179
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
қатар бағалауға келмейтін шығармашылық қарекет тәжірибесі мен
тұлғалық қатынастардың қалыптасуы да кіретін болғандықтан,
үлгермеушілікті қанағаттанғысыз бағалармен теңдестіруге бол-
майды. Үлгермеушілік оқушылардың жалпы мәдениеті мен тәрбие-
сіндегі елеулі кемшіліктермен байланысты неғұрлым кең көлемді
құбылыс. Үлгермеушілік мектептегі оқытуды дараландыру үшін
жағдай жасаудың қиындығынан туындайтын, қазіргі мектептің ең
өзекті проблемаларының бірі. Үлгермеушілікті жою үшін жекелеп
оқыту сабақтары, оқу тапсырмаларын жеке-жеке кезеңдерге бөлу,
сауалнаманың ерекше шарттары, қосымша сабақтар қолданылады.
Сондай-ақ 2-3 пәннен жылдық бағалары қанағаттанғысыз оқушы-
ларды келесі сыныпқа шартты түрде көшіру қолданылады. Шартты
түрде көшіру сыныпта екінші жылға қалушыларды азайтуға мүмкін-
дік береді. Дүниежүзілік практика екінші жыл оқу оқушыға пайда
бермейтінін, жастардың жалпы білім деңгейін төмендетіп, құлықтық
тәлім-тәрбиеге зиян келтіретінін көрсетеді.
ҮЛГЕРІМ. Оқушылардың оқу бағдарламасымен белгіленген білім,
білік, дағдыны олардың тереңдігі, саналылығы, толықтығы мен
беріктілігі тұрғысынан меңгеру дәрежесі. Үлгерім балмен бағаланып
көрсетіледі. Бағалардың жекелеген пәндер бойынша салыстырмалы
мәліметтері әрбір оқу пәні, пәндер циклі, сынып немесе мектеп
бойынша үлгерімді көрсетеді. Оқушылардың жоғары үлгеріміне ди-
дактикалық әдістер мен құралдар жүйесі, сондай-ақ тәрбиелік іс-
шаралар арқылы қол жеткізуге болады. Жақсы үлгерім пәнді сапалы
оқытумен қатар өзіндік жұмыстарын жақсы ұйымдастыруына
байланысты. Сонымен қатар мұнда күнделікті, тоқсандық, жылдық
тексерудің мәні де зор. Оқытуда оқушылардың жас өзгешеліктеріне
қарай жеке ерекшеліктерін де ескеру керек.
ҮЛГІ (лат. рrаесеdеns (рrаесеdеntis) – бұрынғы, осының алдындағы)
МӘТІН. Белгілі бір тілдік тұлғаға және оның айналасына, оның
ішінде негізін құраушылар мен замандастарына белгілі мәтін
(Ю.Н.Караулов). Тілшілер мен әдіскерлердің қазіргі жұмыстарында
мұндай мәтіндерді ғылыми зерттеу мәнмәтіндерінде ғана емес,
сондай-ақ инофондарды әлеуметтік-мәдени тұрғыдан бейімдеу
181
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
Белгілі бір форма бойынша ұйымдастырылған ауызша монологтық
және диалогтық сөйлеудің негізгі мазмұнын бекіту, жазбаша хабар-
лама түрі.
ХОРМЕН ОҚУ. Ұжымдық оқуды ұйымдастыру формасы; графикалық
мәтінді топ болып дауыстап айту.
ХОРМЕН (грек. сhоros – хор)
СӨЙЛЕУ. Сөйлеудің бір түрі;
сөйлеудің дыбыстық түріне баса назар аударылады, жаттығу уақытын
тығыздайды. Бастапқы кезеңде хормен айту өзге тілде сөйлеу
қорқынышынан арылтады.
ХРЕСТОМАТИЯ (грек. chrēstos – жақсы, пайдалы + manthanō – зерт-
теймін). Оқуға арналған мәтіндер және жазушылардың, ғалымдардың
туындылары, сондай-ақ ғылыми мәтіндер немесе олардан алған
үзінділердің жинағын көрсететін оқу құралы.
ХҰСНИ ХАТ (араб. хусни – көркем, сұлу). Ертеректегі мектептердің
бастауыш сыныптарында ана тілінде таза, көрікті етіп жазуға үй-
ретуге арналған жаттығу жұмыстары. Жазудың түріне қарай жазу
жол дарының шетіне арнайы графикалық торкөз қолданылған. Әріп
таң баларын әдемілеп жазу мәнеріне, мөлшерлеп қиюластыруға ай-
рық ша назар аударылған.
- Ш -
ШАПШАҢ СӨЙЛЕУ. Коммуникативті сөйлеу сапасы, яғни ауызша
сөйлеуді және түрлі тілдік құралдарды өздігінен еркін меңгеру
сапасы. Шапшаң сөйлеу шет тілін меңгеру деңгейінің көрсеткіші ре-
тін де қолданылады.
ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ. Сабақ өткізудің практикалық әдіс-тәсілдері
мен технологиялар көрсетілетін (кейде нақты сабақ барысында) оқы-
тушының біліктілігін арттыру жүйесіндегі оқыту сабағының бір түрі.
ШЕТ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ. 1. Шет тілін меңгеруге
бағытталған әдістер, тәсілдер, оқыту тәсілдерінің жиынтығы. Шет
тілдерін оқыту әдістемесінің жалпы түрі және жеке түрі болады.
Шет тілдерін оқытудың жалпы әдістемесі – зерттелініп отырған тіл
қандай болса да, шет тілін үйрету процесінің жалпы заңдылықтары
мен ерекшеліктерін зерттеумен айналысады.
Шет тілдерін оқытудың