46
5-бабының 3-тармағы). Борышкер мына шарттар түскен кезде төлемге
қабілетсіз болып табылады:
- өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, алименттерді өндіріп алу,
еңбекақы төлеу, еңбек шарттары бойынша өтемақылар, Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары
және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жөніндегі, сондай-ақ авторлық
шарттар
бойынша
сыйақылар
жөніндегі
кредиторлар
алдындағы
міндеттемелері оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш ай ішінде
орындалмаған және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына
белгіленген бір жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес
соманы құрайды;
- өзге кредиторлар алдындағы міндеттемелері оларды орындау мерзімі
басталған кезден бастап үш ай ішінде орындалмаған және жиынтығында дара
кәсіпкерлер үшін – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына
белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы, заңды
тұлғалар үшін – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына
белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрайды.
Осы тармақтың талаптары жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш
беру жағдайларына қолданылмайды.
Ерікті тәртіппен банкроттықты тану борышкердің сотқа берген өтініші
негізінде іске асырылады. Сонымен бірге, банкроттық туралы Заң
борышкердің оны банкрот деп тану туралы өтінішпен жүгіну
құқығы бар
және борышкер жүгінуге
міндетті болатын жағдайларды жіктейді (11-бап).
Мысалы, борышкер өзінің төлем қабілетсіздігі салдарынан ақшалай
міндеттемелерді және (немесе) еңбек және соған байланысты қатынастардан
туындайтын міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындауға жағдайының
болмайтынын куәландыратын мән-жайлар болған кезде оңалту рәсімін қолдану
туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
Борышкер – жеке кәсіпкердің сотқа міндетті жүгіну жағдайлары 11-баптың
2-тармағында көрсетілген:
1) борышкер өзін тарату туралы шешім қабылдаған, ал мүлкінің құны
кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз
болған жағдайда өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;
2) егер бір кредитордың немесе бірнеше кредитордың талаптарын
қанағаттандыру оның басқа кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін
толық көлемде орындаудың мүмкін болмауына әкелсе, өзін банкрот деп тану
туралы сотқа жүгінуге;
3) борышкер төлем қабілетсіздігінің басталғаны туралы білген немесе
білуге тиіс болған кезден бастап алты ай ішінде өзін банкрот деп тану туралы
сотқа жүгінуге құқылы.
Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша нысанда берiледi және оған жеке
кәсіпкер қол қояды. Борышкердiң өтiнiшi: өтiнiш берiлетiн соттың атауын;
кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың мүмкiн еместiгiнiң негiздемесiн;
онда бар мүлiк, оның iшiнде кепiл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдаудағы
(жалға алудағы) және (немесе) лизингідегі мүлiк, банктік шоттардағы ақша,
шоттардың нөмiрлерi және банктердiң орналасқан жерi туралы мәлiметтердi,