Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет28/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68

59 
 
Бірлескен  кәсіпкерлікке  барлық  қатысушылар  атынан  жеке 
кәсіпкерлікпен  байланысты  барлық  мәмілелер  жасалып  жатыр,  ал 
құқықтар мен міндеттер алынып, жүзеге асырылып жатыр деген мән-жай 
бірлескен  дара  кәсіпкерлік  үшін  ортақ  шарт  болып  табылады.  Басқа 
қатысушылар атынан іскерлік айналымға қатысу құқығы заңнамалық актілерде 
айқындалады.  Мысалы,  Жеке  кәсіпкерлік  туралы  заңның  7-бабы  5-тармағына 
сәйкес  ерлi-зайыптылардың  кәсiпкерлiгiн  жүзеге  асырған  кезде  жұбайлардың 
бiрi  екiншi  жұбайдың  келiсiмiмен  iскерлiк  айналымда  ерлi-зайыптылардың 
атынан  әрекет  етедi.  Егер  мұндай  келісім  болмаса,  iскерлiк  айналымда  әрекет 
ететiн  жұбай  дара  кәсiпкерлiктi  өзiндiк  кәсiпкерлiк  түрінде  жүзеге 
асыратындығы  көзделедi.  Тиісінше,  бұл  ерлі-зайыптылардың  ортақ  мүлкін 
оның  пайдалануына  қойылатын  басқа  талаптарды  туғызады;  нақты  айтқанда 
олардың  ортақ  мүлкін  жеке  дара  кәсіпкерлікте  оның  пайдалануына  міндетті 
түрде екінші жұбайдың келісімнің болуы. 
Ерлі-зайыптының  біреуінің  іскерлік  айналымда  ерлі-зайыптылар  атынан 
болуына  (өкілдік  етуіне)  келісімі  дара  кәсіпкерді  тіркеген  кезде  екінші 
жұбайдың  жазбаша  түрде  растауымен  ресімделеді.  Одан  басқа,  Жеке 
кәсіпкерлік туралы заңда дара кәсiпкердiң қызметi мемлекеттiк тiркеусiз жүзеге 
асырылған  жағдайларда  нотариалдық  жолмен  куәландырылуы  тиіс  деп 
белгіленген.  Біздің  көзқарасымыз  бойынша,  соңғы  ереже  артық  болар,  себебі 
азаматтық  заңнаманы  толық  талдау  көрсеткендей,  дара  кәсіпкердің  құқықтық 
мәртебесі  азамат  сондай  болып  мемлекеттік  тіркеуден  өткен  кезде  ғана 
алынатынын көрсетті. 
Шаруа  немесе  фермер  қожалығы  туралы  заңға  сәйкес  шаруа  немесе 
фермер қожалығы атынан азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыру, жеке 
және  заңды  тұлғалармен  қатынастарда  олардың  мүдделерін  білдіру  құқығы 
осындай  қожалықтың  Басшысында  бар  (1-1-баптың  1-тармағы).  Одан  басқа, 
осы Заңда Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы: 
1)  жеке  және  заңды  тұлғалармен  қатынастарда  шаруа  немесе  фермер 
қожалығының мүдделерін білдіруге
2)  ұзақ  уақыт  болмаған  жағдайда  қожалық  мүшелерінің  біреуіне  өзінің 
функцияларын орындауға уәкілеттік беруге
3)  шаруа  немесе  фермер  қожалығы  қызметінің  негізгі  бағыттарын 
айқындауға; 
4)  ішкі  қағидаларды,  оларды  қабылдау  рәсімдерін  және  шаруа  немесе 
фермер қожалығының ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекітуге
5)  шаруа  немесе  фермер  қожалығының  заңды  тұлғаларды  құруға  және 
олардың қызметіне қатысуы туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығы 
мүшелері жалпы жиналысының қарауына шығаруға
6)  осы  Заңда  және  Қазақстан  Республикасының  өзге  де  заңдарында 
көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы деп белгіленген. 
Көріп  отырғанымыздай,  шаруа  немесе  фермер  қожалығы  туралы  заңда 
қожалық басшысының өз өкілеттігін шаруа немесе фермер қожалығының басқа 
қатысушыларына беруге мүмкіндігі бар, ал Жеке кәсіпкерлік туралы заңда олай 
емес.  Сонда  да,  біздің  ойымызша,  іскерлік  айналымда  ерлі-зайыптылардың 


60 
 
бірлескен кәсіпкерлігі атынан болатын ерлі-зайыптылардың біреуінде осындай 
құқық бар. Басқаша айтқанда, егер іскерлік айналымда болатын жұбай қандай 
да  себептер  бойынша  осы  функцияларды  жүзеге  асыра  алмаса,  онда  ол  өзінің 
өкілеттіктерін Заңда белгіленген тәртіппен екінші жұбайға беруге міндетті. 
Ерлі-зайыптының бірлескен кәсіпкерлігінің ерекшелігі 2011 жылғы 26 
желтоқсандағы  Неке  (ерлі-зайыптылық)  және  отбасы  туралы  кодексте  (бұдан 
әрі  -  НОтК)  және  ҚР  Азаматтық  кодексінің  нормаларында  айқындалған 
олардың  ортақ  мүлкінің  ерекше  құқықтық  режимі  бар  деген  мән-жай  болып 
табылады. 
Ерлі-зайыптылар  мүлкінің  құқықтық  режимі  ерекшелігінің  негізінде  бір 
жағынан,  ерлі-зайыптының  мүліктік  ортақтық  идеясы,  екінші  жағынан  ерлі-
зайыптылардың  мүліктік  дербестігі  жатыр.  Бұл,  біріншісі  үшін  мыналар  тән 
екенін  білдіреді:  ерлі-зайыптылар  –  бұл  мүліктік  мүдделердің,  тұрмыстың 
ортақтығы,  балаларды  тәрбиелеу  мен  күтіп  бағу  бойынша  міндеті  біріктіретін 
жеке  тұлғалар,  осыған  орай  мүліктің  ортақтығы  ерлі-зайыптылық  одағының 
негізін  құрайды.  Екіншісінің  ерекшелігі  мынада:  ерлі-зайыптылардың 
әрқайсысы, қатынастарға дербес қатысушы ретінде белгілі мүліктік дербестікті 
білдіре  алады  және  осыған  байланысты  мүліктік  бостандық  пен  тәуелсіздікке 
мұқтаж болуы мүмкін [42, 69 б.]. 
Бұл  ретте  отбасылық  құқық  теориясында  ерлі-зайыптылардың  құқықтық 
режимін сипаттаған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің билігін қандай 
мүлікке  қолданады  және  осы  биліктің  шектері  қандай,  мүліктің  ортақтық 
саласы қандай шектерде, ал мүліктік дербестік қандай шектерде болады деген 
сұрақтардың  шешуші  маңызы  бар.  Осыған  байланысты  салыстырмалы-
құқықтық  аспектіде  ерлі-зайыптылар  мүлкінің  құқықтық режимінің  үш  негізгі 
түрге бөлінеді: 
1)  мүліктің  бөліну  режимі.  Осы  режимнің  негізгі  идеясы  ерлі-
зайыптылардың мүлікті сатып алуының уақытына және тәсіліне қарамастан, ол 
бірыңғай  тұтастыққа  біріктірілмей,  олардың  әрқайсысына  заңды  түрде 
бекітілетінінде. Осындай жағдайда жұбай – меншік иесі екінші жұбайдың мүлік 
құқықығына,  ол  бірлесіп  өмір  сүру  кезеңінде  алынса  да,  ие  болмайды.  Бөлу 
режимі  көне  заманнан  бастау  алады,  оның  негізгі  белгілері  Рим  құқығында 
байқалады; 
2)  мүліктің  ортақтық  режимі.  Осы  режим  ерлі-зайыптылардың  мүлкін 
бірыңғай мүліктік массаға біріктіруді және оған иелену, пайдалану және билік 
ету  жөніндегі  бірқатар  арнайы  қағидалар  белгілеуді  көздейді.  Бұл  ретте 
отбасылық құқықта ерлі-зайыптылар мүлкі ортақтығы режимінің үш түрі бөліп 
шығарылады:  а)  әмбебап  ортақтығының  режимі,  онда  некеге  дейін,  сондай-ақ 
одан  кейін  сатып  алынған  мүлік  ортақ  болып  танылады.  Осы  ретте  ерлі-
зайыптылардың  әрқайсысы  осы  мүліктің  жартысына  құқықты  алады;  б)  1804 
жылғы  француз  Азаматтық  кодексінде  белгіленген  жылжымалы  және  сатып 
алынған  мүліктің  ортақтығы  режимі.  Оның  ерекшелігі  барлық  мүлік  (некеге 
тұрғанға  дейін  және  кейін  сатып  алынған,  жылжымалы  және  жылжымайтын) 
бірыңғай тұтастыққа біріктірілгенінде, оны жұбай (ер) басқаратын еді; в) сатып 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау