93
дыбыстық талдау-жинақтау əдісін меңгертуде, ал тілдің грамматикалық
құрылымы мен жүйесі жайлы білімдері қазақ тілін оқыту əдістемесін жеке-
жеке тақырыптар ( зат есім, етістік, сөйлем түрлері, т.б.) бойынша танытуда
пайдаланылады.
«Қазіргі қазақ тілі негіздері» пəнін оқу негізінде студент:
•
тіл дыбыстарын жəне олардың түрлерін;
•
тіл
дыбыстарының
жасалу
жолын,
дыбыстардың
үндесу
заңдылықтарын;
•
орфоэпиялық жəне орфографиялық ерекшеліктерді;
•
буын түрлері мен тасымалдау жолдарын;
•
сөз мағынасының түрлерін жəне оларды оқу-тəрбие үдерісінде дұрыс
пайдалануды;
•
сөз таптарын жəне олардың түрлену жүйесін;
•
сөз тіркесінің байланысу тəсілдерін жəне сөз тіркесінің түрлерін;
•
сөйлем (жай жəне құрмалас сөйлем) түрлерін;
•
сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін;
•
тыныс белгілерінің түрлерін жəне олардың қойылатын орындарын
білуі керек ;
•
дыбыс түрлерін айыруды, дыбыстардың артикуляциялық орнын
анықтауды;
•
дыбыс үндестігінің болу себептерін айқындауды;
•
сөздерді дұрыс тасымалдауды;
•
сөз мағыналарын ажыратуды;
•
синонимдік қатар құрауды;
•
жалаң жəне күрделі сөз түрлерін ажыратуды;
•
сөз таптарын ажыратып, олардың ерекшеліктерін көрсетуді;
•
сөйлемдегі сөздердің грамматикалық байланысын анықтауды;
•
сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талдауды жəне сөйлем
түрлеріне ажыратуды;
•
тыныс белгілерін дұрыс қоюды;
•
мəдени жəне коммуникативтік құзіреттілікті меңгеруі керек.
Пəннің пререквизиттері
Аталған курсты оқып-үйрену үшін студенттің қазақ тілі курсынан мектеп
бағдарламасы деңгейінде жеткілікті білімі болуы қажет етіледі.
Пəннің постреквизиттері
«Қазіргі қазақ тілі негіздері» пəні лингвоəдістемелік циклдегі «Сауат ашу
əдістемесі», «Қазақ тілін оқыту əдістемесі» «Əдебиеттік оқуды оқыту
əдістемесі», «Балалар əдебиеті” тəрізді пəндерді оқып-үйренудің негізі
болып табылады.
94
Пəннің тақырыптық жоспары
1.
Тіл біліміне кіріспе
2.
Фонетика
3.
Лексикология жəне фразеология
4.
Сөздің морфемалық құрамы жəне морфемалар
5.
Грамматика
6.
Морфология
7.
Синтаксис
8.
Емле жəне тыныс белгілері
9.
Сөйлеу мəдениеті
Пəннің мазмұны
Кіріспе
Пəннің нысаны – бастауышта оқыту педагогикасы мен əдістемесі
мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сəйкес болашақ
бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары педагогикалық кəсіптік білімінің
құрамдасы ретіндегі қазақ тілі негіздерінің мазмұны.
Пəні – қазіргі қазақ тілі негіздері бойынша болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің кəсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру барысы.
«Қазіргі қазақ тілі негіздері» пəні студенттерге тілдің қоғамдық мəні,
құрылымдық ерекшеліктері, тіл көркемдігі жөнінде жүйелі білім беру, тілдің
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын, тіл
мəдениетін игерту мақсатын көздейді.
Осы мақсатқа орай мынадай міндеттер қойылады:
- тілдің қоғамдық мəні жəне оның ойлаумен байланысы туралы түсінік
беру;
- тілдің құрылымдық жəне жүйелік қасиеттерімен таныстыру;
- тіл дыбыстары жəне олардың түрлерін таныту;
- үндестік заңдылықтарын білдіру;
- буын түрлерімен таныстыру;
- сөз мағыналарының түрлерін айыра білуге үйрету;
- cөз құрамын жəне морфема түрлерін меңгерту;
- сөз таптарының ерекшеліктерін жəне əр сөз табының грамматикалық
түрлену жүйесін меңгерту;
- сөздерді тіркестіру формалары мен тəсілдерін меңгерту;
- сөйлем мүшелерін жəне олардың синтаксистік қызметін таныту;
- сөйлемнің айтылу мақсатына жəне құрылысына қарай бөлінетін
түрлерімен
таныстырып,
əрқайсысының
өзіндік
ерекшеліктерін
меңгерту;
- функционалдық сауаттылығын дамыту.
Пəнді оқытуда сөздік əдістер (түсіндіру, дəріс, əдебиеттермен жұмыс істеу),
интербелсенді əдістер (пресс конференция, дəріс-консультация, кейс-стади,
пікірталас т.б.), практикалық əдістер жəне көрнекілік əдістер пайдаланылады.
95
Пəннің басқа ғылым салалары арасында өзіндік ерекше орны бар. Өйткені
тіл – таным құралы, қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен
қарым-қатынас жасау құралы. Тілдің осы таным жəне қарым-қатынас құралы
ретіндегі қызметінің өзі оның өзге ғылым салалары арасындағы алатын орнын
көрсетеді.
Қазақ тілінің фонетикасы жəне грамматикалық құрылымын жүйелі түрде
танытқан ең алғашқы ғылыми еңбек А.Байтұрсыновтың «Тіл – құрал» атты
оқулығы болды. Бұл оқулық үш бөлімнен тұрады. Оқулықтың фонетикаға
арналған 1-бөлімі – 1915 жылы, қазақ тілі морфологиясына арналған 2-бөлімі
– 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі – 1916 жылы басылып
шыққан. Қазіргі қолданылып жүрген тіл терминдерінің бəрінің негізі осы
оқулықтарда қаланған.
Тілдің
дыбыстық
жəне
грамматикалық
құрылымын
зерттеуде
Х.Досмұхамедов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев,
М.Балақаев, К.Аханов, А.Ысқақов, Ə.Қайдаров, Р. Сыздық, С.Исаев, Р.Əміров,
Ғ.Қалиев, Ш.Сарыбаев, Б.Қалиев, Н.Оралбай, Ф.Оразбаева, Б.Қасым,
Ж.Манкеева тəрізді танымал ғалымдар ерекше үлес қосты. Бүгінгі күні қазіргі
қазақ тілінің əр бөлімі (фонетика, лексикология, сөзжасам, морфология,
синтаксис) жеке ғылым саласы ретінде коммуникативті, когнитивті жəне
лингвомəденитанымдық ерекшеліктері жағынан даму үстінде.
Негізгі бөлім
Тіл біліміне кіріспе. Тіл білімі жəне оның салалары. Тілдің қоғамдық мəні
мен қызметі. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы. Тіл жəне ойлау. Тіл
жəне сөйлеу. Тілдің таңбалық сипаты, құрылымы, оның жүйесі.
Фонетика. Қазақ тілі фонетикасының зерттелу жайы. Дыбыс туралы ұғым.
Фонема. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар. Бастауыш сынып «Қазақ
тілі» оқулығындағы тілдің дыбыстық жүйесіне қатысты тақырыптар. Буын,
оның түрлері. Үндестік заңы. Сингармонизм. Ассимиляция жəне оның
түрлері.
Фонетикалық
құбылыстар.
Бастауыш
сынып
«Қазақ
тілі»
оқулығындағы буын жəне дыбыс үндестігі кездесетін тақырыптар. Орфоэпия,
орфография, графика. Транскрипция.
Лексикология жəне фразеология. Сөз жəне оған тəн белгілер. Сөз
мағынасы жəне оның түрлері. Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада
қолданылу
тəсілдері.
Омонимдер.
Синонимдер.
Антонимдер.
Фразеологизмдер. Мақал-мəтелдер жəне олардың мəні. Бастауыш сыныптарда
оқытылатын лексикалық ұғымдар. Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік
құрамы туралы түсінік. Сөздік құрамның толығу жолдары. Сөздердің стильдік
мəніне жəне қолданылу аясына қарай бөлінуі. Қазақ тілі лексикографиясы.
Лингвистикалық сөздіктер.
Сөздің морфемалық құрамы. Сөздің құрамы жəне морфемалар. Сөз
құрамына қатысты ұғымдардың бастауыш сынып бағдарламасы мен «Қазақ
96
тілі» оқулықтарында берілу жайы. Сөзжасам жəне оның негізгі тəсілдері.
Жалаң сөз. Күрделі сөздер.
Грамматика. Грамматикалық ұғымдар. Грамматикалық форма жəне
грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматиканың теориялық жəне
практикалық мəні. Оның бастауыш сынып бағдарламасында алатын орны,
маңызы. Грамматикалық категориялар жəне олардың сөз таптарымен ара
қатынасы.
Морфология. Морфология туралы түсінік. Сөз таптары. Зат есім. Көмекші
есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік. Етістік. Етістіктің лексикалық-
грамматикалық категориялары. Үстеу. Шылау сөздер. Еліктеу сөздер. Одағай
сөздер. Бастауыш сыныпта оқытылатын сөз таптарының оқулықта берілу
жайы.
Синтаксис. Синтаксис туралы жалпы түсінік. Сөйлем. Сөйлемнің
грамматикалық белгілері. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін
түрлері. Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің байланысу тəсілдері мен түрлері. Сөйлем
мүшесі. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Айқындауыш мүше жəне оның түрлері. Оқшау
сөздер жəне оның түрлері. Жай сөйлемнің құрылысына қарай бөлінетін
түрлері. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас
сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем. Синтаксистен бастауыш сыныпта берілетін
материалдар. Бөгде сөз, оның түрлері.
Емле жəне тыныс белгілері. Қазақ тілі орфографиясының негізгі
ережелері. Қазақ емлесінің кейбір мəселелері. Тыныс белгілерінің мəні жəне
атқаратын қызметі. Тыныс белгілерінің түрлері жəне олардың қолданылуы.
Сөйлеу мəдениеті. Сөйлеу мəдениеті туралы түсінік. Тілдік норма, оның
тіл мəдениетіне қатысы.
Практикалық сабақтардың үлгі тақырыптары:
1.
Қазақ тілі дыбыстары
2.
Тіл жəне ерін үндестігі
3.
Прогрессивті жəне регрессивті ассимиляция
4.
Сөз мағынасы жəне оның түрлері
5.
Омоним, антоним жəне синоним
6.
Фразеологизмдер
7.
Морфема жəне оның түрлері
8.
Жалаң сөз жəне оның түрлері
9.
Атаушы есімдер тобындағы сөз таптары
10.
Етістіктің лексикалық жəне морфологиялық сипаты
11.
Үстеу жəне оның түрлері
12.
Сөз тіркесі жəне оның байланысу тəсілдері
13.
Сөйлемнің тұрлаулы жəне тұрлаусыз мүшелері
14.
Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері
15.
Құрмалас сөйлем, оның түрлері
97
Студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындайтын өзіндік
жұмыстарының тақырыптары:
1.
Дауыссыз дыбыстардың акустика-артикуляциялық ерекшеліктері
2.
Буын жігі жəне тасымал
3.
Буын жəне дыбыс үндестігі. Тоғыспалы ассимиляция
4.
Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері
5.
Морфонология
6.
Сөздердің қолданылу аясына қарай бөлінетін түрлері
7.
Сөздің морфемалық құрамы
8.
Күрделі сөз жəне оның түрлері
9.
Шылау жəне еліктеу сөздер
10.
Есімді жəне етістікті тіркестер, олардың байланысу түрлері
11.
Анықтауыш жəне айқындауыш
12.
Салалас құрмалас сөйлем жəне оның түрлері
13.
Сабақтас құрмалас сөйлем жəне оның түрлері
14.
Оқшау сөз жəне оның түрлері
15.
Тыныс белгілері
Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары:
1.Тілдің таңбалық сипаты жəне құрылымдық-жүйелілік ерекшеліктері
2. Дауысты жəне дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы
ерекшеліктер
3. Сөздің мағыналық түрлері
4. Қазақ емлесінің кейбір мəселелері (кейбір дыбыстардың жазылуы,
сөздердің бірге, бөлек жəне дефис арқылы жазылуы т.б.
5. Сөз мағынасының ауыспалы мағынада қолданылу тəсілдері
6. Көп мағыналы сөздер жəне омонимдер
7. Синонимдердің мағыналық, стильдік реңктері
8. Диалект жəне кəсіби сөздер
9. Қазақ тілі лексикасының стильдік түрлері
10. Күрделі сөздің тұрақты тіркес пен еркін сөз тіркесінен өзгешеліктері
11. Грамматикалық мағынаның берілу тəсілдері мен жолдары
12. Грамматикалық категорияның сипаты мен түрлері
14. Грамматикалық категорияның сөз таптарына қатысы
15. Сөздердің байланысу формалары
І аралық бақылаудың сұрақтары
1. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жəне оларға тəн белгілер.
2. Дауыстылар тілдің, еріннің, жақтың қатысына қарай жіктелуі.
3. Дауыссыз дыбыстардың дауыс қатысына, айтылу жолына жəне
жасалу орнына қарай жіктелуі, олардың артикуляциялық ерекшеліктері.
4. Фонема.
98
5. Тіл үндестігі жəне оған бағынбайтын қосымшалар.
6. Ерін үндестігі жəне оның орфоэпияға қатысы.
7. Ілгерінді ықпал жəне оның кездесетін орындары.
8. Кейінді ықпал жəне оның кездесетін орындары.
9. Тоғыспалы ықпал жəне оның кездесетін орындары.
10. Сөз жəне оған тəн белгілер.
11. Сөздің тура жəне ауыспалы мағынасы.
12. Сөздің көп мағыналылығы.
13. Омоним жəне оның көп мағыналы сөздерден өзгешелігі.
14. Омофон жəне омографтар.
15. Антоним жəне оның стильдік қызметі.
16. Синонимдер жəне оның стильдік қызметі.
17. Фразеологизм жəне оның түрлері.
18. Диалект жəне кəсіби сөздер.
19. Терминдер.
20. Көнерген сөздер жəне оның түрлері.
ІІ аралық бақылаудың сұрақтары
1. Сөзжасам жəне оның объектісі. Сөзжасам тəсілдері
2. Қосымша жəне оның түрлері.
3. Жалғау жəне оның түрлері.
4. Жалаң сөз жəне оның түрлері.
5. Күрделі сөз жəне оның түрлері.
6. Зат есім жəне оның грамматикалық категориялары.
7. Көмекші есім.
8. Сын есім жəне оның түрлері.
9. Сын есімнің шырай категориясы.
10. Сан есім жəне оның мағыналық түрлері.
11. Есімдік жəне оның мағыналық түрлері.
12. Етістік жəне оның категориялары.
13. Үстеу жəне оның мағынасына қарай бөлінетін түрлері.
14. Шылау жəне оның түрлері.
15. Еліктеуіш сөз жəне оның морфологиялық сипаты. Еліктеуіш сөздің
түрлері.
16. Одағай жəне оның түрлері, тыныс белгісі.
17. Сөз тіркесі жəне оның құрамындағы сөздердің байланысу тəсілдері.
18. Сөздердің байланысу түрлері (қиысу, матасу, т.б.)
19. Сөйлем мүшесі жəне оның құрылысына қарай бөлінетін түрлері.
20. Тұрлаулы мүшелер.
21. Тұрлаусыз мүше жəне оның түрлері.
22. Сөйлем жəне оған тəн белгілер.
23. Сөйлем айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері.
99
24. Жай сөйлем жəне оның құрылысына қарай бөлінетін түрлері.
25. Құрмалас сөйлем.
26. Салалас құрмалас сөйлем жəне оның мағынасына қарай бөлінетін түрлері.
27. Сабақтас құрмалас жəне оның мағынасына қарай бөлінетін түрлері.
28. Аралас құрмалас сөйлем.
29. Тыныс белгісі жəне оның түрлері, атқаратын қызметтері.
30. Орфография ережелері.
Ұсынылатын əдебиет тізімі
Негізгі əдебиет:
1.
Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, Алматы, «Дəуір-Кітап»,
2013
2.
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, «Өлке», 2010
3.
Əміров Р.С., Əмірова Ж.Р. Қазіргі қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесі.
Алматы, «Қазақ университеті», 2014
4.
Қалиев Ғ., Болғанбаев Ə. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен
фразеологиясы. Алматы, 2005
5.
Исаев С. Қазақ тілі, Алматы, «Өнер», 2013
6.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Павлодар, 2010
7.
Сыздықова Р. Емле жəне тыныс белгілері. Алматы, 1996
8.
Уайсова Г.И., Омарова Г.Ж. Қазіргі қазақ тілі негіздері. Алматы, 2013
Қосымша əдебиет:
1. Оразбаева Ф., Сағидолла Т., Қасым Б. т.б. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2005
2. Қазақ грамматикасы, Астана, 2004
3. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. Алматы, 2008
4.
Оразахынова Н., Исаева Ж., Г.Сүлеева Қазақ тілі (сөзжасам, морфоло-
гия), Алматы, 2004
5. Исаев С.Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.
Алматы, 1998
6. Грамматикадағы дүниенің тілдік бейнесі. Алматы, 2014
Авторы:
Уайсова Г.И. – п. ғ. к., профессор Абай атындағы ҚазҰПУ
Достарыңызбен бөлісу: |