Персонала при работе с компьютером



жүктеу 0,68 Mb.
Pdf просмотр
бет17/23
Дата14.05.2018
өлшемі0,68 Mb.
#13440
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

46 

 

- жазатайым оқиға болған жердегі жергілікті құқық қорғау органына; 



-  өндірістік  және  ведомстволық  бақылау  мен  қадағалаудың  өкілетті 

органдарына; 

Кәсіптік  немесе  аса  ауыр  кәсіптік(улану)  ауру  кезінде  тергеп  тексеру 

комиссиясының 

жұмыстарына 

Мемсанэпидқызмет 

немесе 

кәсіптік 



ауытқуларды зерттеу орталығының өкілдері қатысады. 

Аса  ауыр  кәсіптік(улану)  ауруы  болған  жағдайларды  жеке  тергеп 

тексеруді  Мемсанэпидқызмет  пен  кәсіптік  ауытқуларды  зерттеу  орталығының 

өкілдерімен  жиырма  төрт  сағат  аралығында,  ал  кәсіптік  созылмалы  кәсіптік 

ауруларды хабарды алған күннен бастап жеті күн аралығында орындайды. 

Комиссияның жұмыстарында сондай-ақ, жұмыс берушімен немесе зардап 

шегушімен  сәйкес  келісімді  қарым-қатынаста  тұрған  сақтандыру  ұйымының 

өкілі қатысуға құқығы бар. 

Басқа  ұйымға  өндірістік  тапсырманы(қызметтік  немесе  келісімді 

міндеттерді орындау үшін) немесе жалпы білім беру және кәсіптік мектептерде, 

жоғарғы  оқу  орнындарында  оқитын  оқушылар  мен  студенттердің  өндірістік 

кәсіптік тәжірибелерін өту барысында болған жазатайым оқиғалар орын алған 

кездеоқиға  болған  ұйымның  жетекшісімен  құрылған  және  зардап  шегушінің 

өкілетті өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссия тексереді. 

Басқа ұйымның аумағында орналасқан және жұмыс атқаратын ұйымның 

жұмысшысы жазатайым оқиғадан зардап шеккен болса, оқиға болған ұйымның 

жауапты  өкілінің  қатысуымен  оның  жұмыс  берушісінің  қарамағында 

орындалады. 

Көліктік  құралдың  апатқа  ұшырау  нәтижесінде  болған  жазатайым 

оқиғалар 

көліктік 

инспекцияның 

тергеп 

тексеру 


материалдарының 

негіздемесінде жүргізіледі. 

Көліктік инспекцияның органдары көліктік апаттық оқиға болған кезден 

бастап  комиссия  төрағасының  талабы  бойынша  жазатайым  оқиғаның  тергеп 

тексеру жұмыстары бойынша қажетті құжаттардың көшірмесін бес күн ішінде 

көрсетулері тиіс. 

Жұмыс  берушіге  немесе  жұмысты  ұйымдастырушыға  дер  кезінде 

жазатайым  оқиға  туралы  хабарланбаған  болса  немесе  оқиғаның  нәтижесінде 

зардап  шегушінің  жұмысқа  қабілетсіздігі  дереу  болмаған  кезде(ескіру 

мерзіміне  қарамастан),  зардап  шегушінің  және  оның  өкілетті  өкілі  арызымен 

немесе  мемлекеттік  еңбек  инспектордың  белгілеуі  бойынша(әрі  қарай  - 

меминспектор) арызды тіркеген күннен бастап және белгілеуді алғаннан кейін 

тергеп тексеріледі. 

Ереженің  17  тарамағынды  қарастырылғандардан  басқа,  жазатайым 

оқиғаларды  тергеп  тексеру,  жазатайым  оқиға  болған  мезеттен  бастап  жиырма 

төрт сағат аралығында ұйымның жетекшісімен мынадай құрамда құрылады: 

-ұйымның(кәсіптік 

қызметтің) 

төрағасы-жетекшісі 

және 


оның 

орынбасары; 




47 

 

-ұйымның 



еңбек 

қорғау 


қызметінің 

мүшелері-жетекшісі, 

жұмысшылардың  өкілетті  органдарының  өкілі  және  зардап  шегушінің  сенімді 

тұлғасы(келісім бойынша); 

Арнайы тергеп тексеруге мыналар жатады: 

- ауыр немесе өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар; 

-  бір  уақытта  екі  немесе  одан  да  көп  жұмысшылармен  болған  топтық 

жазатайым  оқиғалар(зардап  шегушілердің  жарақаттарының  ауырлығына 

қарамастан);  аса  ауыр  кәсіптік  аурулардың  нәтижесінде  болған  топтық 

жазатайым оқиғалар(улану). 

Ауырлығы  мен  нәтижесіне  қарай  жазатайым  оқиғаларды  арнайы  тергеп 

тексеру  еңбек  бойынша  аумақты  өкілетті  мемлекеттік  органымен  құрылған 

мынадай құрамда жүргізіледі: 

- еңбектің мемлекеттік инспекторы-төрағасы; 

ұйымның еңбек қорғау қызметінің мүшелері-жетекшісі, жұмысшылардың 

өкілетті органдарының өкілі және зардап шегушінің сенімді тұлғасы. 

Топтық жазатайым оқиғалардың нәтижесінде екі адамның өліміне әкеліп 

соққан болса, тексеруді Астана мен Алматы қалаларының, облыстың еңбек бас 

инспекторымен басқаруымен құрылған комиссия жүргізеді. 

Топтық  жазатайым  оқиғалардың  нәтижесінде  үш-бес  адамның  өліміне 

әкеліп соққан болса, тексеруді еңбек бойынша мемлекеттік өкілетті органымен 

құрылған  комиссиямен,  ал  бестен  артық  адамның  өлімі  болған  жағдайда 

Қазақстан Республикасының Үкіметінің құрған комиссиясы жүргізеді. 

Сарапшының  нәтижесін  талап  ететін  сауалдар  туындаған  кезде  арнайы 

тергеп  тексеруді  жүргізетін  комиссияның  төрағасы,  ұйымның  мамандары, 

оқымыстылардың және бақылаау-қадағалау органдарының ішінен сарапшылар 

комиссиясын құрады. 

Жарылыстың, апаттың, қираудың және ұйымның нысаналарындағы басқа 

да жазатайым оқиғалардың нәтижесінде жоғалып кеткендерді(кеткенді), зардап 

шеккендерді  (шеккенді)  әрі  қарайғы  іздестіру  апаттық-құтқару  мен 

мамандардың-сарапшылар  жетекшісінің  сараптау  нәтижелерінің  негізінде 

(заңнамамен белгіленген жағдайлардан басқа) арнайы тергеп тексеру бойынша 

комиссиясымен жүргізіледі. 

Арнайы  тергеп  тексеру  бойынша  комиссия  төрағасының  рұқсатынсыз 

куәгерлерді,  көзімен  көргендерді  сұрау,  сонымен  қатар  жазатайым  оқиғаны 

кіммен болса да, қандай комиссия болса да комиссиямен тағайындалған жұмыс 

күндерінде екінші жақтан тергеп тексеруге қатаң тыйым салынады. 

 

 




48 

 

4.3 



Жабдықтардың  қызмет  етуі  кезіндегі  қауіпсіздік  ережелерінің 

тәртібі 

 

Кеңсе техникасын техникалық қамтамасыз ету. 



Кеңсе  техникасы  -  компьютерлер,  сыртқы  (шалғай)  жабдықтар,  желілік 

жабдықтар, көшірме және көбейткіш жабдықтар. 

Компьютер 

мәліметтерді 



құруды, 

сақтауды 

және 

өңдеуді 


автоматтандыру  үшін  арналған  электронды  құрал.  Құрамына  жүйелік  блок, 

монитор, пернетақта, манипулятор-тышқан. 

Сыртқы(шалғай)  жабдықтар  -  компьютерге  қосылатын  құрылғылар. 

Сыртқы(шалғай)  жабдықтардың  құрамына  келесі  техниканы  енгізеді: 

принтер(әріпті-цифрлі  ақпаратты  шығарып  алу  үшін  компьютерге  қосылатын 

баспалық құрылғы - матрицалық, бүріккіш, лазерлі), үздіксіз қуат көзі, желілік 

сүзгілер, сканер. 

Желілік жабдықтар - байланыс каналдарымен компьютерлердің түйіндесу 

қызметін  атқаратын  техникалық  құрылғы.  Желілік  жабдықтарға  келесі 

техниканы енгізеді: шоғырсымдар, желілік тақта, концентраторлар. 

Көшірме  және  көбейткіш  техникасы  -  құжаттарды  көбейтуге  арналған 

электрлі құрылғы(әрі қарай мәтінде - ксерокс). 

Қауіпсіздіктің жалпы талаптары: 

-  кеңсе  техникасына  және  оны  пайдалану  үшін  жауапкершілік  бөлімнің 

жұмысшылары мен техникаға жауапты жұмысшыларға артылады; 

-  электрлі  желілердің  шамадан  артық  жұмыс  істеуі  нәтижесінде  кеңсе 

техникасының  істен  шығуын  болдырмау  үшін,  кеңсе  техникасы  қорғаныс 

құрылғыларымен  қамтамасыз  етілуі  тиіс(желілік  сүзгі  немесе  үздіксіз  қуат 

көзі); 

- үздіксіз қуат көзі мен желілік сүзгі болмаған жағдайда, кеңсе техникасы 

пайдаланып  отырған  розеткаға  басқа  электрлі  құралдарды  қоспуын  қатаң 

қадағалау қажет. 

Филиалдың  барлық  кеңсе  техникасы  келесі  параметрлері  бар  электрлі 

желі арқылы жұмыс істейді: кернеу - 220 В, жиілік - 50 Гц, ток көзінің қуаты - 

1,5  А.  Осыған  байланысты  кеңсе  техникасын  пайдалану  кезінде  электр 

құралдарын пайдаланудың қауіпсіздік ережелері сақталуы тиіс: 

-  кеңсе  техникасы  қосылып  тұрған  розетканы  желіні  қамтамасыз  ететін 

кернеуді көрсетіп жапсырма қағазбен белгілеу қажет; 

-  кеңсе  техникасы  қосылып  тұрған  розеткаларды  ыбырсытуға  тыйым 

салынады; 

кеңсе  техникасын  пайдалануды  басқару  мен  қызмет  етуін 



ыңғайыландыру  үшін  нақты  бөлім  жұмысшыларының  арнайы  фирмалардың 

жөндеумен айналысатын тұлғаларына еркін рұқсат беру; 

- ақаулықты өз бетімен жөндеуге тыйым салынады; 

-  кеңсе  техникасын  орналастыру  үшін  арналған  орынның  тегіс  беті  түзу 

және берік болуы тиіс. Орналастыру кезінде кеңсе техникасы мен тегіс бетінің 

тірегінің арасында 5-10 см қашықтықты сақтауды қадағалау керек; 




жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау