Тұрсынбекова жазира жұмабекқызының Әлеуметтік қызметкердің Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында әлеуметтік



жүктеу 0,7 Mb.
Pdf просмотр
бет5/27
Дата14.05.2018
өлшемі0,7 Mb.
#12267
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

саласындағы әлеуметтік қызметтеріне және әлеуметтік қызметкердің қызмет 

объектісіне  талдау  жасалған.  Әдебиеттік  дереккөздер  талдауы  кешенді 

медициналық-әлеуметтік  жұмыс  қоғамдағы  оңды  өзгерістерге,  адами  өзара 

қарым-қатынастардағы  проблемаларды  шешуге,  адамның  өзіне,  өзінің 

денсаулығына,  оның  лайықты  өмір  сүруіне  деген  құқығын  нақты  іске 

асыруға  жауапкершілігін  арттыруға  ықпалын  тигізеді.  адами  мінез-құлық 

және  әлеуметтік  жүйелер  теориясына  негізделе  отырып,  әлеуметтік  жұмыс 

адам  қоршаған  ортамен  өзара  қарым-қатынас  жасаған  кездегі,  әлеуметтік 

денсаулық  арқылы  жекеге,  ол  арқылы  қоғамдық  денсаулыққа  әсер  еткенде 

кездегі процеске енеді.  

Қазіргі  заманғы  қоғам  үшін  адамның  денсаулығымен  байланысты 

проблемаларды  шешуіне  арналған  кешенді  тәсіл  керек,  және  акцентті 

(назарды) ауруды емдеуге емес оның алдын алу мен салауатты өмір салтын 

насихаттауға  қою  қажет,  ол  әлеуметтік  қызметкердің  денсаулық  сақтау 

саласындағы  пациенттерге  деген  тәсілдерінің  өзгеруін  көздейді.  Денсаулық 

сақтау  саласының  барлық  қызметкерлері  өз  пациенттерінің  денсаулығына 

қатерлі  жағдайлардың  пайда  болуын  болдырмау  және  жою  әдістеріне 

белсенді  түрде  көшуі  тиіс.  Мұндай  проблемаларды  тиімді  шешу  үшін 

қоғамның  қатысуы,  жергілікті  қоғамдастықтарды,  оның  ішінде  әлеуметтік 

қамтамасыз ету органдарын, мектептерді, діни және іскерлік ортаны, сондай-

ақ жастар топтарын тарту (қатыстыру) қажет. Аурулардың алдын алуға және 

салауатты  өмір  салтын  насихаттауға,  қоғамның  мәдени  және  білім  беру 

әлеуетін арттыруға қажетті деңгейде көңіл бөлмеу халықтың басым бөлігінің 

мінез-құлқына, жүріс-тұрысына кері әсерін тигізеді.     

          Денсаулық  сақтау  саласында  әлеуметтік  жұмысты  енгізу  адам 

денсаулығына, оның әлеуметтік бейімделуіне, ауруларды жою (болдырмау) 

бойынша  әлеуметтік-профилактикалық  іс-шараларға  дейін  әсер  ететін 

факторларды  анықтау  секілді  міндеттерді  шешуге  мүмкіндік  береді. 

Медициналық  персонал  жүзеге  асыратын  алдын  алу  қызметі  үнемі  тиімді 

бола  бермейді,  өйткені  алдын  алу  (профилактикалық)  қызметі  әлеуметтік 

проблемалардың  кешенін  немесе  олардың  бір  бөлігін  шешпейді. 

Медициналық  персонал  әлеуметтік  факторлардың  адам  денсаулығына 

әсерін  жеткілікті  түрде  зерттемейді,  іс  жүзінде  қоғам  мен  отбасының 

экономикалық жай-күйін зерттемейді.  

          Жоғарыда  айтылғандар  кәсіби  қызметтің  жаңа  түрі  ретінде  әлеуметтік 

жұмыстың  денсаулық  сақтау  саласындағы  орнының  аса  маңыздылығын 

көрсетіп  отыр.  Мұндай  қызмет  түрінің  пайда  болуы  халық  денсаулығының 



нашарлануынан  туындайды,  ол  әлеуметтік  және  медициналық  сипаттағы 

проблемаларды  сапалы  жаңа  деңгейде  –  әлеуметтік-медициналық  жұмыс 

деңгейінде шешуді талап етеді. 

          Одан  әрі  әлеуметтік  қызметкердің  денсаулық  сақтау  саласында 

әлеуметтік  қызметтер  көрсету  барысындағы  қызметін  іске  асырудың 

ұйымдастыру-нормативтік  тетігі  жарияланады.  Қазіргі  уақытта  әлеуметтік 

қызметкер  институтын  одан  әрі  енгізу  және  жүзеге  асыру,  оның  мәртебесін 

арттыру  мен  жоғары  мемлекеттік  деңгейде  дамуға  ықпал  ету  бойынша 

шараларын күшейту қажет. Ол бойынша жұмыс істеуге мыналар ұсынылады: 

1) Қазақстан  Республикасы Еңбек кодексіне әлеуметтік қызметкерге қажетті 

мәртебе  және  еңбек  саласында  кепілдік  беруді  қамтамасыз  ете  отырып, 

әлеуметтік  қызметкер  еңбегін  реттеу  туралы  тарауға  қызметкерлердің  жеке 

санаттарының  еңбегін  реттеу  турал  бөлім  енгізу;  2)  заңдық  деңгейде 

әлеуметтік  қызметкер  мен  оның  отбасы  мүшелерін  тиісті  әлеуметтік 

қамтамасыз етуді қарастыру.    

Келесі  бөлікте  қиыр  және  таяу  шығыс  зерттеушілерінің  әлеуметтік 

қызметкердің денсаулық сақтау саласындағы қызметі туралы тәжірибесі жан-

жақты  келтірілген.  Талдау  адамға  бағдарланған  көмекті  іске  асыру  әртүрлі 

елдерде  әртүрлі  тәсілдер  арқылы  жүзеге  асырылатынын  көрсетті,  алайда 

олардың  барлығы  мынадай  негізгі  бағыттарды  қамтиды:  көмектің  қол 

жетімділігі  мен  үздіксіздігі,  бірінші  буын  деңгейінде  қызметтерді  үлестіру, 

жаңа  қажеттіліктерді  анықтау,  сектораралық  өзара  қарым-қатынас,  жеке 

ерекшеліктерді ескеру.   

Сонымен  қатар,  Еуропада,  АҚШ-та,  Канадада  және  басқа  да  елдерде 

көмек  көрсетудің  ұсынылатын  үлгілерінің  әрқилығы  –  әр  елдің  денсаулық 

сақтау  саласына  мақсатты  түрде  жоспарланған  белсенді  әлеуметтік-

медициналық көмекке, өңірлік жағдайларға бейімдеуге кешенді тәсіл арқылы 

жеке өздерінің үлгілерін әзірлеп, енгізуді білдіреді.  

Диссертацияның  екінші  бөлімі  әлеуметтік  қызметкердің  денсаулық 

сақтау  саласында  әлеуметтік  қызметтер  көрсету  барысындағы  кәсіби 

құзыреттіліктерін  талдауға  бағытталған.  Қазақстан  Республикасының 

денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік қызметтер 

көрсетуі  барысындағы  кәсіби  құзыреттіліктеріне  егжей-тегжейлі  талдау 

жүргізілді.  Әлеуметтік  қызметкерлердің  кәсіби  жағынан  қалыптасу 

проблемасы  бойынша  көптеген  зерттеулерге  жүргізілген  талдау  кәсіби 

құзыреттіліктердің  қалыптасуына  анықтама  беруге  мүмкіндік  берді. 

Әлеуметтік  қызметкердің  кәсіби  құзыреттіліктерін  қалыптастыру  –  бұл 

субъектілердің өзара қарым-қатынасының білім беру үдерісі, оның нәтижесі 




маманның  стандарттарға  сәйкес  функцияларды  жүзеге  асыруы  үшін 

жеткілікті  білім,  дағды,  икемділік  деңгейін,  оның  этикалық  (әдептік) 

ұстанымын  көрсететін  кәсіби  және  тұлғалық  қасиеттердің  интегралды 

сипаттамасы  ретінде  құзыреттіліктер  болып  табылады.  Әлеуметтік 

қызметкердің  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыру  тұлғаның  шығармашылық 

әлеуетінің даму процесіне бағдарланған, ол тұлғаға мақсат, кәсіби қызметтің 

өзінше іске асырылатын субъекті, нәтиже және бас критерий ретінде тұлғаға 

бағдарланған  жүйелік,  синергетикалық,  акмеологикалық  және  тұлғалық-

қызметтік тәсілдер базасында мүмкін.  

Одан  кейін  әлеуметтік  қызметкерлерді  даярлауға  эмоционалдық 

интеллектіні,  пациенттердің/клиенттердің  жеке  жағдайларымен  байланысты 

шешімдерді қабылдау және оған көңіл бөлу барысындағы саногенддік ойлауды 

дамытуға 

ықпал 


ететін, 

сондай-ақ 

аға 

мамандардың 



қолдауымен 

машықтандыратын ситуацияларда талап етілетін тәжірибені жинауды көздейтін 

білім беру модульдерін енгізу (қосу) қажеттілігі туралы тұжырымдама жасалды.  

Диссертациялық  жұмыста  білімді  басқару  процесіне  тиімді  тәсілді 

көздейтін, мысалы білімдерімен бөлісу құндылықтар мен нормалар қатарына 

жататын, ашық мәдениеттің дамуына ықпал ету, денсаулық сақтау саласында 

әлеуметтік  жұмысты  басқарудың  жаңа  парадигмасын  қабылдау  қажеттілігі 

негізделді.  

Жүргізілген  жұмыста  Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау 

саласында 

әлеуметтік 

қызметкердің 

кәсіби 

құзыреттіліктерін 



қалыптастырудың 

PEST-талдауы 

сыртқы 

орта 


факторларының 

анықтамасының 

маңыздылығын, 

ішкі 


орта 

проблемаларының 

идентификациясын  көрсетті,  ол  үш  маңызды  стратегиялық  бағытты 

анықтауға мүмкіндік берді:  

-  тиісті  нормативтік-құқықтық  базаны  қалыптастыру  (НҚА  жетілдіру 

бойынша ұсыныстар енгізілді); 

денсаулық 



сақтау 

саласында 

әлеуметтік 

жұмысты 


институтционалдандыру; 

әлеуметтік 



қызметкерлердің 

базалық 


құзыреттіліктерін 

қалыптастыру жүйесін өзгерту.  

Сонымен  қатар,  үшінші  бағыты  түпнегіз  болып  табылады,  өйткені 

әлеуметтік  қызметкерлерді  даярлау  жүйесі  толығымен  олардың  болашақ 

кәсіби қызметін алдын ала анықтайды.  

Әдебиеттер  талдауы  мен  PEST-талдауынан  алынған  нәтижелер 

негізінде  Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау  саласында 

әлеуметтік  қызметтерді  көрсету  барысында  әлеуметтік  қызметкердің  кәсіби 




жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау