Ішкі аудит бағдарламасы



жүктеу 205,17 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.05.2018
өлшемі205,17 Kb.
#12718


 

Code 


Issue  

Date  


Rev. 

Date  


Owner 

Status 


Approv. 

Pages 


AMG-OS-PR-04 

Issue 1 


13.11.2015 

 



 

 

1 / 15 



 

 

 



Келісілді 

Бекітілді 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІШКІ АУДИТ БАҒДАРЛАМАСЫ 

ӘУЕЖАЙДЫҢ АТАУЫ 

№01 БАСЫЛЫМ 

Тексеру нөмірі 

 

Тексеру күні 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2016 ж.  

 

 

 



 

Code 


Issue  

Date  


Rev. 

Date  


Owner 

Status 


Approv. 

Pages 


AMG-OS-PR-04 

Issue 1 


13.11.2015 

 



 

 

2 / 15 



 

 

Мазмұны 

1. 

Жалпы ережелер ...................................................................................................................... 3 



1.1 

Мақсаты ................................................................................................................................... 3 

1.2 

Қолданылу аясы ...................................................................................................................... 3 



1.3 

Байланысты құжаттар ............................................................................................................. 3 

1.4 Нормативтік құжаттар ............................................................................................................. 3 

1.5 Терминдер және қысқартулар ................................................................................................ 4 

Бағдарламаның сипаттамасы ................................................................................................... 4 



2.

1 Ішкі аудиттер бағдарламаларының мақсаты ......................................................................... 4 

2.2 Аудиттердің қолданылу аясы және өлшемшарттары ........................................................... 5 

2.3 Аудиттердің түрлері мен мерзімділігі ..................................................................................... 5 

2.4 Аудиттердің тәуелсіздігі .......................................................................................................... 6 

2.5 Ішкі аудиторларға қойылатын талаптар ................................................................................. 6 

2.6 Ішкі аудиттерді жүргізуді жоспарлау және дайындау ............................................................ 7 

2.7 Аудит жүргізу тәртібі ............................................................................................................... 7 

2.8 

Аудит нәтижелері бойынша есеп ........................................................................................... 8 



2.9 

Алғашқы себептерін талдау, түзету және алдын алу шараларын әзірлеу........................... 8 

2.10 

Түзету іс-әрекеттерінің енгізілуін және тиімділігін тексеру .................................................. 9 



2.11 Аудит нәтижелерін құжаттау ............................................................................................... 10 

2.12 Аудиттің күшін жою.............................................................................................................. 10 

1-

қосымша ................................................................................................................................... 11 



2-

қосымша ................................................................................................................................... 12 

3-

қосымша ................................................................................................................................... 13 



4-

қосымша ................................................................................................................................... 14 

5-

қосымша ................................................................................................................................... 15 



 

 

 



 

Code 


Issue  

Date  


Rev. 

Date  


Owner 

Status 


Approv. 

Pages 


AMG-OS-PR-04 

Issue 1 


13.11.2015 

 



 

 

3 / 15 



 

1. 

Жалпы ережелер  

 

1.1 

Мақсаты 

 

Ішкі  аудит  бағдарламалары  әуежайдағы  жеке  операциялық  қызметті,  оның  ішінде 



ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің (ҰҚБЖ) ерекше функциялары, авиациялық қауіпсіздікті 

қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  әуеайлақты  пайдаланушылар,  тұрақты  негізделген 

пайдаланушыларды, жерде қызмет көрсету провайдерлерін және  3D.5 ИКАО DOC 9774, 

ISAGO  ORM-HS  3.4,  3.6 

т.  талаптарына  сәйкес  әуеайлақта  жұмыс  істейтін  басқа  да 

ұйыдарды қоса алғанда, басқа ұйымдар қауіпсіздік қамтамасыз етуге қатысты белгілеген 

талаптарды сақтау кіретін қызметті жүйелі және тұрақты зерттеуге арналған. 

Осы  бағдарлама  әуежайда  жүргізілетін  әрбір  аудит  стандартталған  енгізде 

жүргізілуін қамтамасыз етеді және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізеді. 

Ішкі  аудит  бағдарламаларының  міндеті  қауіпсіздік  жағдайын  және  әуеайлақта 

жүзеге асырылатын операциялық қызметтің сапасын арттыру болып табылады.  

Аудит  бағдарламасы  ұшу  қауіпсіздігін  басқару  жүйесінің  (ҰҚБЖ),  авиациялық 

қауіпсіздік 

саласындағы 

сапаны 

бақылау 


бағдарламасының, 

«_____________________________»  АҚ  (әуежайдың  атауы)  қызметінің  сапасын  бақылау 

бағдарламасының  элементтерінің  бірі  болып  табылады  және  аудит  жоспарлауды, 

дайындауды,  жүргізуді,  есеп  дайындауды,  бақылау  тексерістерін  орындауды  және  аудит 

жабуды реттейді.  

 

1.2 

Қолданылу аясы 

Ішкі аудит бағдарламасы операциялық қызметті, ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін, 

«______________________________» АҚ (әуежайдың атауы), мердігерлердің (аутсорсинг 

компаниялар),  әуеайлақта  жұмыс  істейтін  және  әуежай  қызметінің  қауіпсіздігі  мен 

сапасына  ықпал  ететін  басқа  да  ұйымдардың  авиациялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуін 

қамтиды. 



 

1.3 

Байланысты құжаттар 

 

Нөмірі 

Атауы 

 

Авиациялық қауіпсіздік саласындағы сапаны бақылау 



бағдарламасы 

 

Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық 



 

1.4 Нормативтік құжаттар 

Осы бағдарлама келесі құжаттардың талаптары мен ұсынымдарын, стандарттарды 

және үсынылатын практикаларды ескере отырып әзірленді:  

1) 


Қазақстан  Республкасының  2010  жылғы  15  шілдедегі  авиация  қызметі 

туралы Заңы (64-бап); 

2) 

«Қазақстан  Республикасы  азаматтық  авиациясының  авиациациялық 



қауіпсіздігі 

жөніндегі 

нұсқаулықты 

(бағдарламаны) 

бекіту 

туралы» 


Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 973 ҚБП Қаулысы; 

3) 

Халықаралық  азаматтық  авиация  туралы  конвенцияға  19-қосымша  «Ұшу 



қауіпсіздігін басқару», 1-бас., 2013 (Толықтыру 2, 3.1-т.); 

4) 


Doc 9859  ИКАО,  «Ұшу  қауіпсіздігін  басқару  жөніндегі нұсқаулық  (5.3.80-т.)», 

3-

басылым, 2013; 



5) 

Doc  8973  ИКАО  «Азаматты  авиацияны  заңсыз  араласу  актілерінен  қорғау 

қауіпсізідігі жөніндегі нұсқаулық»; 

6) 


ISAGO Standards Manual, 2015; 

7) 


ISO  19011:2011  «Менеджмент  жүйесінің  аудиті  жөніндегі  басшылық 

нұсқаулар». 



 


 

Code 


Issue  

Date  


Rev. 

Date  


Owner 

Status 


Approv. 

Pages 


AMG-OS-PR-04 

Issue 1 


13.11.2015 

 



 

 

4 / 15 



 

1.5 Терминдер және қысқартулар 

Аудит  –  аудит  куәлігін  алудың  және  аудиттің  келісілген  өлшемшарттарының 

орындалу  деңгейін  белгілеу  мақсатында  оларды  объективті  бағалауды  жүйелі,  тәуелсіз 

және құжатталған үдерісі. 

Аудит аясы – аудиттің көлемі және шекарасы.  

Аудит аясы, әдетте, орналасқан жерін, ұйымның бөлімшелерін, қызмет түрлері мен 

үдерістерге нұсқауды қамтиды.  

Аудит  өлшемшарттары  –  объективтік  дәлелдеме  салыстырылатын  эталон 

ретінде қолданылатын амалдардың, рәсімдердің немесе талаптардың жиынтығы.  



Аудит  куәлігі  –  жазбалар,  фактіні  баяндау  немесе  аудит  өлшемшарттары 

тұрғысынан елеулі болып табылатын және тексерілуі мүмкін өзге де ақпарат.  



Аудит қорытындылары – жиналған аудит куәліктерінің аудит өлшемшарттарына 

сәйкестігін бағалау нәтижелері.  

Аудит қорытындылары сәйкестігін немесе сәйкес еместігін белгілейді.  

Аудит  тұжырымы  –  аудит  мақсаттарын  және  аудиттің  барлық  қорытындылары 

қарастырылғаннан кейін жасалатын аудит нәтижесі.  



Аудит  тобы  –  техникалық  сарапшылардың  қолдаумен  аудит  жүргізетін  бір,  екі 

немесе одан көп тұлғалар.  

Аудит тобы аудиторларының бірі жетекші аудитор болып тағайындалады.  

Аудитор – аудит жүргізетін тұлға  

Техникалық  сарапшы  –  аудит  тобындағы  арнайы  салада  білімі  немесе 

практикалық тәжірибесі бар тұлға.  

Арнайы  білім  немесе  тәжірибе  ұйыммен,  нақты  үдеріспен  немесе  тексерілетін 

қызметпен, сондай-ақ тілмен және мәдени ерекшеліктермен байланысты.  

Аудит тобына кіретін техникалық сарапшы аудитордың функциясын орындамайды.  

 

Осы құжатта келесі қысқартулар қолданылады: 



АҚ – авиациялық қауіпсіздік; 

ACI 

– халықаралық әуежайлар кеңесі; 

AEA 

– еуропалық авиакомпаниялар қауымдастығы; 



ӘК – әуе кемесі; 

ИКАО (ICAO) – халықаралық азаматтық авиация ұйымы; 

ИАТА (IATA) – халықаралық әуе көлігі ұйымы; 

НҚА – нормативтік құқықтық акті; 

ҚР – Қазақстан Республикасы; 

ҰҚБЖ – ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі; 

ТЖ – төтенше жағдай. 

 

2 Бағдарламаның сипаттамасы 

 

2.1 Ішкі аудит бағдарламасының мақсаттары 

 

2.1.1 


Ішкі аудит бағдарламасының міндеттері: 

пайдалану  үдерістерінің  тиімділігі  мен  қауіпсіздігін,  ҰҚБЖ,  әуежайдағы 



авиациялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету,  олардың  нормативтік  құқықтық  актілерге, 

қабылданған  стандарттарға,  әуежайдың  және  қызмет  көрсететін  авиакомпаниялардың 

талаптарына сәйкестігі; 

пайдалану  үдерістерінің  орындалу  кепілдігі,  ұшу  қауіпсіздігін  және  авиациялық 



қауіпсіздікті қажетті білімі және біліктілігі бар персоналмен қамтамасыз етуі; 

пайдалану  үдерістерін,  ұшу  қауіпсіздігін  және  авиациялық  қауіпсіздікті  қажетті 



инфрақұрылыммен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету;  

білікті  аудиторлардың  тұрақты  аудит  жүргізуін  қамтамасыз  ету,  аудит  сапасын 



қамтамасыз ету мақсатында аудиторларға қажетті құралдарды ұсыну; 


 

Code 


Issue  

Date  


Rev. 

Date  


Owner 

Status 


Approv. 

Pages 


AMG-OS-PR-04 

Issue 1 


13.11.2015 

 



 

 

5 / 15 



 

сәйкессіздіктерді жою және түзету және алдын алу іс-әрекеттері арқылы олардың 



пайда болуының алдын алу; 

ҰҚБЖ  тұтастығын  қамтамасыз  ету,  ұшу  қауіпсіздігі  үшін  қауіп  факторларын 



бақылау құралдарының жай-күйін, жаңа қауіптің және қауіп факторларының болуын кезең-

кезеңімен бағалау; 

пайдалану үдерістерін, ұшу қауіпсіздігін және әуежайдағы авиациялық қауіпсіздікті 



тұрақты жетілдіру; 

әуеайлағында жұмыс  істейтін  басқа  ұйымдардың  қызметін  үнемі  бақылау,  басқа 



ұйымдардың  әуежайдың  талаптары,  қауіпсіздік  талаптарын,  ҚР  заңнамасын  және 

халықаралық стандарттарды сақтау кепілдігі болып табылады. 

 

2.2 

Аудиттің қолданылу аясы және өлшемшарттары  

2.2.1 


Аудиттің қолданылу аясы әуежай қызметтерінің, жер үстінде қызмет көрсету, 

отынмен  қамтамасыз  ету,  ұшуды  жер  үстінде,  авариялық-құтқару,  электр-жарық 

техникалық  қамтамасыз  ету  операцияларымен  айланысатын  ұйымдардың  пайдалану 

қызметі,  тірі  табиғатты  бақылау,  ұшу  қауіпсіздігін  және  авиациялық  қауіпсіздікті 

қамтамасыз  ету,  белгіленбеген  (жаңа)  қауіп  факторларын  анықтау,  қызмет  тиімділігін 

бағалау болып табылады. 

2.2.2 

Аудит  саласында  сондай-ақ  операциялық  қызметті,  ұшу  қауіпсіздігін 



ұйымдастыру  және  басқару;  ұйымдық  құрылымдар,  қызметкерлердің  арасында 

жауапкершілікті  және  функциялард  бөлу,  қажетті  ресурстардың  болуы,  орындалатын 

операцияларды  бақылау,  персоналды  оқыту  және  біліктілігі,  өндірістік  құжаттаманы 

жүргізу  құрылымы  және  тәртібі,  арнайы  техникаға,  жабдықтарға,  ғимараттар  мен 

құрылыстарға техникалық қызмет көрсету, ҰҚБЖ тұтастығы мен тиімділігі жатады. 

2.2.3 


Аудиттің 

мәні 


халықаралық 

стандарттардың 

және 

ұсынылатын 



практикалардың,  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасының,  қызмет 

көрсететін  авиакомпаниялардың,  аудитті  қолдану  саласындағы  ішкі  регламенттеу 

құжаттарының талаптарының сақталуын тексеру болып табылады. 

2.2.4 


Ішкі  аудит  жүргізу  тәртібі  аудиттің  түрлі  салалары  үшін  бірдей,  сондықтар 

аудиттер  шығындарды  азайту  және  аудит  бағдарламаларының  тиімділігін  арттыру 

мақсатында оларды қолдану аясын кеңейту жолымен біріктірілуі мүмкін. 

 

№, р/с 



Аудиттің саласы 



Перронда әуе кемесінде жерде қызмет көрсету 



Ұшуды әуеайлақтық қамтамасыз ету 



Ұшуды авариялық-құтқарушылық қамтамасыз ету, ТЖ жою  



Әуеайлағында жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету 



Ұшуды электр-жарық техникасымен қамтамасыз ету 



Тірі табиғатты бақылау 



ӘК авиаЖЖМ сақтау және құю тәртібі  



ӘЕ мұздануын жою және алдын алу 



Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі 

10 

Авиациялық қауіпсіздік 

 

2.3 Аудиттің түрлері мен мерзімділігі  

2.3.1 

Аудиттер  __________________  (ұйымның  атауы)  департаменттері  мен 



қызметтері, сондай-ақ әуеайлағында жұмыс істейтін және ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық 

қауіпсіздікке  ықпал  ететін  басқа  ұйымдарды  (авиакомпаниялар,  жер  үстінде  қызмет 

көрсету провайдерлері, мемлекеттік органдар) қамтиды. 

2.3.2 


Аудиттер  аудиттің  барлық  салалары  бойынша  бекітілген  кестеге  сәйкес 

жылына 1 реттен жиі емес жүргізіледі (осы Бағдарламаның 2.2 т. қар.).  




 

Code 


Issue  

Date  


Rev. 

Date  


Owner 

Status 


Approv. 

Pages 


AMG-OS-PR-04 

Issue 1 


13.11.2015 

 



 

 

6 / 15 



 

2.3.3 


Аудиттер  қажет  болған  жағдайда  кезектен  тыс  болуы  мүмкін.  Кезектен  тыс 

аудиттер  өндірістік  қызметтердің,  басқа  ұйымдардың  қызметінде  анықталған 

бұзушылықтардың,  сәйкессіздіктердің  едәуір  саны,  клиенттер  мен  персоналдың  шағымы 

негізінде  жүргізіледі  және  ұшу  қауіпсіздігі  жөніндегі  инспектор,  сапа  менеджменті 

қызметінің 

бастығы, 

АҚ 

жөніндегі 



сапаны 

бақылау 


аудиторы 

немесе 


_______________________________  (ұйымның  атауы)  басшылығы  бастамашы  бола 

алады. 


 

2.4 

Аудиттердің тәуелсіздігі 

2.4.1 


Аудиттерді  жүргізу  кезіндегі  негізгі  қағидат  –  олардың  тәуелсіздігі,  яғни 

аудиторлар  тексерілетін  қызметтер  мен  ұйымдардың  қызметкерлері  емес.  Осы  қағидат 

қызметтің  белгілі  бір  саласында  міндеттерді  орындау  және  оны  тексеруді  жүзеге  асыру 

үшін  аудитор  мүдделерінің  қайшылығы  мүмкіндігін  болдырмайды.  Сондай-ақ  тәуелсіздік 

қызметтің ең проблемалы салаларында аудит жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 

2.4.2 


Аудиттердің  мұндай  тәуелсіз  сипаты  олардың  объективтілігіне  және 

аудиторлар тарабынан мүдделіліктің жоқтығына кепілдік береді. 

2.4.3 

Аудитті  тәуелсіз  аудиторлардың  жүргізгеніне  қарамастан,  техникалық 



сарапшылар ретінде тексерілетін қызметтер мен ұйымдардың мамандары қатыстырылуы 

мүмкін. 


 

2.5 

Ішкі аудиторларға қойылатын талаптар 

2.5.1 


Аудиттерді  ішкі  аудиторлар  тағайындаған  сапа  менеджменті  қызметі,  ұшу 

қауіпсіздігі  жөніндегі  инспекция,  авиациялық  қауіпсіздік  сапасын  бақылау  жөніндегі  ішкі 

аудитор, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі жұмыс тобының мүшелері жүргізеді.  

2.5.2 


Ішкі  аудиторлар  ішкі  аудитті  ұйымдастыруға  және  жүргізілуін  бақылауға 

жауапты  лауазымды  тұлғаның  ұсынуы  бойынша  бірінші  басшының  бұйрығымен 

тағайдындалады. 

2.5.3 


Ішкі  аудитті  ұйымдастыруға  және  жүргізілуін  бақылауға  жауапты  лауазымды 

тұлға ______________________(лауазымды тұлғаның атауы) болып табылады. 

2.5.4 

Аудитті  бір  аудитор  немесе  аудиторлар  тобы  жүргізеді.  Екінші  жағдайда 



аудиторлық топтың жұмысына басшылық жасайтын жетекші аудитор тағайындалады.  

2.5.5 


Ішкі аудиторлар келесі өлшемшарттарға сәйкес келуі тиіс: 

 



Білімі  жоғары  немесе  арнайы  орта,  авиация  қызметінің  тексерілетін 

саласында  кемінде  1  жыл  жұмыс  тәжірибесі,  тиісті  даярлығының  болуы,  байланысты 

регламенттейтін  құжаттарды,  НҚА  талаптарын,  Халықаралық ИКАО  стандарттарын және 

үздік әлемдің авиациялық практикаларды (IATA, ACI, AEA и т.п.) білуі; 

 

Аудиторлардың  аудит  саласында  негізгі  дағдылары  мен  техникасы  болуы 



үшін  «Ішкі  авиациялық  аудитор»  немесе  «ISO  19011:2011  стандартына  сәйкес  сапа 

менеджменті  жүйесінің  ішкі  аудиторы»  курсы  бойынша  сәтті  аяқтағаны  туралы 

сертификаттармен расталатын міндетті оқыту керек. 

2.5.6 


Ішкі  аудиттерді  ұйымдастыруға  және  жүргізілуін  бақылауға  жауап  беретін 

лауазымды тұлға ішкі  аудиторлардың  сауалнамасын  жасайды,  ондағы жұмыс тәжірибесі 

және  біліктілігін  арттыру  туралы  ақпаратты  үнемі  жаңартады.  Сауалнама  нысаны  осы 

құжатқа 1-қосымшада келтірілген. 

2.5.7 

Құзыреттілігін  сақтау  және  арттыру  үшін  ішкі  аудиторлар  жылына  кемінде  1 



рет  аудит  жүргізуге  қатысуы  және  ұйымның  қажеттіліктеріне  байланысты,  кәсіпорында 

қабылданған стандарттарды енгізу, өзгерту кезінде семинарларға, конференцияларға, оқу 

курстарына қатысуы тиіс.  

2.5.8 


Ішкі аудиторлар келесі этикалық нормаларды сақтауға міндетті: 

 



қызметтердің  және  басқа  ұйымдардың  тексерілетін  қызметіне  қатысты 

барынша  нақтылықты  және  теріс  түсініксіздікті  қамтамасыз  ете  отырып,  өз  міндеттерін 

орындау; 

 



аудитті  орындау  басталғанға  дейін  ішкі  аудитті  ұйымдастыруға  және 

жүргізілуін  бақылауға  жауапты  лауазымды  тұлғаны  аудиттелетін  қызметтермен  және 




 

Code 


Issue  

Date  


Rev. 

Date  


Owner 

Status 


Approv. 

Pages 


AMG-OS-PR-04 

Issue 1 


13.11.2015 

 



 

 

7 / 15 



 

басқа  ұйымдармен  аудиттің  объективтілігіне  ықпал  етуі  мүмкін,  тәуелсіздік  қағидатына 

қайшы келетін кез келген байланыс туралы хабардар ету; 

 



аудиттелетін  қызметтер  мен  ұйымдардан,  олардың  өкілдерінен  немесе 

басқа  да  мүдделі  тұлғалардан  ешқандай  сыйлық,  сыйақы  қабылдамау,  сондай-ақ  өз 

қоластындағыларға мұны жасауға мүмкіндік бермеу; 

 



аудит  нәтижелерін  және  аудит  барысында  алынған  өзге  де  ақпаратты 

әуежайдың  бірінші  басшысының  немесе  аудиттелетін  ұйымның  басшысының  алдын  ала 

жазбаша келісімінсіз қандай да бір үшінші тарапқа ашып көрсетпеу; 

 



әуежайдың  немесе  басқа  ұйымдардың  аудиттелетін  қызметтерінің 

абыройына немесе мүддесіне нұқсан келтіруі мүмкін іс-әрекеттерді қабылдамау; 

 

осы этикалық нормалар бұзылған жағдайда тексеруге толық жағдай жасау. 



 

2.6 

Ішкі аудиттерді жүргізуді жоспарлау және дайындау   

2.6.1 


Аудит 

жүргізуді 

жоспарлау 

үдерісі 


аудиттердің 

тиімді 


болып 

табылатындығына  және  белгіленген  қағидалар  бойынша  жүргізілетіндігіне,  ал  аудит 

мақсаттарына қол жеткізілетіндігіне кепілдік береді. 

2.6.2 


Ішкі  аудит  кестеге  сәйкес  жүргізіледі,  оны  ішкі  аудитті  ұйымдастыруға  және 

бақылауға жауапты лауазымды тұлға ағымдағы күнтізбелік жылдың желтоқсанында келесі 

күнтізбелік  жылға  жасайды.  Кестені  2-қосымшаға  сәйкес  нысан  бойынша  кәсіпорынның 

бірінші  басшысы  бекітеді.  Қажет  болған  кезде  кесте  жыл  ішінде  түзетілуі  мүмкін.  Аудит 

кестесі  аудиторлық  топтар  тағайындайтын  жауапты  жетекші  аудиторларға  хабардар 

етіледі. 

2.6.3 

Аудит жоспарын жетекші аудитор аудит басталғанға дейін кемінде 1 ай бұрын 



жасайды  және  күнін,  мерзімін,  жауапты  тұлғаларды  келісу,  алдын  ала  ақпарат  алу, 

құжаттамаға  және  жұмыс  орындарына  қол  жеткізу  үшін    барлық  тексерілетін  қызметтер 

мен басқа ұйымдардың басшыларына жіберіледі.  

2.6.4 


Аудит  жоспары  келесі  тараулардан  тұруы  тиіс:  аудиттің  мақсаты,  аудиттің 

қолданылу саласы, аудиттің өлшемшарттары, аудиторлардың аты-жөні, лауазымы, аудит 

кестесі  (күні,  уақыты,  тексерілетін  қызметтердің  тізбесі,  аудит  жүргізілетін  орын,  тексеру 

жүргізілетін  қызмет).  Аудиторлардың  санын  және  аудиттің  ұзақтығын  жетекші  аудитор 

тексеруді талап ететін мәселелердің көлеміне сүйене отырып белгілейді  (3-қосымша). 

2.6.5 


Аудит  бақылау  тізбелеріне  немесе  чек-парақтарға  сәйкес  орындалады.  Чек-

парақтың үлгісі 4-қосымшада келтірілген. 

2.6.6 

Чек-парақтар  аудит  өлшемшарттарына  (ішкі  регламент  құжаттарының 



талаптарына,  қызмет  көрсететін  авиакомпаниялардың,  ҚР  қолданыстағы  заңнамасының 

талаптарына, ИКАО, ИАТА және т.б. стандарттарына) сәйкес әзірленеді. 

2.6.7 

Чек-парақтар  ішкі  құжаттарға,  сыртқы  құжаттарға  (НҚА,  қызмет  көрсететін 



авиакомпаниялардың нұсқаулықтары, ИАТА нұсқаулықтары) енгізілген өзгерістерге сәйкес 

жаңартылуы  тиіс,  бұл  үшін  оларды  жетекші  аудиторлар  жылына  кемінде    должны 

обновляться  рет қайта қарайды. 

2.6.8 


Әрбір  аудиттің  алдында  чек-парақтарға  аудиторлар  жаңа  анықталған 

қауіптерге  және  олармен  байланысты  қауіпті  бақылау  шаралармен  байланысты 

мәселелердің, сондай-ақ іс-шараларының іске асырылуы тексеруді талап ететін алдыңғы 

тексеру мәселелерінің енгізілгенін қарайды. 

 

 

2



.7 Аудит жүргізу тәртібі 

2

.7.1  Аудит  жетекші  аудитордың  тексерілетін қызметтердің басшылары  мен басқа 



ұйымдардың өкілдеріне арналған кіріспе жиналысынан басталады. Осы жиналысы кезінде 

аудиттің мақсаттары, саласы, өлшемшарттары және аудит жоспары түсіндіріледі. 

Аудит келесі әдістерді қамтиды: 

 



рәсімдерді және технологияларды шолу; 

 



операциялардың орындалуын бақылау; 

 



пайдалану персоналымен әңгімелесу; 

 



құжаттаманы және жазбаларды тексеру, 


 

Code 


Issue  

Date  


Rev. 

Date  


Owner 

Status 


Approv. 

Pages 


AMG-OS-PR-04 

Issue 1 


13.11.2015 

 



 

 

8 / 15 



 

 



жабдықтардың,  техникалық  құралдардың  және  объектілердің  жай-күйін 

тексеру. 

Қызмет басшылары және басқа ұйымдардың өкілдері аудиторларға тексеру жүргізу 

кезінде толық жағдай жасауы, операциялық құжаттамаға еркін қол жеткізушін қамтамасыз 

етуі, қызметтің, ұйымның қызметі бойынша жекелеген мәселерге түсініктеме беруі тиіс. 

2.7.2  Аудитор  операциялардың  орындалуын,  қауіпсіздік  талаптарын  бұзбауы, 

кедергі келтірмеуі, қауіп төндірмеуі тиіс.   

2.7.3 


Бақылау, әңгімелесу және құжаттамамен жұмыс істеу барысында аудиторлар 

қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігіне қажетті дәлелдерді жинақтайды. Сәйукесті 

құжатталған  талаптың  болуын  және  оның  қызметке  енгізілуін  білдіреді.  Егер  зерттеліп 

отырған  мәселе  көрсетілген  өлшемшарттарды  толық  көлемде  қанағаттандырмаса,  онда 

аудитор  ескертпе  тарауында  сәйкессіздікті  көрсете  отырып,  чек-параққа  сәйкессіздікті 

белгілейді. 

Осы  ретте  чек-парақтар  кәсіпорында  белгіленген  талаптар  мен  рәсімдердің 

бақылау  тізбесін  білдіреді,  ал  орындалатын  талдау  олқылықтарды  талдау  болып 

табыалды  және  чек-парақта  көрсетілен  талаптармен  салыстырмалы  талдау  жүргізуден 

тұарды. Сонымен бірге аудит барысында жаңа қауіп факторлары анықталуы мүмкін, олар 

да чек-парақтың тиісті тарауында белгіленеді. 

2.7.4 


аудит  барысында  жетекші  аудитор  аудиттің  нәтижелерін  және  барысын 

талқылау үшін аудиторлар командасымен аралық жиналыстар өткізуі мүмкін.  

2.7.5 

Аудиттің  соңғы  күні  жетекші  аудитор  қорытынды  жиналыс  өткізеді,  онда 



қызметтердің  бастығына  аудит  нәтижелері  туралы  алдын  ала  есеп  таныстырылым 

нысанында немесе қағаз нұсқасында беріледі.  

Жетекші 

аудитор 


жалпы 

аудиттің 

барысын 

бағалайды, 

анықталған 

сәйкессіздіктерді  санамалап  көрсетеді,  қажетті  дәлелерді  ұсынады,  алдын  ала  есепті 

тұжырымдайды,  түзету  шараларын  әзірлеу  үшін  мерзім  белгілейді.  Қорытынды жиналыс 

барысында  барлық  даулы  жағдаяттар  толық  көлемде  талқыланады  және  аудиторлар 

командасы мен тексерілетін қызметтердің және ұйымдардың өкілдері арасында келісімге 

қол жеткізіледі, сәйкессіздіктер тізбесі нақтыланады. 

2.7.6 

Егер  даулы  мәселелер  жиналыс  барысында  шешілмесе,  жетекші  аудитор 



тексерілетін  қызметтің,  ұйымның  келіспеуі  жағдайында  да,  әуежайдың,  ұйымның 

басшылығына  осы  сәйкессіздікті  дәлелдермен  бірге  ұсыну  үшін  міндетті  түрде  белгілеп, 

анықталған сәйкессіздікті рәсімдеу құқығын өзіне қалдырады. 

 

2.8 



Аудит нәтижелері бойынша есеп 

2

.8.1  Аудит  нәтижелерін  жетекші  аудитор  соңғы  есеп  нысанында  (5-қосымша) 



рәсімдейді  және  қызметтердің,  басқа  ұйымдардың  басшыларына,  аудит  аяқталғаннан 

кейін  7  күннен  кешіктірмей  ұсынады.  Сондай-ақ  есеп  әуежай  Басқармасыынң  барлық 

мүшелеріне  беріледі  және  ішкі  аудитті  ұйымдастыруға  және  жүргізілуін  бақылауға 

жауапты лауазымды тұлға аудит бағдарламасының тиімділігін бағалау үшін қолданады. 

2.8.2 

Қызмет  басшылар  қызметте  жүргізілетін  жиналыстарда  қатардағы 



қызметкерлерге ақпаратты жеткізеді.  

2.8.3  


Аудит нәтижелері бойынша деректер аудит нәтижелерін есепке алу жөніндегі 

деректер базасына енгізіледі. 

 

2.9 

Алғашқы себептерін талдау, түзету және алдын алу шараларын әзірлеу    

2.9.1 


Аудит  барысында  анықталған  барлық  сәйкессіздіктер  аналитикалық 

нысандарда  (5-қосымша)  алғашқы  себептерін  талдау,  түзету  және  алдын  алу  іс-

қимылдарының  жоспарын  әзірлеу  үшін  аудит  аяқталғаннан  кейін  7  күннен  кешіктірмей 

жауапты  қызметтерге,  басқа  ұйымдарға  жіберіледі.  Алғашқы  себептерді  талдау,  түзету 

және  алдын  алу  іс-қимылдарының  жоспары  аудит  аяқталғаннан  кейін  14  күннен 

кешіктірілмей әзірленуі тиіс. 

2.9.2 

Қызметтің бастықтары, басқа ұйымдардың өкілдері пайдалану персоналымен 



бірге  сәйкессіздіктің  алғашқы  себептерін  анықтайды  және  іске  асыру  мерзімдері  мен 


 

Code 


Issue  

Date  


Rev. 

Date  


Owner 

Status 


Approv. 

Pages 


AMG-OS-PR-04 

Issue 1 


13.11.2015 

 



 

 

9 / 15 



 

жауапты тұлғаларды көрсете отырып, түзету және алдын алу іс-қимылдарының жоспарын 

әзірлейді. Шараларды іске асыру мерзімдері 6 айдан аспауы тиіс. 

Алғашқы  себептерді  талдау  шынайы  себептерді  анықтауға  бағытталған  және 

сәйкессіздіктердің  қайта  пайда  болуын  болдырмау  үшін  алдын  алу  шараларын  әзірлеу 

үшін  жүргізіледі.  Алғашқы  себеп  сәйкессіздіктің  тұжырымдамасын  қайталамауы  тиіс. 

Алғашқы себептер көбінесе жасырын ұйымдастыру факторларымен байланысты екендігін 

есте сақтау керек. 

2.9.3 

Жауапты  қызметтердің  басшылары,  басқа  ұйымдардың  өкілдері  орындалған 



алғашқы  себептердің  талдауын,  түзету  және  алдын  алу  іс-қимылдарының  жоспарын 

аналитикалық  нысандардың  тиісті  тарауларына  енгізеді  және  жетекші  аудиторға 

белгіленген  мерзімде  ұсынады.    Аудиторлар  орындалған  талдаудың  орындылығын 

бағалайды  және  қажет  болған  жағдайда  қайтадан  терең  талдау  жүргізуді  талап  етуі 

мүмкін.  

2.9.4 


Тексерілетін қызметтердің бастығы түзету және алдын алу іс-қимылдарын іске 

асыру  және  өз  жауапкершілігі  шеңберінде  белгіленген  мерзімде  сәйкессіздікті  жою 

бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс.  

Егер құжатталған талап немесе осы сәйкессіздіктің сипаттамасы және құжатталған 

талапты нақты енгізу болса, сәйкессіздік жойылған болып есептеледі. 

2.9.5 


Түзету  іс-қимылдарының  жоспарын  іске  асыру  мерзімі  аяқталғаннан  кейін 

жетекші  аудитор  жауапты  қызметтерге  аналиткалық  нысанды  (5-қосымша)  жолдайды 

және  жауапты  тұлғаларға  соңғы  іс-қимылдар  тарауын  толтыру  және  жетекші  аудиторға 

дәлелдеу құжаттамасымен ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды.  

2.9.6 

Дәлелдеу  құжаттамасын  аудиторлар  талдайды,  олар  түзету  шараларын 



енгізу  және  тиімділігін  бағалау,  сәйкессіздіктерді  жою  мүмкіндігі  туралы  шешім 

қабылдайды. 

2.9.7 

Жетекші аудитор сәйкессіздіктің жағдайы туралы ақпартты аудит нәтижелерін 



есепке  алу  бойынша  деректер  базасына  енгізеді.  Деректер  базасын  әкімшілендіруді 

аудитті ұйымдастыруға және жүргізілуін бақылауға жауапты лауазымды тұлға орындайды.  

2.9.8 

Егер  түзету  шараларын  енгізу  елеулі  қаржылық,  материалдық,  адами 



ресурстарды,  әуежайдың  құрылымын  өзгертуді  талап  етсе,  онда  сәйкессіздікті  жоюы 

туралы  мәселенің  шешімі  әуежайдың  немесе  басқа  ұйымның  басшылығына  беріледі. 

Әуежайдың, басқа ұйымның басшылығы күрделі қаржыны аз қажет ететін жаңа түзету іс-

қимылдарын  ұсынуы  немесе  қойылған  артықшылықтарды  ескере  отырып,  қажетті 

ресурстарды  бөліп  ұсынылған  іс-қимылдарды  қабылдауы  мүмкін.  Осы  ретте  түзету 

шараларын  таңдаудың  негізгі  өлшемшарттары  олардың  тиімділігі,  ұшу  қауіпсіздігінің, 

операциялық  және  авиациялық  қауіпсіздіктің  қолайлы  деңгейін  қамтамасыз  ету  болуы 

тиіс.  Басқарушылық  шешімдер  хаттамамен  рәсімделеді  және  есеп  нысанына  қоса 

беріледі. 

 

2.10 



Түзету іс-әрекеттерінің енгізілуін және тиімділігін тексеру 

2

.10.1 Жетекші  аудитор  түзету  және  алдын  алу  іс-қимылдарының  іске асырылуын 



тексеру  жоспарын  жасайды  және  оны  әуежайдың  қызметімен  және  басқа  ұйымдармен 

келіседі.  

2

.10.2  Егер  тексеру  барысында  ұсынылған  түзету  және  алдын  алу  іс-қимылдары 



енгізілмегені  анықталса,  онда  жауапты  тұлға  есеп  нысанында  себебін  көрсетеді  және 

оларды іске асырудың жаңа мерзімін белгілейді. 

2.

10.3  Егер  шаралар  енгізілсе,  онда  сәйкессіздікті  аудитор  жабуы  мүмкін  немесе 



аудитор  қабылданған  шаралардың  тиімділігін  бағалау  үшін  мониторинг  жүргізу  туралы 

шешім  қабылдайды.  Осы  жағдайда  чек-парақтар  жасалады  және  белгіленген  мерзім 

ішінде  мониторинг  жүргізіледі.  Мониторингтан  кейін  жауапты  аудитор  сәйкессіздіктің 

мәртебесін қояды: Ашық, Жабық. 

Егер  сәйкессіздіктің  мәртебесі  –  «Ашық»  болса,  онда  осы  Бағдарламаның  2.9-т. 

сәйкес  сәйкессіздікті  қайта  талдау  орындалады,  осы  ретте  есептің  нысанына  алғашқы 




 

Code 


Issue  

Date  


Rev. 

Date  


Owner 

Status 


Approv. 

Pages 


AMG-OS-PR-04 

Issue 1 


13.11.2015 

 



 

 

10 / 15 



 

себебін  анықтау  және  қосымша  түзету  және  алдын-алу  іс-қимылдарын  әзірлеу  үшін 

қосымша парақ қоса беріледі. 

Сәйкессіздік  қабылданған  іс-қимылдар  олады  жоюға  мүмкіндік  беретіндігі  туралы 

расталғаннан кейін жабық (жойылды) деп есептеледі. 

2.10.4 


Аудиторлық тексеру нәтижелері ұшу қауіпсіздігінің, авиациялық қауіпсіздігінің 

жағдайын, әуежай қызметінің сапасын бағалау кезінде қолданылады. 

2.10.5 

Аудиторлық  тексерулер  барысында  анықталған  сәйкессіздік  белгіленген 



мерзімде  жойылмаған  жағдайда  және/немесе  даулы  немесе  жанжалды  ахуалдар 

туындаған  жағдайда  ____________________  (ұйымның  атауы)  басшылығы  қалыптасқан 

жағдайды шешу шараларын іске асыру туралы шешім қабылдайды.  

Басқа  ұйымдар  үшін  белгіленген  мерзімде  сәйкессіздік  жойылмаған  жағдайда 

әуежай азаматтық авиацияның уәкілетті органына тиісті шара қабылдау үшін тиісті сұрату 

жолдайды. 

2.10.6 

Аудит нәтижелері  қызметтердің, басқа ұйымдардың  барлық  қатыстырылған 



басшыларына,  әуежайдың  басшылығына  ұсынылады.  Аудит  қорытындылары  өндірістік 

көрсеткіштерді,  олардың  серпінін  бағалау  үшін  кіріс  ақпарат  болып  табылады,  қызмет 

сапасының деңгейіндегі өзгерістер, аудит бағдарламасының тиімділігі туралы қорытынды 

жасауға мүмкіндік береді.  

2.10.7 

Аудиторлық  тексерулердің  түпкілікті  нәтижелері  шараларды  енгізу, 



сәйкессіздік мәртебесі туралы ақпаратпен, жетекші аудитордың тұжырымдамасымен бірге 

________________(

ұйымның  атауы)  басшылығына,  басқа  ұйымдарға,  тексерілетін 

қызметтердің басшыларына жіберіледі. 

 

2.11 

Аудит нәтижелерін құжаттау 

2.11.1 


Аудит куәліктері чек-парақтарда құжатталады, аудит қорытындылары аудит 

бойынша  есептерге  енгізіледі.  Алғашқы  себептері,  түзету  және  алдын  алу  шаралары, 

оларды  іске  асыру  мерзімдері  мен  тиімділігі,  сәйкессіздіктердің  мәртебесі  есептің  тиісті 

тарауларында құжатталады. 

2.11.2 

Жетекші  аудитор  деректер  базасына  барлық  анықталған  сәйкессіздік 



бойынша көрсетілген ақпаратты енгізеді. 

2.11.3 


Жетекші  аудитор  қызметтердің  және  басқа  ұайымдардың  ақпаратты 

уақтылы ұсынуын бақылайды. 

2.11.4 

Деректер  базасынан  алынған  ақпарат  операциялық  үдерістердің,  ұшу 



қауіпсіздігін,  авиациялық  қауіпсіздікті  басқару  үдерістерінің    тиімділігін  бағалау  үшін 

қолданылады. 

2.11.5 

Аудит  барысында  анықталған  сәйкессіздіктердің  белгіленген  мерзімде 



жойылған  үлесі  ұшу  қауіпсіздігі,  авиациялық  қауіпсіздік,  қызмет  сапасы  тиімділігі 

көрсеткіштерінің бірі болып табылады.  

2.11.6 

Сондай-ақ  тексерілетін  мәселелердің  жалпы  санына  қарағанда 



сәйкессіздіктердің үлесі тиімділік көрсеткіші ретінде қарастырылады. 

 

2.12 



Аудиттің күшін жою 

Егер  аудиттің  барысында  талаптардың  50%-дан  астамы  орындалмаса  және 

аудиттің  мақсаттарына  қол  жеткізілмесе,  жетекші  аудитор  аудит  нәтижелерінің  күшін 

жояды,  ал  күшін  жою  туралы  ақпарат  әуежайдың,  басқа  ұйымдардың  басшылығына 

ұсынылады. 

Кезекті  аудит  6  айдан  кейін  жоспарланады,  ол  қызметтердің  кезекті  аудитке 

дайындалуы үшін бөлінеді. 

 

 




 

Code 


Issue  

Date  


Rev. 

Date  


Owner 

Status 


Approv. 

Pages 


AMG-OS-PR-04 

Issue 1 


13.11.2015 

 



 

 

11 / 15 



 

 

1-



қосымша 

 

 

ІШКІ АУДИТОРДЫҢ САУАЛНАМАСЫ: 

 

Т.А.Ә.  

Жұмыс орны:  

Бөлімше:  

Лауазымы:  

 

 

ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕР: 

Туған күні:  

Ұлты:  

Отбасы жағдайы:  

Тұрғылықты мекенжайы:  

БІЛІМІ: 

 

 

ЖҰМЫС 

ТӘЖІРИБЕСІ: 

 

 

 

 

 

 

 

 

БІЛІКТІЛІК 

АРТТЫРУ: 

СЕРТИФИКАТТАР 

 

 

 

 

 

 

 

 




 

Code 


Issue  

Date  


Rev. 

Date  


Owner 

Status 


Approv. 

Pages 


AMG-OS-PR-04 

Issue 1 


13.11.2015 

 



 

 

12 / 15 



 

2-

қосымша 

 

БЕКІТЕМІН  

 

 

_____________ 

Т.А.Ә. 

«____» _____________ 2015 ж. 

 

2015 ж. арналған ішкі аудит жүргізу кестесі 

  

Аудит саласы 

қаңтар 

ақпан 

наурыз 

сәуір 

мамыр 

маусым 

шілде 

тамыз 

қыркүйек 

қазан 

қараша 

желтоқсан 

ҰҚБЖ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Әуеайлақты күтіп ұстау 

және техникалық қызмет 

көрсету 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Авиациялық қауіпсіздік 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ұшуды авариялық-

құтқарушылық 

қамтамасыз ету, ТЖ жою 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ӘК жерде қызмет көрсету  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Әуеайлақта жұмыс 

қауіпсіздігін қамтамасыз 

ету  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ұшуды электр-жарық 

техникалық қамтакмасыз 

ету 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Тірі табиғатты бақылау 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ӘК мұздануы жою және 

алдын алу  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ішкі аудиттің ұйымдастыруға және бақылауға жауапты 

лауазымды тұлға   

 

 

 

 

 

 

 

Т.А.Ә.


 

Code 


Issue  

Date  


Rev. 

Date  


Owner 

Status 


Approv. 

Pages 


AMG-OS-PR-04 

Issue 1 


13.11.2015 

 



 

 

13 / 15 



 

 

3-

қосымша 

 

Ішкі аудит жоспары 

 

Өткізілетін орны:  

 

 

 



1. 

Аудиттің кезеңі: 

 

2. 



Аудиттің 

мақсаттары:  

 

3. 



Аудиттің көлемі: 

 

4. 



Аудиттің 

өлшемшарттары 

 

  



 

  

 



  

 

  



 

5. 

Жетекші аудитор: 

 

Аудиторлар: 

 

 

 



 

6. 

Аудит кестесі 

Уақыты 

Тексеру 

орны 

Тексеру 

саласы 

Тексерілетін құрылымдық бөлімшенің 

өкілі 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Жетекші аудитор: 



  

Бөлімшенің басшысы: 

  

 

 



 

 

 



 


 

Code 


Issue  

Date  


Rev. 

Date  


Owner 

Status 


Approv. 

Pages 


AMG-OS-PR-04 

Issue 1 


13.11.2015 

 



 

 

14 / 15 



 

4-

қосымша 

 

 

 

_________________(

атауы) бойынша чек-парақ 

 

№, 



р/с 

Талап 

Стандарттың 

(регламенттейті

н құжаттың) 

атауы және 

тармағы 

Сәйкестік 

X/C/na 

Түсіндірме 

Ішкі тараудың атауы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

Code 


Issue  

Date  


Rev. 

Date  


Owner 

Status 


Approv. 

Pages 


AMG-OS-PR-04 

Issue 1 


13.11.2015 

 



 

 

15 / 15 



 

5-

қосымша 

 

Түзету және алдын алу іс-қимылдарының жоспары 

 

Аудит саласы 



 

Аудитор: 

 

Аудиттің мақсаты: 

 

Басшының келісімі 

 

 



№, 

р/с 


Сәйкессіздік 

Чек-

парақтың/ес

ептің 

тармағы 

Алғашқы 

себептерін 

талдау 

Түзету және алдын 

алу іс-қимылдарының 

жоспары  

Жауапты 

тұлғалар 

Ендіру 

мерзімдері 

Соңғы 

әрекеттер  

Статус / 

Түсініктемеле

р 

 

 

 

1   

 

 

 



 

 

 



 

 

2   



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

жүктеу 205,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау