30
Сондай-ақ бұл кәмелетке толмағандарды 14 жастан бастап бизнесті
жүргізудің қазіргі заманғы әдістеріне, еңбекке (оның ішінде зияткерлік
еңбекке), инновациялық жобаларға және т.б. тарту үшін пайдалануға болатын
құқықтық негіздеме де болып табылады. Алайда 14 пен 16 жас аралығындағы
кәмелетке толмағандардың мұндай іс-әрекеттері толық кәсіпкерлік қызмет
болып табылмауы тиіс, олар АК-нің 22-бабы 1-тармағының қағидалары
бойынша жүзеге асырылуы тиіс дербес азаматтық-құқықтық мәміле болып
табылады.
Жоғарыда
көрсетілгенге байланысты, заң түрінде:
а) 16 жасты кәмелетке толмаған дара кәсіпкер мәртебесінде кәсіпкерлік
қызметпен айналыса
алатын жас етіп нақты белгілеу;
ә) кәмелекетке толмағандардың эмансипациясын оның кәсіпкерлік
қызметпен, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде
айналысуына тәуелді етпеу;
б) заңды өкілдерінің келісімімен 14 жастан бастап кәмелетке
толмағандардың табыс табуға бағытталған дербес іс-әрекеттер (операциялар)
жасауға құқығын анық әрі нақты бекіту мақсатқа сай болып көрінеді.
Кәсіпкерлік қызметтің ерекшелігінен туындайтын дара кәсіпкердің
айрықша құқықтық мәртебесі оған айрықша талаптар қою қажеттігін де
белгілейді. Ең алдымен, бұл оның кәсіпкерлік қызметінің заңдылығы және
Заңға сәйкес азаматтың дара кәсіпкер деп танылуы.
Азаматтық және кәсіпкерлік құқық теориясы мен оқу әдебиетінде бұл дара
кәсіпкер ретінде заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын
азаматтың міндетті тіркелуі деп аталады, ол туралы біз диссертацияның келесі
тарауларында зерттеу жүргіздік. Осы бағытта Ресей заңнамасы да жетіліп
келеді, РФ АК-нің 23-бабында азамат дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік
тіркелген сәттен бастап заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға құқылы деп белгіленген. Бұл ретте мемлекеттік тіркеусіз дара
кәсіпкерлікпен
айналысу
азаматтық
заңнаманы
бұзушылық
болып
табылатынын осы баптың 4-тармағы айқындайды.
Әдебиетте «заңды тұлға құрмастан кәсіпкер» және «дара кәсіпкер»
ұғымдары әр түрлі екендігі туралы пікір айтылған. Кәсіпкерлік қызметті
экономикалық санат ретінде дара тұлға мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асыра
алады [29, 18-19 б.]. В.И. Амирханова атап өткендей, «дара кәсіпкерлерді
мемлекеттік тіркеу бұл заңда белгіленген тәртіпте азаматтың кәсіпкерлікпен
айналыса алу фактісін анықтау ғана. Ол мемлекеттік тіркеусіз (талап етілмейтін
не заң талаптарының бұзылуы жағдайында) кәсіпкерлік қызметпен
айналысатындықтан кәсіпкер болып танылады және бұл ретте ол өзінің
кәсіпкер емес ретінде әрекет еткендігі туралы айта алмайды. Осы қызмет
субъектіні кәсіпкер ретінде айқындайды» [30, 134-135 б.].
Сонымен қатар, бұл айтылғандар белгілі бір талдауды қажет етеді.
Біріншіден, жоғарыда көрсетілгендей, Азаматтық кодекс те, Жеке кәсіпкерлік
туралы Заң бойынша да дара кәсіпкер ретінде азаматты міндетті мемлекеттік
тіркеу нақты белгіленген жағдайларда ғана талап етіледі. РФ АК-де дара
кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз азаматтың қандай да бір кәсіпкерлік
қызметі азаматтық заңдылыққа қайшы деп саналады. Сондықтан, «кәсіпкерлік»
31
және «заңсыз кәсіпкерлік» деп бөліп көрсету қажет, соңғысы заңмен
қудаланады. Осыған мысал ретінде заңсыз кәсіпкерлік үшін әкімшілік
жауапкершілік көзделетін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы
30 қаңтардағы № 155-II Қазақстан Республикасының кодексінің 143-бабын
көрсетуге болады. Осыған қоса, тіркеусіз не арнайы рұқсатсыз (лицензиясыз)
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген жағдайларда қылмыстық
жаза көзделеді (ҚК – 1997 жылғы 16 шілдедегі № 167-I Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы – заңсыз кәсіпкерлік).
Осы орайда Ресей Федерациясы Азаматтық кодексінің 23-бабының 4-
тармағына назар аударайық. Бұл нормада былай делінген:
«Осы баптың 1-тармағында бекітілген талаптарды заңды тұлға құрмастан
кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын азамат сол қызмет бабында жасалған
мәмілелеріне қатысты кәсіпкер емес екендігіне сілтеуге құқығы жоқ. Сот
осындай мәмілелерге қатысты осы кодекстің кәсіпкерлік қызметпен
байланысты мәмілелер туралы ережелерін қолдануға құқылы».
Біздің пікірімізше, тура осындай мағынадағы норма қазақстандық
заңнамаларға да, оның ішінде Кәсіпкерлік кодексінің жобасына да енгізілу
қажет деп санаймыз.
Ресей Федерациясының АК-нен айрықша, ҚР Азаматтық кодексінде де,
және Жеке кәсіпкерлік туралы Заңында да қызметкерлердің еңбегін тұрақты
негізде пайдаланбайтын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының салық
заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер
ретінде тіркелмеу құқығына жол берілетінін атап өткен жөн:
1) төлем көзінен салық
салынатын табыс;
2) мүліктік табыс;
3) өзге де табыстар.
Алайда, Азаматтық
кодекс те, Жеке кәсіпкерлік туралы Заң да «кәсіпкерлік
қызмет» немесе осыған ұқсас терминдерді қолданбайды, сондықтан көрсетілген
табыс алудың тәсілдерін кәсіпкерлік тәсілдерге жатқызуға болмайтын сияқты.
Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) комментарийлер авторларының
азаматтардың табыс әкелетін, бірақ АК-нің 10-бабы 1-тармағында көрсетілген
белгілердің болмауынан кәсіпкерлік болып табылмайтын өзге қызметтен дара
кәсіпкерлік қызметті айыру қажеттігін атап өтуі дұрыс деп санаймыз. Олардың
пікірі бойынша, жалдау еңбек шарты бойынша жұмыстар; егер мұндай
жұмыстар қызметкерлердің өз жеке ісі (мүлкі) негізінде емес немесе олардың
бастамалық қызметі болып табылмайтын, тапсырыс берушінің мүліктік
негізінде жүргізілсе, азаматтық-құқықтық шарт (оның ішінде авторлық шарт
бойынша немесе авторлық тапсырыс шарты, консультациялар шарты бойынша
және т.б.) негізінде азаматтардың өз еңбегімен сыйақы үшін орындалатын
жұмыстар кәсіпкерлікке жатпайды [31, 145 б.].
Яғни, «кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азамат» санаты «дара
кәсіпкер» санатынан кең, ол заң талаптарына қарамастан (заңсыз кәсіпкерлік),
тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу мүмкіндігін де қамтиды. Дара
кәсіпкер – бұл әр кез осы ретте тиісті тіркеуден өткен кәсіпкер азамат.