бей-жай әлемді сиқырласын! 
Қара түндерде 
сері сезімдер ойқастасын, 
қамау кірпіктер айқаспасын, 
күндіз көрінбес балғын денелер 
сезімсіздерге жай тастасын! 
Қасіреттерін күндіздің 
адал түндерге дарытпасын, 
адам түндерде тарықпасын, 
күндіз қол жетпес еркін сәттерде 
құса көңілдер шалықтасын! 
Тынбасын билер 
түргенше ару күн іргесін, 
мұң толы жанар күлімдесін, 
түндерде әппақ сезімді жандар 
күндіздерінен түңілмесін! 
Төртінші ырғақ 
Мен қарамын - 
қасіретім бұл маңдайда сорым болған, 
азап-мұңның қадады оғын жалған. 
Жетімі етіп бұл тағдыр жер үстінің, 
зұлымдықтың жарына соғылды арман. 
Мен қарамын - 
табиғаттың мен де бір перзентімін, 
арқалаған бейнетін жер бетінің. 
Ақ көңілім, таза арым - жазам менің, 
қаралығым - бар күнәм, кем-кетігім. 
Мен қарамын - 
қасиетті түндердей адалдығым, 
жүректерді өртеген жанар нұрым. 
Мен сұстымын қарғаудан сұм тағдырдың 
маған деген бақытқа сараңдығын. 
Мен қарамын - 
табиғаттың өзіндей сұлумын мен, 
қаныма ыстық құйылған қызу күннен. 
Бір әділет күтумен бұл жалғаннан 
қара тас боп ішімнен тынып жүргем. 
Мен қарамын - 
қаным сіңген қара жер таң құшпаған, 
таң құшпаған, содан кек-арды ұштағам, 
сезе тұрып күшіңді бұрқана алмай... 
О, дәрменсіз сорлылық — қарғыс саған!.. 
Негр қызының бірінші монологы 
Қасиетті түндерде, 
қасіретті түндерде 
құштар жандардан, 
ыстық қандардан 


жаратылдым, 
демеймін дара тудым. 
Алаңсыз күлімдеген, 
қайғыдан түңілмеген 
мен сәби болатынмын. 
Ананың көкірегінен, 
даланың от іреңінен 
сезімнің пәктігін алғам. 
Күдіксіз көңілде бір күй, 
күтуші ем өмірден ылғи 
туардай сәтті күн алдан. 
Көңіл шат. Мол-ды арманым. 
Жоқтықта қорланбадым, 
білмедім жабығуды, 
мұңайып қамығуды 
күдіктер жат-ты маған, 
еліктей шапқылағам. 
Ақ қызбен жарысқанда, 
мен кеттім алысқа – алға. 
Сонда олар күлкі қылды: 
“Сен лас, тағысың” деп 
мен алғаш намысым кеп, 
қарғадым түн түрімді. 
Негр қызының екінші монологы 
Мынау қарғыс атқан заманда, 
арды сатқан заманда, 
қасқая қарап сескенбей 
жын қағып кеткен ғаламға, 
халқыма теңдік іздеген, 
шындықтан күдер үзбеген 
менің де сорым бес елі. 
Жүрегім кекті, көңіл кем, 
нұр тайып албырт өңімнен, 
әділет пенен шындықтан 
жұрдай боп тұрған өмірден 
не көрдім дермін ғасырға 
осынау отызға жетпеген жасымда?! 
Ала алмай кеткен есені. 
Халқымды қорлап кеміткен, 
жерімді таптап желіккен 
мықтылармен алыстым 
қиындықтарға көніп мен, 
еш пендеден кем еместігімді паш қылып, 
қойса да заман көмейіме менің тас тығып. 
Жалтақты көзге ілмедім, 
жылағандарға күлмедім, 
әлсіздердің алдында 
күштісінуді білмедім. 
Еркіндікті аңсар көкірегімді қысты-ау бықсығы 
мынау мәдениеттілер салған түрменің. 
Негр қызының үшінші монологы 
Негрдің байтақ даласы - 


мекенім менің бақыттылыққа тапшылау, 
қасіретімен, тақсіретімен жаныма жақын, жақсылау, 
қайырын бермеген көк түтін завод, космостық алып 
алаңдар, 
көкірегіңді сорып, қозғалтпай қойды тас бұғау. 
Солардың бәрін сыйғызған саумал кеудеңнен 
өз перзентіңе сая бере алмай қасірет шегіп 
жатсың-ау... 
Мен қызың ем 
ақ үмітпенен еркіндіктерге талпынған. 
Сүйіктімменен күн кешер ем-ау басым айналып балқудан. 
Мен саған сені қастерлеп өтер қызу қанды ұлды 
сыйлар ем, 
“аналап” ерер артымнан. 
Азабыңды сенің көргенде бірақ, бар бақыттардан 
безіп мен 
тағдырыңды ойлап алқынғам. 
Мен енді саған өзімді тұтас арнадым, 
Қанымды сорса да, қастерлі жолдан тартынбан! 
Сен үшін менде жан құрбан! 
Сені “тағы” деседі 
сұрғылт пенделер тентіреп келген ұмытып елін, 
мекенін 
(соларға қаным қайнамай енді не етемін?!), 
құштарлықтардан мақұрым қалған сорлы кеуделер 
ұққан ба 
тағылым — деген табиғаттай пәк тағылықта ғана 
екенін! 
Олар білмейді - 
қорлауы менен кемітуінің өзі сабақ боп, 
есейтіп мені кетерін. 
Мен өкінбеймін, 
ағылсын мейлі жүрегімнен менің жосып кан, 
о, қорқау заман, зұлымдығыңды тосып қал! 
Менің өмірбаяным – 
мұңды даламның қасіретінен туған қаћарлы күштің 
басы бұл 
озбырлық пенен өктемдікті де шошытқан!.. 
 
 
*** 
 
Сен ызаландың ба екен: 
қампық қарынды отандастарың қараңғы көкірек, түн кеуде 
дүниенің бәрін алтынмен өлшеп, алшаңдай басып 
жүргенде? 
ұят, ар-намыс, әділет деген сені тыншытпаған көп 
ойлар 
қаңсыған бастарға кірген бе?! 
Адамдардағы топастық пенен ойсыздық – 
бұл жалғандағы қасірет осы-ау білгенге. 
Құшақ кеуделі көңілдері соқыр олардан 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау