75
ауыстырылған, сонымен қатар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан
Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қатысуы қағидаты
жойылған, алайда, жеке кәсіпкерлер/дара кәсіпкерлер үшін бұл ұйымға мүше
болу міндетті болап табылады. Қазақстан Республикасында шағын
кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы қағидаты да жойылыпты [15].
Үшіншіден, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
а) егер ҚР заңдарында өзге көзделмесе, жеке кәсіпкерліктің кез келген
түрін жүзеге
асыруға құқылы;
ә) жалданбалы еңбекті пайдалана отырып жеке кәсіпкерлікті жүзеге
асыруға құқылы;
б) филиалдар мен өкілдіктер құруға;
в) егер ҚР заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өндірілетін
тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге)
дербес баға белгілеуге;
г) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өтелмелі негізде қаражат (несие) беруге;
д) өз құқық қабілеттілігі шеңберінде сыртқы экономикалық қызметті
жүзеге асыруға;
е) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға құқылы;
ж) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері және
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сарапшылық кеңестердің жұмысына
қатысуға;
з) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзғаны үшін кінәлілерді
жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша бақылау және қадағалау
функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау және мемлекеттік органдарға
жүгінуге;
и) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына
жүгінуге;
к) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері бойынша нормативтік
құқықтық актілердің орындалмауына немесе тиісінше орындалуына септігін
туғызатын себептер мен шарттарды жою туралы ұсыныстарды мемлекеттік
органдардың қарауына
енгізуге құқылы;
л) әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды
іске асыру немесе іске асыруға қатысу арқылы бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігі шараларын өз қызметінде қолдануға құқылы.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері:
а) ҚР заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен
қорғалатын мүдделерін сақтауға;
ә) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) ҚР заңнамасының
талаптарына
сәйкестігін қамтамасыз етуге;
б) лицензиялау туралы ҚР заңына сәйкес лицензиялауға жататын жеке
кәсіпкерліктің түрлерін жүзеге
асыруға лицензиялар алуға;
в) ҚР заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің міндетті
сақтандырылуын жүзеге асыруға міндетті.
Келесі критерий – жосықсыз бәсекелестікті жүзеге асыруды болдырмау
және ішкі нарықты сақтау. Атап айтқанда, жеке кәсіпкерліктің басқа