59
Бүгінде тəрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары. Соған сай заман
талабы бүгінгі отбасына үлкен жауапкершілік пен жоғары білімділікті жүктеп
отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы
тəрбиесіне
философиялық,
əлеуметтанушылық,
психологиялық
жəне
педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлінген. Бүгінге дейін отбасы жəне
ондағы бала тəрбиесін ұйымдастыру мəселелері қазақстандық ғалымдар
Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Л.Лысенко, Р.Төлеубекова, Г.Байдельдинова,
Ж.Əбиев жəне т.б. тарапынан зерттеліп келді. Олар өз зерттеулерінде ұлттық
ділді ескере отырып қоғам талабына сай бала тəрбиесін ұйымдастырудың
жолдарын көрсетуге тырысады.
Олай болса, жасөспірім бойына халқымыздың салт-дəстүрлерін, əдет-
ғұрыптарын, имандылық пен ізгілік нұрын сіңіруге баса назар аудару, бүгінгі
таңда басты мақсат-мұраттарымызға айналып отыр. Ол үшін өз елін, өз жерін
сүйетін, өз халқының тарихын, тілін, мəдениетін қадірлеп-қастерлейтін
азаматты тəрбиелеу, ұлттық санасын дамыту – мектептердің басты міндеті
екені даусыз.
Бүкіл тəрбие үдерісі баланың жеке тұлғасын дамытуға, ұстаздар мен
оқушылар қарым-қатынасын демократияландыруға, ізгіліктендіруге, ата-
аналар қауымымен ынтымақтаса жұмыс істеуге бағытталған. Еліміздің
əлеуметтік-экономикасын
жетілдіру
кезеңі
мен
нарық
экономикасы
жағдайында адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру
тың мəселе болмақ.
Осы тұрғыда тəрбие үрдісін ұйымдастырудың əдістемесін жаңаша
қарастырып, тəрбие əдістері мен тəсілдерін талдап, жоспарлаудың нақты
əдістемесін қарастырудың маңызы зор. Бұл міндетті жүзеге асыруда
5В010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен əдістемесі мамандығы
бойынша білім алушылар үшін «Бастауыш мектептегі тəрбие жұмысының
теориясы мен, əдістемесі» курсы ерекше мəнге ие.
«Бастауыш мектептегі тəрбие жұмыстарының теориясы мен əдістемесі»
пəні «Жалпы педагогика» курсының логикалық жалғасы болады жəне
педагогикалық іс-тəжірибемен іштей байланысты. Оның негізгі мақсаты –
болашақ педагогтарды мектептегі тəрбие жұмыстарын ұйымдастыра білуге
дайындау, оларды топ жетекшісі ретінде қалыптастыру.
«Бастауыш мектептегі тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі»
пəні арнайы пəндер модуліндегі міндетті компонентке жатады.
«Бастауыш мектептегі тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі»
курсын меңгеру жалпы кəсіби цикл пəндері «Кəсіби мамандыққа кіріспе»,
«Педагогика»,
«Жалпы
психология»,
«Жеке
тұлғаның
психология-
педагогикалық
диагностикасы»,
«Этнопедагогика»
жəне
əлеуметтік-
гуманитарлақ циклінің «Əлеуметтану», «Философия» пəндерімен тығыз
байланыста оқытылады.
«Бастауыш мектептегі тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі»
курсының меңгерілу нəтижесі алдыға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу
болып табылады.
60
Курстың соңында студент бастауыш мектептегі тəрбие жұмысының
əдістемесін жақсы білетін, қазіргі тəрбиеші- құзыретті маманға қойылатын
талаптарға сай кəсіби білім, білік, дағдыларын меңгеруі қажет.
Пəннің мазмұнын оқып-үйрену нəтижесінде болашақ маман:
-
тəрбие жұмысы əдістемесінің негізгі ұғымдарын;
-
тəрбие жұмысының гуманистік педагогикасымен үйлесімділігін;
-
сынып ұжымы мен оқушылардың жеке тұлғасын, əлеуметтік ортасын
диагностикалау əдістерін;
-
бастауыш сыныптағы тəрбие жұмыстарын жоспарлауды,
-
бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тəрбие жұмыстарының
түрлерін, əдіс-тəсілдерін;
-
бастауыш сынып оқушылары, олардың ата-аналарымен қарым-
қатынас жасаудың формалары мен əдістерін;
-
сынып жетекші іс-əрекетінің бағыттары мен жүйесі туралы;
-
атқарылған тəрбие жұмыстарының нəтижесін талдай жəне бағалай
білуі керек.
Болашақ маман:
-
сынып оқушыларын педагогикалық диагностикалаудың əдістерін;
-
оқушылардың дамуы мен тəрбиесіндегі нақты мəселелерді айқындап,
оларды шешудің əдістемесін;
-
тəрбиелік шаралардың жоспарларын дайындап оларды ұжымдық -
шығармашылық істер бойынша ұйымдастыру формаларын;
-
оқушылармен, ата-аналармен, əріптестерімен жағымды қарым-
қатынас
жасау жəне туындаған кикілжіңді шешудің əдіс-тəсілдерін тиімді қолдана
алуы керек.
-
адамға деген құрмет, жеке тұлғаның құндылығын сезіну жəне бағалай
білу;
-
принципшілдік, талапкершілдік, мақсаттарға қол жеткізу;
-
төзімділік пен шыдамдылық, күте жəне кешіре білу;
-
педагогикалық əдеп, өз-өзін басқару, эмоциясын ұстай білу;
-
мораль нормаларын ұстану;
-
өз іс-əрекеттеріне, сынып оқушылары жəне кəсіби міндеттері үшін
жауапты болу дағдылары
қалыптасады.
«Бастауыш мектептегі тəрбие жұмысының теориясы мен əдістемесі»
курсы студенттерді адамгершілік жəне əлеуметтік-психологиялық талаптарға
сай педагог-тəрбиеші ретінде ғана емес, жан-жақты қалыптасқан тұлға ретінде
бəсекеге қабілетті құзыретті маман болып қалыптасуына ықпал етеді.
Пəннің пререквизиттері
Аталған курсты оқып-үйрену үшін студенттің «Педагогикалық
мамандыққа кіріспе», «Педагогика» курстарынан жеткілікті білімі болуы
қажет етіледі.