101
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
блогы. Модуль оқыту мазмұнының аса мәнді бөліктерін айқындауға
көмектеседі. Модуль оқу материалдарының автономдық үлесіне
қатысты пән немесе пәндер кешені ерекшеліктеріне сәйкес, логикалық
аяқталған өзіндік дербес білім бөлігі болып табылады.
МОДУЛЬДІК (лат. modulus – өлшем)
ОҚЫТУ. Оқу ақпараты
модульдерге (аяқталған және жеке бірліктерге, ақпарат бөлігіне қатысты)
бөлінетін білім беру процесін ұйымдастыру түрі. Бірнеше модульдердің
жиынтығы белгілі бір оқу тақырыбының немесе тіпті, барлық оқу пәнінің
мазмұнын ашуға мүмкіндік береді. Модульді оқыту оқушылардың жеке
оқу және практикалық қызметін іске қосуға ықпал етеді.
МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ПРИНЦИПТЕРІ. 1. Оқу материалын
мақсатқа лайықтап іріктеу және оны мақсаттық блоктарға құру. 2. Оқу
материалының толықтығы, оның әржақтылығы мен кіріктірімділігі.
3. Модульдің біршама дербестігі мен логикалық аяқталуын
қамтамасыз ету. 4. Оқушылардың материалды игеруі мен мұғаліммен
кері байланысын әдістемелік қамтамасыз ету.
МОНИТОРИНГ. 1. Қоғамда немесе оның қайсыбір топтарында
болып жатқан өзгерістерді жүйелі түрде өлшеу жүйесі; бұл орайда
іріктеменің бір ғана принциптерінің қолданылуы және мәлімет жинау
үшін бір ғана амал-құралдардың пайдаланылуы шарт. 2. Адамның
шаруашылық қарекетіне байланысты қоршаған ортаның жай-күйін
қадағалау, бағамдау және болжамдау. 3. Адамдардың мінез-құлқын
бақылау үшін немесе когнитивтік не эмоциялық тұрғыдағы өзінің
ішкі процестерін бағамдау үшін адамның өзіне қатысты бақылаулары.
МОНОТІЛДІ ТОП. Бір тілде сөйлейтін (ана тілінде немесе делдал
тілінде) үйренушілерден тұратын оқу тобы.
МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСІ. Белсенді оқытуды түбірден
тарату әдісі. Бұл әдісте әуелі түбір нысанның сипаттамасы анықталып,
бұдан соң одан туындайтын түрлі нұсқалы тармақтары жазылады.
МОТИВ (фр. motif – түрткі болатын себеп, себеп). Адамның
қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты қызметке итермелеу;
субъектінің белсенділігін тудыратын және оның бағытын анықтайтын
сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы. Белгілі бір қоғамға
102
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
тән объективті құндылықтар, мүдделер мен мұраттар мотив болып
табылады. «Қажеттілік – мотив – әрекет» үштігінің өзара байланысы
А.Н.Леонтьевтің әрекет теориясында айтылған, бұл сөйлеу қызметі
теориясының негізін құрады. Әрекет теориясына сәйкес мотивке
түрткі болатын және әрекетке итермелейтін күштің қайнар көзі
қажеттілік болып табылады.
МОТИВАЦИЯ. Мотив әрекетінің процесі. Мотивацияның сыртқы және
ішкі түрі болады: сыртқы түрі қоршаған ортаға (оқытушы, оқу тобы,
ата-ана, қоршаған орта) байланысты, ішкі түрі оқушының шет тілін
меңгеруге деген қызығушылық деңгейіне, үйреніп жүрген тілдің отаны,
мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихы туралы ақпараттың маңыздылығына
байланысты. Мотивацияның қалыптасуына ықпал ететін факторлардың
арасында оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдері үлкен рөл атқарады,
мысалы,
ұжымдық оқыту формалары, рөлдік ойындар.
МОТИВАЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР. Сөйлеу қызметін іске асыруға
түрткі болатын, сөйлеуге ықпал ететін жаттығулар.
МУЛЬТИМӘДЕНИ БІЛІМ (ағылш. multicultural education).
1. Қазіргі қоғамның білім беру практикасындағы концептуалды идео-
логиялық ағым. 2. Білім беру стратегиясы, мақсаты – ұлттық мемле-
кеттердің дамуы барысында қоғамда пайда болған мәселелерді бі-
лім беру құралдары арқылы шешу. Оқу бағдарламаларын әзірлеу,
оның ішінде тіл мен мәдениетті үйрету, оқу процесін стратегия
аясында ұйымдастыру. Мультимәдени білім оқушылардың мәдени
шеттетілуін жоюға, адам құқығы, еркіндігі, демократия сияқты
негізгі демократиялық құндылықтарды дамытуға бағытталған. Муль-
тимәдени білімнің маңызды функциялары мыналар: 1) азаматтық
қоғамды тұрақтандыратын маңызды фактор ретінде жаңа білім беру
ортасын құру; 2) этносаралық шиеленісті басу; 3) әртүрлі мәдениет
өкілдері арасындағы қарым-қатынаста төзімділікті тәрбиелеу.
МУЛЬТИМЕДИА (лат. multum – көп + media – құрал). Құрылымы
мәтін түріндегі, аудио, бейне және анимациялық элементтер сияқты
әртүрлі ақпараттардан тұратын оқу құралы. Мультимедиа көмегімен
үйренушімен интерактивті түрде қарым-қатынас жасау қамтамасыз