5-қосымша
Қысқарған сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғану үлігісі
АЗТМ, -нің, -ге
АДК, -ның, -ға
АКЭЛ, -дің, -ге
АҚШ, -тың, -қа
АПН, -нің, -ге
БКП, -нің, -ге
ВАСХНИЛ, -дің, -ге
ВЛКСМ, -нің, -ге
ВЦСПС, -тің, -ке
ГДР, -дің, -ге
КПСС, -тік, -ке
ООН, -ның, -ға
СССР, -дің, -ге
ФИФА, -ның, -ға
Алматы ауыр машина жасау заводы
Алматы үй құрылысы комбинаты
Еңбекші халықтың прогресшіл партиясы
(Кипр)
Америка Құрама Штаттары
Жаңалық баспасөз агенттігі
Болгар Коммунистік партиясы
В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл
шаруашылық ғылым академиясы
Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік
Жастар Одағы
Кәсіподақтардың Бүкілодақтық Орталық
Советі
Герман Демократиялық Республикасы
Совет Одағы Коммунистік партиясы
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Советтік Социалистік Республикалар
Одағы
Халықаралық Футбол Федерациясы
Әріптік қысқарған сөздердің екі түрі бар: бірі – әріптердің атауы бойынша оқылатын
аббревиатуралар, мысалы: СССР, айтылуы – эс-эс-эс-эр; БКП, айтылуы – бе-ка-пе; ЭВМ,
айтылуы – Э-ве-эм т.б.; екіншісі – әріптердің дыбысталуы бойынша оқылатын қысқарған
сөздер, мысалы, ТАСС, айтылуы – тасс; ГРЭС, айтылуы – грэс т.б.
Әріптік аббревиатуралар қазақ тілі қосымшаларымен түрленгенде, осы ерекшеліктер
ескерілуге тиіс. Яғни әріптердің аттары бойынша оқылатын қысқарған сөздерге қосымша
соңғы әріптің аты бойынша жалғанада, мысалы, СССР-дің, өйткені айтылуы – эс-эс-эс-эр-
дің; ЭВМ-ге, өйткені айтылуы – э-ве-эм-ге; ГДР-ге, өйткені айтылуы – ге-дэ-эр-ге. Ал
әріптердің дыбысталуы бойынша оқылатын қысқарған сөздерге қосымша жуан, не
жіңішке болып, құрамындағы дауысты дыбысқа үндесе жалғанады: ТАСС-тың, СМУ-ға,
СЭВ-ке, БАМ-ға, ВАСХНИЛ-ге, МАГАТЭ-ге (5-қосымша).
Қысқарған сөздердің орыс тілінен өнімді түрде енуі төл қысқарған сөздердің
жасалуына да әсер етті. «Ауатком», «аупарком» тәрізді сіңісті атаулармен бірге жазу
дәстүрінде ТТТ (түрлі-түсті телевизия), мультжинақ (мультфильмдер жинағы) т.б. жаңа
үлгілер де қолданылып жүр. Ал аударма әдісімен жасалған СОКП, БЛКЖО, СОТА (КПСС,
ВЛКСМ, ТАСС аббревиатураларының қазақша толық атауларынан қысқартылған) тәрізді
үлгілер тілдің қоғамдық-әлеуметтік міндеттеріне сай бола алмады, өйткені
аббревиатуралар – интернационалдық, ресми сипаттағы сөздер, сондықтан да олар барлық
тілде мүмкігінше бірдей таңбалануға тиісті. Бұл тілдік, сондай-ақ информациялық қарым-
қатынасты жеңілдетеді.
2. АРАБ-ПАРСЫ ТІЛДЕРІНЕН ЕНГЕН СӨЗДЕРДІҢ ОРФОГРАФИЯСЫ
Қазіргі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамында шығыс халықтары тілдерінен
ауысқан болып есептелетін (араб және иран тілдерінен енген және түркі, монғол тілдеріне
ортақ сөздер
51
) бір топ қабат бар. Бұл топтағы сөздер ішінде қазақ тіл білімінде әсіресе
араб-парсы тілдерінен енген сөздер көбірек зерттеліп келеді; соңғы жылдардың өзінде
бірнеше түсіндірме сөздіктер
52
және ғылыми еңбек
53
жарық көрді.
Басқа түркі тілдерімен салыстыра қарағанда, қазақ тілінің сөздік құрамында араб-
парсы элементтері онша көп емес. Зерттеуші Л.З. Рүстемов қазіргі қазақ әдеби тілінде
әдеби нормаға түсіп қалыптасқан және активті қолданылатын араб-парсы сөздерінің саны
небәрі 15 процентке жуық екенін айтады
54
.
Түркі тілдерінде араб-парсы тілдерінің мейлінше ықпал еткен кезеңі – өткен ғасырлар.
Ал өткен ғасырларда түркі халықтарында қарым-қатынас жасауда тілідің ауызша сөйлеу
формасының ролі жоғары болғандығы белгілі. Сондықтан да түркі тілдерінің көпшілігінде
араб-парсы тілдеріне тән сөздер фонетикалық та, графикалық та түрін өзгертіп,
қабылдаушы тілдердің дыбыстық-фонетикалық заңдылықтарына бейімделіп қалыптасқан.
Бұл сипат қазақ тіліне де тән; көне жазба ескерткіштерінде, қисса-дастандарында, өзге де
жазба тіл нұсқаларында кездесетін араб-парсы сөздерінің өзі «қазақ тіліне онша сіңісе
қоймағанымен»
55
, түпнұсқа қалпын, араб-парсылық графикасын толық дәрежедесақтамай,
қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкес, айтылу-естілу ерекшеліктеріне қарай
қалыптасқан.
Түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының да араб-парсы елдерімен тікелей
немесе жанама қоғамдық-мәдени байланыстары өткен кезеңдерде ғана болып, қазір
тоқталғандықтан, сөз ауысу процесі де бәсеңдеп, саябырлады.
Ал қазақ әдеби тілінің сөздік құрамындағы байырғы араб-парсылық сөздер – тілдің
қарым-қатынас жасау қызметіндегі аса активті элементтердің бірі. Әсіресе, оқу-ағарту.
Білім, мәдениет, салаларында қатысты терминдік атаулардың жасалуында немесе төл
сөздердің айрықша стильдік реңкті синонимдік қатары болып жұмсалуда да бұл қабаттың
мүмкіншілігі мол. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздердің қазақ тілінде ір түрлі
дыбысталуы нәтижесінде пайда болған вариант қатарлардың кейбір үлгілері
семантикалық дифференциафиялану процесіне ұшырап, жеке-жеке ұғымдардың,
түсініктердің, қоғамдық-саяси атаулардың баламасы ретінде қалыптасып орнықта,
мысалы, өкімет (власть) – үкімет (правительство), өкіл (представитель) – уәкіл
(уполномоченный), ілім (учение) – ғылым (наука), қазір – әзір, хал – әл, ауа – әуе т.б. Осы
ізбен уәде – уағда (алғашқысы бейтарап мағынада, ал екінші сыңары уағдаластық,
уағдаласу сияқты қоғамдық-саяси мәндегі терминдердің жасалуына негіз болып отыр),
мәлімет – мағлұмат, оқиға – уақиға варианттары да дара мағыналарымен сараланып
келеді. Сондай-ақ араб-парсы тілдеріндегі бір сөздің жекеше-көпше тұлғаларының қазақ
тіліндегі қатар қолданыстарының бір тобы ір түрлі мағыналармен ажыратылса (мысалы,
хал – ахуал (қоғамдық-саяси термин), хабар – ақпар, ғалым – ғұлама, лұғат – ұлағат,
тарап – атырап, рай – арай), енді бір тобы төл сөздермен синонимдік қатар түзеп, сөз
байлығын толықтыруға қатысады; мысалы, ишара, ишарат, нышан, нышана т.б. Араб-
51Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі: Лексика, фонетика. Алматы, 1975. 96-б.
52Оңдасынов Н. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. Алматы, 1969; Сонікі. Парсыша-қазақша
түсіндірме сөздік. Алматы, 1974; Бекмұхамедов Е. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері. Алматы,
1977.
53Рүстемов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері. Алматы, 1982.
54Сонда. 21-б.
55Сонда. 155-б.