118
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
ше? Көзіңе Фәтима Жансүгіровалар елестейді! Оның тергеушісі
одан кешірім сұрады ма, сұрамады ма – білмеймін! «Люмпен
интеллигенцияны» оқысаң, көшеде арақ сатып жүрген аспирант,
күнін көре алмай жүрген академик, қасапшы болып алған мұғалім-
қазақтар есіңе түседі!
Айтар сөз, ағытар сыр көп, Әттең! Егемендігіне есі шығып мәз
болып жүрген менің қандастарым Алаш ақындарын насихаттап
болғандай, енді бізге Вознесенский қалды ма деуі мүмкін. Айтуын
– айтады. Адамзаттық алтын идеялар көзден бұлбұл ұшып, рулық,
тайпалық, ұлттық өзеуреген өзімшіліктің аяғының астында тап-
талып бара жатыр! Әрине, қазақ ақындары жөніндегі әңгіме-
жыр аяқталған жоқ әлі. Басталды. Бірақ Вознесенскийді білмей
жатып, Олжасты түсінбеспіз. Ресей – Ермолов емес – Пушкин,
Солженицын емес – Сахаров, Акаки Аккакиевич те емес – Андрей
Вознесенский ғой!
Ақынның жалғыз орысқа ғана емес, қазаққа да қарата айтқан бір
ауыз өлеңімен тәмәмдағалы отырмын:
Мы летим вперед,
огляним назад.
Какой раньше рай!
Какой раньше ад!
Мой родной народ
оглянись вперед!
АНТИ-ПОЭЗИЯ атқа мінді! Цивилизация Пегасты ағаштан
жасап шығарғалы қашан; оның да тұлпардың тұяғына ұқсас
тұяғы, салпы ерні, салқы түсі, кең сауыры бар. Абайша айтқанда:
«шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақтың» өзі дерсің. «Аяңы тымақты
алшаң кигізгендей, кісіні бол-бол қағып жүргізгендей» (Абай). Сол
ағаш аттың үстінде АНТИ-ПОЭЗИЯ миығынан күліп тұр!
-4-
АНТИ-ПОЭЗИЯ-ның атасы Дарвин адамзат үмбетінің түп-
төркіні маймылдан тараған дейтін теорияны темір қазық етіп
ұстанған тұста екінің бірі, егіздің сыңары күдіктенбей көнген осы
пәтуаға қаймықпай қарсы шыққан екі ержүрек адам болды. Оның
бірі – Дағыстанның ақыны Расул Ғамзатов. Екіншісі – қазақтың
ақыны Жұматай Жақыпбаев. «Үндістанда аңыз етіп айтады: «Ең
бірінші пайда болған жылан» – деп. Дағыстанда аңыз етіп айтады:
«Ең бірінші пайда болған қыран» – деп. Мен ойлаймын: табиғаттың
қолынан, ең бірінші туған – Адам, соңынан, – біреуі оның кетті
119
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
айналып – қыранға, біреуі оның кетті айналып – жыланға».
(Р.Ғамзатов). Расул (арабтың пайғамбар деген сөзі) анда-санда бір
туатын поэзияның асқақ пайғамбары. Оны жетпіс жыл жер ша рының
зәре-құтын ұшырған ұлы империяның өзі мойындаған-ды. Сол ұлы
ақынның өзі диамат пен истматтан именшектеп, Дарвинге деген
өкпесін қыран мен жыланға балап жеткізгенде, Түркі қағанаты ның
бір боздағы қазақша айтса алтыбақан алауыз жұрты түсінбей қала ма
деген оймен өлеңін өзге тілде жазып, Алашты ұлы империямен өз
тілінде сөйлестірген-ді: «Дарвин не прав, у нас другие гены, друг-
друга не убивают обезьяны…».
Қателесті-ау, Дарвин,
Қанымыз біздің бөлек-ті:
Маймылды маймыл бауыздай алмаса керек-ті.
Етімді қуырып, жемеші, ей, құртша кеміріп,
Керемет дәм бе ол?
Кетпессің одан семіріп?!
«Крокодил» еді сүйікті менің журналым,
Бетінде оның мысқылдап күліп тұр – жаным.
Дегенмен…
Күнде өзегімді өртеп жырларым,–
Бабамның маймыл болмағанына ырзамын!!!
Күні кеше ғана қасымызда, қатарымызда жүргенде келмеске
кеткен көне түркі дүниесінің уытты рухы бойына дарыған Жұматай
ақынды танымай, түсінбей қалуымыздың басты себебі – біздің
қазақшылдығымыз емес, нағыз шынайы қазақ бола алмағандығымыз
еді. Ататегі де, анатегі де – асыл, аталы сөзге тоқтайтын жұрт та осы
еді. Аузымен құс тістеген Жұматай сынды ақындары қырықтың
қырқасынан аспай, қыршынынан қиылып жатса, бұған қазақ халқы
емес, үш жүз жылғы бодандықтан бордай тозған тобыр кінәлі.
Осы тобырдың ұлы Абай ашына шенеген арамза пиғылы, асылық
мінез-құлқы Абылай дүниеден көшіп, патшалық Ресейдің сайқал
саясаты қаћарына мінген тұста қарақұртша балалап, коммунистік
отаршылдықтың тұсында тіпті ие бермей кетті. Ахмет пен Міржақып,
Мағжан мен Сәкен, Қасым мен Мұқағалилар осы кезде мерт болды
да, Жұматайлар осы кезде дүниеге келді. Осы кезде туғанмен, осы
кезде өлетінін өзі іштей жақсы біліп, Абайдың тұсында Алашқа тән
қан тамырлары суала бастаған қазақтың ана тілінде азалы жырын
айта жөнелді. Бірақ оны қазақтық, халықтық кескін-келбе тінен
айрылып, Мәңгүрттің бейдауа бейнесіне түскен тобыр түсінген жоқ.
Адамды – албасты, ұлтты – құбыжық, халықты тобырға айналдыру
үшін оған сойқан соғыс жариялап, қанын суша ағызудың қажеті
шамалы. Ана тілінен айырсаң, жетіп жатыр екен!
120
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Қазақ – кеңес поэзиясы (егер оны поэзия деуге болса)
демьянбедныйшыл, маяковскийшіл мақамға түсіп алып, халықтың
бәйгеге қосқан тұлпары озбай, тобырдың тұғыры көмбеден күнде
көрініп жатқанда Жұматай Жақыпбаев ешкімге еліктеп-солықтамай
өзегіндегі өз сөзін айтып кетті. 1975 жылы «Жазушы» баспасынан
шыққан «Көктем тынысы» жинағына қырық шамалы жас ақын-
ның өлеңі жарияланды. Жұматаймен бірге менің де топтамам осы
кітапта жарыққа шыққан еді. Мен оны өзіммен құралыптас шығар
деп жүрсем, ол менен бес жас үлкен екен. Жұматаймен алғаш
1988 жылы Алматыда таныстым. «Жоңғар Алатауынан бір ақын
келіпті. Ләйлә дейтін аруға ғашық екен. Сол қызға арнаған жүз
шамалы өлеңі бар екен деседі. Өзі де жігіттің сұлтаны көрінеді.
Сәкен сынды сұлу да, маңғаз. Мағжан сықылды терең де, жұмбақ
деседі.» Жұматайды тұңғыш көргенде елдің айтқанының шынайы
шындық екеніне көзім жетті. Атан түйе сықылды алшаң-алшаң
басады. Артық ауыз сөз жоқ. Жымиып қойып сөйлегенде аузынан
бал тамғандай. Адам баласынан айылын жимай, көшеде жүру
ережелерін бұзып жүретін Мұқағали ағасы құсап, бұл да өзін емін-
еркін ұстайды. «Жалын» альманағында поэзия бөлімін басқарады
екен. Тұмағаң (Т.Молдағалиев) қолқа салып, Талдықорғаннан
астанаға шақырып алыпты. Алматыдағы талантты жас ақын атаулы
Жұматайдың маңында. Мұның алдында тірі классик болып, бізге
мұрнын шүйіріп қарайтындардың жүні жығылып қалған. Сондай
бір іштар ақынсымаққа Жұматай айтыпты-мыс деген бір өлеңді ел
ауыздан ауызға қағып әкетіп жүр: «Ілеспесін біледі көшке өлеңі,
құм беттеніп, күн көрмей өскен өңі, – шала өлеңші болады – шала
сыншы, шала емеске сол шата өш келеді...»
Жұматайдың Алматыға келуі жыр сүйер қауымға бір оқиға
болды. Тайқы мен таланттың, өлеңші мен ақынның ара жігін айыра-
тын заман келе жатқандай. Баспадан бір кітабы шықпай жатып,
бірнеше дәлдүріштің зәре-құтын алуға болатынын біздің ұлттық
әдебиетімізде алғаш рет осы Жұматай дәлелдеп кетті. Ұлы Түрік
Қағанатының ежелгі бір бұтағы қазақ халқының бойындағы бүгінгі
көзі тірі ұрпағы көз жазып қалған ұлылық мен сұлулықты тап басып
тану үшін Жұматайды оқу керек. Түркі дүниесінің кере меті мен
кемелін Жұматайға дейін ұлы Мағжан ғана тереңнен тол ғаған еді.
«Саратан айы. Сарала тауда. Салқын қыр, Саралатауға жұғып
тұр кешкі жақын нұр. Жалқын нұр жұққан ақ үйдің жаны, аузына,
жаулығын бүркеп, жалтаңдай қарап жарқын жүр. Жаутаң көз ару
құбақан құлын мүшелі, өндірдей ұлдың өңінде көрген түсі еді.
Сөзіме менің сылқылдай қатса ішегі, аузынан лекіп алқызыл гүлдер
түседі»... Бұл — кім? Дүние жүзінен қолына шырақ ұстап іздесең де
кездестіре алмайтын, тек біздің елде ғана бар ару-қазақ қызы!
Достарыңызбен бөлісу: |