28
сондықтан, біз жоғарғы өнімділікті беретін заманауи процессорлар мен
дербес компьютерлерге арналған Delphi жоғарғы деңгейдегі тілді
бағдарламалық өнімді қолдандық. Оларды қолдану типтік емес инженерлік
және ғылыми есептерді орындау кезінде, сондай-ақ, сандық мәліметтердің
ауқымын өңдеу кезінде ақталады, өйткені, бағдарламаның жазуы мен ретке
келтіру уақыты маңызды түрде қысқартылады.
Дайын бағдарламалық қамсыздандыру негізінде пайдаланудың әдеттегі
қажеттілігіне бағытталған орнатылған қызмет түрлерінің шектеулі түрін
құрайды.
Орнатылған қызметтердің сандарын шектеу, пайдаланушының
бағдарламалық қамсыздандыруды меңгеруге ұмтылу және оперативті жұмыс
кезіндегі қателіктерді жасауды болдырмаумен түсіндіріледі. Сонымен қатар,
пайдалану тәжірибесінде жеке құбылыстар мен жағдайлардың анағұрлым
талдау қажеттілігі туындайды. Бұл үшін қолда бар ақпараттың стандартты
емес талдауы қажет. Кез-келген талдаудың негізі - бастапқы мәліметтерді
өңдеу. Қандай-да бір өнімді немесе қызметті өндіруге бағытталған әр
кәсіпорын үшін арнайы мамандандырылған бағдарламалық өнім қажет. Көп
жағдайда ұйымдардың ойдағыдай және табысты қызмет етуі үшін
мәліметтерді өңдеуге, басқаруға және жинаудың автоматтандырылған үрдісін
жүзеге асыратын дамыған ақпараттық жүйе қажет. Ақпараттық жүйелердің
заманауи формасы болып мәліметтер банкі табылады, олардың құрамында:
- есептегіш жүйе;
- мәліметтер базасын басқару жүйесі (МҚБЖ);
- бір немесе бірнеше мәліметтер базасы;
- қолданбалы бағдарламалардың жинағы (мәліметтер базасының
қосымшалары);
- Олардың қысқаша түсініктемелерін қарастырып көрейік.
Мәліметтер базасы ақпараттарды сақтаумен қатар, мәліметтерге жедел
және ыңғайлы түрде кіруге мүмкіндік береді. Ол әртүрлі сипаттағы, нақты
және анықталған тәртіп бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің өзара
байланысын көрсетеді.
Мәліметтер базасында мынадай ақпарат болуы тиіс:
- қарама-қайшы емес;
- артық емес;
- толыққанды.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МҚБЖ) - МБ құру, қолдану мен
жүргізу үшін арналған тілдік бағдарламалық құралдардың жиынтығы болып
табылады. МББЖ қолдану сипатына қарай былай бөледі: дербес және
көпқолданылатын. Өз кезегінде МББЖ дербес түрі бір компьютерде жұмыс
атқаратын жергілікті мәліметтер базасын құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
МББЖ дербес түріне: Paradox, dBase, FoxPro, Access және тағы басқалары.
Ал МББЖ көпқолданылатын түрі сәулетте «клиент-сервер» түрінде қызмет
ететін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Анағұрлым
29
көпқолданылатын МББЖ құрамына Oracle, Informix, SyBase, Microsoft SQL
Server, InterBase. Заманауи МББЖ тілдік құралдарының құрамына мыналар
кіреді:
- Мәліметтердің логикалық құрылымын түсіндірме жазуға арналған
мәліметтерді жазу тілі;
- Мәліметтерге негізгі операцияларды орындау үшін арналған,
мәліметтерді басқару тілі;
- МБ құрылымын және мәліметтерді басқаруды қамтамасыз ететін,
сонымен қатар, қашықтағы мәліметтер базасына кірудің стандартты құралы
болып табылатын, құрылымдалған сұраныстардың (SQL) тілі;
-
Мәліметтер базасына сұраныстардың визуалды құрылысын
қамтамасыз ететін (QBE, Query By Examle) бейнесін сұрау тілі.
Қолданбалы
бағдарламалар
немесе
қосымшалар,
мәліметтер
базасындағы мәліметтерді өңдеу үшін қызмет етеді. Пайдаланушы жұмыс
пен мәліметтер базасы басқаруды қосымшалардың көмегімен жүзеге
асырады, олар мәліметтер базасының қосымшалары деп аталады.
Кейбір жағдайларда «мәліметтер базасы» терминін тым кең мағынада
түсіндіреді және олармен тек мәліметтер базасын ғана емес, сондай-ақ,
оларды өңдейтін қосымшаларды да белгілейді.
Delphi жүйесі МҚБЖ болып есептелмесе де, МҚБЖ толықтай дамыған
мүмкіндіктерін құрайды. Delphi-мен берілген құралдар жергілікті және
клиент-серверлік мәліметтер базасын құрайды және жүргізеді, сонымен
қатар, кез-келген мәліметтер базасымен жұмыс істеу үшін арналған
қосымшаларды әзірлейді. Delphi жүйесін кәдімгі МҚБЖ деп атау, бір
жағынан, «өзінің» кесте форматының жоқтығы(мәліметтерді жазу тілі),
себебі, ол басқа МҚБЖ кестелердің форматтарын қолданады, мысалы, dBase,
Paradox немесе InterBase (алайда, бұл кемшілік болып саналмаса керек,
өйткені аталған форматтар өздерін жақсы танытқан болатын), ал екінші
жағынан, әртүрлі мақсаттағы қосымшаларды құру жағынан, оның ішінде,
мәліметтер базасының қосымшаларын құру, Delphi мүмкіндіктері МҚБЖ
мамандандырылған мүмкіндіктерінен кем емес, кейбір жағдайларда, тіпті
артық деуге де болады. Мәліметтер базасы қандай-да бір қолданбалы
ақпараттық жүйемен қолданылатын мәліметтерін құрайды. Мәліметтерді
ұйымдастырудың түрлеріне байланысты базадағы мәліметтердің мынадай
негізгі үлгілерін қарастырады:
- Иерархиялық;
- Желілік;
- Реляциондық;
- Нысаналы-бағытталған.
Иерархиялық үлгіде мәліметтер ағаш сияқты (иерархиялық)
құрылымды
көрсетеді.
Мәліметтердің
осындай
ұйымдастырылуы
иерархиялық түрде реттелгенақпаратпен жұмыс істеу барысында ыңғайлы,