Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл



жүктеу 0,92 Mb.
Pdf просмотр
бет27/30
Дата14.05.2018
өлшемі0,92 Mb.
#13242
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

фундаменталь система, фундаменталды группа, фундамент анықтауыш; потенциальный

– потенциалдық қисық сызық, потенциалық энергия және т.б.

Жалпы  –ист, -изм, -щик, -чик, -ер, -щина, -тура, -ант, -ив  қосымшалары арқылы

жасалған   термин   сөздердің   ұлт   тілдеріне   қабылдануында   мынадай   заңдылықтар   бар.

Көпшілік   жағдайда   бұл   қосымшалар   арқылы   жасалған   сөздер   аффикстерімен   бірге

қабылданады, ал егер түбір сөздің өзі қабылдаушы тілде жеке тұрып та қолданыла алатын

болса, онда орыс тіліндегі орыс тілі сөз тудырушы қосымшалары ұлт тідеріндегі (-чи/-чі,

-шы/-ші, -лық/-лік т.б.) эквиваленттерімен беріледі

47

. Және де -ист, -изм -ер, -щина, -вед,



4-қосымша

Бір буынды сөздерге қазақ тілі қосымшаларының жалғануы

1

2



акр, акр-ға, акр-ы

акт, акт-і-ге, акт-і-сі

альт, альт-қа, аль-ты

бант, бант-қа, бант-ы

бинт, бинт-ке, бинт-і

бюст, бюс-ке, бюс-і

вальс, вальс-ке, вальс-і

верфь, верфь-ке, верф-і

винт, винт-ке, винт-і

вист, вист-ке, вис-і 

вуаль, вуаль-ға, вуал-і

гимн, гимн-ге, гимн-і

гонг, гонг-і-ге, гонг-і-сі

диск, диск-і-ге, диск-і-сі

жест, жес-ке, жес-і

князь, князь-ға, княз-ы

лорд, лорд-қа, лорд-ы

матч, матч-қа, матч-ы

нерв, нерв-ке, нерв-і

пост, пост-қа, пос-ы

ткань, ткань-ге, ткан-і

тост, тост-қа, тос-ы

факт, факт-і-ге, факт-і-сі

ферзь, ферз-і-ге, ферз-і-сі

фильм, фильм-ге, фильм-

і

фунт, фунт-қа, 

фунт-ы

шарф,   шарф-қа,

шарф-ы


шарж,   щарж-ға,

шарж-ы


шах, шах-қа, шах-ы

цех, цех-қа, цех-ы

-ив, -ант  арқылы жасалған сөздердің беретін терминдік мағынасына нұқсан  келмейтін

жағдайда   ғана   бұл   қосымшалар   ұлт   тілдеріндегі   тиісті   формаларымен   ауыстырылады.

Мысалы,  коммунист, турист, материалист, машинист, фигурист  және  тракторист  –

тракторшы,   штангист   –   штангашы,   репортер,  монтер,   модельер,   шахтер  және

комбайнер  –  комбайыншы,   боксер  –  боксші,   спортсмен  –  спортшы,   рекордсмен   –

47Баскаков Н.А. Көрсетілген еңбек, 63-б.




рекордшы  және  конгрессмен,   бизнесмен;  прогрессивный   –   прогресшіл,   флективный   –

флексиялық,экспрессивный   –   экспрессиялық  т.б.   Осы   заңдылықтар   ізімен   жазуда   әр

түрліліктер мен жарыспалылықты болдырмас үшін -альн, -льн дыбыстарына аяқталатын

сөздердің   емлесін   екі   ыңғайда   топтастыруға   болады:  документті   –   документальды   –

документальді  вариантарының   алғашқысы   –   әдеби   норма;  экспериментті   –

эксперименталды   –   экспериментальды  қатарларының   біріншісі   –   әдеби   доминант   сөз

және   т.б.;   өйткені   бұл   лексикалық   единицалардың   түбірлері   жеке   қолданылып,   қазақ

тілінің   сөз   тудырушы,   сөз   түрлендіруші   морфемаларымен   өзгере   алады.   Ал

дифференциалды,   профессионалдық,   натуралды,   коммуналды,   универсалды  тәрізді   сын

есімдердің   түбірлері   де   (дифференциал,   универсал,   натурал,   коммунал)

колданылатындықтан,   сөз   соңында   жіңішкелік   белгісі   жазылмайды;   яғни

диффенренциальды  емес,  дифференциалды; натуральды  емес  натуралды; коммунальды

емес, коммуналды және т.б. 

§   4.  Қысқарған   сөздердің   жазылуы.    Күрделі   атауларды   ықшамдап   қысқартып

қолдану   –   тіл   дамуындағы   жаңа   құбылыстың   бірі.   Бірқатар   зерттеулерде   қысқарған

сөздердің тілдің қазіргі қоғамдық-әлеуметтік қызметіндегі аса сайлы, қажетті элементтер

екендігі   дәлелденіледі

48

.   Шындығында   да   коммуникативтік   актіде   сөздерді   қысқартып



қолдану   амалының   тиімді   тұстары   бар;   негізінен   ғылыми   стильде,   ресми-

публицистикалық   материалдарды,   газет-журналдар   мен   радио-телевизия   тілдерінде

қолданылатын   қысқарған   сөздер   айтар   ойды   нақты,   тұжырымды   етіп   беруге,   сонымен

бірге орын, уақыт үнемдеуге де әсер етеді. Мысалы, «Қазақ Совет Энциклопедиясының»

1-томын жасауда күрделі атауларды қысқартып жазудың көмегі арқылы 300 000 таңбадай

орын үнемделіп, соның нәтижесінде том жаңа, үстеме мағлұматтармен байытылған; ал

«Социалистік Қазақстан» газетінің бір нөмірінде 9 000 таңбадай орын үнемделген, бұл

қзге материалдардың жариялануына мүмкіндік туғызған

49



Қазақ тілінде күрделі атаулар төрт түрлі жолмен қысқаратындығы мәлім



50

. Жеке сөз,

дара   лексикалық   единица   болғандықтан,   қысқарған   сөздердің   жазылуы,   олардың

қосымшалармен түрленуі белгілі бір қағидаларға сүйенілуі тиіс. Қазіргі қазақ жазуында

бұл   жайт   нақтыланып,   қалыптасып   бір   арнаға   түсті:   күрделі   атаулардың   бастапқы

дыбыстарынан қысқарған сөздер бас әріппен, бірге жазылады (мысалы,  КПСС, ВЛКСМ,



ЭВМ); күрделі атаулардың құрамындағы сөздердің бірінші буындарының (және күрделі

атаудың  екінші  сөзі  толық  алынған  жағдайда  да)  ықшамдалуынан  жасалған  өысөарған

сөздер   біркелкі,   кіші   әріптермен   бірге   жазылады   (мысалы,  совхоз,   пединститут,

интербригада); оларға қазақ тілінің қосымшалары соңғы буынға үндесе жалғанады. 

Қазіргі жазу тәжірибесінде әріптік аббревиатуралардың қазақ тілі қосымшаларымен

өзгеруінде орфографиялық ағаттықтар байқалады. «Негізгі ережелерде» сөздердің басқы

дыбыстарынан алынған қысқарған сөздерге қосымшалар соңғы дыбыстың айтылу әуеніне

қарай жалғанып, дефис арқылы жазылатындығы көрсетілген, бұл – қысқарған сөздердің

айтылу,  оқылу,  жазылу   заңдылықтары   толық   ескеріле   отырып   жасалған   қағида.   Бірақ

жазба   тіл   үлгілерінде  ҚазТАГ-тың   –   ҚазТАГ-тің;   ГДР-дегі   –   ГДР-дағы;   ҚырғызССР-

ының   –   ҚырғызССР-інің  т.б.   тәрізді   әр   түрлі   орфограммалар   беріліп   жүр.   Бұл   жағдай

негізінен қысқарған сөздердің айтылу ерекшеліктерін ескермеуден туады. 

48Алексеев Д.И. Аббревиатуры как новый тип слов // Развитие словообразования современного 

русского языка. М., 1966; Словарь сокращений русского языка / Под руководством Д.И. Алексеева. 

М., 1963.

49Жексенбаев Т. Қысқарған сөздер және олардың орфографиясы мен орфоэпиясы // Өрелі өнер. 

Алматы, 1976. 63-64-б.

50Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1974. 130-б.




жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау