Қауіпсіздік ақпараты



жүктеу 6,72 Kb.
Pdf просмотр
бет16/46
Дата14.05.2018
өлшемі6,72 Kb.
#12823
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46

Mopria арқылы басып шығару
Бұл құрылғы Mopria үшін қолдау көрсетеді.
Mopria туралы қосымша ақпарат алу үшін, http://mopria.org/how-to-print сайтына кіріңіз.
Mopria арқылы басып шығару
73


Түрлі баспа функцияларын пайдалану
Бұл бөлімде баспаларды мақсаттарыңызға жарамды ету үшін принтер драйверімен теңшеуге
болатын түрлі баспа функциялары қысқаша сипатталған.
Баспа сапасының функциялары
Баспа сапасын және түс өңін баспа деректеріне сәйкес реттеуге болады. Теңшеуге болатын баспа
сапасының кейбір баптаулары төменде сипатталған.
Түрлі түсті құжаттарды ақ-қара түсте басып шығару
Ақ-қара басып шығаруда шығарылған қара - түрлі түсті басып шығаруда шығарылған қараға
қарағанда нақтырақ қара.
Баспа деректерін CMYK және аталмыш түсте ғана басып шығаруға бөлу
Әдетте, барлық төрт түс (CMYK) түрлі түсті басып шығару үшін пайдаланылады. Белгілі бір
түстерді пайдаланғыңыз келмейтін болсаңыз, сол түстерді пайдалануды ажыратып, басқа
түстерді ғана пайдаланып басып шығаруға болады.
Басып шығару кезінде тонерді үнемдеу (Үнемді түрлі түсті басып шығару)
Төмендеу тонер тұтынуымен басып шығару арқылы тонерді үнемдеуге болады.
Пайдаланылатын тонер мөлшері мәтін, жол немесе сурет секілді нысанға байланысты
болады.
Кескінді басып шығару әдісін өзгерту
Баспа сапасы немесе баспа жылдамдығы басымдығымен басып шығаруды таңдауға болады.
Суреттерді басып шығару кезінде, суреттердің ажыратымдылығы жоғары болған сайын басып
шығаруға қажетті уақыт ұзағырақ болады.
Тегістеу үлгісін өзгерту
Тегістеу үлгісі — кескіннің түсін немесе көлеңкесін еліктеу үшін пайдаланылатын нүктелер
үлгісі. Егер үлгі өзгерсе, кескін сипаттары да өзгереді. Басылатын кескінге жарамды үлгіні
таңдауға болады.
Түсті профиль үлгісін өзгерту
Түсті профиль үлгісін түстердің реңкін компьютер экранында көрсетілетін түстерге сәйкес
лайықтау үшін таңдаңыз.
Компьютер экранындағы түстер үш RGB түстерін пайдаланып жасалғандығы себебінен, ал
басып шығаруға арналған түстер төрт CMYK түстерінен құралғандығынан, басып шығару іс
рәсімі кезінде түстерді түрлендіру қажет. Сондықтан, басып шығарылған қағаздағы суреттер,
лайықтау орындалмаса, компьютер экранындағылардан өзгеше көрінуі мүмкін.
3. Құжаттарды басып шығару
74


Қара немесе CMYK түстерін пайдаланып сұр түс реңкті суреттерді басып шығару
Суреттің қара немесе сұр бөлімдерін, барлық CMYK реңктерін пайдаланудың орнына қара
тонерді ғана пайдаланып басып шығаруға болады. CMYK тонерімен қара түспен басып
шығарылғанды салыстырғанда, бұл нақтырақ және анығырақ болатын қара түсін береді.
ICM (Image Color Matching) пайдалану
Windows ICM функциясын компьютер экранында пайда болатын басып шығарылған
қағаздағы түстерге жақын түстерді шығару үшін пайдалануға болады.
Бұл функцияны пайдалану үшін түс профилін компьютерге қосу қажет. Түс профилін
жабдықталған принтер драйверінің CD-ROM дискісінде сақталған ICM қалтасынан табуға
болады. Түс профилін қосу туралы мәліметтерді «түс профилі» үшін Windows анықтамасын
іздеп, одан кейін тиісті тақырыпты қараңыз.
• Жоғарыда сипатталған кейбір функциялар принтер драйверіне немесе операциялық жүйеге
қарай қол жетімді болмауы мүмкін. Мәлімет алу үшін принтер драйверінің анықтамасын
қараңыз.
Баспа шығысының функциялары
Мақсаттарыңызға сай баспа шығыстарының пішінін көрсетуге болады. Бұл бөлімде көрсетуге
болатын кейбір баптаулар қысқаша сипатталған.
Құжаттың бірнеше жинағын басып шығару
Бір құжаттың бірнеше жинағын басып шығаруға болады.
Шығысты құжат бумаларында реттеу
Көп бетті құжаттың толық жинақтарын бір-бірден басып шығаруға болады (P1, P2, P1, P2 ...).
Егер бірнеше жинақты басып шығарған кезде бұл функция пайдаланылмаса, баспалар бет
бумаларында шығарылады (P1, P1, P2, P2 ...). Бұл функция, мысалы, көрсетілім
материалдарын ұсынған кезде пайдалы болады.
Бағдарын өзгерту немесе кескінді бұру
Кескін бағдарын кітаптық немесе альбомдық мәніне өзгертуге болады. Әрі кескінді 180
дәрежеге бұруға болады. Алдын ала анықталған жоғары және төменгісі бар (бланктар
секілді) қағазды пайдаланғанда, суреттің үстіден астыға басып шығарылуын болдырмау үшін
айналымды пайдалаыныңыз.
Әр параққа бірнеше бетті басып шығару
Бір қағаз парағына бірнеше бетті басып шығаруға болады.
Бұл функцияны пайдаланған кезде қағаз өлшеміне және әрбір параққа қиыстыру қажет
беттер санына қарай жарамды азайту арақатынасы автоматты түрде таңдалады.
Түрлі баспа функцияларын пайдалану
75


Қағаздың екі жағына басып шығару (екі жақты басып шығару)
Қағаздың екі жағына басып шығаруға болады.
Құжатты кішірейту немесе ұлғайту
25% және 400% аралығында 1% еселігінде белгілі бір арақатынас бойынша құжаттарды
кішірейтуге немесе ұлғайтуға болады.
Әрі белгілі бір қағаз өлшеміне қиыстыру үшін құжаттарды автоматты түрде кішірейтуге
немесе ұлғайтуға болады. Бұл функция, мысалы, веб-беттерді басып шығарған кезде
пайдалы.
[Enable Large Papers] опциясы таңдалған болса, A3/11 × 17/B4/8K құжаттарын басып
шығара алу үшін құрылғы қолдайтын өлшемге масштабтауға болады.
Бос беттерді басып шығармайды
Егер баспа тапсырмасында бос беттер болса, олардың басылуына жол бермеуге болады.
Бұл параметрдің басымдылығы басқару тақтасының жүйе мәзіріндегі [Blank Page Print]
параметрінен жоғары екенін ескеріңіз.
Мұқаба бетімен басып шығару
Баспа тапсырмасына мұқаба бетін қосуға болады.
Мұқаба бетін бос қалдыруды немесе құжаттың бірінші бетін мұқаба бетіне басып шығаруды
таңдауға болады. Егер мұқаба беті екі жақты баспа тапсырмасына енгізілсе, оның артқы
жағына да басып шығаруға болады.
Мұқаба бетінің қағазы қалған беттермен бірдей немесе олардан өзгеше болуы мүмкін.
Теңшелетін өлшемді қағазда басып шығару
Қағаз өлшемін теңшелетін өлшем ретінде көрсетіп, стандартты емес өлшемді қағазбен басып
шығаруға болады.
Пайдаланушы қағаз өлшемін көрсету үшін [Document Size:] тізімінен [Custom Paper Size]
тармағын таңдап, одан кейін қағаз өлшемін теңшеу үшін тілқатысу терезесінің төменгі
бөлігіндегі [Custom Paper Size. . . ] түймешігін басыңыз.
Баспаларға мәтінді таңбалау (су таңбасы)
Баспаларға су таңбасы мәтінін таңбалауға болады. Түрлі алдын ала анықталған су
таңбалары беріледі. Әрі жеке су таңбаларын жасауға болады.
• Жоғарыда сипатталған кейбір функциялар принтер драйверіне немесе операциялық жүйеге
қарай қол жетімді болмауы мүмкін. Мәлімет алу үшін принтер драйверінің анықтамасын
қараңыз.
3. Құжаттарды басып шығару
76


жүктеу 6,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау