47
Өл е ң н і ң К е н е ж и р е н і Бі р і н ш і б ө л і м
Айтақын БҰЛҒАҚОВ
ЖҰМАҒҰЛ-ШОРАҒА
Мен рас оны көргем жоқ,
Амандаспадым барып та.
Жұмағұл-Шора өлген жоқ,
Сапарлап кеткен ғарышқа.
Ғарышқа кеткен күлімдеп,
Жұлдыз боп бәлкім шашылар.
Жүрегін берген тілімдеп,
Жаһанда аз ғой жақсылар.
Керуен соңы көш еріп,
Нояндар жиған қағаным.
Көк-Тәңір алған көтеріп,
Тигізбей жерге табанын.
Көз жасын көлдей төгіп жүр,
Әлемнің бүгін жартысы.
Жел болып бетін өбіп жүр,
Ләйләнің қызыл шарфысы.
Сұлулар біздің сұр мерген,
Шайырда қандай өші бар?
Ләйлә оған у берген,
Арабқа тиіп несі бар?!
Сарноқай аймақ сарғайған,
Шұғынық гүлі шұрайлы.
Ләйлә да бүгін қартайған,
Бір сұлу тағы мұңайды.
«Білім шапағаты», 5 ақпан, 2010 жыл.
48
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Құсайын БЕЙСЕБАЕВ
ЖҰМАТАЙ ТУРАЛЫ ЖЫР
Мінезі де, өлеңі де ешкімге ұқсамас дара талант
Жұматай Жақыпбаевты еске алу
1
Сонау бір жыл. Ұмытылмас, есімде
Талдықорған. Күздің қоңыр кешінде
Тұрған кезім бекетінде көліктің,
Келе алмай бір жөні түзу шешімге.
Көлік болса Жаркентке жүрмек ем,
Жолаушымын. Билет қолға тимеген.
Байыздамай бебеу қақты көңіл-құс,
Бұрын-соңды туламаған, бұл неден?
Көңіл жүйрік алас ұрды тыншымай,
Шыдас берсе жалқы жүрек жұлқымай.
Әрі-сәрі ой толқыны тербейді,
Көлік те жоқ. Күннің мына қырсығы-ай!
Бұл күні де кете алмадым, кетпедім,
Тұрып-тұрып пәтер жаққа беттедім.
Қарсы алдымнан шыға келді Жұмекең:
-Келіп едім таусылып қап «оттегім» –
Деп күлді де қатты қысты қолымды, –
– Қайдан жүрсің, киімің бар қонымды,
Жаркентке барып келдің, қу бала,
Ал, жумасаң болмайды енді жолыңды.
Күліп тағы қағып қойды иықтан,
Лебізі ме көңілімен жылытқан.
– Барып келдім Жаркентке, Жұм-аға,
Дос-жаранды көріп қайттым ұмытқан.
Осылай деп шындығымды жасырдым,
Мінезіне басып әккі тасырдың.
– Барып келсең бәрекелді. Құсайын,
Ауырғанын жазар болдың басымның.
49
Өл е ң н і ң К е н е ж и р е н і Бі р і н ш і б ө л і м
Мәз болғаны-ай көзі күліп ағаның,
Кірбіңі жоқ көрдім ашық қабағын.
Қара мұртын қайта-қайта сылады,
– Бұл ағаңды жарылқасаң жарадың.
Жүзін көрдім жас балаша қуанған,
– Жырың болса оқы, – деді, шығарған.
Жұрт білетін Жұматайдың жанында,
Өлең оқу – болушы еді бір арман.
Сол арманға қолым бүгін жеткендей,
Төрт-бес өлең оқыдым-ау көп көрмей.
Жақсы деп те, жаман деп те айтпады,
Көңіл бірақ биікке ұшты кептердей...
2
Пәтерге де келіп жеттік бір демде,
Сәлем берді ол ауызғы үйге кіргенде.
– Жұдырықтай жүрек соғып тұрғанда,
Қайда қалып, қайда кірмес бұл кеуде.
Осыны айтып жылы жүзбен жымиды.
– Қайдан тауып алғансың, – деп, – бұл үйді.
Орын болса өткізбекпін осында,
Бүгінгі күн, бүгінгі кеш-іңірді...
Сөз етпеңіз, орын-дағы табылар,
Бұл пәтерде жақсы адамға – бәрі бар.
Дедім дағы газға апарып шай қойдым,
Көк құманға су толтырып танымал.
«Морозкадан» қойдың басын шығардым,
– Түу бұлайша жол сапарын жуар кім, –
Деп қуанып жылы күліп отырды,
Қонағы боп қонып қалам суанның.
Саған айтып берейін бір мөлдір ән,
Бар болса әкел, қос ішекті домбыраң.
Деген тұста қалдым қатты қысылып,
Жоқ болып қап сол дүнием – сол мұраң.
50
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Ымырт қонды. Шай ішілді, тағам да,
Көңілдіміз, мен де, ақын, ағам да.
Сұлу мұртын жиі сипап қояды,
Құрастырып қалың өлең табанда.
Қыза-қыза кеңге сілтеп құлашты,
Өмір жайлы, өлең жайлы сыр ашты.
Сырын бүкпей емен-жарқын отырды ол,
Ойларын да ортаға сап тым ащы.
Сырбаз ақын сырға бөлеп пәтерді,
Ұзақ таңға «Ләйлә» жырын әкелді.
«Ішкен ердің қалың болар қайғысы» –
Көп қайталап осынау бір мәтелді...
3
Сонау бір жыл ұмытылмас, есімде,
Талдықорған. Қоңыр күздің кешінде
Тұрған кезім бекетінде көліктің,
Әрі-сәрі келе алмай бір шешімге.
Ерік беріп, желік беріп ақылға,
Кездескемін сұлу мұртты ақынға.
Жаркентке бармасам да жасырып,
Тағы барам, – деп қойғамын, жақында.
Мықты ақынның талантына бас ұрып,
Осылайша бір шындықты жасырып,
Қалып едім. Болмаса да Жұматай,
Қысыламын қалардай сол ашылып...
Содан бері өтті жылдар, өтті Ай, күн,
Өткен күнге айтар өкпе, жоқ қайғым.
Сұлу кеште сұлу жырын оқыған,
Сұлу мұртты Жұматайды жоқтаймын.
«Жерұйық» , 27 сәуір 1993 жыл.
51
Өл е ң н і ң К е н е ж и р е н і Бі р і н ш і б ө л і м
Зайда ЕЛҒОНДИНОВА
ЖҰМАҚҚА ЖАЗЫЛҒАН ЖҮЗ ХАТТАН
ҮЗІНДІ...
Менің Жұматайым!
Сен кеткелі алты жүз жыл өтті...
Мен сол қалпымдамын,жүректі алтындадым.
Қара алмастай қатайып жалтылдадым.
Кіреуке күн ұялап жанарыма,
Сәл-сәл ұяң тартты жарқын жаным.
Есіңде ме екеуміз, оңашада сыр ашқанда,
Өмірдің қысқалығын айтып жыласқанда,
Жұмбақ жұлдыз жымиып тұратын-ды,
Бізге қарап мәңгілік нұр аспанда.
Біз қандай бақытты едік, мөлдір едік,
Жанымызға ақ арман сеңгір егіп,
Ақ сезімге шомылып айлы түнде,
Бас айналып, бақыттан елжіредік.
Сезінбедік өмірде ажал барын,
Атой салып кеудеде мазаң дарын.
Сені жырлап өзімше мен бақытты ем,
Сен де төктің жүректің ғазалдарын.
Соның бәрі келгендей ертегіден,
Қайда кетті шат күлкі, көркем рең.
Сені ойласам бүгінде Айға қарап,
Сол бақытты сәтімдей ерке күлем.
Достарыңызбен бөлісу: |